ОНОМАСТИКА
87
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қызылорда қаласы көшелерінде сондай-ақ әйгілі тарихи тұлға-
лардың аттарын да кездестіруге болады:
«Төле би» (дүкен), «Ибн
Сина» (дәріхана), «Бейбарыс» (мейрамхана), «Томирис» (кафе) ,
«Наутилиуст» (кафе).б.
2.Жансыз заттар атауларынан жасалған эргонимдер. Мұны
мағынасы тек «тауарлық ассортоментті» ғана білдіретін атаулар деп
те атауға болады. Бұл тәсіл бойынша эргонимдер жасау дәстүрге
айналған. Олар біз жинастырған эргонимдердің ең көп бөлігін,
яғни барлық атаулардың 45,1 пайызын құрады Бұл кәсіпорынның
не сауда орнының ұсынатын ассортементіндегі тауар атауларына
байланысты эргонимдер («
Білім», «Киімдер», «Аяқ киім», «Кілемдер»,
«Тағам» «Автобөлшектер» т.б.). Бұлардың негізгі бөлігі – бұл
тауар мен қызмет ассортиментін тіке көрсететін немесе ассоция
беретін атаулар. Бұл эргонимдер әр алуан, олар тұтынушылар тобын
анықтайды. Мұндай дүкендер тұтынушының уақытын үнемдейді
және жүйкесін тоздырмайды. Мысалы, құрылысшы өз қажетін
алу үшін
«Стройматериал» дүкеніне, жүргіуші өз көлігіне қажетті
бөлшекті іздеу үшін
«Автобөлшектер» дүкеніне барады.
Бұл атауларда сондай-ақ тұрмыстық бұйымдар: тағам, сусын
атаулары; киімдер мен оған қажетті заттар т.б. туралы мәліметтер
бар. Бұл эргонимдерде ақпараттық қызмет маңызды рөл атқарады.
Мұндай эргонимдердің басым көпшілігі тауар немесе қызмет
түрлеріне қатысты атауларды қамтиды: 1) интерьер, тұрмыс заттары
дүкендері -
«1000 сан ұсақ-түйек», «Комфорт», «Жиһаз», «Уют», т.б.).
Қарастырып отырған осы топқа шартты түрде «әлем», «орталық»,
«үй» мағынасындағы атауларды қосуға болады. Осындай атаудағы
дүкендер тұтынушылар үшін әрқашан орасан тауарлар әлеміне
ассоцация береді:
«Балалар әлемі», «Ыдыстар әлемі», «Кілемдер әлемі»,
«Сауда орталығы», «Сауда үйі» т.б. Мұндай дүкендер тұтынушы үшін
өте ыңғайлы, өйткені онда олар тауарды өзі ұстап шыққан мерзімін,
өндірушісін т.б. мұқият қарайды және оны таңдауға асықпайды. 2)
тамақ, сусын түрлері, дүкендер:
«Арзан балық», «Алтын балық»,
«Мандарин», «Халал ет», Халва, «Жеміс-жидек»; кафелер: «Дом пива»,
«Аral-beer», «Вeer-лога»; дәмханалар: «Тағам», Дастархан, Бауырсақ,
«Лаваш», «Сластена», «Кофе До», «Арай фаст-фуд», «Қуырдақ», т.б.
3) киімдер мен қосалқы заттар (аксессуарлар), дүкендер:
«Башмачок»,
«Гардероб», «Каблочек», «Мир обуви», «Спорт тауарлары», «Трикотаж
әлемі», «R.A.M.JEANS», «Сөмке», «Fashion», «Евростиль», т.б.. Бұлар
эргонимдердің ақпараттық қызметінің маңызды екендігін дәлелдейді.
Осы топта топонимдерден жасалған эргонимдер саны да едәуір.
Олар есте қалдыру (мемориалды) және көбінесе мекенжайлық қызметі
атқарады (ат қоюшы топонимді пайдалана отырып, комерциялық
өнеркәсіптің белгісін топонысан ретінде көрсетеді). Ал бұл маңызды
белгі болып табылады. Аталмыш факті географиялық тақырыптың
өзектілігін танытады. Мысалы:
«Астана» (мейрамхана), «Алатау»
ОНОМАСТИКА
88
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
(мейрамхана),
«Стамбул» (сауда үйі), «Пекин» (мейрамхана), «Токио»
(кафе).
«Прага-7» (кафе), «Қызылорда» (қонақүй), т.б.
Гидроним-атауларды да бір топ ретінде көрсетуге болады.
«
Сырдария» (сауда үйі), «Sарқырама» (дизайн орталығы), «Оазис»
(кафе),
«Мелиоратор» (ЖШС), «Құмкөл транссервис» (АҚ), т.б.
Сөз болып отырған топқа флора мен фаунаға байланысты болып
келетін эргонимдерді жатқызуға болады. Мысалы:
«Қалампыр»
(дәріхана),
«Қызғалдақ» (дәріхана), «Жалбыз» (дәріхана), «Ромашка»
(дәріхана), «Байтерек» (мейрамхана), «Жасмин» (кафе),
«Ласточка»
(кафе),
«Алма», (сауда үйі), «Акация» (гүл орталығы), т.б..
Осы топқа сондай-ақ космонимдерден:
«Уркер» «мейрамхана),
«Шолпан» (дүкен), «Жұлдыз» (дүкен), «Сатурн» (кафе), «Сириус» (кафе),
«Спутник» (дүкен) «Миркурий», (кафе), т.б. жасалған атаулар да бар.
3. Күрделі аталымды нысандар атауынан жасалған эргонимдер
(А.ВСуперанский оларға мерзімді баспасөз органдарының, мереке
атауларының, әдеби және өнер туындылардың атауарын жатқызады).
Олардың ішінде түрлі өнер түрлері – әдебиет, телеарна, музыка,
театр аттарымен байланысты болып келетін эргонимдер анық
байқалады. Бұл топтағы эргонимдер біздің жинастырған атаулардың
6,9 пайызын құрады. Мұндай атаулар білімділікті, ассоциативтілікті
көрсетеді. Мысалы: дүкендер -
«Академкітап»,«Канцтауар»,«Мұстафа
Шоқай кітап үйі», мекемелер - «Нартай Бекежанов атындағы қазақ
музыкалық драма театры», «Сәбира Майқанова атындағы мәдениет
үйі», «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті»,
«Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана».
4. Адамдарды, мекемелерді және т.б. сипаттайтын сөздерден жасалған
эргонимдер. Қызылорда қаласындағы
аталмыш топтағы эргонимдер
онша көп емес, бірақ бар. Біздің жинастырған эргонимдердің 9,9
пайзын құрады. Олардың ішінде адамды сипаттайтын атауларға:
«Сыр
сұлуы» (кафе), «Гүлмира доктор» (тіс емханасы), «Шакир-дантист»
(тіс емханасы),
«Доктор-Мом» (дәріхана), «Бай Сара» (короке-кафе),
«Сұлтан сүйрік» (сән солоны), т.б. жатады.
Сондай-ақ өнеркәсіпті
сипаттайтын
«Шоқ су» (ЖШС), «Селена-star» (қонақүй), «Алтын
Орда» (қонақүй,), «Алтын сарай» (мейрамхана), «Имперал Строй»
(сауда үйі),
«Строй люкс» (дүкен), «COPY EXPRESS» (дүкен), «Сыр
қуаты» (ЖШС), т.б. эргонимдер бар. Бұл атаулар әрі ақпараттық, әрі
жарнамалық сипатпен сәтті қойылған.
5. Астарлы мағыналы эргонимдер. Мұндай сипаттағы эргонимдер
көбінесе құрылтайшылар мен олардың жақын туыстарының
есімдерінің алғашқы дыбысы не буынынан
құралған қысқарған
атаулар
болып келеді. Бұл топтағы эргонимдер қалада ең аз санды
атаулар тобына жатады. Біздің жинастырған эргонимдердің 5,1
пайызын құрады. Нысан иелерімен жүргізілген сұхбаттар мұндай
эргонимдер ат қоюшының «өзіндік бір айласы» екенін және ол оның
өзіне ғана түсінікті болатындығын көрсетті. Көбінесе мұндай атаулар
Достарыңызбен бөлісу: |