«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет22/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
50
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
терминологиялық ақпараттың сипатымен анықталатын маманданулар 
арқылы ерекшеленеді. 
Шетелде  салалық,  әсіресе  салаішілік  терминдер  қорларының 
болмауы бағдарламалық құралдарды, есептеу техникасын, терминоло- 
гиялық деректер қорын жасап, оларды жұмыстық күйінде ұстай білу, 
жүйені пайдалану құнының аса жоғары болуымен түсіндіріледі. 
Терминдік  қор  жасау  мен  пайдалану  құнының  жоғары  болуы 
оларды,  атап  айтқанда,  тиісті  техникалармен,  терминологиялық 
деректердің  басым  үлес  салмағымен,  деректерді  дайындап,  енгізуге 
және  жүйелерді  әртүрлі  тәртіпте  пайдалануға  арнайы  дайындалған 
қызметкерлермен  жарақталған  ірі  орталықтарда  құрудың  басты 
себептерінің бірі болып табылады.
Терминдік  қорлардың  көптақырыптылығы  олардың  анағұрлым 
ауқымдырақ қолданылуын қамтамасыз етеді. 
Біздің  елімізде  терминдік  қор  құру  әлі  де  кеңінен  қолданылмай 
отырғандығына  орай  қазақ  терминологиялық  деректер  қорын 
жобалаған кезде жинақталған шетелдік тәжірибені пайдаланған жөн. 
Алайда бұл жерде еліміздегі ғылымның, экономиканың, өнеркәсіптің, 
ақпараттың  ұйымдастырылу  ерекшелігін,  сонымен  қатар  көптеген 
ұйымдардың толық шаруашылық есепке көшуге және өзін-өзі өтеуге 
бағытталуын ескеру қажет. Жаңа көптеген терминологиялық қорлар 
құруда соңғы үрдістің белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін, өйткені 
оларды құру және қолданысқа енгізу қомақты шығынды қажет етеді, 
ал олар тек 3-5 жылдан кейін, яғни осы жүйелер өнеркәсіпте пайдалана 
бастаған соң ғана өтемін қайтарады [2. 19]. 
Сондықтан  қазақ  терминологиялық  деректер  қорының  ұйым- 
дық-функционалдық  құрылымын  жобалаған  кезде  қолдағы  бар 
терминологиялық деректерді, арнайы дайындалған тиісті мамандармен 
қамтамасыз  етілуін,  ұйымдарда  есептеу  техникасы  құралдарының 
болуын ескеру қажет. Осы факторларды ескерген жағдайда ғана қазақ 
терминологиялық  қорының  жалпы  типологиясы  негізінен  шетелдік 
жүйеге барабар болады. 
Терминологиялық  деректер  қорының  техникалық  жағынан 
қамсыздандырылуы  ҒТА  орталықтары,  оқу  және  ғылыми-зерттеу 
мекемелерінің  көпшілігінде  қолданылатын  есептеу  техникасы 
құралдарын пайдалануға негізделуі тиіс.
ТДҚ  қызметі  Мемлекеттік  терминологиялық  комиссия,  Мемстан- 
дарт  және  басқа  да  министрліктер  мен  ведомстволар,  ұйымдар 
деңгейінде  бекітілген  құжаттар  негізінде  ұйымдастырылуы  қажет, 
бұл аталған ұйымдар мынандай жұмыстарға қатысады:
-  ҚТДҚ  (қазақ  терминологиялық  деректер  қоры)  туралы  ереже 
(ҚТДҚ негіздері);
- мамандандырылған ТДҚ туралы типтік ереже;
- мақсатты түрде қаржыландырылатын ұзақмерзімдік, бесжылдық 
және жылдық жоспарлар;


АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
51
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
-  терминологиялық  ақпаратты  әртүрлі  тасымалдағыштарда  және 
байланыс арналары бойынша айырбастау тәртібі.
Мұнымен  қатар  әдістемелік  құжаттама  жиынтығына  типтік 
әдістемелер мен нұсқаулықтар, сол сияқты желі қатысушыларының 
өзара міндеттерін ретке келтіретін құжаттар қамтылуы тиіс. 
Осылайша,  ТДҚ-ның  жинақталуы  әр  жерде  –  ҚТДҚ-да, 
бүкілодақтық,  республикалық, салалық,  салааралық  және аумақтық 
ұйымдарда бір мезгілде жүзеге асырылады. 
Адами білім дамуының әр кезеңінде, әр дәуірде кез келген ғылым- 
да  қолданылатын  жалпығылыми  және  жалпытехникалық  ұғымдар- 
дың  белгілі  бір  мөлшері  көрініс  береді.  Оларға  әдістемелік 
ғылымдардың – философия, жалпы жүйелер теориясы, кибернетика, 
ақпараттану  және  т.б.  -  жалпы  ұғымдары  жанасады;  бұл  ғылымдар 
ұғымдарының  кейбір  бөлігі  жалпы  ұғымдар  тәрізді  білімнің  алуан 
түрлі  саласында  қолданыла  береді  (мысалы, 
ақпарат,  элемент).  Бұл 
жерде  мынаны  ескеру  қажет,  мұндағы  басты  нәрсе  жалпығылыми 
(жалпытехникалық)  және  салааралық  ұғымдардың  бірқатар  білім 
салаларында қолданылып отырғандығы емес. Мәселе әр түрлі салада 
қолданылуына  мүмкіндік  беретін  олардың  ортақ  мән-мағынасы 
болғандығында, көп жағдайда ортақ мән-мағынасына нақты белгілер 
үстейтіндігінде  болып  отыр.
2
  Мысал  ретінде  жалпығылыми 
әдіс 
терминін келтіруге болады, 
аналитикалық әдіс – салааралық термин 
болса, 
математикалық әдіс – нақты ғылыми термин, (сал.: сондай-ақ 
салааралық 
кластер термині – ағылшын сөзі, кіші бөлшектердің шағын 
шоғыры, бумасы дегенді білдіреді, ол физикада, химияда, астрономияда, 
биологияда,  әлеуметтануда,  жалпы  жүйелер  теориясында,  сонымен 
қатар ғылымтану мен ақпараттануда да қолданылады).
Білім  мен  іс-әрекеттің  әрбір  саласында  жалпы  әртүрлі  деңгейдегі 
– ең ірі топтардан бастап, ең кіші түрлерге дейін – арнайы ұғымдар, 
сонымен  қатар  осы  топтарды  қарастыру  аспектілерін  көрсететін 
ұғымдар  да  бар.  Ұғымның  осы  екі  типі  түрлік  және  аспектілік  деп 
аталады; мысал ретінде геология терминін келтіруге болады, 
субдельта 
(дельта  ұғымына  қатысты  түрлік  ұғым  ), 
мұнай  геохимиясы,  мұнай 
қорлары (аспектілік ұғымдар). 
Әкімшілік-саяси салада әскери терминдер жиі ұшырасады. Олардың 
бір  бөлігі  техникалық  терминдерге,  екіншісі  –  экономикалық 
терминдерге,  үшіншісі  –  ғылыми  терминдерге  жақындайтыны  рас. 
Әскери терминдер - ұштас салалар терминдерінің типтік үлгісі. Солар 
арқылы  терминдердің  арасындағы  шегара  өте  шиеленісті  екендігін 
көрсетуге  болады.  Техника  ғылымдарының  көптеген  терминдері  бір 
мезгілде техникалық терминдер болып саналса (
илеу, жасыту, күйдіру 
және  т.б.),  ал  құжаттанудың  көптеген  терминдері  іс  қағаздарының 
2 Болашақта ТДҚ өзіне халықтық қолөнер және кәсіпшілік терминологиясын қамту 
мүмкіндігін ескеру қажет, сонымен қатар, мысалы, спорт, филателия, әдет-ғұрып, бала 
ойындары және т.б. тәрізді адам іс-әрекетінің арнайы салаларын да.


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау