«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет29/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
66
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
сонымен  бiрге  оқытушының  таза  қазақ  тiлiнде  сөйлеген  сөздерiн 
бiршама  толық  түсiнген  сайын,  үйренушiнiң  қызығушылығы  да, 
нәтижеге  деген  сенімі  де  арта  түседi.  Тiлдi  оқудың  әр  сатысында 
белгiлi  нәтижелерге  жеткенiн  көрiп,  бiлiп  отырса,  үйренушi  барған 
сайын  тiлдi  оқуға,  үйренуге  ынталана  түседi  де,  қазақ  тiлiн  меңгере 
аламын деген сенiм туады. Бұл – қазақ тiлiн үйрену, оқу уәждемесiн 
күшейтетiн құбылыс. 
Адам  әрекетін  дұрыс  басқару  тек  уәждемелерді  басқару  арқылы 
мүмкін болады. Психолог ғалымдар оқу iсiн әрекет тұрғысынан зерттеп 
қарайды да, оның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, мақсатқа жетуі, 
нәтижелі болуында оқу мотивтерiнiң шешуші роль атқаратынын сөз 
етеді [4, 10 б.]. 
Қазақ  тілін  оқыту  нәтижесінде  қатысымдық  құзыреттілікке  қол 
жеткізу үшін үйренушінің ерікті, саналы шешімі, жоғары дәрежедегі 
қызығушылығы  мен  уәждемесі  болуы  шарт.  «Уәждеме  дегеніміз 
–  іс-әрекетке  итермелейтін  себеп,  ал  мақсат  дегеніміз  –  адамның 
белгілі  бір  істі  орындауға  талпынуы.  Мақсатты  іс-әрекеттің  мотиві 
болуы  маңызды.  Сол  кезде  адам  алдына  қойған  міндеттерді  мүмкін 
болғанынша  жақсы  орындауға  талпынады.  Бұл  оның  мұқтажына 
айналады» [5, 32 б.]. 
«Уәждеме – адамның саналы мінез-құлық, іс-әрекетінің негізі» [6, 
70 б.]. Яғни, адам бір іске саналы түрде, өз ерігімен бел байлаған болса, 
демек,  солай  етуге  бұлтартпас,  нақты  уәждемелері  бар  деген  сөз. 
Кейде «адамда мықты уәждемелер мен қажеттіліктер болған жағдайда 
оның еркі мен қалауы маңызды болмай қалады» [6, 81 б.]. Ал адамның 
міндеті  мен  қажеттілігі  немесе  қызығушылығы  мен  ынтасы,  яғни 
бұлтартпайтын  уәжі  болмаса,  ісінен  ешқандай  нәтиже  шықпайды. 
Демек, оқу уәждемесі болмаған жерде, қандай керемет әдіс-тәсілдерді, 
ең  озық  технологияларды  қолданса  да,  оған  тілді  үйрету  ешқашан 
мүмкін емес. 
Мемлекеттік  тілді  оқытуда  табыстарға  жету  еліміздегі  әлеуметтік 
жағдайлар  мен  тіл  үйренушілердің  жеке  мақсат-мүдделерімен 
тығыз  байланысты.  Сондықтан  да  олардың  тіл  үйрену  уәждемесін 
анықтап  алу,  тіл  саясатын  соған  байланысты  жүргізу  мемлекеттік 
тіл мәселесінің дұрыс шешілуіне көп ықпалын тигізеді. Бүгінгі күнде 
тіл  үйренушілердің  басым  көпшілігінің  қазақ  тілін  оқу  уәждемелері 
қоғамдық-әлеуметтік  сипатта  болып  отыр.  Яғни,  мемлекеттік  тілді 
меңгеру  -  заңның,  қоғамның  талабы,  басшылықтың  талабы  деген 
оймен шектелушілік басым. 
Осы  сыртқы  –  қоғамдық-әлеуметтік  уәждеме  ішкі  –  жеке  бас 
уәждемеге  ауысқан  кезде  ғана  шын  мәнінде  оқудың  нәтижесі  - 
қатысымдық құзыреттілікке қол жететінін ғалымдар дәлелдеп отыр. 
Яғни,  әрбір  тіл  үйренуші:  «Жаңа  тіл  арқылы  жаңа  әлемді  танысам, 
қазақ тілін қарым-қатынаста қолдана алсам, қазақ тілін білу арқылы 
экономикалық  жағдайымды  жақсартып,  қызмет  баспалдағында 


ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
67
«Тіл және қоғам» №4 (42)/ 2015
өссем», - деген уәждемелердің жетегінде тіл үйренуге ұмтылған кезде, 
нағыз нәтижеге қол жеткізуге болады. 
«Оқы», «тап», «астын сыз», «аудар», «жатта» деген тапсырмалармен 
шектеліп 
келген 
аударма-грамматикалық 
әдіске 
негізделген 
дәстүрлі  оқытуда  жылдар  бойы  тілдің  теориялық  жағын  үйретіп, 
анықтамаларды  жаттатып,  тілді  шынайы  өмірлік  жағдаятта  қолдану 
мүмкіндігі шектеліп келгені белгілі.
Білімнен  құзыреттілікке  қағидасына  негізделген  оқу  үдерісінің 
соңғы мақсатты нәтижесі - тіл үйренушінің қазақ тілінде оқып, жазып, 
сөйлей алуы. Бүгінгі білім беру парадигмасының ауысуы жағдайында 
тіл  үйретудің  сапасы  мен  нәтижелілігін  арттыру  үлкен  маңызға  ие 
болып отыр. 
Тіл  үйретуде  қатысымдық  құзыреттілікке  қол  жеткізу  үшін 
алдымен  оқытушының  өзінің  жоғары  деңгейдегі  кәсіби  құзыретті- 
лігі  талап  етіледі.  Кәсіби  құзыретті  оқытушы  қазақ  тілінің  әрбір 
сабағында белсендіруден, әдістің тиімділігіне иландырудан, өз күшіне, 
нәтиженің  алыс  еместігіне  сендіруден,  жігерлендіруден,  мақтаудан, 
жарысқа  шақырудан  т.б.  тұратын  уәждеме  тудыру  тактикасын 
шеберлікпен қолданып, сабағын коммуникативтік бағдарлы жүргізуі 
керек.
Тіл үйренушілердің өз мүмкіндіктеріне, оқу-таным әрекетінің түпкі 
нәтижесіне,  оқытушы  қолданып  отырған  әдістің  тиімділігіне  деген 
сенiмін нығайтуға әсер ететін факторлар: 
-  заманауи  ғылыми-техникалық  базамен  жабдықталған  оқу  орта- 
лықтары;
-  мемлекеттік  тұжырымдама,  стандарт  пен  типтік  бағдарламаға 
негізделген мықты оқу-әдістемелік кешен; 
- андрагог, акмеолог, аксиолог, кәсіби құзыретті оқытушы тұлғасы.
Тіл  үйренуші  оқулықпен  ғана  шектеліп  қалмай,  қосымша 
мәліметтерді өзі іздеп жүріп оқитындай деңгейге жеткен кезде өзін-өзі 
дамыту, өздігінен оқу жүзеге асады. Сондықтан өз бетімен білім алуға 
ыңғайлы қашықтықтан оқу сайттарын, электронды білім ресурстарын 
көбейтуқажет.
Сонымен  қатар  кәсіби  құзыретті  оқытушыларды  даярлау  мақ- 
сатында әдістемелік семинарлар ұйымдастырса, қазақ тілін оқытудың 
мониторингін  жүргізіп  отыру  арқылы  оқу-танымдық  уәждемелерін 
айқындап,  онлайн  сабақтар,  т.б.  түрлі  басқосулар  арқылы  үздік 
әдістемелермен  алмасып,  үздік  тіл  үйренуші,  үздік  оқытушыларды 
марапаттап отырса, бұл іс өз жемісін берері сөзсіз.
Әдебиеттер
1.  Оразбаева  Ф.Ш.  Тілдік  қатынас:  Теориясы  және  әдістемесі. 
– Алматы: Ы.Алтынсарин ат.ҚБАРБК, 2000. – 208 б.
2. Ерназарова З. Тілді меңгерту деңгейлері арасындағы сабақтастық 
және  оқытудың  негізгі  принциптері  (шет  тілдерін  оқытудың 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау