Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

 

он  екі  Бельгия  сыйғызуға  болады.  Қазақ  халқы  бостандық  үшін,  азаттық 
үшін  күресіп,  өз  алдына  дербес  тәуелсіз  мемлекет  болды.  Ол  ешқашан 
ешкімге мойынсұнбады.  
 
9-тапсырма. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толтырыңыз .      
      1.Отан адамның... 2. Қазақ елінде тұратындардың...- Қазақстан.3. Қазақ 
халқы ... үшін күресті. 4. Дүние жүзі Қазақстанды ...деп таныды. 
 
№2 Оқылым. Мәтінді тыңдаңыз, оқыңыз. 
Жер байлығы 
        Тәуелсіз  Қазақстан  өзінің  жер  байлығымен,  тамаша  табиғатымен,  аса 
сұлу өңірлерімен ерекше. 
      Қазақстанның жер қойнауында 90-нан астам пайдалы қазбалардың түрі 
бар. Оның ең басты байлығы- түсті және қара металдар. Бүгінде ол өзінің 
аймағында  өндірілетін  алтын,  мыс,  мырыш,  жез,  темір,  уран,  қорғасын, 
қалайы,  никель,  вольфрам  сияқты  қазба  байлықтарымен  дүние  жүзіне 
танылған.  Сондай-ақ  республикамызда тас  көмір  мен  қоңыр  көмір,  мұнай 
мен газ, фосфориттер, ас тұзы мен асбест көп. 
      Еліміздің  батыс  аймағын  Каспий  теңізі  алып  жатыр.  Ол-  мұнайға  аса 
бай  өңір.  Солтүстік  Қазақстан  аймағында  ауыл  шаруашылығы  мен  мал 
шаруашылығы  жақсы  дамыған.  Ол-  астықты  өлке.  Орталық  Қазақстанда 
көмір,  жез,  мыс,  ал  Шығыс  Қазақстанда  түрлі-түсті  металл  өндіреді. 
Еліміздің оңтүстігінде күріш, мақта, түрлі жеміс-жидектер өседі. 
    Атырау- ең көне қалалардың бірі. Каспий теңізі мен Жайық өзені- бекіре 
мен қызыл балыққа бай. Қызылорда өзінің «Ақ маржан» күрішімен әлемге 
әйгілі. Өскемен - ірі өнеркәсіп орталығы, онда қорғасын, мырыш, магний-
титан,  су  электр  станциясы  бар.  Ал  Павлодарда  қалайы,  Шымкентте 
қорғасын зауыты жұмыс істеп жатыр. 
 
Сөйлесеміз 
Мәтін бойынша ой алмасу 
Оқылым бойынша тапсырмалар: 
1.  Мәтіннен жай және  құрмалас сөйлемдерді ажыратып, көшіріп 
жазыңыз. 
2.  Каспий теңізінде бекіре балығы неге азайып бара жатыр? 
3.  «Жері байдың-елі бай» деген мақалды қалай түсінесіз? 
 
Жазылым. 
    1- тапсырма.Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді теріп жазып, 
берілген кестені толтырыңыз. 
 


 

Өңірлер,аймақтар 
өнімдер 
Атырау 
Мұнай 
 
2-тапсырма.Жіктеу және сілтеу есімдіктеріне жатыс септігінің 
жалғауын жалғаңыз. 
 
Жіктеу есімдігі             сілтеу есімдігі 
Мен-                                бұл- 
Сен-                                 мына- 
Сіз-                                   сол- 
Ол-                                    осы 
 
3- тапсырма. Берілген үлгі бойынша құрмалас сөйлем құраңыз.  
 
  Үлгі: Ауыл шаруашылығы       өнімдері көп өндіріледі, өйткені елді азық-
түлікпен қамтамасыз ету керек. 
 
     Өйткені, сол себепті, сондықтан. 
 
4-тапсырма. «Жері байдың- елі бай» тақырыбына шағын әңгіме 
құрып жазыңыз. 
 
Тыңдаймыз.Сөйлейміз.                                
Сұхбатты тыңдаңыз. 
Медет пен Андрей не туралы әңгіместі? 
Медет: - Сәлем, Андрей. Сен кеше не істедің? 
Андрей:  Сәлем,  Медет.  Мен  кешкі  сағат  8-дн  «Қазақстан»  телеарнасынан 
ауыл шаруашылығы министрінің баяндамасын тыңдадым. 
Медет: - Мен де тыңдадым, бірақ «Хабар»арнасынан көрдім.  
Андрей:-  Биылғы  жылы  жалпы  егістік  көлемі  21,2  миллион  гектарды 
құрапты.  Оның  16,3  миллион  гектарын  астық  дақылдары,  соның  ішінде 
14,1 миллион гектарын бидай егістіктері алып жатқандығын айтты. 
Медет:-  Иә,  агроөнеркәсіп  секторын  қаржылық  қамтамасыз  етуде  барлық 
шаралар қабылданған екен. 
Андрей:  -  Биыл  177  миллиард  теңге  қаржы  бөлініпті.  Оның  ішінде  94 
миллиард  теңге  көктемгі  дала  жұмыстарына  және  орақ  науқанына 
жұмсалған. 
Медет: - Биыл еліміз көп астық жинайды. Ауа райы да қолайлы болып тұр. 
Бидай көп болады. «Жері байдың-елі бай» деген осы ғой.  
 


 
10 
Сөйлесім.  
1.  Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. 
2.  Сұхбатты монолог түрінде айтыңыз. 
 
Жазылым. 
5-тапсырма.Есімшенің жұрнақтарын анықтаңыз. 
Сөз тіркестерін құрастырып жазыңыз. 
      Үлгі: жырт-атын жер 
      Өсіретін-------------------,     өндіретін--------------------- 
      Өңдейтін-------------------,   дамитын--------------------- 
Жинайтын----------------,    себетін----------------------- 
Қамтамасыз ететін----,      бағалайтын------------------ 
Тігетін-------------------,      жөндейтін------------------- 
Өсетін -------------------,     аулайтын--------------------- 
 
6-тапсырма. 
Бастауыштан кейін сызықша қойыңыз. 
1. Қостанай еліміздің ең астықты өлкесі. 
2. Қарағанды көмірге, жезге, мысқа, түрлі-түсті металға бай аймақ. 
3. Шымкент мақтаға бай жер. 
4. «Бір уыс мақта» өте қызықты әңгіме. 
 
7-тапсырма
       Етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойып, сөйлем құраңыз. 
Жинау- 
Себу- 
Жер жырту- 
Қамтамасыз ету- 
Даму- 
Өңдеу- 
Бағалау- 
Өндіру- 
 
      Тыңдаймыз. Сөйлейміз. 
      8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. 
      Сұхбатты жалғастырыңыз.  
-  Ата, Астанаға қашан барамыз?  
-  Сенің демалысың болсын! Сол кезде барармыз... 
-  Ата, Астана қандай қала? 
-  Астана - Қазақстанның бас қаласы. Сарыарқа төріне салынған бар 
қазақтың мақтанышы! Елбасының ерлігі, балам,соны ұмытпа! 
-  Ерлік дейсіз бе... 
-  .....      


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау