ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
36
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
тұлғасы тек телеут тілінде ғана емес, өзгеріске түскен түрі бірнеше
түркі тілдерінде сақталғандығын жоғарыдағы мысалдар дәлелдесе
керек. Сөздің түбірі есім сөз болуы мүмкін, ал -а, -ы, -и, -қа – етістік
тудырушы жұрнақ. Г. Рамстедт түркі тілінің
булға етістігін қалм.
bulngir, bul`ngr ‘кір’, ‘таза емес’, ‘лай’, ‘тұнба’ [bulangir, салыст. тұнғ.
bula ‘ми батпақ’] етістігімен салыстырады. Н.Н. Поппе бұл қатарға
монғ. bulga ‘бүліншілік’, ‘наразылық’, эвенк. bolgon ‘бүліншілік’,
‘наразылық’, bolgi- ‘наразылыққа әкелу’, көнтүр. bulganc ‘көтеріліс’,
‘бүліншілік’, сол мағынада bul
γaq , bulut ‘бұлт’ сөздерін қосады [2, с.
255].
Келтірілген деректерді ой елегінен өткізіп, зер сала қарасақ,
түбірдің
бул екендігіне күмән қалмайды.
Бүгінде мағынасы көмескіленген, өлі түбір саналып жүрген
сөздердің табиғатын анықтауға қажетті тілдік деректерді жан-жақты
зерттеу, өзге тілдермен салыстыра-салғастыра қарастыру олардың
табиғатын анықтауға кең жол ашары сөзсіз. Осындай зерттеулердің
нәтижесінде біз өлі түбір санап жүрген түбірлердің түп тұлғасы
тілімізде дербес сөз ретінде өмір сүріп жатқандығын аңғарамыз.
Әдебиеттер
1. Re
șit Rahmeti Arat. Atebetȕ’l-hakayik. Istanbul, AteșBasimevi, 1951.
2. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков: В 4-х
т. – М.: Наука, 1986. – т. 1. – 766 с.
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы ред. бас. Т. Жанұзақов.
1томдық – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
4. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. – Алматы: Рауан, 1994. – 304 б.
5. Қазақ әдеби тілінің сөздігі /. Құраст. Б. Сүйерқұлова, Т. Жанұзақ,
О. Жұбаева және т.б. 15 томдық – Алматы: Тіл білімі институты, 2011.
3-том – 744 б.
6. Қазақ әдеби тілінің сөздігі /. Құраст. Н. Әшімбаева, Қ. Рысбер-
генова, Ж. Манкеева және т.б. 15 томдық – Алматы: Тіл білімі
институты, 2011. 4-том – 744 б.
7. Древнетюркский словарь / Под ред. Э.В. Севортян. – Л.: Наука,
1969. – 676 с.
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
37
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
арихтың адамзат баласы айналып өте алмайтын, қандай қоғам
болсын жоққа шығара алмайтын, ортақ заңдылықтары бар. Бұл
тіл проблемасына да тікелей қатысты.
XX ғасырдың сексенінші жылдары басында жарияланған ЮНЕСКО
дерегіне сүйенсек, осы беделді халықаралық ұйымның есебі бойынша
Толғауы тоқсан
қызыл тіл...
(аударма қызметі туралы толғаныс)
Кеңес ЮСУПОВ
жазушы
Айтулы аудармашы Кеңес Юсупов – қазақ термино-
логиясының дамуына қомақты үлес қосып жүрген
саусақпен санарлықтай майталман мамандардың бірі.
Біз К. Юсуповтың «Егемен Қазақстан» газеті бетінде
(12. 10. 2001 .ж.) жарияланған, аударманың қыры-
сырын ашуды мақсат еткен мазмұнды мақаласынан
үзінді жариялап отырмыз. Автордың бұл еңбегі осы
бір аса жауапты да маңызды салада еңбек етуге бел
буған талапты жастарға бағыт-бағдар беріп, жол
сілтейтіндігіне сенімдіміз.
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
38
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
дүние жүзінде 2796 тіл, 8000 диалект бар. Алайда жаһанды мекендейтін
барша жұрттың үштен екісінен астамы экономикалық және саяси
қажеттіліктерге байланысты түрлі деңгейде қарым қатынастар
жасау үшін небәрі 27 тілде сөйлесетін көрінеді. Міне, аударманың
адамзатаралық қатынастарда атқаратын міндеті мен маңызын осы
деректер-ақ дәлелдеп береді. Өркениетті елдер аударманың қадірін,
маңызын ежелден байыпты бағалап келеді. Ендеше аударманың
игілігін игеріп болмай жатып біздің оған үстірт қарауымыздың реті де,
жөні де жоқ секілді.
Қалайық – қаламайық, мойындайық- мойындамайық, үш ғасырдан
аса алдымен Ресей империясының, кейіннен кеңестік жүйенің боданы
болған, көрмеген зобалаңы жоқ біздей елге аудармадан бірден аттап
кетудің қиынға түсетіні сөзсіз.
Дегенмен феодализмнен капитализмге соқпай, бірден социализмге
озған, батыры мен бағланы көп халықпыз ғой, несі бар, тағы да бір рет
тәуекелге бел байлап көрелік. Бірақ күшке салуға тіл шіркіннің көнетін
түрі жоқ.
Шығыстанушы И.Бенцинг: «Ғылыми, әдеби тілдік және тарихи
тұрғыдан қарағанда қазақ тілі- түркі тілдерінің ішіндегі өте әсем,
өте бай тілдің бірі» - деп жазады. Бүгін осы бай тіл жұмыс істемей
тұр. Міне, тілдерді дамытудың үшінші бағдарламасын қабылдадық,
дегенмен, әзірге жүрісіміздің мандитын түрі жоқ. Алайда оған аударма
кінәлі емес деп сендіре аламын.
Жазушы өзінің тілдік қорында, өресінде барды пайдаланады,
ал аудармашы сырт сөздің дәл баламасын табу үшін туған тілінің
лексикасын толығымен сүзіп шығуға мәжбүр болады дейтін қағида бар.
Ендеше аудару барысында біз тіліміздің ұшында тұрған, аузымызға
түскен сөзді ала бермей, шамамыздың жеткенінше мағынасын нақ
беретін сөздерді іздейміз. Демек, небір жақсы, маржан сөздеріміздің
қалтарыста қалып қою қатері азаяды. Міне, аударманың бірінші
пайдасы осындай тұста көрінеді. Демек, аударма тілді толық қуатымен
іске қосуға жәрдемдеседі.
Аударма әдебиеттің халықтың тілін ұстартуға, сана–сезімін
жетілдіруге, ағарту ісін ілгерілетуге, эстетикалық талғамын ұштауға
тигізетін ықпалын алдыңғы толқын ағалар да жоғары бағалап, бұл іске
хал қадірінше үлес қосқаны белгілі.
Қазақ аудармасының тарихи кезеңдеріне үңіле қарасам, «Дала
уәлаяты» газетінде көп жылдар аудармашылық қызмет атқарған
Дінмұхамед Сұлтанғазин ағамыздың «... перевод қылғанда, әсіресе,
закон, низам, хүкім турасындағы сөздер турада, бір қағиданы ұстау
тиісті » деп жазғанына қарағанда сол кездің өзінде аударманың
теориясы мен практикасының сілемі көрініс береді.
Қазақ зиялылары аударманың ұлттық мәдениетке ықпалын, оқу
білімге тигізер жәрдемін жіті аңғарып, бұл іске белесене қатысқаны
айқын аңғарылады. Тіпті осы шаруадан тыс қалған зиялы жоқ сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |