АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
50
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
терминологиялық ақпараттың сипатымен анықталатын маманданулар
арқылы ерекшеленеді.
Шетелде салалық, әсіресе салаішілік терминдер қорларының
болмауы бағдарламалық құралдарды, есептеу техникасын, терминоло-
гиялық деректер қорын жасап, оларды жұмыстық күйінде ұстай білу,
жүйені пайдалану құнының аса жоғары болуымен түсіндіріледі.
Терминдік қор жасау мен пайдалану құнының жоғары болуы
оларды, атап айтқанда, тиісті техникалармен, терминологиялық
деректердің басым үлес салмағымен, деректерді дайындап, енгізуге
және жүйелерді әртүрлі тәртіпте пайдалануға арнайы дайындалған
қызметкерлермен жарақталған ірі орталықтарда құрудың басты
себептерінің бірі болып табылады.
Терминдік қорлардың көптақырыптылығы олардың анағұрлым
ауқымдырақ қолданылуын қамтамасыз етеді.
Біздің елімізде терминдік қор құру әлі де кеңінен қолданылмай
отырғандығына орай қазақ терминологиялық деректер қорын
жобалаған кезде жинақталған шетелдік тәжірибені пайдаланған жөн.
Алайда бұл жерде еліміздегі ғылымның, экономиканың, өнеркәсіптің,
ақпараттың ұйымдастырылу ерекшелігін, сонымен қатар көптеген
ұйымдардың толық шаруашылық есепке көшуге және өзін-өзі өтеуге
бағытталуын ескеру қажет. Жаңа көптеген терминологиялық қорлар
құруда соңғы үрдістің белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін, өйткені
оларды құру және қолданысқа енгізу қомақты шығынды қажет етеді,
ал олар тек 3-5 жылдан кейін, яғни осы жүйелер өнеркәсіпте пайдалана
бастаған соң ғана өтемін қайтарады [2. 19].
Сондықтан қазақ терминологиялық деректер қорының ұйым-
дық-функционалдық құрылымын жобалаған кезде қолдағы бар
терминологиялық деректерді, арнайы дайындалған тиісті мамандармен
қамтамасыз етілуін, ұйымдарда есептеу техникасы құралдарының
болуын ескеру қажет. Осы факторларды ескерген жағдайда ғана қазақ
терминологиялық қорының жалпы типологиясы негізінен шетелдік
жүйеге барабар болады.
Терминологиялық деректер қорының техникалық жағынан
қамсыздандырылуы ҒТА орталықтары, оқу және ғылыми-зерттеу
мекемелерінің көпшілігінде қолданылатын есептеу техникасы
құралдарын пайдалануға негізделуі тиіс.
ТДҚ қызметі Мемлекеттік терминологиялық комиссия, Мемстан-
дарт және басқа да министрліктер мен ведомстволар, ұйымдар
деңгейінде бекітілген құжаттар негізінде ұйымдастырылуы қажет,
бұл аталған ұйымдар мынандай жұмыстарға қатысады:
- ҚТДҚ (қазақ терминологиялық деректер қоры) туралы ереже
(ҚТДҚ негіздері);
- мамандандырылған
ТДҚ туралы типтік ереже;
- мақсатты түрде қаржыландырылатын ұзақмерзімдік, бесжылдық
және
жылдық жоспарлар;