ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет4/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

9
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
тиіс екендігін білдіреді. Осы инфрақұрылымның 
маңызды бөліктері ұлттық заңнамаларды БҚК-ге 
сәйкес келтіретін заңдар қабылдау немесе осындай 
заңдарға түзетулер енгізу, баланың құқықтарын 
іске асыруды көздейтін іс-қимылдарды үйлестіру 
үшін мекемелер құру, бала құқықтарына монито-
ринг жүргізу үшін тәуелсіз қызметтер құру (бала 
құқықтары жөніндегі өкіл немесе уәкіл), бала 
құқықтарының іске асырылуы туралы деректер жи-
нау жүйесін құру, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл, БҚК 
туралы ұдайы ақпарат тарату және барлық кәсіби 
мамандар мен еріктілерді балалармен жұмыс 
істеуге оқытып, үйрету болып табылады.
8
 
II кластер. Халықаралық құқықтағы 
бала ұғымының анықтамасы
БҚК 1-бабы баланы 18 жасқа толғанға дейін, 
егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол 
кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, 
бала болып саналатын әрбір адам баласы ретінде 
анықтайды. Бұл ескерту кейбір мемлекеттердің 
қағидалары бойынша, 18 жасқа жетпей некеге 
тұрған бала кәмелетке толған болып есептелуімен 
байланысты.
III кластер. Жалпы қағидаттар
Бала құқықтары жөніндегі комитет БҚК-нің төрт 
бабын жалпы қағидаттар ретінде айқындаған: 2-бап 
(кемсітпеушілік), 3-бап (баланың басым мүдделері), 
6-бап (өмір сүру, тірішілік ету және даму құқығы) 
және 12-бап (баланың пікірін білдіру құқығы). Осы 
баптарға жалпы қағидаттар мәртебесін беру БҚК-
нің барлық өзге құқықтарын іске асырған және 
пайдаланған кезде олардың толық сақталуға тиіс 
екенін білдіреді. Осы баптардың маңыздылығын 
ескере отырып, олар 2-бөлімде егжей-тегжейлі 
талқыланатын болады. 
IV кластер. Азаматтық құқықтар 
мен бостандықтар
Барлық адам баласы сияқты балалардың да 
азаматтық құқықтары мен бостандықтары бар, 
олар осы құқықтарын пайдалана алады. Оларға: 
есім алу құқығы, азаматтық алу құқығы, өзіндік 
жеке даралығын сақтау құқығы (7 және 8-баптар), 
өз пікірін еркін білдіру құқығы (13-бап), ой, ар-
ождан және діни сенім еркіндігі құқығы (14-бап), 
қауымдастықтарға бірігу және бейбіт жиналыстар 
еркіндігі құқығы (15-бап), жеке өмірге құқығы (16-
бап), ақпаратқа қол жеткізу құқығы (17 және 13-бап-
тар), сондай-ақ, азаптаудың және басқа да қатыгез, 
мейірімсіз және қадір-қасиетті кемсітіп қараудың 
немесе жазаның барлық түрлерінен қорғау құқығы 
(37-бап (а) жатады. 13 және 15-баптарда аталған 
құқықтардың іске асырылуы, егер бұл, өзгенің 
құқықтары мен беделін қорғау немесе қоғамдық 
тәртіп пен қауіпсіздікті, адам денсаулығын неме-
се өзгенің іргелі құқықтары мен бостандықтарын 
қорғау үшін қажет болған жағдайларда, заң 
жүзінде шектелуі мүмкін. Сондай-ақ, баланың 
дін тұтынуына немесе сеніміне қатысты шектеу 
белгіленуі мүмкін (14-бап, 3-тармақ). Сонымен 
қатар, мемлекет ата-аналардың баланың ой, ар-
ождан және діни еркіндігі құқығын бағыттап оты-
ру құқығын құрметтеуге тиіс; бұл бала дамуының 
ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылуға тиіс. 
Азаптаудан және қатыгез, адамгершілікке жатпай-
тын немесе қадір-қасиетті қорлайтын іс-әрекеттер 
мен жазалаудан қорғау басқа жазалау түрлерімен 
қатар ұрып-соғудың барлық түрлеріне заңмен 
тыйым салынуын талап етеді.
9
 
V кластер. Отбасы ортасы және 
балама қамқорлық
Жоғарыда атап өтілгендей, (1.2.1.-бөлім), отбасы 
баланың толық, үйлесімді дамуы үшін маңызды 
орта болып табылады. Сондықтан БҚК-де ата-
аналардың (қамқоршылардың) бала тәрбиесіндегі, 
оларды дамытудағы бастапқы және жалпы 
жауапкершіліктерін, қатысушы мемлекеттердің 
оларға қажетті жәрдем мен қолдау көрсетудегі 
міндеттерін танитын көптеген баптар белгіленген 
(5, 18 және 27-баптар). Баланы ата-анасынан айы-
ру баланың басым мүдделерін сақтау үшін қажет 
болған жағдайда ғана мүмкін, егер осылай болса, 
онда баланың ата-анасының екеуімен де тікелей 
араласуға және байланыс жасауға құқығы бар 
(9-бап). Осы қағидаларға сәйкес, мемлекеттер 
балалардың шетелдерге заңсыз әкетілуіне және 
заңсыз қайтарылмауына қарсы күресте барлық 
шараларды қолдануға тиіс (11-бап).
10
  Балалар ата-
ананың (ата-аналардың), заңды қамқоршының 
(қамқоршылардың) немесе қамқоршылық құқығы 
бар басқа да кез келген адамның қамқорлығында 
болған кезде олар күш қолдану мен психологиялық 
зорлық-зомбылықтың кез келген түрлерінен, 
қатыгездіктен немесе қадағалаусыздықтан 
қорғалуға тиіс және мемлекет осы қорғауды 
қамтамасыз ету үшін барлық қажетті заңдық, 
8. Осы кластер бойынша Бала құқықтарын іске асыру жөніндегі 
жалпы шаралар туралы Бала құқықтары жөніндегі комитеттің № 
5 Жалпы ескертулерінен ақпарат аласыз; CRC/GC/2003/5БҰҰ 
құжаты, 2003 жыл, 27 қараша. 
9.  Баланы ұрып-соғу және басқа да қатыгез немесе қадір-қасиетті 
қорлайтын жазалау түрлерінен қорғану құқығы туралы көбірек 
ақпаратты Бала құқықтары жөніндегі комитеттің № 8 Жалпы 
ескертулерінен аласыз. CRC/C/GC/8, БҰҰ құжаты, 2006 ж., 
қабылданған, қайта қаралған нұсқасы (техникалық себептер бой-
ынша) 2007 ж. 2 наурызда жарияланған. 
10. Осыған байланысты, сондай-ақ, халықаралық бала ұрлаудың 
азаматтық аспектілері туралы Гаага конвенциясын қараңыз.


10
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар: 
әкімшілік, әлеуметтік және білімдік шараларды 
қолдануға тиіс (19-бап).
11
 
Өздерінің отбасы ортасынан (табиғи) айырылған 
балалардың айрықша қорғалуға және көмек алуға 
құқығы бар және мемлекет олар үшін баламалы 
қамқорлықты қамтамасыз етуге тиіс. Ол, ең алды-
мен, баланың асырап алған отбасындағы үй-жайы, 
ислам құқығы бойынша «кафала», бала асырап алу
12
  
немесе қажет болған жағдайда, балаға күтім жасай-
тын тиісті мекемелерге орналастыру болуы мүмкін 
(20-бап). Қолданылатын шаралардың баланың 
басым мүдделеріне қызмет етуін қарастыратын 
мұндай асырап алудың (ел ішінде немесе шетел-
де) айрықша қағидалары 21-бапта келтірілген. 
Баланы баламалы қамқорлыққа беру мәселесі 
мерзімділікпен қайта қаралып отыруға тиіс (25-
бап). Аталған баптар 5-бөлімде ұсынылып, толық 
талқыланады. 
VI кластер. Денсаулық сақтау және 
әл-ауқат негіздері
Әрбір баланың лайықты денсаулық сақтау 
деңгейіне құқығы бар. Мемлекет осы мақсатта 
24-бапта аталған шаралар түрін қабылдауға 
міндетті. Оларға, соның ішінде, бала мен ана 
өлімін азайту, бастапқы денсаулық сақтауды да-
мыту, ауруды, жеткіліксіз тамақтануды болғызбау, 
аналар үшін босанар алдындағы және босанғаннан 
кейінгі медициналық күтім, сондай-ақ балалардың 
денсаулығына зиян келтіретін дәстүрлі тәжірибені 
жою жөніндегі шаралар кіреді. 23-бапта мүгедек 
балалардың құқықтарына айрықша назар 
аударылған.
13
 
Әрбір баланың әлеуметтік сақтандыруды қоса 
алғанда, әлеуметтік қамсыздандыру игіліктерін 
пайдалануға құқығы бар және мемлекет осы 
құқықты іске асыру үшін барлық қажетті шаралар-
ды қабылдауға тиіс (26-бап).
Әрбір баланың өзінің физикалық, ақыл-ой, ру-
хани, имандылық және әлеуметтік дамуы үшін 
қажетті өмір сүру деңгейіне құқығы бар. Лайықты 
өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуде бастапқы 
жауапкершілікті ата-аналар көтереді, ал мемлекет 
олардың осы міндеттерді орындауына көмектесуге, 
қажет болған жағдайларда, ата-аналарға азық-
түлік, киім-кешек және тұрғын үй жағдайларына 
байланысты материалдық қолдау бағдарламаларын 
ұсынуға тиіс (27-бап).
VII кластер. Білім алу, бос уақыт 
және мәдени қызмет
Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және мем-
лекет осы құқықтың баланың күнделікті нақтылы 
өміріне айналуы үшін барлық қажетті шараларды 
қабылдауға: барлық балалар үшін міндетті және 
тегін бастауыш білімнің, жалпы және кәсіптік-
техникалық білімнің барлық балалар үшін қол 
жетімді болуын қоса алғанда, орта білімнің әр 
түрін қамтамасыз етуге, балалардың мектепке 
үзбей баруын ынталандыруға және мектепке бар-
май қалу деңгейін төмендетуге тиіс.(28-бап).
Адамның бүкіл әлемдік құқықтарының ішінде 
29-бап ерекше болып табылады, мұнда білім сала-
сы бойынша баланың ақыл-ой және физикалық 
әлеуетінің, дарын қабілетінің толық ашылуы, 
адам құқығын құрметтеушілік, бала мен ата-
атаналардың мәдени даралығы, тіл және құндылық 
ерекшеліктері, қоғамда өз бетінше өмір сүруге 
даярлығы мен қоршаған ортаға қамқор көзқарасы 
сияқты мақсаттар көрсетілген.
14
Әрбір баланың демалысқа және бос уақытын мәнді 
өткізуге, ойын-сауық іс-шараларына, мәдениет 
пен өнер саласына еркін қатысуға құқығы бар, 
қатысушы мемлекеттер осы құқықтың іске асы-
рылуын насихаттауға, оны тиімді, тең дәрежеде 
пайдалануға мүмкіндік ұсынуға тиіс.
15
VIII кластер. Айрықша қорғау 
шаралары
Миллиондаған балалар қиын жағдайларда өмір 
сүре отырып, экономикалық және сексуалдық 
пайдаланудың, адам саудасының және қарулы 
қақтығыстардың құрбандары болуда. Олар 
айрықша қорғауға мұқтаж және БҚК-нің көптеген 
баптары оларға қажетті қорғану құқықтарын 
белгілейді (22 және 32–38-баптар), физикалық және 
психологиялық қалпына келу, әлеуметтік реинте-
11. Мемлекеттер қолдануға тиіс шаралар балаларды қорғаудың осы 
түрлері мен шаралары бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат 
алу үшін Бала құқықтары жөніндегі комитеттің Баланың зорлық-
зомбылықтың барлық түрлерінен азат болу құқығы туралы №13 
Жалпы ескертуін қараңыз. БҰҰ-ның 2011ж. 17 ақпандағы CRC/C/
GC/13 құжаты, алдын ала редакцияланбаған нұсқасы. 
12. Бұл оқу құралында «ұл асырап алу», «қыз асырап алу» терминдері 
тең мағынада пайдаланылады.
13.  Осы бапты іске асыру және іске асырудың практикалық салда-
ры туралы ақпарат Бала құқықтары жөніндегі комитеттің Мүгедек 
балалардың құқықтары туралы №9 Жалпы ескертуінде берілген; 
CRC/C/GC/9 БҰҰ құжаты, 2007 ж.27 ақпан.
14. Осы баптың түсіндірілуі және білім сапасы үшін оның мәні 
Бала құқықтары жөніндегі комитеттің № 1 Жалпы ескертуінде 
көрсетілген; CRC/GC/2001/1БҰҰ құжаты, 2001 ж. 17 сәуір.
15. 31-бапты түсіндіру туралы неғұрлым толығырақ ақпарат Бала 
құқықтары жөніндегі комитеттің демалысқа және бос уақытын 
мәнді өткізуге, ойын-сауық іс-шараларына, мәдениет пен өнер са-
ласына қатысу құқығы туралы № 17 Жалпы ескертуінде берілген; 
CRC/C/GC/17 БҰҰ құжаты, 2013 ж. 17 сәуір.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау