Қысқа мерзімді жоспар



жүктеу 51,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі51,5 Kb.
#19656


Жамбыл облысы

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Тұрлыбекова Гүлжамила Сүлетайқызы

Қысқа мерзімді жоспар


1

Мерзімі






2

Сыныбы

10-сынып , қазақ әдебиеті




3

Тақырыбы:

Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі романтикалық сарын




4

Мақсаты:

Күтілетін

нәтиже

Көтеріліс басшысы,оның ұйымдастырушысы болған

Махамбет шығармаларындағы ақынның өзіндік

болмыс-бітімін суреттеген өлеңдерін талдау;



Тірек сөздер арқылы балаға ой салып,ойын жүйелеу;

Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру,туған жерді сақтау және оны аянбай қорғау сезімдеріне баулу.
Жаңа сабақ материалын толық түсінеді.

Бір-бірімен пікір алмасады.Ой қорытады.Оқушы өзіндік жұмыс жасайды.






5

Сабақтың типі:

Талдау




6

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ




7

Әдіс-тәсілдер:

Топқа бөлу,сұрақ-жауап,пікірін айту,СКТ,МДТ ,«Кір қыстыру» әдісі.




8

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

9

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылы сезім»әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілектерін айтады.

Оқушылар топқа бөлінеді.Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.



Оқушылар топқа бөлінеді.

10

Үй тапсырмасы

Хронологиялық тізбек

(екі топқа қойылады)

1 Махамбет Өтемісұлының портреті

2. 1803 жыл.

3. Шаруалар көтерілісінің шығу себебі.

4. 1829-1831жылдар.

5. Исатай Тайманұлы.

6. 1837жыл.

7. 1846 жыл.Ықылас бастаған топ.

8. Жәңгір ханның портреті.

9. 1846жыл.

Осы тірек сөздер арқылы оқушылар М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды.

Махамбеттің қандай өлеңдерін жатқа білеміз? \бұрынғы сыныптан білетін өлеңдерін жатқа оқиды\.


Сұрақтарға жауап береді.

11

Жаңа сабақ



Орыстың әдебиет сыншысы Белинский:«Өмір болған жерде романтика болады»,-деп жазады.

«Романтика» деген сөзді қалай түсінеміз?\оқушылар өз пікірлерін білдіреді\.

Әдебиетте реализм,символ,т.б. әдеби ағымдар бар.Солардың бірі-романтизм.

Романтизм-әдеби стиль,ағым.Өмір құбылыс-

тарын арман-қиялындағыдай суреттеу.

Ал біздің осыған дейін білетіндерімізді сарапқа

салсақ,Махамбеттің стилі қандай?

\реалист\

Махамбет-өз кезінің ақыны.Көтеріліс бастап,еліме

теңдік әперсем деп жүрген.

Махамбетте романтикалық сарын болмады десек бұл қиянат.


Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай»,«Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

атты өлеңдерін талдау.



«Ереуіл атқа ер салмай»-тарихы:1837 жылы желтоқ

санда Жайықтан Махамбет әскерлерімен көк мұзға,ақ қарға қарамай,жауларымен жағаласып

жүріп,арғы бетке өтеді.Өткен соң боран үдейді,батырлар далада түнейді.Біразы әлсіздік

білдіреді.Сары уайымға түседі.Осы сәтте Махамбет осы толғауын шығарыпты.Жырда-

қиындықты көрсету емес,жолдастарын күреске үндеу бар.Бұл-оптимистік романтизм элементтері.
Сөздік \слайд\
Ереуіл-монғол сөзі «ерегүл»-мінілмеген асау ат.

Терлік-ердің астына төсенетін төсеніш.

Малта- езілген құрт.

Толағай-қалмақ сөзі,«жылтыр бас»

Бура-ұрпақ жалғастыруға қабілетсіз түйе атауы

Нарқоспақ-түйенің нашары\сұлама гүрт,жарыбай\
Өлеңді сатылай -кешенді талдау

(постер қорғау) 1-топ
«Баймағамбет сұлтанға айтқаны».

Тарихы: 1841 жыл.Махамбет отырған

ауылға Баймағамбет келіп

қалады.Баймағамбет бас салып Махамбетті ұстауды ретсіз көріп,көрші үйге түседі де, Махамбетті шақыртып алады да,не үшін күресіп жүргенін сұрапты.Бұл өлеңде

Махамбет оған « сені жеймін» депті.Сонда Баймағамбет «бұлай сөйлемесе Махамбет

Махамбет бола ма ? Оның сөзін көтермесем мен хан болам ба ? деген екен»

Махамбет өз сөзіне сенімді.Асқақ арман деген осы.
Мәтінді детальды талдау

(постер қорғау) 2-топ

1.Реттеуші-мәтінді талдайтын оқушылардың әрекетін реттейді.

2.Баяндаушы-мәтінді баяндайды.

3.Сілтемелер табушы-мәтіннің қызық жерін табады.

4.Сөз тапқыш-көркемдеуіш сөздерді табады.

5.Кейіпкерді сипаттаушы-кейіпкерге мінездеме береді.

6.Бейнелеуші-суреттеуші—кейіпкердің суретін салады.

7.Жазушы-ой талқысындағы негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады.

8.Дәнекер-мәтінді қазіргі өмірмен байланыстырады.
«Кір қыстыру»әдісі

«Арыстан одан кім өткен?» эссе жазу.

Оқушылар жазған эсселерін кір жаятын жіпке қыстырып оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.

Мәтінмен жұмыс

Дәптермен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс, талдау жұмысын жасайды.

Оқулықпен жұмыс, талдау жұмысын жасайды


Ой толғайды.



12

Сабақты

бекіту


Кері байланыс

1.Басқа елдерде романтик ақындар бар ма?Кімдер?

2.Махамбеттің мен таныған бейнесі.

3.Махамбеттің ізбасарлары кімдер?

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтаға іледі



Сұрақтарға жауап береді.

Стикерді тақтаға іледі.





Үйге тапсырма:

Білімдерін бағалау

М.Өтемісұлының өмірінен жазылған Б.Аманшиннің «Махамбеттің тағдыры» романын оқу.

Топ басшылары бағалау парағы арқылы өз тобының мүшелерін бағалайды.

Күнделікке жазады.



жүктеу 51,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау