РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси
аҚпаРаттыҚ газет
№192 (192)
30.10.2009 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
алаш азаматы
? Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
ДАТ!
Тұрсын ЖҰРТБАЙ, «Отырар кітапханасы» ғылыми
орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор:
БАҚ саны жағынан елімізде Қарағанды,
Па в ло дар, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Атырау облыстары көш бастап ке
леді. Бұл облыстарда тек жергілікті жерге ғана
емес, республикамыздың басқа да өңірлеріне
танымал ақпараттық құралдар шоғырланған.
БАҚты тілдік принципке байланысты да бөліп
қарас тыруға болады. Мәселен, оңтүстік және
батыс аймақтарда қазақ тіліндегі, ал солтүстік,
орталық және шығыс өлкелерде орыстілді
басылымдар басымдықты құрайды. Ал Қызы л
о р да және Со л түстік Қазақстан облыстары БАҚ
саны ең аз ай мақтарға жатады.
Қазақстанның интернетмедиа саласы күн
нен күнге дамып келе жатыр деп айтуға толық
негіз бар. 2008 жылғы мәлімет бойынша, хал
қы мыздың 14 пайызы ғаламторды тұрақты
па й даланады. Интернетті қолданушылардың
д е ні – жастар. Сондықтан да елімізде и н т е р н ет
ре су рс тардың көбі ойынсауық мазмұ нында.
Қазір мерзімді басылымдардың интернет нұс
қа лары кең таралуда.
Иә, сән апталығын жылдағы дәстүр бойынша биыл да өткізу
жоспарланған. «КөктемЖаз 2010» маусымдық коллекция ла
рының көрсетілімі бүгін «Қазақ стан» қонақүйінде басталады.
Бір аптаға созылатын «Kazakhstan Fashion Week» ұлттық жоба сы
аясында қазақстандық және шетел дизай нер ле рі нің қатысуымен
шоурум, автепати кештері ұйым дастырылып, шеберлік сы ны п
тары өткізіледі. Ұйым дастырушылардың айтуынша, оған қа
тысатын киім үлгілерін жасаушылардың біразы оңтүстік астанаға
келіп те қойды.
Алматыда сән апталығы басталды
БАҚ саны жағынан қай өңір алда келеді?
Мен журналистика факультетінің студентімін. БАҚ саны жағынан еліміздің қай
аймақтары алда келе жатқанын білгім келеді. Сонымен қоса, интернет-медиа саласы
туралы ақпарат бере кетсеңіздер.
Толқын АСҚАРҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Жыл сайын осы уақытта Алматыда қазақстандық және
шетел дизай нерлерінің қатысуымен сән апталығы өтетін
еді. Бұл шара биыл да ұйымдастырыла ма, егер болса, қай
жерде өтетінін айтсаңыздар екен.
Әйгерім НҰРБЕКОВА, Алматы
Түркі бірлігі
идеясы сөз
жүзінде ғана тұр
ТеКСеріС
АлАШАҚПАрАТ
Денсаулық саласы
дімкәс болып тұр
– Жақында Астанада Мұстафа
Кемал Ататүрікке арналып
ескерткіш орнатылды. Ал осы
уақытқа дейін Алаш арыстарына
елордада қойылуға тиіс
ескерткіштің кешігуіне не себеп?
– Жалпы, ескерткіш – ұлттың кеңістіктегі
рухани бейнесі. Бейне белгілі бір мазмұнға
ие болып, тас арқылы қашалып, көз ал
дың да тұруы керек. Әркім оны өзінше қа
былдайды. Бірақ ескерткіштің басты идея
сында өткен оқиғаның болмаса сонда
кө рі ніс тапқан тұлғаның ерекше нышаны
бадырайып тұру керек. Өз басым Астана
қаласында Ататүрікке ескерткіш қойылуын
өте заңды деп санаймын. Ол қашанда
біздің, исі түркінің тіл, діл және дін бірлігінің
символы іспетті. Бұл мәселе жыл өткен
сайын, замандар өткен сайын түркі дүние
сінің алдына қойылады. Түптің түбінде біз
аталған құндылықтар тұтастығына келуіміз
қажет. Ататүрікке орнатылған ескерткіш
сол майдандағы және олардан да ертерек
қимылдаған Алаш идеясының көсем дері
не, Алаш ардагерлеріне де қойылуы керек
деп есептеймін.
– Қойылу керектігі айтылып-
ақ жүр, бірақ әлі қозғалыс жоқ
секілді...
– Бұл жөнінде арнайы шешім де қа
былданған, қаулы да бар, жоспар да жа
сал ған. Кезінде жобаларға ақшасы да бө
лінген. Бір түсініксіз жағдай, осы идея
тыл сым иірімге түсіп кетті де, қайтадан
шықпай жатыр.
– Яғни кешігіп жатыр ғой?
– Кешікті деп емес, мен бұл идея кел
меске, түпке түсіп кетті ме деп ойлаймын.
Бұл идеяның атқарылуы немесе Алаш
арыстарының туын көкке көтеріп шығу
бүгінгі Тәуелсіздігімізге әлдеқандай көлең
кесін түсіретіндей, болмаса біздің Тәуел сіз
дік идеямызды басқа жаққа бұрып кете
тіндей, немесе оны Тәуелсіздігімізге деген
сеніміміз бен құрметімізге селкеу бола
тындай сезінеді. Осындай бір жалған идея,
жалған күдік, ең бастысы, шынның көзін
бояған қылық тек қана Алаш ардагер ле
рінің мұраларын немесе оларға деген
халық құрметін жүзеге асыруға бөгет жасап
келе жатқан жоқ. Сонымен бірге бүгінгі
біздің Тәуелсіздігімізге де тұсау салып,
нақты дү ниені бұлдыр сағымға айнал
дырып отыр ған жайы бар. Кейін өзі бұлдыр
дүниені «Семейде, Оралда Алаш арда
герлеріне ескерткіш ашылса орынды болар
ма еді?» деген әңгімемен тіпті сиырқұйым
шақтатып жіберді.
– Ұлт көшбасшысы, ұлт көсемі
деген мәселе көтерілуде.
Сіздіңше, осы атауға лайық адам
қандай қасиетке ие болуы керек
және қандай талапқа сай болуы
қажет? Тарихта бұрын болған
осы ұғымға лайық адамдардан
кімдерді атар едіңіз?
– Ұлт көсемі деп – сол ұлттың тағдырын
шешкен адамды айтады. Мен үшін қа
зақтың ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов,
қазақтың ұлттық идеясының атасы – Ахмет
Байтұрсынов. Осы екі адам соншалық биік
дәрежеге көтерілді. Ал Халел Досмұхам
бетов, Мұхаметжан Тынышбаевтар да –
ұлт көсемдері. Негізі, мен Алаш арда
герлерінің бәрін де бір идеяның жолында
жұмылған жұдырық және ұлт көсемі деп
айта аламын. Олардың ұзын саны 50ге
жуық. Осы адамдардың бәрі – Алаш
көсемдері. Олардың әр қимылы, әр сөзі
қазақтың ұлтазаттық бостандығы, тәуел
сіздігі, өркендеуі, руханияты деген идеяға
жұмыс жасады. Басқа ешқандай арман
аңсары болған жоқ.
Мен саясаткер емеспін. Арнайы сауа л
нама да жүргізіп отырған жоқпын. Әркімнің
ұлт басшысына деген көзқарасы әрқандай
жағдайда көрініс табуы заңдылық деп
санаймын. Ұлт көсемі – жұртты сөзсіз
артына ер тетін адам. Сол адамға қиянат,
күдік, бөгет жасағың келсе, сен ұлттың
сатқыны бо лып есептелуің керек. Сондай
дәрежедегі Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов, Ататүріктер – нағыз ұлт
көсемі. Тұлға өз еңбегімен өзін мойын
даттырады.
– Жақында ғана Елбасы
Түркияға барып қайтты. Соңғы
кездері түркі жұртының бірлігі,
одақтастығы туралы жиі айтылып
жүр. Дәл қазіргі күнгі түркі
баласының бірлігін қалай
сипаттап берер едіңіз?
– Түркі бірлігі идеясы – сонау VIIX ға
сырлардағы «Мәңгілік ел» идеясы арқылы
бекіген, аңсарға айналған ұлы идея. Бұл
кешегі жыраулар, одан кейінгі жеке хан
дықтар және XIX ғасырдағы жәдиттік
ағым, XX ғасырдың басындағы түрікшілдік
бағыт арқылы өз көрінісін тапты. Осы
«түрікшіл» деген сөз түркі елдерінен бас
қа сының бәрінде фашизм деген ұғыммен
бірдей қабылданады. Оның тарихи себеп
тері де бар шығар, бізді жеккөрінішті еткен
де сол термин шығар. Ал өзіміз үшін бол
маса біздің ұлылық сипаттамамызды осы
сөз сыртқа анықтап бере алмайды. Алайда
тіл, діл, дін, күрес бірлігі деген идея түркі
халқының алдында мәңгілік тұрады. егер
де бұл идеяға бірікпесе, заманнан заман
өткеннен кейінгі түркі мемлекеттерінің
өмір сүру мүмкіндігі бар ма, жоқ па, ол
сағымға айналып кететін күмән сияқты. Біз
Тәуелсіздікке ұмтылғанда, исі түркі елдері
жеке мемлекет болып құрылғанда, бір
өзгеше сенім болған еді.
– Ол қандай сенім?
– Түркі жұрттары өзара ынтымақтасып,
еуразия кеңістігіндегі үлкен бір күшке, ру
хани бірлестікке айналамыз деп ойлаған.
Оған тікелей еуропамен септесіп, араласып
жатқан Түркия елі мүмкіндік жасайды деп
сендік. Өкінішке қарай және тарихта қай
таланып тұратын түркі бірлігіне зиян кел
тіретін кері әсерлердей, біз бас бірлігіне әлі
жетпедік. Қайта бұрынғыдан ары ыдырай
түстік. Әсіресе, руханият саласындағы бө
гет тер мен тосқауылдар, шекаралар және
әр түркі мемлекеттерінің жүргізіп отырған
ұлттық мақсаттары мен идеялары бірінің
мүддесін бірі көздемейтіндей көрінді. Тіпті
бәрімізге ортақ, бір Алланың иманы мұ
сыл маншылдыққа баратын жолдарымыз
дың өзі тараутарауға бөлініп бара жат
қандай.
– Мұндай берекесіздіктің
себебі неде?
– Себебі түркі тектес мемлекеттердің
ортақ экономикалық кеңістігі жоқ. Біз қан
ша жерден түрікшіл болып кетсек те, ортақ
экономикалық кеңістік және өзара мүд
делестік пен араласқан өнеркәсіпсіз осы
ның барлығы бос сөз күйінде қала береді.
Алдымен мүдде бірлігі керек. Жеген наны
мыз, ырысымыз ортақ болуы керек. Сол
ырыс барлығымызды үлкен геосаясатта
тең ұстап, әр мемлекеттің өзінің ерек ше
ліктері мен осал жерлеріне қарай жұмсалып
отыруы керек. Бірақ осыдан он ғасыр, әуелі
бері айтқанда, бір ғасыр бұрынғыдай түркі
мемлекеттері өзара ынтымақтас болмады.
Мысалға, қазір газды түрікмен өз алдына
табады. Газ бен алтынды өзбек өз алдына
өндіреді. Мұнай саласында Қазақстан өз
жолын тапқан. Осы мұнай мәселесінде
Әзір байжан мен Қазақ елі және Түркия
үшеуінің мүддесі бірікпей отыр. Ортасына
Грузия секілді сына қағылып қойды. Мұның
барлығы тегін нәрсе емес. Баку арқылы
Түркиямен жалғасатын тікелей құбыр са
лы натын болғанда, сол кездегі Америка
Президенті Билл Клинтонның жетіп келіп,
басқа жоба ұсынып жатуында да өзіндік
астар бар. Бұл жалғыз біздің қолымыздан
келетін шаруа емес. Ал біз сенген, лидер
лікке толық сипаттары бар, Батыспен қо
йы н дасып кеткен Түркияның өзінде дәл
қазір 45 қарамақарсы саяси бағыттар
бар.
– Бұлар сырттан ықпал
етушілер ме, әлде өз ішіндегі
күштер ме?
– Өз ішіндегілер. Олар түрікшілдер,
яғни бозғылттар. Ақ партия – діншілдер.
Коммунистік партия, сосын жасырын дүл
мәлік саясат бар. Дүлмә деген – бізше айт
қанда – шалақазақтар. Олардың жүргізіп
отырған жұмыстары мен идеясы Түркияның
өзіне де және қалған түркі тектес рес пу б
ликаларға да жақсылық емес. Тырнақтың
астынан ши жүгірту. Яғни бұл – үлкен мас
сондық тек. Осы қайшылық Түркияны таяу
жылдарда тағы да саяси қайшылыққа
алып келетін болса мен таңданбаймын.
– Бұл пікірге өзіңіз көз
жеткізген соң айтып отырсыз ба,
әлде...
– Иә, Түркиядағы қазіргі әскери бағыт
сол қауіптің бар екендігіне сендіреді. Түр
кияға барғанда үлкендікішілі, ескіліжа
ңа лы елді мекендерін аралап, адам да ры
м ен сөйлестім. Сонда осыбір пікір
ал шақ тығы мені алаңдата берген еді. Ал
«Басбасына би болған өңшең қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын» деп
Абай айтқандай, біздің басбасымызға би
болғымыз келгені осы түркі бірлігіне нұқсан
келтіріп жатыр. Түркі бірлігі болмай, әлем
түркі халықтарын жекежеке бұтарлап, өз
ықпалына алып кетері сөзсіз.
– Бүгінде әлем қандай
өркениеттің жетегінде кетіп
барады? Батыс өркениеті, Шығыс
өркениеті деп жатамыз, сіздіңше,
осы екеуінен де өзгеше, жаңа
түркілік өркениетті
қалыптастыруға негіз бар ма?
– Жаһанданудың негізгі бағдарла ма
сын дағы қаперге алынатын және түптің тү
бінде әлемдік ойдың, дамудың, өрке ниет
тің тоқырауының тоғысы төрт ұлтқа
ба ғы шталған. Бірінші – массондық идеяға
негізделген ағылшындық, америкалық
жа һан дану нұсқасы. Бүгінгі ағылшын тілі
нің басым болуы және Дүниежүзілік банк
ке ықпал етіп отырған діни иудейлік бағыт
ең соңында жеңеміз деп отыр. екіншісі –
Үндістан. Бұл мемлекеттің діні де, тілі де
басым. Үшінші – Қытай. Басқасымен емес,
бұл ел сыртқа әскер жұмсамай, жердің
бетін информациямен алатын мүмкіндігі
бар. Төртіншісі – әр тектес идеяларды бі
рік тір ген славяндар. Түптің түбіндегі ықпал
ету осы төртеуінің арасында шеші леді. Бұ
лар дың арасында не түркілік, не мұсыл
мандық, не африкалық идея атымен жоқ.
Француздар мен Бельгия, Германия ме м л е
кеттерінің жаһандануға қарсы бо лып
жатқан себебі де осыдан. Бұлар да жаңағы
айтқан санаттарға қосылмайды. Әу бастан,
іХ ғасырдан бастап қалыптасқан фашистік,
рейхтік одақ дербес қалып қой ды. Мә се
лен, Италия мен Германияның ода ғы де
ген дей... Ал біз болсақ әлі түркілік ортақ
өркениет немесе бағыт құрғамыз жоқ. Бы
лайша айтқанда, жаһанданудан орын ала
мыз ба деген сұрақты қоюға да дайын
дығымыз жоқ. Біздің тең жар ты мыздың
менталитетіміз басқа ұлтқа ауып кеткен.
Әуелі бізде түркілік емес, қазақ тық тың өзі
үлкен қауіпте тұр ғой.
– Тарихшы Гумилевтің уәжі
бойынша, пассионарлық
дегеніміз – этникалық қауымның
белгілі бір кезеңге жеткенде
сипаты жақтан өзгеріске түсуі деп
білеміз. Қазіргі тілі мен діліне
дұрыс келе алмай жатқан қазақ
ұлты жақын болашақта мүлде
басқа ұлттық болмысты
қабылдауы мүмкін бе?
Қабылдаса, ол қандай болмақ?
– Қазақтың «елу жылда ел жаңа, жүз
жылда – қазан» деген мақалы бар ғой.
Мұны қалай түсінуге болады? Ұлт өзгереді.
Біз қалаймыз ба, қаламаймыз ба, ол басқа
шаруа. Қазіргі толқынның сөйлеп отырған
екеуара тілінен 1991 жылғы қазақ тілінің
арасында айырмашылық бар. Тіл өзгерген
соң қарымқатынас, түсінік өзгереді. Түсі
нік өзгергеннен кейін діл, менталитет өз ге
реді. «Ассалаумағалейкумның» орнын
«сә ле метсіз бе» басады. Оның орнын
«сәлем» басады. Ал сәлемді ағылшынша
«hello» ығыстырады немесе қытайша «ни
хау» қуып шығады. Сәлем өзгергеннен ке
йін сенің бетбейнең, қарымқатынасың,
психологияң бәрі өзгерді деген сөз. Бас қа
ны былай қойғанда, 1991 жылғы орыс тілі
қазіргі орыс тілі емес. Қазір 1,5 миллиардқа
жақын қытай біздің еуразия универси те
ті нің ішінен Конфуций мектебін ашып, өз
тілін үйретіп жатыр. Олар дүниежүзінің
бар лық елдеріне тілдерін экспортқа шы
ғаруда. 1,5 миллиард қытай «тіліміз құрып
барады, қорғаймыз» деп шетелдерге мил
лиардтаған ақшасын шашып, жұмыс істеп
жанталасуда. Неге? Қазақша бір 5 мил
лионның ар жақ, бер жағында сөйлейтін
қазақ «жоқ, біздің тіліміз мәңгілік» деп да
рақыланамыз. Бұл қайдан келген да ра
қылық, бұл қайдан келген сенім? Неге
сүйе неміз? ендеше, миллиард қытай мен
француздар, немістер ақымақ па? Біз осы
ны сезінбейміз. Пассионарлық дегеніміз –
осы. Біз түбінде түріктенермізау, түркі
жұр ты бірі гетін болар. Сонда ол қандай
әлем болады, келешекке өздерімен бірге
қандай дәстүрді алып барады? Бүгінгі қа
зақ – кешегі, кешегі қазақ – бүгінгі емес.
Мынадай жағдай болғаны бар, көр шімнің
немересі ауылға барғанда сауылып жатқан
сиырды көріп әжесінен: «мына сиыр гор
шокке отырып жатыр ма?» – деп сұ райды
дейді. Осыны айтқан қазақы бала, орыс
тілді емес. Бір жағынан, оныкі дұрыс та.
Өйткені ойлау жүйесі өзгеріп кеткен. Біздің
дүние таны мымыз да осылай өзге реді. Се
бебі біз ем шектен, ананың, елдің, жер дің
емшегінен аузымызды ерте үзіп алдық.
Сол уыздың, иіндінің дәмін біз біл мейміз.
Қазақтың уыз кезінің дәмін, қай мақтанған,
иіп тұрған кезінің дәмін татып көрген
жоқпыз. есесіне ұнтақталған, кеп кен сүтті
езіп ішіп, соны сүт деп қабыл даймыз. Міне,
қазақтың бо ла шақтағы өз ге руі тура осын
дай болады. Осы қалыптағы жасанды,
син тетикалық ұлт болуы мүмкін.
– Оның алдына тосқауыл қоя
алмаймыз ба?
– Ол үшін біз дәстүрлі мемлекетке
көшуіміз керек. Алаш ардагерлерінің мы
надай идеясы бойынша, яғни дәстүрге не
гізделген заңы бар, тәуелсіз ғылымға
не гіз делген оқу процесі бар, ұлттық, де мо
кратиялық Жапония секілді мемлекет бо
луымыз керек. Жердің астыүсті, аспандағы
байлық, одан өндірілген әрбір түйір зат
және ішкісыртқы кірістің барлығы әуелі
осы елге қызмет етуі керек, қалса өзгеге
көмектесуіміз керек.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан
Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ,
Астана
АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...
Келін мен келіншек атасын, қыздар әкесін, тұлымды
немерелер де атасын сыйласа екен. Сонда сыйлы
ержігіт, сыйлы ата мен әке Отанын жерге қаратпайды.
Осы мүмкіндік берілер болса, біздің талай уақыттан
бері қозданып қалған армандарымыз қайтадан
жанданады деп ойлаймын. Өйткені кез келген
қоғамның мінезін әйел қалыптастырады.
Қауіпті жүктің
жолы кесілді
Шығыс Қазақстан облысының ке-
ден шілері ел аумағына жоғары радиа-
циялы жүк алып өтпек болған көліктің
жолын кесті. Бұл туралы облыстық Ке-
дендік бақылау департаментінің бас-
пасөз қызметінің мамандары хабар-
ла ды.
Департамент өкілдерінің айтуынша,
Қытайдан бет алған «DAF» маркалы көлігі
өткен сейсенбіде «Бақты» кеден бекетінде
ұсталыпты. Мемлекеттік шекарадан өту
ке зін де кеденшілер автокөлікке тиелген
жүктің радиациялық деңгейінің белгі лен
ген нормадан жеті есеге асып кеткенін
анықтап, оны арнайы тексерістен өткізген.
Нәтижесінде радиациялық сәуленің сал
мағы 20 тонналық жылу қазандығынан
бөлініп жатқаны белгілі болды. Қазіргі
уақытта көлік жүк жіберушіге, яғни Қытай
еліне қайта жөнелтілді. Дәл осындай оқи
ға Қарағанды облысында да қайталанды.
Нақтырақ айтсақ, Теміртау қаласында ор
на ласқан «Арселор Миттал Теміртау» ак
ционерлік қоғамына қарасты цех стан сы
ларының бірінде радиоактивті металл
тиелген вагон ұсталған. еліміздің Төтенше
жағдайлар министрлігінің баспасөз қыз
меті таратқан мәліметке сүйенсек, темір
жол вагонын тексерістен өткізу кезінде
ондағы жүктің радиация мөлшері белгі
ленген нормадан бірнеше есе асып кеткені
анықталыпты. Жөнелтушісі Ақмола облы
сының «СоюзМ2» фирмасы болып та
бы латын жүктің гаммафон деңгейі
сағатына 60 микрорентгенді құраған көрі
неді. Облыстық құтқарушылардың хабар
лауынша, мемлекеттік санэпидемио ло
гиялық қадағалау қызметінің бақылауына
алынған жүк вагоны иесіне кері қай тары
латын болды.
Жансая ӘБДіБЕКОВА
Оңтүстік Қазақстан облысындағы
14 адамның өміріне қауіп төндіріп,
сондай-ақ сегіз адамның өмірін қиған
конго-қырым қанды безгегі алдын
алу жұмыстарының салғырттығынан
болған. Тіптен бұл облыста ауруларға
дер кезінде көмек те көрсетілмепті.
Мұның арты қайғылы жағдайға апа-
рып соққан. Осы жылдың 31 шілдесінде
Түркістан қаласының орталық ауру-
ханасында конго-қырым қанды без-
гегінен көз жұмған Абдуллаев есімді
азамат – дәл осындай жағдайдың құ р-
баны. Ауру жұқтырғаннан кейін ол бес
күн бойы дәрігерлердің қарауына же-
те алмаған. Емханаға бірнеше рет ба р-
ғанымен, ақ халатты абзал жандардың
шарапатын көре алмай тауы шағылған
ол тек алты күннен кейін, оның өзінде
ауруы әбден асқынған соң аурухана-
ның жұ қ палы аурулар бөлімшесіне
жат қызы л ған. Алайда асқынған дерт
Аб дул лаев қа тірі жүруге мүмкіндік
бе р мепті. Ол сол жерде жатып көз
жұ м ған.
Бұл туралы кеше Бас прокуратурада
болған брифингте ресми өкіл Нұрдәулет
Сүйіндіков мәлім етті. Аталмыш фактілер
осы облыстағы конгоқырым қанды без
ге гі мен еліміздің барлық аймақтарында
аса қауіпті індетті аурулардың алдын алу,
олар дың таралу ошақтарын жою жөніндегі
шаралардың уақтылы және тиімді жүргі зі л
гендігіне жасалған тексеру барысында
белгілі болған. «Тексеру нәтижелері Оң
түстік Қа зақ стан облысындағы кейбір ау
дандарда дер кезінде ауру ошағы болып
саналатын кенеге қарсы шаралардың
жүргізілмегенін көрсетіп отыр. Осы жағдай
облыста конгоқырым қанды безгегінің
таралуына алып келген. Тек 22 ауру тір
келіп, соның сегізі көз жұмғаннан кейін
ға на кенеге қарсы ісшаралар үшін мем
ле кеттік бюджеттен 196 млн теңге бөлі н
ген. Бұл жергілікті атқа ру шы органдар та
ра пынан алдын алу шара ларының
уа қ тылы жүргізілмейтінін көрсе теді», –
дейді Нұрдәулет Сүйіндіков.
Жалпы, тексеру кезінде прокурорлар
осындай 400ден астам заңбұзушылықты
анық таған. Барлығы 143 ұсыныс енгізіліп,
176 әкімшілік құқықбұзушылық туралы,
екі қылмыстық іс қозғалған. Сонымен
қатар сегіз материал тиісті процессуалдық
шешім қабылдау үшін құқық қорғау орган
дарына жолданған.
Бүркіт НҰРАСЫЛ,
Астана