Тысты өткен халықаралық конференцияда. Жалғасы 2-бетте иә



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата22.05.2018
өлшемі0,73 Mb.
#16217
1   2   3   4   5   6   7   8

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№192 (192) 



30.10.2009 жыл, жұма

www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

Бұған дәлел – әлі күнге ұлан-бай тақ жері міз-

де,  өз  Отанымызда  тұрып,  көпшілігіміз  бала ла-

ры мызды таза қазақ тілінде оқытуға құлықсызбыз. 

Сон дықтан  да  егеменді  ел  атан ған  20  жылдай 

уақыттың  ішінде  аралас  мектептер  азаю дың 

орнына  көбейіп  келеді.  Әсіресе,  елі міздің  сол-

түстік,  батыс,  шығыс  өңір лерін де  және  ірі 

қалаларында аралас мектептер басым. 

Жоғарыдағы  деректерден  бай қаға ны мыз-

дай,  орыс  мектеп тері  мен  аралас  мек тептерді 

қосып  есеп тегенде  олардың  саны  еліміз дегі 

жал пы мектептердің 50 пайы зын құрайды. Рес-

публика мыздағы 67 пайыз қазаққа ең бол маса 

67  пайыз  қазақ  мектебінің  бұйыр мағаны 

қалай? 

Бұрынғы посткеңестік елдердің ішінде Қазақ-



стан  аралас  мектептер  саны  жағынан  алдыңғы 

орында  тұр.  Алысқа  бармай-ақ,  мына  тұрған 

көршілес Өзбекстанды ал сақ, онда жағдай бас-

қаша. Барлығы 25 мил лион халқы бар Өзбекстан-

да да 100-ден аса түрлі ұлт өкілдері мекендейді. 

Алайда ала шапанды ағайын дары мыз өз жерінде 

басымдықты өз ана тілдеріне береді. Бұ ған дәлел 

– Өзбекстанда бар-жоғы 521 аралас мектеп бар, 

олардың 234-і қазақ мек тебі.

Аралас  мектеп  санының  артуы на  алаң-

даушы лық  танытып,  талай  баспасөз  бет терінде 

дабыл  қағып  жүрген  белгілі  ғалым  Мекемтас 

Мырзахмет ұлы  аралас  мектеп тегi  қазақтарды 

орыс  сынып та ры нан  бө лiп,  қазақты  –  қазақ, 

орысты орыс мекте  бiне жiберу керектігін айтады. 

Бұл пікірдің жаны бар, себебі еліміздегі аралас 

мектеп тер мен аралас балабақшалардың бәрін-

де  дерлік  тілдік  сөйлеу  ортасы  –  орыс  тілі, 

негізінен, орыс тілі үстемдік етеді. Тіпті таза орыс 

мек тептерінің  өзінде  қазақ  балалары  жетерлік. 

Ал аралас мектептерде қазақ бала лары сыныпта 

қазақша оқы ғанымен, ойын баласы сыртта орыс 

тілінде сайрайды. 

Өткен жылдары дәл осы келелі мәсе лені Сенат 

депутаты  Ғарифолла  Есім  көте ріп,  еліміздегі 

қазақ  мек тебі,  орыс  мектебі  және  аралас 

мектептерді жойып, білім беру стандартын және 

мазмұнын  түбе гейлі  өзгерту  қажеттігін  айтып, 

Үкіметке де пу тат   тық сауал жолдаған еді. Алайда 

әзірге  нә тиже  көңіл  көншітерлік  емес.  Ең  алды-

мен,  әр  қа зақ тың  өз  баласын  қазақ  мекте біне 

беруге  деген  ынтасы  арт пайынша,  аралас 

мектептерден  арылу  мүмкін  емес.  Егер  жалпы 

қоғам  болып  қазақ  мектебіне  деген  сұранысты 

тудырса, мектептеріміз де қа зақ шаланып, тіліміз 

де ала-құла лық тан айы ғар еді.

МӘСЕлЕ

ТА

л



ҒАМ

МЕРЕй


Басы 1-бетте

Демек, аралас мектептің 

артып, өзге тілдің үстемдік етуіне 

өзіміз мүмкіндік беріп отырмыз. 

«Орыс мектебінде білім керемет, 

тәртіп темірдей» деген түсініктен 

ада бо лып, қазақ мектептеріне 

мен сін беушілікпен қарауды 

қоятын уақыт жетті. Мектеп – тек 

білім беретін ме кеме ғана емес, 

оқуш ының адами болмысын, 

ұлттық рухын қалыптас тыратын 

тәрбие ошағы. Сондықтан 

кезінде қиын-қыстау уақытқа 

қара мастан, қазақ бала ларына 

арнап мектеп ашып, білім 

шырағын жақ қан ұлағатты ұстаз 

Ы.Алтын са рин нің ұлт үшін 

жасаған жақсы лығын ұмыт 

қалдырмай, әркім өз бала сын 

ана тілімізде білім бе ретін 

мектептерге беруге мүдделі бола-

йық!

өркениет


? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

«Титаниктегі» Омар Хаям 

қолжазбасы табылатын күн жақын

Гүлдің  осынау  ғажап  қасиетін  ерте 

байқап,  емдік  салада  қолданған  қытай 

елі. Бірақ олар сан ғасырлар бойы мұны 

өз гелерден құпия ұстап келген. Сон дық-

тан тек ХХ ғасырда, дәлірек айтсақ, 1933 

жылы ғана әлемдік медицинада гүлмен 

емдеуді ғылыми жаңалық қылып ашқан 

ағылшын дәрігері Эдвард Бах болды. 38 

түрлі гүлдің қосындысынан адам бойын-

дағы  түрлі  стрестер,  фобия  (үрей)  мен 

эмоциялық  артық  жүк  және  шаршау, 

тітіркену,  үнемі  тұнжырап  жүру дің  бетін 

қайтаратын  емнің  осы  түрін  «Бах  эс-

сенциясы» деп атаған. Сонымен, әр гүл-

Гүлдің емдік қасиеті бар деп естідім. Сонда қай гүл қандай ауруға ем екен 

және оны қалай қолдану керек? Медицинада ол қашаннан бері қолданылып 

келе жатыр?

Гауһар СҰлтанқызы, Алматы

Өткен ғасырда суға батқан алғашқы алып кеме «титаниктің» бортында Омар 

Хаям рубаиларының қолжазбасы болғаны рас па?

айгүл ӘБДІРаХМанОВа, Алматы

Хаямтанушылар  арасында  осындай 

сөз бар. Өйткені ХІХ ғасырдың ортасында 

Эдуард  Фиджеральд  ағылшын  тіліне 

аударғаннан кейін Омар Хаям рубаилары 

Еуропаға кең тарап кеткен болатын. Сон-

дайда  «Титаникке»  аяқ  артқан  ығай-сы-

ғайдың бірі оның парсы тіліндегі қол жаз-

басын да қолтығына қыстыра кетсе керек. 

Оның  анық-қанығына,  ша масы,  2010 

жылдан  кейін  көз  жеткізетін  бо ламыз. 

Өйткені алдағы жылы кеме қал дықтарына 



–  Сіз  алғашқы  есеп  концертіңізді 

өнер өлкесіне аяқ басқаныңызға 10 жыл 

толғанда бір-ақ бергелі жатырсыз. Жеке 

концерт  беруде  осындай  байыптылық 

танытуыңыздың сыры неде? 

–  Есіктен  кірмей  жатып,  «төр  менікі» 

деуге  болмайды,  сахна  деген  –  өте  киелі 

орын.  Ол  бізге  дейінгі  талай  майтал ман-

дардың  халыққа  өз  өнерін  паш  етіп,  жү-

ректерін  әнмен  емдеген  жері.  Ал  сондай 

киелі жерде әрқайсымыз тайраңдап, біл-

генімізді  істесек  не  болады?  Әр  нәрсенің 

өзінің пісіп-жетілетін кезі келеді. Мәселен, 

бүгінгі айтылатын нәрсе кеше менің ойым 

түгіл,  түсімде  де  болған  емес.  Мен  тіпті 

осыдан  бір  жыл  бұрын  да  дәл  бүгінгідей 

бабымда  болғаным  жоқ.  Жұртшылық 

концерттен  құр  ән  тыңдап  қайтпай,  бір 

ерекше күш-қуат, сезім, рухани азық алып 

қайтуы  керек  деп  ойлаймын.  Сондай  ру-

хани азық сыйлауға енді ғана өзімді толық 

дайын сезініп отырмын. 



– Әндеріңізді өзіңіз де, өзге әншілер 

де  орындайды.  Кеудеңізді  жарып  шық-

қан  «перзенттеріңізді»  орындау шы-

ларға  өзіңіз  ұсынасыз  ба,  әлде  орын-

Әннің бағы әрлеуіне байланысты

қазір бір-екі клип түсіріп, 

сахна төрінен бес-алты рет 

көрінгендер жеке концерт 

беріп шыға келетінін көзіміз 

көріп жүр. Басында тосырқай 

қарайтын халықтың біртіндеп 

оған да бойы үйренді. алайда 

өнердің есігінен кеше ғана 

кіре салып, төрге ұмтылған 

кейбіреулерге үлгі боларлық 

азаматтар әлі де бар. Мәселен, 

соның бірі – әнші, сазгер 

Естай Әлікеев. Өзінің үлкен 

сахнадағы өнер жолына 10 

жыл толуына орай қарашаның 

1-і күні Республика сарайында 

алғашқы есеп концертін 

бергелі жатқан композитормен 

біз осы шығармашылық кеш 

жайлы әңгіме өрбітіп едік.

даушылар  тапсырыс  бере  ме  болмаса 

дайын дүниелеріңіздің ішінен қалап ала 

ма?  Яғни  мұндағы  білгім  келетіні,  сіз 

жүрек қалауымен шабытқа ғана қызмет 

етесіз бе, әлде өз өнеріңізге кәсіп деп те 

қарайсыз ба?

–  Негізі,  шабытпен  келген  дүниеден 

керемет ләззат алып, біршама уақыт соған 

кәдімгідей  масайрап  жүресің.  Жалпы, 

қандай да бір ән тудыру, өлең жазу секілді 

өнер менің бойымнан табылып жатса, ол 

Алланың  маған  сол  аманатты  сеніп 

тапсырғаны  деп  білемін.  Сол  аманатты 



аралас мектептердің 

дауына кім араласады?

Әзидолланың 

«алтын домбырасы» 

иелік  ететін  америкалық  «РМС  Титаник» 

ком паниясы  кеме  жатқан  тұсқа  экспеди-

цияға шыққалы отыр. Қазір ком пания кеме 

бортында  қалған  қа зынаны  алуға  рұқсат 

алудың қамын қа растырып, АҚШ соттары-

ның  біріне  мұхит  түбінде  жатқан  кемедегі 

арте фактілерді  су  бетіне  шығару  туралы 

арыз берген. Осы аптаның дүйсенбісінде бас-

талған сот тыңдаулары төрт күнге со зыл мақ.

Тыңдау  кезінде  «РМС  Титаник»  ком па-

ниясына мыңдаған артефактінің «ұста ған-

Гүлмен де емделуге болады

Атының өзі айқындап тұрғандай, 

«Алтын домбыра» күй сайысы сонау 

1957  жылы  Мәскеуде  өткен  Бүкіл-

одақтық  фес тивальде  қазақтың 

дом бырасының  қа сиетін  баршаға 

паш  етіп,  «Алтын  медаль»  мен 

«Алтын  домбыраға»  қол  жеткізген 

жас  талант,  бүгіндері  есімі  әлемге 

әйгілі күйші-сазгер, ҚР Халық әртісі, 

профессор  Әзидолла  Есқалиевтің 

75 жасқа толған мерейтойына орай 

ұйымдастырылды. 

Бала  күнінен  Дина  Нұрпейісова 

өнеріне  қанық  болған  Әз-ағаңды 

үлкен өнерге әкелген Дина Нұрпейі-

сова  болатын.  Қазақ  ұлтының  жау-

һар ларының  басын  құраған  Ахмет 

Жұбановқа  таныстырып,  оның  бо-

лашағынан  көп  үміт  күткен  Дина 

шешейдің  бүгінде  үміті  ақталды. 

Дүлдүлдердің  ара сынан  дара  шап-

қан  Әз-ағаң  қазақ  өнерін  на-

сихаттауда  және  оны  ұрпаққа  үй-

ретуде жарты ғасырдан астам еңбек 

етті.  Өнер  ордасы  Алматыда  еңбек 

етіп,  соңғы  он  жылда  өзінің  туған 

жеріне  оралған  Әз-ағаң  бү гінде 

мерейлі жасын жер лестерімен бірге 

атап өтуде. 

Дәулескер  күйшінің  ме-

рейтойын  атап  өтуге  және 

«Алтын  домбыра»  күй  сайы-

сында 


үміткер лерді 

әділ 


бағалауға  Ал маты  мен  Аста-

надағы  өнер  майтал мандары 

Ер кеғали Рахмадиев, Қар шы-

ға  Ахме дияров,  Тұяқ берді 

Шәмелов, Карима Са харбаева 

мен Айтжан Тоқтағандар кел-

ді. 

«Алтын  домбыра»  күй 



сайысына  11  облыс,  Ал маты 

мен  Астана,  Атырау  қа ла-

ларынан  барлығы  27  үміткер 

қатысты.  Оның  16-сы  екінші 

сынға  өтті.  Нәтижесінде  «Ал-

тын дом быра» күй сайысының 

бас  жүлдесіне  Құрманғазы 

атындағы  Қазақ  ұлттық  кон-

серватория сының  1-курс  сту-

ден ті, атыраулық Нұржан Тәжі-

 кенов  лайық  деп  бағалан ды. 

Ал  1-орынды  Қа зақ  ұлт тық 

му зыка  ака де миясының  сту-

денті  Ал тай  Қыпшақбаев  пен 

Құр манғазы  атын дағы  мем-

ле кеттік  акаде мия лық  халық 

аспаптары оркес трінің әртісі, атырау-

лық Сәбира Биба тырова, 2-орын ды 

Маң  ғыс таудан Ж.Қы дырқұлов, аты-

раулық  А.Шала баева,  3-орынды 

Аты раудан Б.Дол дашев, Алматыдан 

Ш.Исаев,  Ақ тө беден  Т.Хам зин  мен 

Шығыс  Қазақ станнан  келген  А.Са-

мы қовтар  бөлісті.  Оларға  жүлделі 

орын да ры на  сай  ақшалай  сыйлық 

пен  күй  сайыс тан  арнайы  сыйлық 

есебінде  «Алтын  домбыра»  және 

мерей тойлық ме дальдар табыс етіл-

ді.  Ал  мерейгер дің  «Жас тар»  күйін 

шебер орын дағаны үшін оң түстіктік 

Қ.Құр манова мен ал матылық Е.Жа-

мекеев ал ғысхатқа ие болды. 

Атыраудан  бастау  алған  өнер 

кеші  Астрахань  облысы  Алтынжар 

ауылында жалғасын тапты. Мерей-

гер  мен  алыстан  келген  қонақтар, 

күй  сайысқа  қатысқан  үміткерлер 

мен  жеңімпаздар  күй  атасы  Құр-

манғазы  бабаның  ба сына  тәу  етіп, 

алтынжарлық  қандастарымызға  ән 

мен күйден шашу шашты.

 нарғыз ҒаБДУллИна, 

Атырау 

ДЕРЕк 

Қазiр елiмiзде 7514 орта бiлiм 

беретiн мектеп бар. Оның 3845-i 

қазақ, 1673-i орыс тiлiнде шәкiрт 

тәр биелесе, 2083 мектеп аралас 

(қазақ-орыс), 65-i өзбек, 14-i ұйғыр 

тiлiнде. Астанадағы 61 мектептiң 

16-сы – орыс мектебi, 19-ы – қазақ 

мектебi, ал ең көбi, 26-сы – аралас. 

Жақында «қазақпарат» ұлттық 

ақпарат агенттігі ел жаңалықтарын 

төте жазумен тарататын дербес 

веб-сайтын ашты. ал қытайда 

тұратын 1,5 миллион қазақ диаспо-

расы біз қолданатын кирилл қаріп-

терін жете тани бермейді. Есесіне 

кезінде ахмет Байтұрсынұлындай ұлт 

ұстазы жасаған төте жазуға ағып тұр.

«ҚазАқпараттың»  Еуропадағы,  соның 

ішінде  Түркияда  тұратын  қазақ  бауыр-

ларға, әлемнің басқа да елдерінде тұратын 

қан дастарымызға арнап латын әліпбиімен 

хабар таратып келе жатқанына бес жылдан 

асты.  Осылайша,  «ҚазАқпарат»  агент-

тігінің хабары жетер жерді кеңейтіп ке леді. 

Төрт күл  дүниенің  түкпір-түкпірінде  тұра-

тын,  үш  әліпбиді  (кирилл,  араб,  ла тын) 

пай даланатын 15 миллион Алаш жұр тын 

то лық  қамтуға  жол  салынды  десе  де  бо-

лады. 

Жаңалықтарды  төте  жазумен  тарату 



идеясы  аталған  агенттіктің  қазақ  редак-

циясында  латын  әліпбиіндегі  қазақша 

сайтын іске қосқан кезде-ақ пайда болған 

екен.  Өйткені  шетелдегі  қазақ  диаспо ра-

сының  басты  тілегі  –  атажұртпен  арада 

ақпараттық байланысты кеңейту. 



Бүркіт нҰРаСыл, Астана

«қазақпарат» 

«төтелеп» кетті 

КЕңІСТІК


Естай ӘлІкЕЕВ, әнші, сазгер: 

қалай  арқалап,  кімдермен  бөлісіп 

жүрмін дер болсақ, осы орайда мен 

әр  туындым ның  өз  орындаушысын 

тауып  беруден  қателеспеген  сияқ-

тымын.  Мысалы,  Мұқа ғали  Мақа-

таевтың  «Мәңгілік  сағыныш»  атты 

өлеңін оқып отырғанда менің көкі-

ре гімде  өзінен-өзі  ән  туды.  Неге 

екенін  біл меймін,  көз  алдыма  сол 

кезде  тек  Мақ пал  Жүнісова  ғана 

келді.  Одан  басқа  еш кім ді  елестете 

алғаным жоқ. Расында, ән өз орын-

даушысын тауып, бағы жанды. Көп-

теген  көрерменнің  жүрегінен  орын 

алды. Тағы осы секілді Мұқағалидың 

сө зіне  жа зылған  «Шыда-шыда», 

Ибрагим  Исаның  сөзіне  жазылған 

«Достарым» әнін Тұң ғышбай ағамыз 

бүгінде  халыққа  кеңінен  таратып 

жүр.  Осы  әндерімді  ең  алғаш 

Мұқағали  Мақатаевтың  еске  алу 

кешінде  тыңдаған  жұрт  «Сен  кімге 

қандай ән керек екенін біліп, тауып 

беретін пси холог-ком позитор екен-

сің» деп құт тық таған еді. Соның өзі 

тыңдаушылар  та ра пынан  маған 

берілген ең үлкен баға деп білемін. 



– Әндеріңізді орындаушысына 

бер ген нен кейін оның өңделуіне, 

көрер менге 

жеткенге 

дейінгі 

дайын далу  ба ры сына  атсалысасыз  ба? 

Жоқ, то  лы ғымен әншіге се не сіз бе?

– Мен бұрын көп араласа бермейтінмін. 

Бірақ әрбір ән өз ішіңнен шыққан «шұбар 

жылан» емес пе? Ән дүниеге келді, болды 

деп, бөркіңді аспанға атып қуана салмай, 

ән  өз  орындаушысын  тап қан ша  алаңдап 

тұрасың.  Орындау шысын  тапқан  соң  да, 

өңделуіне мән бересің. Қазіргі кезде әннің 

бағы  80-90  пайыз  осы  өңдеуге,  яғни 

аранжировкаға  байланысты.  Егер  әрлеу 

дұрыс  жасалмаса,  онда  әннің  бағының 

ашылмауын не ән нен, не әншіден, не өзің-

нен  кө реріңді  білмей,  пұшайман  боласың. 

Сондықтан  бүгінде  ән  жазылып  біт кенше 

жаным жай таппай, әрбір про цеске барынша 

атсалысуға ты ры са мын. 



  –  Көрермен  өзіңізді  кинодан  да 

көрді.  Жас  кезіңізде  спортпен  де  ай-

налысқан  екенсіз.  Осындай  жан-жақты 

өнерді  игеріп  жүру  қаншалықты  пай-

далы не болмаса қаншалықты ауыр?

– Мен ешқашан сегіз қырлы болайын-

шы осы деген емеспін, бірақ бойымда бір 

белгісіз  күш  осының  барлығын  істеуге 

итермелеп  тұрғандай  көрінетін.  Осылар-

дың  ішінде  өзімді  спортқа  көбірек  қам-

шылағаным рас. Бала күнгі қаншама ша-

қырымнан  су  тасып,  ағаш  жарып,  малға 

қарағанымыздың  өзі  табиғи  шынығу  бо-

латын.  Қазір  адамдар  саусағын  қимыл-

датуға  ерінетін,  тіпті  сол  ерінгеніне  сай 

жағдай  да  жасалған  заман  болды  ғой. 

Бәрі  компьютерленген.  Қарапайым  ғана 

мысал, баяғыда бір жерге барып концерт 

қою  үшін  бүкіл  аппаратураны  арқалап 

бару керек болса, қазір қалтаға минидис-

кіңді  саласың  да  жүре  бересің.  Жалпы, 

Алла  тағала  қаншалықты  өнер  берсе, 

соны  арқалауға  жетерлік  күш-қайрат,  тө-

зімді де қоса береді екен. Менің ойымша, 

Алланың сыйы ауырлық етпейді. 

– Иә, техниканың адамзатқа барын-

ша  қолайлы  жағдай  туғызғаны  жақсы, 

әрине,  бірақ  әлем  жанды  дауыстағы 

әнді  тыңдап  жатқанда,  мұндай  ми ни-

дискі лердегі  жа санды,  яғни  алдын  ала 

басып  алынған  дауыс  біздің  өз  өнері-

мізді өлтірмей ме? 

–  Жоқ,  қара  домбырамыз  аман  тұр-

ғанда өнеріміз өшпейді. Эстрада жан рын-

дағылар,  бәлкім,  фонограмма  ға  тәуел  ді 

шы ғар.  Бірақ  оның  өзінде  бұл  құш тар-

лықтан  емес,  шын  мәнінде  қа жет ті ліктен. 

