ОНОМАСТИКА
72
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Ирантілді топонимдік элементтер. Байырғы қазақ жерінде ирантілді
тарихи топонимдер мен географиялық терминдік элементтердің
(әрі қарай –ГТ) болуы Соғды тарихи өлкесімен, соғдылықтардың
Сырдария сағасын жылыстай көшіп, сауда керуен жолдары арқылы
Жетісу өлкесіне тереңдей қоныстануымен және мәдени қарым-
қатынасқа түсуімен байланысты. Алайда ирантекті топонимдер мен
лексикалық бірліктердің түркі топонимдік жүйесіне одан ертерек
дәуірлерде ену мүмкіндігін де ескеру қажет. Мәселен, «Шахнамеде»
суреттелген оқиғалар кезінде, авесталық ирандықтар мен тұрандар
арасындағы қақтығыстар кезінде және одан кейінгі дәуірлерде де
енуі әбден мүмкін. Яғни Қазақстан жеріндегі парсытілді атаулар бір
нақты тарихи кезеңмен, дәуірлермен шектелмесе керек. Бұл жайында
белгілі түркітанушы К.Мұсаев әрбір тілдік қабатты мәңгіге бекітіліп
қалған қабат деп елестетпеу керек деп, В.А.Никоновтың мына
сөздеріне қатысты келтіреді: ...ираноязычные, топонимы возникали
на протяжении тысячелетий, их нельзя представлять единым пластом.
И тюркских прокатилось немало. Те и другие не раз перемежались»
[3, с. 191].
Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында ерте
орта ғасыр мен орта ғасырларда құрамында «мекен, тұрақ», «ауыл,
елді мекен» ортақ мағынадағы
-кат, -кет, -кент, -канд, -дех, -диз- ГТ-дер
мен ойконимдік атаулар көптеп кездескен.
Жазба ескерткіштерде, тарихи құжаттарда кездесетін қазақ жеріне
және шекаралас тарихи оазистерге қатысты кейбір иран-парсытектес
жер-су атауларын келтірсек, олар: а) құрамында соғды тілді кат//кет
ГТ ерекшеленіп тұрған:
Будухкет, Новакет, Арсубаникет, Субаникет,
Хамукат сынды атаулар;
б) құрамында
кент ГТ бар Шымкент, Янгикент, Манкент, Сүткент;
ә) кат/кет, кант// кент терминдерімен мағына жағынан синонимдес
дех- термині
Дехинау атауы құрамында кездеседі. Зерттеушілердің
пайымдауынша, пайда болу уақытына байланысты кант-кент
терминдері 10 ғ. дейінгі кезеңге жатады, ал осы жұптағы
-кат формасы
көнерек болып есептеледі.[4, 31 б.].
ХIV-ХVI ғғ. автохтондық тұрғындар тілдерінде түркілену тен-
денциясы күшейе түсуі топонимдік жүйеге де әсер етті. Сөйтіп
олардың көбі түркі//иран нұсқасында қатар (параллель) қолданылған
немесе толығымен және жартылай калькаланған;
Янгиқала, Янгикент,
Новакет, Дехинау. Мәселен, қазіргі ұлттық топонимдік кеңістіктерде
кент компонентімен келетін атауларды көптеп кездестіруге болады:
Шымкент, Жаркент, Манкент, Сүткент, Құмкент атаулары, ал
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі
Қандөз жер атындағы қанд+өз
компоненттерін
«өз//уз тайпасының мекені, тұрағы» деуге болады.
Этимологиясы күңгірт
Қандөз атауын ортағасырлық Кенди Бадам
сынды ирантиптес топонимдік модель негізінде жасалуы мүмкін деген
жорамал айтуға болады. Өйткені түркі топонимдерінде
кент, кант,
ОНОМАСТИКА
73
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
терминдері постлаутта келіп, өзгеріп шыға келетін еді («өз тайпасының
мекен, тұрағы») [5, 32 б.]. Осы келтірілген жайттарға байланысты
аталмыш екі нұсқадағы атаудың ортақ мағынасы болуы әбден мүмкін:
«оғ/уз/гуз тайпасының мекен, тұрағы».
Еліміздің топонимдік жүйесінде, сонымен қатар, ертеректе
түркітілдес жұрттың тіліне еніп кеткендігі соншалықты, академик
В.Бартольдтың пікірінше, суармалы егін шаруашылығына қатысты
кәріз, жүйек т.б. сынды соғдылық лексемалар өзге тілден енгендігі
білінбей, төлтума сөздер ретінде қабылданып, қалыптасып кеткен
топонимдер мен ГТ кездеседі. В. Бартольд Абу Абдаллах Хорезмге
сүйене отырып, Саманидтер дәуірі (Х ғ.) суармалы егіншілік
терминологиясына жататын қазақ тіліндегі «арық», «жүйек» сөзімен
бара бар парсытілді
джуй, джуйбар «канал», «проток» мағынасында
қолданылатын сөздерді атайды [4, 93 б.].
Түркістан өңірінде
Жүйнек//Жөйнек топонимі кездеседі,
жергілікті өзбек диаспорасының тілінде
Иөйнак. Бұл жер – түркіден
шыққан философ, ақын Ахмед Йгүнекидің отаны. Жергілікті
диалектідегі
жүйек (парсы тілді жүй + ек қазақ тілі аффиксінің
бірігуі арқылы жасалған
) термині «геометриялық ретпен орналасқан
өте ұзын, бірақ терең емес арықтар, суару арналары» мақта, жүгері
және бақша өнімдерін суаратын шаруашылықтарда қолданылады.
Яғни генетикалық тұрғыдан
Жөйнек//Йгүнеки// Иөйнак және қазақ
тіліндегі
жүйе//жүйек парсы тіліндегі джуй лексемасымен жақын
деуге болады.
Жоғарыда аталған топонимдер мен ГТ өзге топонимдік жүйемізде
кездесетін басқа да тарихи географиялық атауларды келтіруге
болады, мысалы, ортағасырлық жазба деректерде жиі кездесетін
Шауғар (Шавгар) таудың атауы - қазақ (түркі) тіліндегі туралай
калькасы
Қаратау, ал әдебиеттердегі алғашқы парсытұлғалы Пуроб
тарихи атауының араб тілі ықпалымен соңырақ
Фараб - қа «суы мол
өзен» айналуын айтуға болады, екеуінің мағынасы – «суы мол өзен».
Сырдария өзені атауындағы түркітілді Сыр компоненті мен иран тілді
дария «өзен», «теңіз» терминдерінен жасалған композита атау деуге
болады.
Ирантілді
Дарбаза, Дарбұт, Шардара т.б. сынды топонимдер
құрамындағы дар//дара компоненттерін тәжік тіліндегі
дар, парсы
тіліндегі
дер «есік», «кіре беріс», «тау асуы», ал ауған тіліндегі
дара термині «шатқал» дегенді білдіреді екен» [6, 171 б.]. Мәселен,
А.Әбдірахмановтың пайымдауынша,
Шардара атауындағы шар «төрт»
+
дара «каньон, шатқал» дегенге саяды [7, 192 б.].
Көкмардан, Күйікмардан сынды қазақ тіліндегі археонимдері
(тарихи көне қала мәдениеті орнындағы үйінді төбе атаулары)
құрамындағы
мардан лексемасының мар компоненті мордва тілінде
«куча», «бугор» немесе Жайық өзенінің ресейлік Поволжьесінде
«холм», «одинокая горка», «бугор», «курган» дегенді білдіреді [8, 361
Достарыңызбен бөлісу: |