ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
68
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
халықаралық стандартынан) // Қазақ тілі: әдістеме. Республикалық
ғылыми-әдістемелік журнал. – №2-2005(2). – 10-13-б.
3. Коростелев В.С. Основы функционального обучения иноязыч-
ной лексике. – Воронеж: Изд-во Воронежского университета, 1990.
– 157 с.
4. Рожкова Г.И. К лингвистическим основам методики преподавания
русского языка иностранным. – М.: Русский язык, 1977. – 246 с.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология. –Москва: Просвещение, 1973.
–239 с.
6. Ильин Е.Н. Тіл табыса білу өнері // Педагогикалық ізденіс. – А.:
Рауан, 1990. – 237-287-б.
ОНОМАСТИКА
69
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
К
ез келген халықтың ономастикалық атаулар жүйесі – оның
этникалық сәйкесімділігін (идентичность) нақты объективті
түрде айқындайтын негізгі тілдік маркерлердің бірі санатындағы
дүние. Ұлттың өзін-өзі сәйкестендіруіндегі объективті факторға
этнографтар ортақ биологиялық, антропологиялық белгілермен қатар
территориялық-географиялық (мемлекеттік) факторды жатқызады.
Бұл факторлар қатарына қазақ халқының ұлттық «өздігін», ұлттық
санасын растайтын тілдік фактор, оның ішінде, сол халық ерте
кезден мекендеген тарихи территорияны және қазіргі кезеңдегі
халқымыздың географиялық-этнологиялық кеңістігінде орналасқан
географиялық атауларды, ең алдымен мемлекетіміздің атын –
Қазақстан Республикасының атауын жатқызамыз.
Философ И.Канттың түсінігіне сай – кез келген ұлт өзін және өз
болмысын нақты географиялық шекаралары бар хронологиялық
тұрғыдан өзінің үздіксіз тіршілік етіп келе жатқан географиялық
кеңістікпен сәйкестендіреді.
Ата-бабаларымыздың қаһармандық пен азаттық үшін күреске
толы жолында өткен тарихын айта келе Елбасы Н.Назарбаев: «...
Қазақтар – ұлы өркениет ұрпағы ретінде ұлттық «өздігін» барша
тарихи өткелдер мен қасіреттерден алып шыққан халық. Алып шығып
қана қоймай, оны сақтап, көбейте білген халық» [1, 23 б.].
Қазақ жер-су атаулар
жүйесіндегі ортағасырлық
кірме атаулар
Қыздархан РЫСБЕРГЕН
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты Ономастика бөлімінің
меңгерушісі, филология
ғылымдарының докторы
ОНОМАСТИКА
70
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазақ халқының, өзге көшпелі халықтар сияқты, этникалық
бірегейлігі мен сәйкестігі дәстүрлі тарихи-әлеуметтік құрылымдарында
көрініс табады. Тарихи тұрғыдан бұндай сәйкестендірудің негізінде
әрбір көшпелі қауым өкілінің (индивид) өзін алдымен нақты бір
ру, тайпа мүшесі ретінде тануы және туу фактісінің өзін нақты бір
территориямен байланыстыруы жатыр. Қазақ үшін «туған жер»,
«Отан» ұғымдары «атамекен» (синонимдік қатары атақоныс, атажұрт)
концептісі арқылы вербалданады.
Қазіргі лингвомәдениеттануда кеңінен қолданылып жүрген
ғаламның
ұлттық бейнесі, этностың ғалам бейнесі терминдік тіркестердің
мазмұны ұлт пен этнос дефинициялары арқылы айқындалады: «...если
исходить из историко – социальных классификаций этносоциальных
общностей: племя, народность, нация, то становится очевидным, что
«национальная призма» формируется не в период этнокультурной и
политической оформленности и дальнейшего развития нации (высшей
стадии эволюции этноса), а значительно раньше» [2, с. 43]. Сондықтан,
біздің түсінігімізде, «ғаламның ұлттық бейнесі» «этностық ғалам
бейнесі» «этникалық ғалам бейнесінен» анағұрлым ауқымдырақ,
өйткені ұлттық ғалам бейнесі осы ұлттың қалыптасу кезеңдерінің
барлығын қамтиды, ал қалған екі терминдік тіркесім білдіретін ұғым
бүкіл ұлтқа дейінгі кезеңді қамтиды.
Этностың ғалам бейнесін негізгі үш бағытта қарастыруға болады:
онтологиялық, гносеологиялық және аксиологиялық. «Онтологи-
ческий уровень картины мира этноса соотносится с пониманием
мира как сущего целого. Для этноса же мир очерчен границами
этногеографического, территориального пространства, в котором
веками сложившиеся определенный ландшафт и природа имеют
первостепенное значение. В связи с этим среда обитания тер-
риториально – географического пространства определяет важней-
шие параметры картины мира этноса» [2, с. 44].
Түркі халықтарының ғалам бейнесі, кейбір африкалық тайпалар мен
Гималайдың таулы аймақтарындағы өркениеттен күні кешеге дейін
оқшауланып эндогенді сипатта өмір сүріп келе жатқан тайпалардан
өзге, жер бетіндегі бар халықтардың ғалам бейнесі сияқты, мыңдаған
жылдар бойына экзогенді сипатқа ие. Яғни мыңдаған жылдар бойы
оқшауланбай, еуразиялық, одан тыс жерлердегі этнос пен халықтармен
тығыз байланыста, қарым-қатынаста дамыды. Түркі, оның ішінде
қазақ халқы этногенезінің қалыптасуына неолит дәуірінен бері ғұн,
сақ, массагет, моңғол тектес т.б. көптеген этнокомпоненттер қатысты
деуге болады. Қазақ халқы мәдениетінің экзогенді сипаты ұзақ уақыт
бойы қапталдас жатқан территория – Қытай, Ресей, Иран, Шығыстық
Араб елдері мәдениетімен тығыз байланыста дамығандығы белгілі.
Әрине, өз кезегінде бұл факторлар қазақ халқының қайталанбас,
өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие ұлттық топонимдік ғалам бейнесінің
қалыптасуына да әсерін тигізді.
ОНОМАСТИКА
71
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Топонимдік материал негізіндегі этнотілдік бірегейлікті біз көне
түркі топонимдік жүйесін қарастырудан бастап, хронологиялық
тұрғыдан ендігі жерде ортағасырлық Қазақстан территориясындағы
топонимдік жүйенің жалпы сипаты қандай болды деген мәселеге
тоқталамыз.
Тарих ғылымында орта ғасырдың өзін ерте орта ғасыр (раннее
средневековье) (жоғарыда қарастырылған Күлтегін, Түркі қағанаты
т.б. дәуірі), нақ орта ғасыр (собственно средневековье) және
кейінгі орта ғасыр (позднее средневековье) деп үш дәуірге бөліп
қарастыру қалыптасқан. Ал ежелгі қазақ жеріндегі (орта) ортағасыр
дәуірі автохтонды түркі ортаға араб-иран мәдениеті элементтері
мен ислам дінінің ежелгі түркі мәдениеті, тілі, ғылым-білім т.б.
салаларына бастырмалата енуімен ерекшеленеді. Алайда қазақ
топонимиясындағы аймақтық зерттеулерге арналған жұмыстарда
араб-иран
элементтерінің
жер-су
атауларындағы
ықпалы
Қазақстанның әр аймағында әртүрлі дәрежеде көрініс тапқандығын
көрсетеді. Араб халифатының әскери-саяси экспансиясы VІІІ-ІХ
ғасырлар аралығында әсіресе Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік -
шығыс аймақтарында үстем сипатта өтіп жатты. Оны біз сол кезеңдегі
жазба ескерткіштерде көрініс тапқан топонимдік атаулардан да
байқауымызға болады. Жер-су атаулары жүйесіндегі ұлттық сананың
көрінісін қарастыру эволюциялық тұрғыдан алғашқы этникалық
сана нышандары этнотайпалық деңгейде тілдік маркерлер мен ортақ
топонимдік модельдерде көне түркі заманынан өз жалғасын тауып
келе жатқандығын жоғарыда көрсеттік.
Түркі, қазақ ономастикасында тілдік-классификациялық тұрғыдан
араб-парсы немесе иран тектес топонимдерді кірме атаулар деп
топтастыру дәстүрі қалыптасқан. Бұл топонимдік кірме қабат қазіргі
Қазақстанның топонимдік кеңістігінде белсенді түрде тілге, қоғамға
қызмет етіп келе жатқан дағдылы «өз» атауымызға айналған тарихи
онимдік қабатты құрайды. Алайда бұл «тарихилықтың» өзі шартты
екендігін айтқан болатынбыз. Пайда болу жағынан олар «тарихи», ал
қызмет ету жағынан «заманауи» атаулар деуге болады.
Ислам ықпалына ертерек іліккен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-
шығыс аймақтарында өзге өңірлермен салыстырғанда араб, иран
(парсы) тектес атаулар мен оның элементтерінің қатысуымен жасалған
топонимдер шоғыры қоюырақ келеді
Орта ғасырдағы шашыраңқы түркі тайпалары мен түрлі
этнокомпоненттердің әрі қарай табиғи түрде ынтымақтасуына,
этнос, халық болып бірігуіне, этногенез процесіне кері ықпал етіп,
этникалық процестерді кешеуілдеткен осы бір күрделі тарихи кезеңде
топонимдік негізде этнобірегейлік деңгейін айқындау үшін сол кездегі
ғаламның топонимдік бейнесі қандай сипатта болды? Түркі негізді
географиялық атаулар жүйесінің орта ғасыр кезеңі қандай сипатта
дамыды? деген мәселеге тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |