«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


1
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
№4 (42) / 2015
альманах


2
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Бас редактор
Қонысбай ӘБІЛ
Редакциялық кеңес:
Құрылтайшы: 
Қазақстан Республикасы
 Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси 
жұмыс комитеті
ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Қазақстан Республикасының 
Ақпарат министрлігінде тіркелген
№ 516-ж куәлігін берілген 
(14.06.2004)
альманах
Ербол Нұрғалиев
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс 
комитеті төрағасының орынбасары
Қойшығара Салғараұлы
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы
Кеңес Юсуп 
Жазушы, аудармашы
Ғарифолла Есім 
 ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың 
лауреаты
Алдан Смайыл
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сауытбек Абдрахманов
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» 
акционерлік қоғамының президенті, филология 
ғылымдарының докторы
Дихан Қамзабекұлы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің проректоры, ҚР ҰҒА 
корреспондент мүшесі
Дархан Қыдырәлі
ҚР Білім және ғылым министрлігі 
Халықаралық түркі академиясының 
президенті, тарих ғылымдарының докторы
Айдос Сарым
Саясаттанушы


3
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Тіл және тәуелсіздік
Адамзат қоғамының саналы түрде сабақтаса, араласа тіршілік 
етуінің өміршең құралы, халықтың «менінің», ұлттық ділінің арқауы 
– тіл дейтін болсақ, онда адам баласы ұлтына, жеріне, тарихи 
дамуына, қауымдасуына, діліне қарай дербес мемлекеттер болып өмір 
сүріп жатқанда тіл мәселесінің мазмұны да, мәні де артпақ. Жалпы, 
мемлекетішілік қатынас құралына айналған тіл үлкен саяси мәнге 
ие. Яғни, тіл өзіне тән табиғи қызметтерімен бірге ендігі тұста аса 
маңызды елдік, мемлекеттік қызметті де атқарады. Нәтижесінде, 
мемлекет ішінде тілдің біріктірушілік, басқарушылық, реттеушілік 
маңызы артады. Сөйтіп, әлеуметтік құбылыс ретіндегі тіл ірі 
қоғамдық һәм саяси құбылысқа айналады. Оны «мемлекеттік» немесе 
«ресми» тіл деп атап жүрміз. 
Қоғамдық және саяси тұрғыдан тіл - мемлекетішілік қатынас, 
басқару, әлеуметтік байланыстарды реттеуші, азаматтардың 
өзара түсінісу құралы болса, ұлттық тұрғыдан келгенде тіл - сол 
халықтың тарихы, дәстүрі, мәдениеті, білімі, танымы сақталатын 
ең басты қазынасы. Соған орай, тіл – мемлекет тұтастығының 
кепілі және халықтың төлтумалылығын сақтаушы әрі жетілдіруші 
негізгі рухани құбылыс болмақ. Қазақстандағы мемлекеттік тіл 
дегенде біз осы екі мәселені алға тартуға және ұғынуға тиіспіз. 
Бұл арада қазақ халқының саяси тәуелсіздік алып, өз алдына жеке 
ел болуы – оның тілінің де еркіндік алуымен, кедергісіз өрістеуімен 
тікелей сабақтасып жатуы қажет-ақ. Егемендікке жетуіміздің 
негізінде саяси, тарихи, себептерден бұрын «қазақ» деген ұлттың 
болмағы тұрса, онда халықтығымыздың қайнарында тіл тұрары 
және ақиқат. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қиын 
кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ 
тілі бүгінгі азат өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тегеурінді 
тетігі болуға тиіс» деп тілдің ұлтты сақтайтын және біріктіретін 


4
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
орасан қызметіне лайықты баға берді. Егемендік тұсында қазақ 
тілі ұлтты сақтаушылық сияқты табиғи әрі тарихи миссиясымен 
бірге ұлтымыздың саяси һәм қоғамдық құқықтарға ие болуының, 
рухани әлемін кеңейтуінің де кепілі қызметін толықтай орындауы 
шарт. Осы бағытта елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын 
кеңейтуге байланысты мақсатты шаралар атқарылуда. Олар арнайы 
мемлекеттік бағдарламада көрініс тапқан. 
Тіл ұлт, ел мәдениетінің бөлігі ғана емес, сол халықтың, 
мемлекеттің барша мәдениетінің қуаты. Сол мәдениеттің баяны 
да, безбені де. Қандай мәдениет болмасын қатынас құралы ретінде 
де, ұлттың барша болмысы көрінген келбеті ретінде де тіл арқылы 
жасалған, тілі арқылы да өмір сүреді, сол арқылы ұрпақтан ұрпаққа, 
заманнан заманға жетіп ұлттық тұтастықты сақтайды. 
Мәдениет ұлт өмір сүруінің ғасырлар бойы жинақталған амалдары 
мен тәсілдерінің мейлінше сұрыпталған тәжірибесінің ең жарқын 
қазынасы. Сондықтан ол халықтың табиғи ортамен, өз ішіндегі, 
сыртқы байланыстарының түйінделген, мейлінше жүйеленген 
ойларының, аңсарларының, көзқарастарының қымбат құндылығы, 
бағалы қазынасы. Ендеше, Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тілі – қазақ тілі жалпы қазақстандық мәдениеттің де негізі болмағы 
қажет. Осы орайдан келгенде, тіл біздің еліміздің мәдени болмысын 
қалыптастырушы басты құрал, сонымен қатар сол мәдениеттің де 
негізгі мазмұнын құрамақ. Мәдениет ұлттың болмысы ғана емес, сол 
ұлттың сан ұрпағы жасаған, жетілдірілген, тұтынған сол халықты 
сақтаған және сақтай беретін ұлы қорғаны. Бүгінгі күнге дейін 
дербес халық болып жету, дінін, тілін сақтап қалу, өмірдің барлық 
саласын қамтыған, ешкімге ұқсамайтын, қайталанбас мәдениет 
қалыптастыру, сол мәдениет аясында әрі қолданбалы, әрі рухани 
бай қазына арқылы ортамен ымырашылдықта өмір сүру, осы алып 
территорияны иемденіп, оны ерлік пен бірліктің арқасында сақтап 
қалу, намысы мен абыройы үшін күресе білу, енді бүгін тәуелсіз 
мемлекет құрып әлемдік қауымдастыққа еніп жатса, соның бәрі 
ұлттың үлкен әлеуетінде. Осындай қуатты әлеуеті бар қазақ елінде 
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде, қазақстандықтардың ортақ 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау