АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
46
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қолданыста бар анағұрлым танымал және жаңа жобаланып
отырған терминологиялық қорлар жөніндегі әдебиеттерді талдау
терминологиялық қор міндетін төмендегідей типтерге бөлуге
мүмкіндік береді:
- технологиялар және өнімдер стандарттарын әзірлеумен, ғылыми-
зерттеу жұмысы туралы есеп дайындаумен, оқу және анықтамалық
әдебиеттерді
шығарумен,
жарияланымдар
дайындаумен,
оқытушылық жұмыспен, арнайы әдебиеттерді редакциялаумен
айналысатын әр алуан білім саласындағы мамандарға, сондай-ақ шет
тілдерінің оқытушыларына, студенттерге, әдеби редакторлар мен
пайдаланушылардың кейбір басқа да санаттарына анықтамалық-
ақпараттық қызмет көрсету;
- ғылыми-техникалық әдебиетті дәстүрлі аударуды қамтамасыз ету;
- ақпараттық жүйелерді, басқару, жобалау жүйелерін лингвис-
тикалық жағынан қамтамасыз ету;
- терминологияны ретке келтіру және терминологиялық сарап-
тамалар жасау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету;
- терминологиялық сөздіктер түзу және басып шығару;
- терминдер анықтамаларын біріздендіру.
Қолданыстағы терминологиялық қордың көпшілігі ғылыми-
техникалық әдебиетті аудару үшін құрылған, алайда нәтижесінде
бұған басқа да міндеттер қосылды. Қазіргі кезде ірі деректер қорында
көпфункционалдылық үрдісі байқалады [3; 4].
Міндеттің әрбір типі пайдаланушылардың нақты бір санатына
бағытталған және терминологиялық деректерге қатысты белгілі
бір элементтердің болуын талап етеді. Мысалы, анықтамалық
терминологиялық қызметтердің негізгі бөлігі терминдер мағына-
ларының шегін, олардың қолданылу дәрежесі мен сипатын анық-
таумен, сонымен қатар терминдердің қолданылуын ретке келтіретін
қолданыстағы нормативтік құжаттар мен өзге де материалдарды
іздестірумен байланысты болады. Аудармашылар үшін қолданылу
ерекшеліктері туралы ақпараты бар шеттілдік терминдердің дәл
баламасы қажет. Мәтіндерді морфологиялық, сөзжасамдық және
синтаксистік талдау және жинақтау үшін терминдер туралы
грамматикалық ақпараттың болуын талап етеді. Терминдерді
ақпараттық-іздестірудің лексикалық бірліктері ретінде пайдалану
синонимдік,
гипонимдік
(тектік-түрлік),
партитивтік
және
ассоциативтік байланыстардың, сол сияқты ақпараттық құжаттарда
терминдердің қолданылымдығы жөнінде мәліметтердің болуын қажет
етеді. Терминологиялық жұмыстар бірінші кезекте терминшілерді
қарастырылып отырған және іргелес пәндік салалардағы бір
ізге келтірілген терминдер туралы деректермен, сонымен қатар
терминдердің қолданылуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуі
қажет. Сан салалы лексикографиялық материалдарды дайындау
және лингвистикалық, терминологиялық зерттеулерді жүргізу үшін
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
47
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
жан-жақты, берері мол мәліметтер аса қажет. Мұнда терминдердің
фонетикалық және графемалық сипаттамасы, қолданылу саласы,
олардың жасалу тәсілдері мен үлгілері туралы деректер қоса беріледі.
Барлық сөздіктер (ал Терминологиялық қорды айрықша типтегі
автоматтандырылған сөздік ретінде қарастырған жөн) негізгі екі
қызметті атқарады – тізбелеу және нормативтік (дескриптивтік және
прескриптивтік)
1
.
Жалпы терминологиялық қорды ұйымдастыру мен терминология-
лық ақпаратты жинаудың бірінші кезеңінде тізбелеу мәселесі -
қолданыстағы терминология мен ол туралы әртүрлі дереккөздерде
тіркелген ақпаратты барынша сипаттап беру мәселесі елеулі орын
алады.
Қазақ терминологиялық қорының мақсаты - ғылыми-техникалық
сөйлеу актілерінде тілдік норманы жүзеге асыру болып табылады.
Алайда ғылыми-техникалық тілдің барлық элементтерін тізбелеудің
негізінде осы норманы алдын ала анықтап алмайынша тілдік норманы
жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазақ терминологиялық қорының тізбелеу қызметі мынаған
бағытталады:
- терминологиялық лексиканы барынша толық қамту және жан-
жақты сипаттау;
- терминологиялық лексиканың барлық қолданылу аспектілерін
көрсететін алуан түрлі дереккөздерді барынша енгізу;
- терминологиялық жүйелерді жасау мен дамытуға ынталы барлық
ұйымдармен қарым-қатынас жасау.
Қазақ терминологиялық қорының тізбелеу қызметі тек ғылыми
ынталылықпен ғана емес, сонымен қатар ақпараттық орталықтарды,
баспаларды және басқа да ұйымдарды өздері жасаған тілдік
құралдарды ұсынуға міндеттейтін ұйымдастырушылық шешімдермен
де нығайтылады.
Қазақ терминологиялық қорының нормативтік қызметі, ең алдымен
мынандай жағдайларда көрінеді: ол арнаулы тілдік стильдерді белгілі
бір деректерге сәйкес лексикалық құрамға енгізе отырып, олардың
практикалық тұрғыдан жасалуына қатысады, қазақ терминологиялық
қоры бірыңғай, бірегей және жалпымемлекеттік тілдік орган ретінде
құрылымданатын болады.
1 Қара., мысалы, нормативтік қызметтерді орындауға бағытталған АСИТО (КСРО),
Норматерм (Франция), ТЕРМ (Батыс Берлин) тәрізді деректер қорлары, ал ғылыми-
техникалық әдебиеттерді аударуды қамтамасыз ету үшін құрылған Терминологиялық
қор тізбелеу сипатына ие. Осыны ескере отырып, термин жүргізу бойынша канадо-
квебек мектебінің мамандары қызметі жағынан (лингвистикалық мәртебесі)
Терминологиялық қорды үш типке бөлуді ұсынады: 1) нормативтік (тек стандартталған
деректер бар); 2) ақпараттық (бағалау сипаттамалары қоса берілетін стандартталмаған
деректер бар); 3) сипаттамалық (бағалау сипаттамасы жоқ деректердің барлық
разрядтары бар).
Достарыңызбен бөлісу: |