Ювеналды әділет қазақстанда қонырбаева Д. Т., Жақаева Г.Қ



жүктеу 167,24 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі167,24 Kb.
#24299


УДК  343.8

ЮВЕНАЛДЫ ӘДІЛЕТ ҚАЗАҚСТАНДА

Қонырбаева Д.Т.,  Жақаева Г.Қ.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Рим  құкығында,  орта  ғасырлық  құқыктык  актілерде,  әсіресе,  XVIII- 

XIX  ғ.ғ. 

Еуропа  елдерінің  заңнамаларында  кәмелетке  толмағандар  құқығын  қорғау  туралы 

алғашқы адымдар жасалған болатын.

Ортағасырлық Еуропада  балалар  құқығын  корғау туралы  мәселе  ешқандай  пікір- 

таласқа  түспеген.  Ересектерге  қандай  жаза  қолданылса,  балаларға  да  сондай  жаза 

тағайындалған.  Тәжірибеге  жүгінсек,  қылмыстық  жазалаудың  барлық  түрлері 

қолданылған.  Тек  кейбір  мемлекеттерде  ғана  балаларды  элеуметтік  қорғау  мэселесіне 

көңіл бөлінген.

Еуропа  мемлекеттерінің  ішінде  Италия  шіркеуі  алғанщы  болып  жасөспірім 

кұқыкбұзушылар  үшін  арнайы  пенитенциарлы  мекеме  ашуға  бастамашы  болды.  XI 

ғасырда  Папа  Клемент  Римде  Сен-Мишель  атты  түзету  үйін  ашып,  оған 

орналастырылатын жасөспірімдердің контингентін өз жарлығында көрсеткен болатын.

XIX  ғасырдың  басында,  тіпті  ортасында  да,  көптеген  мемлекеттердің  заңында 

кәмелетке  толмағандарды  арнайы  құқықтық  қорғау  мэселесі  болмады.  Сол  кездегі 

көптеген  зандар  ересектер  мен  жасөспірімдер  арасын  ажыратпай  сот  алдына 

келгендерге  бірдей  жаза  колданды.  Тек  XIX 

ғасырдың  ортасында  ғана  кейбір 

мемлекеттерде  балалар  мен  жасөспірімдер  кұкығын  қорғайтын  заңдар  пайда  бола 

бастады. 

1824  жыжы  Нью-Йоркте  түрмедегі  балалар  мен  ересектерді  бөлек  ұстау 

туралы  алғашқы  реформаторий  кұрылды.  1831  жылы  Иллинойс  штатының  заңы 

қылмыстын  кейбір  түрлері  үшін  кәмелетке  толмағандарға  қолданылатын  жаза 

ересектерге  қолданылатын  жазаларға  Караганда  ерекшеленуі  тиіс  деді.  1869  жылы 

Бостонда  кәмелетке  толмағандар  ісін  қарастыратын  арнайы  сот  отырыстары 

ұйымдастырылды.

Кәмелетке  толмағандар  ісі  жөніндегі  алғашқы  соттар  1890  жылы  Австралияда, 

1894 жылы Канадада жэне  1899 жылы АҚШ-та кұрылды.

Эрине,  сот  төрелігі 

тарихындағы  бұл  өзгеріс  кездейсоқтық  емес  еді.  Оны 

ювеналды әділет тарихы дайындаған болатын.  Балалар жэне жасөспірімдер арасындағы 

қылмыстылықпен  күресу  ойдағыдай  нәтиже  бермегендіктен,  кэмелетке  толмагандар 

үшін  арнайы  сот төрелігін  қүру  қажеттігі  туындады.  Бүкіл  әлемде  «Ювеналды  әділет» 

түсінігі  кэмелетке  толмағандарға  арналған  сот  просесі,  яғни  эділ  сот  төрелігі  деген 

мағынаны білдіреді.  Қазіргі таңда бұл түсінік ұзак эрі қызықты тарихқа ие болып отыр. 

Қазір  ювеналды  сот  жүйесі  көптнген  дамыған  мемлекеттерде  қолданылып,  өзіндік 

нэтижесін беріп келеді.

Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексі  жасөспірімдердің 

қылмысы  жөніндегі  істер  бойынша  өндіріске  бір  бөлім  бөлген.  Онда  көзделген 

нормалар қылмыстық процесті жүргізетін органдардың көлілін ерекше аудартады, яғни 

жасөспірімдердің  қылмысы  жөніндегі  істер  бойынша өндіріс  кэмелетке  толмағандарға 

арнайы  мэн-жайлар  бекітуді  қажет  етеді.  Сондай-ақ  кэмелетке  толмағандарға қатысты 

қылмыстық  іс  өндірістің  өзіне  тэн  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  қылмыс  жасады  деп 

айыпталган  немесе  күдіктелген  жасөспірім  сотка не тергеушіге  оның  ата-анасы,  занды 

өкілдері  арқылы,  ал  егер  олар  болмаса  қорганшылық  жэне  қамқаршылық  органдары

196



арқылы  шақыртылады.  Кәмелетке  толмағаннан  жауап  алған  кезде  мінджетті  түрде 

корғаушы  не занды  өкілі  қатысуы  тиіс,  қажет деп  тапса,  педагог,  психолог мамандары 

да қатыстырылады.

Қазіргі  таңда,  кәмелетке  толмағандардың  қүқықтыры  мен  заңды  мүдделерін 

қорғау 

Қазақстанның 



мемлекеттік 

әлеуметтік-құқықтық 

саясатының 

негізгі 


бағыттарының бірі болып табылады. 2001  жылдан бастап Қазақстанда ювеналды әділет 

жүйесін  кұру  мэселесі  көтеріліп,  Қазақстан  Республикасы  Президент!  Әкімшілігі, 

Қазақстан  Республикасының  Жогарғы  Соты,  Қазақстан  Республикасының  Әділет 

министрлігі, 

Қазақстан 

Республикасының 

Бас 

Прокуратурасы, 



Қазақстан 

Республикасының  ішкі  істер  министрлігі  жэне  «Сорос-Қазақстан»  қайырылымдылық 

қоры өкілдерінің арасында бірнеше кездесулер болды.

Заңмен  конфликтіге  түскен  жасөспірім  сот  өндірісі  кезінде  кешенді  қорғау  мен 

қолдауды  кажет  ететіні  сөзсіз.  Тәжірибеге  сүйенсек,  пенитенциарлы  мекемеде  болу 

жасөспірімдердің  мінез-құлқына  біршама  теріс  эсер  етеді.  Психологиялық  зерттеулер 

көрсетіп  отырғандай,  1,5  жыл  режимді  мекеме  жағдайында  отырган  ересек  адамның 

психикасы,  түлғасының  қүрылымы  өзгерістерге  үшырап,  кейін  қоғамға  бейімделу 

кезінде көптеген қиындықтар тугызады.Ал дүрыс бекімеген жасөспіріп психикасы одан 

да тез бұзылатындықтан, оны қалпына келтіру процесі өте қиын болады.

Осыган 

байланысты 



қылмыстық 

сот  төрелігі 

жүйесінде 

кәмелетке

толмағандармен  жұмыс  істеу  әдісін  өзгерту  кажеттігі  туындады  және  «Ювеналды 

әділет  Қазақстанда»  атты  жобаны  бастау  туралы  шешім  қабылданды.  Бұл  жобаның 

негізгі  мақсаты  -   қылмыс  жасады  деп  айыпталган  немесе  күдікті  кәмелетке 

толмағандарды  мамандандырылған  сот  төрелігі  жүйесінің  болуымен  қамтамасыз  ету. 

Жобаның  басты  міндеті  -   балалар  қүкығын  қорғау  жэне  жасөспірімдер  арасындағы 

кылмыстың  өсуіне  тоскауыл  болатын  шараларды  ұйымдастыру.  Сондай-ак  Қазакстан 

Республикасының 

Біріккен 

Ұлттар 

Ұйымы  конвенциясындагы 



халыкаралық

келісімдермен 

бекітілген 

жасөспірімдерді 

корғау 

заңдылығынжетілдіру,



кызметкерлердің  бұл  салада  білімі  мен  біліктілігін  арттыру,  бас  бостандығын  айыру 

жазасының  балама  түрлерін  қарастыру,  тәрбиелеу  жүмыстарын  жүргізу  жэне 

қылмыстық  іс  жүргізу  барысында  олардың  кұкыктары  мен  мүдделерінтолық  қолдану 

мүмкіндіктерін пайдалануын қадағалау басты міндет болып табылады.

«Ювеналды  әділет»  жобасының  ерекшелігі  -  жэбірленуші  мен  кэмелеттік  жасқа 

толмаған  жасөспірімнің  ісін  сот  қарауына  жеткізбей,  өзара  келісімге  келтіру. 

Кәмелеттік жаска  толмаған  сезікті  не  айыпты болған жасөспірім  өз кінэсін мойындап, 

жәбірленушіге келтірген моральдық шығынды өтесе, оған қозғалған іс тоқтатылады.

Әзірге  бүл  жүйе  екі  аумақтық-бірлікте,  яғни  Алматы  мен  Астана  қалаларында 

құрылып, Қазакстан Республикасы зандарындагы ережелерге сәйкес жүзеге асырылуда. 

Қалыптасқан  тәжірибеге  сәйкес,  мамандандырылған  соттар,  алдымен,  жергілікті 

жерлерде  эксперимент  ретінде  белгілі  бір  мерзімде  жұмыс  істейді.  Осының 

нәтижесінде  неше  сот,  қанша  судья  қажеттігі  анықталады.  Дәл  осындай  жағдай 

экономикалық,  әкімшілік  мамандандырылған  соттарды  құрған  кезде  де  ескерілген 

болатын.

2006  жылы  желтоқсан  айында  Астанада  қорытынды  кеңейтілген  отырыс  болып, 

«Ювеналды  әділет  Қазақстанда»  жобасының  Қазақстанда  жүзеге  асырылу  нәтижелері 

қарастырылды.  Ювеналды  әділет  Қазақстанда  жүйесін  кұру  жөніндегі  жобаға  оң  баға 

берілді.  2007  жылы  30  наурызда  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы 

Қүқықтык  саясат  жөніндегі  кеңестің  отырысында  Республикада  ювеналды  әділет 

жүйесін құру кажеттігі жөнінде шешім кабылданды.

Жоғарыда  аталған  басқарма  отырысының  хаттамалык  шешімінің  3.2  пунктіне 

сәйкес,  Қазақстан  Республикасы  Әлілет  министрлігі  Атқару  жүйесі  басқармасы

197



комитетінің  қылмыстық-атқару  инспекциясының  басшылығымен  жэне  басқа  да 

мүдделі  мемлекеттік  органдар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдардың  бірігуімен  «2009-2011 

жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасы  ювеналды  әділет  жүйесінің  даму 

Концепциясы  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Жарлығының  жобасы 

өнделді.

Қазіргі  уақытта  бұл  жоба  мемлекет  басшысы  қол  қою  үшін  Қазақстан 

Республикасы Президенті Әкімшілігіне кіргізілді.

2009-2011  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасы  ювеналды  әділет 

жүйесінің  даму  Концепциясының  мақсаты  -   кэмелетке  толмағандарға  қатысты  сот 

төрелігін  сапалы  әрі  ұтымды  жүргізуге  көмегін  тигізетін  ювеналды  әділеттің 

элементтерін  Қазақстан  Республикасы  тәжірибесіне  біртіндеп  енгізу  әрі  дамыту. 

Осыған  сәйкес  әділет,  ішкі  істер,  білім  және  ғылым  министрліктерінде,  сот, 

прокуратура,  адвокатура жэне жергілікті  атқарушы  органдарда кэмелетке  толмағандар 

ісі жөніндегі мамандандырылған бөлімдер ашу қажет.



Әдебиеттер:

1. 

А.Н.Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және  күкык тарихы.  Астана:  Елода 2004.  -134 б

2. 

А.Т.Ағыбаев ҚР  қылмыстык іс  жүргізу құкығы Алматы:  Дәнекер 2002.  -215  6

3. 

А.Қайырбайқызы Сот жүйесіндегі өзгеріс//Жазаларды  орындау  №  10(59)2007

4. 

Б.Беккожин.  Ювенальная юстиция  в Казахстане // Жазаларды орындау 2008.  №08(69) 24-25  бб.

198

жүктеу 167,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау