«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет28/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
63
«Тіл және қоғам» №4 (42)/ 2015
Т
іл үйретудегі қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстанған 
әдіскерлер Е.И.Пассов, А.А.Леонтьев, В.Г.Костомаров, А.Н.Щукин, 
М.Н.Вятютнев, Г.В.Рогова, Г.А.Китайгородская, И.Зимняя, В.А.Скалкин, 
Б.А.Лапидус,  Н.И.Гез,  Э.П.Шубин,  И.Л.Бим  т.б.  бұл  әдістің  соңғы 
мақсатты  нәтиже  –  қатысымдық  құзыреттілікке  жетуде  ғылыми-
теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  ең  тиімді  екендігін  дәлелдеді. 
Шет тілді меңгертудегі негізгі әрекет - қарым-қатынас үдерісі, сөйлеу 
қатынасы  екендігі  белгілі.  Сондықтан  қазақ  тілін  үйретуде  дүние 
жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген 
қатысымдық бағдарды ұстану - бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің 
бірі.
Қатысымдық  бағдарлы  оқытуда  қолданылатын  «қатысымдық  әдіс 
дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы 
жүзеге  асатын;  белгілі  бір  тілде  сөйлеу  мәнерін  қалыптастыратын, 
тілдік  қатынас  пен  әдістемелік  категорияларына  тән  басты  белгілер 
мен  қағидалардың  жүйесінен  тұратын;  тіл  үйретудің  тиімді  жолдарын 
Коммуникативтік бағдарлы 
оқытуда тіл үйренушінің 
оқу-танымдық уәждемесін 
арттырудың маңызы
Шынар ҚҰРМАНБАЕВА
С.Аманжолов ат. ШҚМУ профессоры, 
педагогика ғылымдарының докторы


ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
64
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын 
әдістің  түрі»  [1,  127  б.].  «Қатысымдық  бағдарлы  оқыту  алғашқыда 
тілді  жеделдете  оқытудың  негізгі  әдісі  ретінде  қалыптасты.  Ол  дайын 
сөйлемдерді  жаттатқызу,  тілдік  материалды  саналы  түрде  меңгермей, 
көбінесе  ойланбастан  қайталауға  негізделгенмен,  бірте-бірте  оқыту 
мазмұны, әдіс-тәсілдері өзгеріп, толығып отырды» [2, 13 б.].
Тілді  қарым-қатынас  арқылы  оқыту  сөйлеуге  бағыттап 
оқытудың  тәжірибелік  бағдарын  айқындайды.  Сабақта  тіл 
жайында  айтпау  керек,  сол  тілдің  өзін  қолданысқа  түсіру  қажет. 
Яғни,  алдымен  грамматиканы  оқытып,  содан  сөйлеуге  көшу  -  ең 
үлкен  адасушылықтың  белгісі.  Ал  біздің  қазіргі  дәстүрлі  білім 
беру  саласында  осы  қателік  жіберілуде.  Шет  тілде  сөйлеуге  тек 
қана сөйлеу арқылы, тыңдауға тыңдай отырып, оқуға оқи отырып 
үйренуге  болады.  Бәрінен  бұрын  жаттығулар  шынайы  қарым-
қатынас тудыруға бағытталуы тиіс. Нағыз қарым-қатынас сипаттау, 
мазмұндау,  бір  жақты  монолог  түріндегі  айтылымда  емес,  топ 
мүшелері  түгелдей  қатысқан  интерактивті  полилогқа  құрылған 
тілдесім кезінде жүзеге асады. 
Сөйлесім  әрекетінің  лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық 
жағы болады. Бұл үшеуі сөйлеу үдерісінде өзара тығыз байланысты. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  -  сөзді  өзінің  қолданылу  формасынан 
бөлек  игеруге  болмайды,  сөздер  де,  сол  тәрізді  грамматикалық 
формалар да сөйлесім әрекеті үстінде меңгеріледі. Дәстүрлі аударма-
грамматикалық әдісте лингвистикалық негіз бірінші кезекке шығып, 
тіл  үйрету  тілді  жүйелі  және  құрылымдық  негізіне  сүйене  отырып 
оқыту  арқылы  жүзеге  асырылатын  болса,  қатысымдық  бағдарлы 
оқытуда  тіл  бірліктері  функционалды  негізде  белгілі  бір  сөйлеу 
мақсатында  қолданылуына  қарай  іріктеледі.  Яғни,  «үйренетін  тілдің 
лексикасын функционалдық тұрғыдан оқытуда ауызша және жазбаша 
коммуникация процесінде не қызмет етсе, соны және қалай қызмет 
етсе солай меңгеру жүзеге асады» [3, 3б.]. 
Қатысымдық  бағдарлы  оқытуда  қазақ  тілінде  тілдік  қатынасқа 
түсу  –  оқыту  үдерісінің  үзінді  бір  көрінісі  немесе  жай  оқу 
жоспарының әдістемелік кезеңі ғана емес, ол оқу - танымдық үдерісті 
құрастырудың  негізі,  алмаспайтын  идеясы  болуы  тиіс.  Себебі  қазақ 
тілін  қатысымдық  деңгейде  меңгерту  оқыту  барысында  үздіксіз 
қарым-қатынас  жасау  негізінде  ғана  жүзеге  асады.  Тіл  үйренушінің 
іскерлік,  белсенділік,  өзіндік  шығармашылығының  негізгі  факторы 
–  оның  мықты  оқу  уәждемесі,  өзіндік  терең  пайымдауы  мен 
дәлелі.  Оқытушы  ұйымдастыратын  сөйлесім  әрекетінің  түрлері  тіл 
үйренушінің  қатысымдық  қажеттілігіне  қарай  уәждеме  туғызуға 
бағытталуы тиіс. 
Тіл – рухани әлем, ал оны меңгеру оған толығымен бойлау арқылы 
жүзеге  асады.  Қазақ  халқының  бай  рухани  әлемін  қолмен  ұстау 
мүмкін  емес,  суреттеу,  мазмұндау  жеткіліксіз,  оны  ұғынып,  саналы 


ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
65
«Тіл және қоғам» №4 (42)/ 2015
сезіну  керек.  Яғни,  үйренетін  тілді  әркім  өзі  санасы  мен  жүрегінен 
өткізуі,  жеке  басына  қатысты  етуі  керек.  Құбылысты  жеке  басынан 
өткеру  -  сенімді  күшейтеді.  Тіл  үйренушінің  сабақ  кезінде  берілген 
тілдік  материалды  саналы  меңгеруі  оның  негізгі  мәнін,  мағынасын 
ұғуға  әсер  етеді,  жағдаятқа  сай  қолдана  білу  дағдысы  қалыптасады. 
Алғашқы  сабақтардан  бастап  тіл  үйренуші  жаңа  тілдік  ортаға  өз 
еркімен, саналы түрде кіре бастаса, оның өз мүмкіндігіне деген сенімі 
де арта бастайды.
Қазақ тілін үйренудiң қажеттiлiгiн, тиімділігін саналы түрде сезініп, 
тіл үйренуге бел байлап, шешім қабылдағантіл үйренушінің сенімінен 
шығатындай,  ойларындағы  күдіктерін  сейілтіп,  нақты  мақсат  болса, 
қысқа  мерзімде  де  нәтиже  шығару  мүмкін  екендігіне  көздерін 
жеткізетіндей  оқыту  үдерісін  жоғары  дидактикалық  талаптарға  сай 
деңгейде ұйымдастыра алатын әдістемелік жүйе құруды бүгінгі заман 
талап етеді. 
Мектеп,  жоғары  оқу  орны,  мекемелерде  тіл  үйрету  курстарында 
қазақ  тілін  үйретуде  өзара  сабақтасты  байланыс,  жүйелі  оқыту 
болмағандықтан, бір сатыда меңгерген білімдер мен дағдыларды келесі 
сатыларда  қайталау,  соған  байланысты  адам  ресурстары  мен  уақыт 
үнемсіздігі, таптаурындық факторлары тіл үйренушілерге кері ықпал 
етіп  келеді.Аударма-грамматикалық  бағыттағы  оқулықтармен  жыл 
сайын сол бір әліпби мен септіктерден аса алмай, ежіктеп отырған тіл 
үйренушіде алға қарай жылжу, жоғары деңгейлерге қарай ұмтылуға 
деген ниет те болмайды. 
Балалармен  салыстырғанда,  ересектердің  бойында  кез  келген 
құбылысқа,  жаңалыққа  сенімсіздік  білдіру,  күдік  тудыру  қабілеті 
жоғары дамыған. Ол мұғалімге сенбеу, әдіске сенбеу, өз күшіне сенбеу, 
нәтижеге сенбеу түрінде көрініс табады. Психологтардың айтуынша, 
дәстүрлі  сабақтарда  тілді  меңгере  алмаймын  деген  қорқыныш,  үрей 
сезімдерінен  топ  мүшелерінің  20  пайызына  жуығы  курстың  соңына 
дейін арыла алмайды. 
Ал коммуникативтік бағдарлы оқыту кезіндегі жағымды эмоциялық 
атмосфера, өзара ізгілікті қарым-қатынас, интерактивті әдіс түрлері, 
ақпараттық-коммуникациялық технология осы сенімсіздікті болдыр- 
мауға көп әсерін тигізеді. 
Адамның өзiнiң тiл үйренуге деген жоғары уәждемесі мен саналы 
шешiмi болмаса, керемет оқулық та, асқан бiлiктi оқытушы ешқандай 
нәтижеге  жеткiзе  алмайтыны  белгілі.  Бұл  жағдай,  бiрiншiден,  тiл 
үйренудiң  себебiн,  қажетiн  саналы  түрде  түсiнумен  байланысты 
болса,  екiншiден,  тiлдi  үйренудiң  нәтижесiне  байланысты.  Басқаша 
айтқанда,  адамға  тiлдi  үйренудiң  қажеттiлiгiн  түсiну  аз,  оның  тiлдi 
үйренуiне  сенiм  туғызу  керек.  Ол  сенiм  қазақ  тiлiн  оқу  кезiнде  күн 
сайын  өсiп,  дамып,  нығайып  отыруы  керек.  Тiл  үйренушiде  ондай 
сенiм тууы үшiн ол тiлдi үйренуінің нәтижесiн көрiп отыруы қажет. 
Күн  өткен  сайын  сөздiк  қоры  молайып,  оларды  еркiн  қолданып, 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау