АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
52
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
терминологиясында да кездеседі (
кесім, мұрағат). Дей тұрғанмен
аталу нысанына қарай терминдерді жіктеу аса маңызды; ол белгілі
бір кезеңдегі қоғамдық құрылым дамығыштығының және ғылымның
деңгейін көрсетеді.
Әлеуметтік-саяси салаға қоғамдық ғылымдар терминдерінен басқа
(саяси экономия, әлеуметтану, этнография) қоғамдық-саяси лексика
да жатады. Қоғамдық ғылымдар терминдері мен қоғамдық-саяси
лексиканы бір-бірінен қатаң түрде бөліп алу, әсіресе, ақпараттық
тілдерді құру үшін маңызды болып табылады. Тұтастай алғанда,
қоғамдық-саяси лексика қазақ терминологиялық қорында көрініс
табуы қажет.
Жекелеген білім салаларының ішінде аталу нысанына қарай
терминдердің жіктелуі олардың мүмкіндігінше толық жіктелуі болып
табылады.
Терминдердің үшінші мазмұндық жіктелімі – термин арқылы
ұғынылатын ұғымның логикалық категориясы бойынша болып
табылады. Мұнда заттар мен нәрселерге (
сүтпен қоректенушілер),
үдерістерге (
көбейту, іс қағаздары, компрессия), белгілері мен
қасиеттеріне (
суыққа шытынағыштық), шамасы мен олардың
бірліктеріне (
ток күші, ампер) қатысты терминдер бөлініп шығады.
Терминдердің лингвистикалық жіктелімі белгілі бір тілдің сөздері
немесе сөз тіркестері ретіндегі терминдердің белгілеріне негізделген.
Мағыналық
(семантикалық)
құрылымы
бойынша
жіктеу
бірмағыналы терминдерді (
шунттау, сомын, хромосома) және
көпмағыналы терминдерді, яғни бір терминдік жүйе шеңберінде екі
немесе одан да көп мағынаға ие болатын терминдерді (
сот – 1. судья
мен заседательдер жиынтығы; 2. сот отырысы; 3. сот ғимараты) бөліп
алуға мүмкіндік береді. Семантика тұрғысынан алғанда еркін тіркесті
(муфель пеші, тұрғылықты орнынан анықтама) және тұрақты (оның
ішінде фразеологиялық) тіркесті терминдер (
бүкіләлемдік тартылыс)
бөлініп шығады.
Формальды құрылым бойынша терминдердің жіктелімі өте
бөлшектік болып табылады. Ең алдымен, термин-сөздер бөлінеді.
Олар, өз кезегінде, түбірлік (
су), туынды (бөлгіш, суарғыш), күрделі
(
қоғамтану, биосфера), күрделі қысқартылған (Қазмембас, терминком),
сондай-ақ кездейсоқ құрылымдағы сөздер – телескоптық (
магнитола
– магнитофон+ радиола сөздерінің бірігуінен), тізбекті құрылымдар
(
синтез-газ) болып бөлінеді.
Ары қарай терминдік сөз тіркестері болып бөлінеді. Мұнда
анағұрлым кең тараған құрылым зат есімнің сын есіммен тіркесуі,
зат есімнің ілік септігіндегі зат есіммен тіркесуі, зат есімнің қосымша
ретіндегі зат есіммен тіркесуі болып табылады. Кейде бес не одан да
көп сөзден тұратын терминдер де кездеседі.
Терминдердің формальды құрылымында бірсөзді терминдер
мен көпсөзді терминдердің қысқартылуы тән құбылыс болып
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
53
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
табылады. Қысқарған сөздердің көптеген түрлері кездеседі: әріптік
(
п.ә.к.), дыбыстық (ЖАК), буындық (облатком), сөз тәріздес (сигран-
синтетикалық гранит сөзінен), сөзбен толық сәйкес келетін (ГАЗ
– Горький автомобиль зауыты); бұдан басқа сөз бен қысқарған
сөздер тіркестері (
МГД – генератор – магнитогидродинамикалық
генератор).
Уәжділігі/уәжделмегендігі бойынша жіктелім мағыналары олардың
құрылымымен түсіндірілетін немесе түсіндірілмейтін терминдер
бар екендігін көрсетеді. Бұл жағынан алғанда, толық уәжделген (
газ
құбыры), ішінара уәжделген (Паркинсон ауруы), толық уәжделмеген
(
ромб), сондай-ақ жалғануәжделген (найзағай бұрғыш) терминдер бар.
Негізгі дереккөздік тілге қарай терминдер байырғы (
орда, жасақ,
сарбаз), кірме (дисплей – ағылшын сөзі; квершлаг – неміс сөзі),
аралас (
металтану, автобасқару) болып бөлінеді.
Ғылым және техника саласында міндетті түрде нормалануы тиіс
болып табылатын терминдер бар: мысалы, радиожиілік терминдері
халықаралық деңгейде нормаланған, себебі бұл теңізде жүзушілердің,
авиаторлардың және тағы басқалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін қажет. Әдетте, бұл терминдер халықаралық болып табылады,
олардың семантикасы халықаралық ұйымдардың шешімдерімен
нормаланады.
Анықтама (дефиниция) – термин семантикасын ашудың аса
маңызды құралы. Сөздікте анықтама сөздік мақаланың алғашқы
сөйлемін білдіреді. Ол терминнің семантикалық басым белгілерін
көрсетеді де, әдетте стандартты үлгілер бойынша түзіледі (сал., тектік-
түрлік анықтамалар, партитивтік анықтамалар, операционалдық
анықтамалар және т.б.). Жарияланған сөздік-дереккөздердегі
анықтамаларды дәл сол күйінде беру керек. Мәселен,
құрастыру
бірлігі- құрастыру операциялары арқылы өзара біріктірілген бірнеше
бөліктерден (бөлшектерден) тұратын бұйым;
склерометр- металдар
мен әр түрлі кристалдардың қаттылығын (беріктігін) өлшейтін құрал;
судың ауытқуы- судың өзге материалдардан физикалық қасиеттері
бойынша ауытқуы;
акцент- дыбысты немесе дыбыстар кешенін
(аккордты)
ерекшелеу, айырықша айту арқылы көрсету және т.б.
Оқу құралдары және ғылыми әдебиеттер тәрізді дереккөздерді
пайдаланғанда мәтіндегі анықтаманың сөздіктегі анықтамадан
ерекшеленетіндігін ескерген жөн. Мәтіндегі анықтама құрылымы,
тілі, терминге телу тәсілі жағынан алуан түрлі болып келеді. Сондықтан
да мұндай анықтамаларды ҚТДҚБ-ына енгізу кезінде бірқатар
сарапшылық өңдеулер қажет болады.
Мысалы,
тойтармалы біріктірілім - тойтармалар арқылы іске
асырылатын ажырамас біріктірілім. Мұны оқу құралының мәтініндегі
анықтамамен салыстырып көрелік.
тойтармалы біріктірілімдер – тойтармалар арқылы іске асырылатын
біріктірілімдер ажырамас біріктірілімдер санатына жатады…