ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
63
«Тіл және қоғам» №4 (42)/ 2015
Т
іл үйретудегі қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстанған
әдіскерлер Е.И.Пассов, А.А.Леонтьев, В.Г.Костомаров, А.Н.Щукин,
М.Н.Вятютнев, Г.В.Рогова, Г.А.Китайгородская, И.Зимняя, В.А.Скалкин,
Б.А.Лапидус, Н.И.Гез, Э.П.Шубин, И.Л.Бим т.б. бұл әдістің соңғы
мақсатты нәтиже – қатысымдық құзыреттілікке жетуде ғылыми-
теориялық және әдістемелік тұрғыдан ең тиімді екендігін дәлелдеді.
Шет тілді меңгертудегі негізгі әрекет - қарым-қатынас үдерісі, сөйлеу
қатынасы екендігі белгілі. Сондықтан қазақ тілін үйретуде дүние
жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген
қатысымдық бағдарды ұстану - бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің
бірі.
Қатысымдық бағдарлы оқытуда қолданылатын «қатысымдық әдіс
дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы
жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,
тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер
мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын
Коммуникативтік
бағдарлы
оқытуда тіл үйренушінің
оқу-танымдық уәждемесін
арттырудың маңызы
Шынар ҚҰРМАНБАЕВА
С.Аманжолов ат. ШҚМУ профессоры,
педагогика ғылымдарының докторы
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
64
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын
әдістің түрі» [1, 127 б.]. «Қатысымдық бағдарлы оқыту алғашқыда
тілді жеделдете оқытудың негізгі әдісі ретінде қалыптасты. Ол дайын
сөйлемдерді жаттатқызу, тілдік материалды саналы түрде меңгермей,
көбінесе ойланбастан қайталауға негізделгенмен, бірте-бірте оқыту
мазмұны,
әдіс-тәсілдері өзгеріп, толығып отырды» [2, 13 б.].
Тілді қарым-қатынас арқылы оқыту сөйлеуге бағыттап
оқытудың тәжірибелік бағдарын айқындайды. Сабақта тіл
жайында айтпау керек, сол тілдің өзін қолданысқа түсіру қажет.
Яғни, алдымен грамматиканы оқытып, содан сөйлеуге көшу - ең
үлкен адасушылықтың белгісі. Ал біздің қазіргі дәстүрлі білім
беру саласында осы қателік жіберілуде. Шет тілде сөйлеуге тек
қана сөйлеу арқылы, тыңдауға тыңдай отырып, оқуға оқи отырып
үйренуге болады. Бәрінен бұрын жаттығулар шынайы қарым-
қатынас тудыруға бағытталуы тиіс. Нағыз қарым-қатынас сипаттау,
мазмұндау, бір жақты монолог түріндегі айтылымда емес, топ
мүшелері түгелдей қатысқан интерактивті полилогқа құрылған
тілдесім кезінде жүзеге асады.
Сөйлесім әрекетінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық
жағы болады. Бұл үшеуі сөйлеу үдерісінде өзара тығыз байланысты.
Бұдан шығатын қорытынды - сөзді өзінің қолданылу формасынан
бөлек игеруге болмайды, сөздер де, сол тәрізді грамматикалық
формалар да сөйлесім әрекеті үстінде меңгеріледі. Дәстүрлі аударма-
грамматикалық әдісте лингвистикалық негіз бірінші кезекке шығып,
тіл үйрету тілді жүйелі және құрылымдық негізіне сүйене отырып
оқыту арқылы жүзеге асырылатын болса, қатысымдық бағдарлы
оқытуда тіл бірліктері функционалды негізде белгілі бір сөйлеу
мақсатында қолданылуына қарай іріктеледі. Яғни, «үйренетін тілдің
лексикасын функционалдық тұрғыдан оқытуда ауызша және жазбаша
коммуникация процесінде не қызмет етсе, соны және қалай қызмет
етсе солай меңгеру жүзеге асады» [3, 3б.].
Қатысымдық бағдарлы оқытуда қазақ тілінде тілдік қатынасқа
түсу – оқыту үдерісінің үзінді бір көрінісі немесе жай оқу
жоспарының әдістемелік кезеңі ғана емес, ол оқу - танымдық үдерісті
құрастырудың негізі, алмаспайтын идеясы болуы тиіс. Себебі қазақ
тілін қатысымдық деңгейде меңгерту оқыту барысында үздіксіз
қарым-қатынас жасау негізінде ғана жүзеге асады. Тіл үйренушінің
іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы
– оның мықты оқу уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен
дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлесім әрекетінің түрлері тіл
үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға
бағытталуы тиіс.
Тіл – рухани әлем, ал оны меңгеру оған толығымен бойлау арқылы
жүзеге асады. Қазақ халқының бай рухани әлемін қолмен ұстау
мүмкін емес, суреттеу, мазмұндау жеткіліксіз, оны ұғынып, саналы