ның  қолында,  тістегеннің  аузында» 

кетпейтініне  және  су  түбінен  шығарыл-

ғаннан  кейін  жұртшылық  көзайымына 

айналатынына кепілдік берілуі тиіс. Сонда 

өгіз  терісіне  жазылған  Омар  Хаям  қол-

жаз басының  да  қаптаған  қазына  арасы-

нан жарқ етіп шыға келуі ғажап емес.

дің емдік қасиетіне келсек:



Алқызыл  роза  –  сіздің  энергияңызды 

арт тырады, бүйрек бездеріне ем.



Сарғылт  түсті  дәстүргүл  (маргаритка) 

–  адамның  иммундық  жүйесін  қалыпқа 

келтіреді, өкпені емдейді. Сары түсті күн-

ба ғыс – мидағы ауруларды емдеп, ой лау 

қа білетін жақсартады.

Жалпы, өсімдік атаулыға ортақ жасыл 

түс – жүрек қағысын реттеп, тыныс алуды 

жақ сартады. 



Көк түсті гүлдер – ұйқы гормоны мело-

тонинді көбірек бөліп, біздің жүйке жүйе-

міздегі  ауытқуларды  қалыпқа  кел тіреді. 

Әсіресе,  көгілдір  түсті  қоңырау гүлдердің 

ағзаға пайдасы орасан зор. Көк түсті гүл-

дер, сондай-ақ қалқанша безі гор мон да-

рының жұмысын жақсартады. 

Мұнымен қоса, бүгінде гүлдерден түр-

лі  салаттар  мен  сусындар  да  жасалады. 

Атап  айтқанда,  мейрамханаларда  лала-

гүл дің  салатын,  раушан  гүлдің  сусынын 

кездестіруге болады. Ал жапырақтар мен ас-

қа бақты ұсақтап турап, фаршқа пайдала нады.

Бақыт ШОЙыМБЕк:

Сау  адамнан  да  салауатты  өмір  сүріп 

жатқан мүгедек жандар бар

– Балғын шағында қос қолынан қа тар 

айырылып,  қанатынан  қайырыл ған дай 

болған  Михаил  Еременко  енді  бар лық 

ша руаны  аяғымен-ақ  атқара  береді.  Әб-

ден  машықтанған.  Бес  бақайы мен  ком-

пьютердің өзін бағын дырып алыпты. Ая-

ғымен  шай  құйып,  қажет  болса,  картоп 

аршиды.  Бақай ларымен  ұялы  телефон-

ның  тілін  де  таба  алады.  Мамандығы 

бухгалтер  Михаил  бүгіндері  жеке  кәсіп-

керліктен  несібесін  тауып  жүр.  Жақында 

шаңырақ көтерген ол аяғымен көлік жүр-

гізуге де бел буып отыр екен. 

Осылайша, он екі мүшесі сау адамдар 

жете  алмай  отырған  дүниелерге  қолсыз-

ақ  қол  жеткізіп  жүрген  мүгедек  жандар 

елде аз емес. Алдағы сенбі, жексенбі күн-

дері  эфирге  шығатын  «Нысанада»  бүтін 

бір  мүшесінен  айырылса  да  мойымай, 

талапты  істерімен  талайдың  таңдайын 

қақ тырған  азаматтардың  тыныс-тіршілі-

гін тарқатып айтпақпын. 

қайсарлық  пен  қайрат,  ерік  пен 

жігер  бойына  мол  біткен  тағдыр-

лармен  танысып,  елдегі  өзекті  мә-

селелердің мәнісіне тағы да тереңірек 

үңіле  түскіңіз  келсе,  «Жетінші  арна-

дағы» 

ақпараттық-сараптамалық 

«ны   сана» бағдарламасын көріңіз.

• Эфир уақыты:

СЕнБІ, 22.30-да

ЖЕкСЕнБІ, 14.30-да (Астана 

уақытымен)

қараңыз, қапы қалмаңыз!

АРНА


«нысананың» 

нысанасында

Осы аптада «Нысананың» 

сөз мергендері елдің 

көкейінде жүрген бірнеше 

қызықты тақырыптарды, 

өзекті мәселелерді сөз етпек. Мәселен, 

аң атып, балық аулауды ермекке 

айналдырған азаматтар ресми рұқсат 

алмай, жануарларға заңсыз қару кезенуді 

тоқтатар емес. Балықты қармақпен емес

жарылғыш заттардың көмегімен қынаша 

қырып аулайтындар да көбейген. Тіпті 

желмен жарысқандай жүйрік шетелдік 

джиптерге мінген браконьерлер шабан-

шардақ «Жигулимен» жүрген құқық 

қорғаушыларынан сескене де бермейтін 

көрінеді. Тұмса табиғатқа осынша 

тасбауыр сұғанақтарды тілші Мирас 

Мұқашев нысанаға алмақ. Сонымен 

қатар алтын өндірісіндегі қауіп-қатерлер, 

көпұлтты отбасының тыныс-тіршілігі, 

басқа да көптің көкейінде жүрген өзекті 

әрі қызықты мәселелер – «Нысананың» 

алдағы шығарылымында.

Олай  дейтінім,  біздің  концерт  өткі зетін 

сарайларымыз жанды дауысқа қыз мет ете 

алатын  аппаратурамен  жаб дықталмаған. 

Ал  концерт  қойған  кезде  соның  бәрін 

алдыру  үлкен  қаражатқа  келіп  тіреледі. 

Оны  екінің  бірінің  қалтасы  көтере  ал-

майды. 


–  Концертіңізде  елді  елең  еткізер-

ліктей  қандай  ерекшеліктер  ойлас ты-

рып жатыр сыз? 

–  Кеш  барысында  классикалық,  рок 

стиліндегі дүниелер де, өзіміздің дәстүрлі 

әндер  де,  лирикалық  шығармалар  да 

орын далады. Құдай қаласа, жанрлық жа-

ғынан жан-жақты қамтылған кеш болады 

деген үміттеміз. 

Көптеген  жаңа  туындыларымның  тұ-

сауы  кесіледі.  «Каспий»  тобы  «Сағындың 

ба?»,  «Нұр-Мұқасан»  тобы  «Ерке  қыз», 

Диль наз Ахмадиева «Әкетайым», Есет Сә-

дуақасов  «Кетпе»,  опера  әншілері  Дина 

Хамзина мен Қайыржан Бердібаев қосыла 

шырқаған  «Қазақстан»,  жас  әнші  Әлия 

Аюб  нәшіне  келтіріп  орындаған  «Әке» 

сияқты  әндер  алғаш  рет  жұртшылық  на-

зарына  ұсынылады.  Сондай-ақ  жақында 

Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған 

«Мына  дүние»  әніне  Еркін  Рақышевтің 

«Жетімдер»  фильмі  желісі  бойынша  тү-

сірілген жаңа клиппен таныс боласыздар. 

Оған  қоса,  бүгін-ертең  «Ән-жүрегімде» 

деген атпен жаңа әндер жинағым жарық 

көрмек. 


Тағы  бір  айтарлығы,  концертте  ешкім 

сахнаға шығып сөйлеп, кішігірім жиналыс-

қа  айналдырып  жібермейді.  Демеуші-

лерімді  түгендеп,  «Міне,  осы  адамдар 

менің  арқасүйерлерім»  деп  жұртқа  мақ-

танғанды  жаным  сүймейді.  Ол,  бәлкім, 

ма ған керек шығар, бірақ жалпы халыққа 

түкке де қажеті жоқ. 



Әңгімелескен Мәриям ӘБСаттаР

күй отаны атырауда күйшілігімен әлемге танылған 

Әзидолла Есқалиевтің мерейтойына арналған «алтын 

домбыра» республикалық күй сайысы ерекше деңгейде 

аталып өтті. 


жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау