Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37

 
20 
 
4-тақырып. Іскер адам.  
 
Ойтүрткі                 
Іскер адам қандай болады?           
Сізге «Іскер басшының  келбеті» - дегенде қандай ой келеді? 
       
Жаңа сөздермен танысып, аударыңыз. 
                Іскер адам -  ...............................................     
                әрбір минут қымбат - ...................................... 
                іскер басшы  - ...............................................     
                дұрыс жоспарлау -  ....................................... 
        дұрыс пайдалану - .......................................  
        өз кәсібін -    .................................................. 
        ұтымды пайдалану - ......................................  
        еңбек қарым-қатынасы - .............................. 
        басшы адамның қоғамдағы ролі -................ 
        айырықша мән -  ........................................ 
        ұжым - ...................................................... 
        білікті -  ........................................................ 
        кәсіби біліктілігі -  .......................................... 
        ұйымдастыру қабілеті - ...............................  
        басшы - ........................................................... 
        жантанушы - ................................................   
        ұйымдастырушы - ......................................... 
        таңдай қағу (таң қалу) - ................................  
        келбет - .............................................. 
        бедел - ................................................        
        сезімтал - ........................................... 


 
21 
 
    №1 Оқылым. Мәтінді оқыңыз. 
  
Іскер адам 
        Іскер  адам  өзінің  сырт  көрінісімен:  қимыл-қозғалысы,  жүріс-тұрысы, 
киім  киісі,  дауыс  ырғағы,  шешендігі,  бірнеше  тілді  білетіндігі, 
адамгершілігі,  байсалдылығы,  батылдығы,  бейімделгіштігі,  еркіндігі, 
заманауи  техниканы  меңгергендігі,  сонымен  қатар  тәртіпті  және  жоспар 
құра білетіндігімен ерекшеленеді. 
       Іскер  адамның  қимыл-қозғалысы,  жүріс-тұрысы  сенімді,  салмақты 
болады.  Сасқалақтап,  бір  отырып,  бір  тұрып  жүгіріп  жүрген  жан  біреуге 
ұнай қоюы екіталай. 
Дресс код - іскер адамдардың басты белгілерінің бірі. Сондықтан көптеген 
белгілі фирмалар қызметкерлерінің дресс код сақтағанын талап етеді. Іскер 
костюмнің  жүн,  мақта  сияқты  бір  тегіс  табиғи  матадан  тігілгені  дұрыс. 
Әйел  адамдардың  табиғи  жібектен  тігілген  блуза,  көйлек  киюлеріне 
басшылары  көбінесе  қарсы  бола  бермейді.  Ал  зығыр  мата  қыртыстанып 
қала береді. 
         Соңғы сәндегі әшекей бұйымдардың барлығы бірдей, әсіресе жылтыр, 
көлемділері  дресс  кодқа  келе  бермейді.  Тіпті  екінің  бірінің  қолы  жете 
бермейтін  гауһарды  да  тек  кешкі  шараларға  тағу  қажет  деп  есептеледі. 
Іскер костюммен үйлесетіндер: інжу, янтарь тасынан жасалған әшекейлер, 
алтын, күміс, сондай-ақ қол сағаты. 
          Іскер  адам  дауыс  ырғағына,  шешен  сөйлей  білуге  мән  беру  керек. 
Көбіне құлаққа жағымды қоңыр даусы бар, байыппен сөйлейтін жан өзіне 
еріксіз  назар  аудартады.  Кәсіби  терминдер,  қанатты  сөздер  мен  мақал-
мәтелдерді қойын дәптерге жазып жүрген дұрыс. 
         Іскер  адам  шетелдіктермен  де  жиі  қарым-қатынас  жасайтындықтан 
бірнеше  тіл  білсе,  өзі  де  қиналмайды,  жалақысы  да  соған  сәйкес  болады. 
Адамгершілік,  байсалдылық,  батылдық,  бейімделгіштік,  еркіндік, 
тәртіптілік – іскер адамға қажет жақсы қасиеттер. Егер аталмыш қасиеттер 
адам бойында болмаса, ерте ме, кеш пе, басшылар да, әріптес компаниялар 
да сырыңызға қанық болады. Күнде өзгеріп жатқан заманауи технологияны 
дер кезінде меңгеріп отыру қажет. 
        Іскер  адамның  күн  тәртібі  белгілі  бір  жоспарға  бағынады.  Бұл 
жоспарда  барлығы:  іскерлік  кездесулер,  тамақ  ішу,  жолға  кететін  уақыт, 
т.б. түгел көрсетіледі. 
Соңғы  кеңес  –  іскери  адам өз білімін: кәсіби  және  рухани  жағынан үнемі 
көтеріп отырғаны жөн. Ал өз елін, жерін сүйген патриот болуды әрбір жан 
кеңессіз де білетін шығар деген ойдамыз.
  
 
 
 
 


 
22 
    
Жазылым
 
    1-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
     -Сіздің ойыңызша, іскер адам қандай болу керек? 
     - ..................................................................................... . 
     -Біздің қоғамымызда әйел адамның ролі қандай? 

...............................................................................................  .
 
-Іскер адам болуға кімдер ұмтылады? 
-  ...................................................................................................  . 
-Сіз іскер адам болсаңыз, қандай болар едіңіз? 
-  ..................................................................................................  . 
-Іскер адам болу барлық адамның қолынан келе ме? 
-  .....................................................................................................  . 
-Іскер адам болу үшін белгілі бір салада жұмыс істеу керек пе? 
-  ...............................................................................................................  . 
-Іскер адамның келбеті дегенді қалай түсінесіз? 
-  ...............................................................................................................    
-Сұхбатыңызға рақмет! Сәттілік тілеймін! 
 
  № 2 Оқылым 
 
 Берілген мәтінді жоғарыда берілген мәтінмен салыстыра әңгімелеңіз. 
 
    Қазіргі  заманның  іскер  адамы  болу  үшін  әрбір  минут  қымбат.  Жұмыс 
күнін  дұрыс  жоспарлай  білген  адамның  ісі  алға  басып,  табысы  көбейеді, 
бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. Өз  жұмысын жақсы 
көретін және  қоғамға пайда келтіретін адам уақытты ұтымды пайдалануға 
тырысады. 
       Қазіргі  кездегі  қызметте  әйел  адамның  қоғамдық  роліне  үлкен  көңіл 
бөлініп  отыр.  Тек  қана  әйелдер  жұмыс  істейтін  ұжымдар  да,  іскер  әйел 
басқаратын  мекемелер,  фирмалар,  мемлекеттік  органдар  да  бар.  Білімі, 
іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті жағынан  ер адамдармен 
бірдей көрінетін әйелдер аз емес.  
      Басшы  әйел  ең  алдымен  жантанушы,  содан  кейін  ұйымдастырушы 
болуға  тиіс.  Өз  қарамағындағы  адамдардың  мінезін,  іскерлік  қабілетін, 
көңіл-күйін  бірден     байқайтын басшы  әйел  адамдармен  тіл  табысып,  істі 
алға жүргізе алады. 
       Әйел  адамның  басшылық  беделін  көтеретін  –  оның  кәсіби  біліктілігі. 
Дегенмен,  кәсіби  біліктілігі,  білімі,  іскерлігі  жоғары  болып,  оған  сырт 
келбеті,  жүріс-тұрысы,  мәдениеті,  киімі  келіспесе,  онда    әйел  басшының 
қарамағындағы адамдардың  сеніміне кіруі  қиын болады. 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау