ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет49/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79

101
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
1.1.  келіп түскен қылмыстық 
іс бойынша судьяның даярлық 
әрекеттері
Кәмелетке толмағандардың қылмысы ту-
ралы қылмыстық істерді қарау барысында 
кәмелеттік жасқа толмағандар өздеріне таңсық 
сот отырысының жағдайына тез бейімделіп 
кете қоймайтынын есте ұстаған жөн. Біреулері 
тұйықталып, сасқалақтап, қысылып қалады, ал 
кейбіреулері, керісінше, адамдардың өзіне баса 
назар аударып тұрғандығын түсініп, өздерін «ба-
тыр» сезінеді, айыпталушының жағдайы залда 
отырғандардың, әсіресе, қатарластарының алдын-
да өз беделін арттыра түседі деген түсінікпен асыра 
сөйлейді. 
Соңғы жағдай кәмелеттік жасқа толмаған құқық 
бұзушылардың психологиялық ерекшелігіне, өзін-
өзі мойындатуға, кез келген әдіспен ұжым алдында 
бедел жинауға ұмтылуына жатады. 
Осы барлық психологиялық факторларды сот 
және іс жүргізуге қатысушылардың назарда 
ұстаулары тиіс. Дөрекілік, айқай-шу, төзімсіздікке 
сот процестері кезінде, әсіресе, кәмелетке 
толмағандардың қылмысы қаралу кезінде жол 
берілмеуі керек. Жасөспірімдердің жоғары 
сезімталдығы, көнгіштігі, өмірлік тәжірибелерінің 
жоқтығы сот процестерін жоғары даярлықпен, 
біліктілікпен және сақтықпен өткізуді міндеттейді. 
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық 
істер бойынша істің алдын ала тыңдалымын 
өткізген дұрыс.
Алдын ала тыңдалым бекітілмес бұрын сот 
қылмыстық істің материалдарымен, олардың дара-
тұлғалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сот 
процесін ұйымдастыру үшін кәмелетке толмаған 
айыпталушы мен процестің кәмелетке толмаған 
қатысушыларының (жәбірленуші, куәгерлер) жеке 
басын сипаттайтын мәліметтерімен мұқият таны-
суы керек. 
ҚҚК-ның 300-бабында қарастырылған келіп түскен 
іс бойынша анықталуы тиіс мәселелермен қатар сот 
мынадай жайларды: іс бойынша өндірісті тоқтатуға 
немесе кідірте тұруға жол ашатын жағдайлар бар 
ма; кәмелет жасқа толмаған сотталушының нақты 
туған жылы анықталған ба, сондай-ақ оның жасын 
куәландыратын құжаттардың болуы; кәмелетке 
толмаған жастың ақыл-ой кемістігі жөнінде негіз 
болатын мәліметтер бар ма; процеске кәмелетке 
толмағанның заңды өкілі жіберілген бе; сот оты-
рысына маман, педагог, психологтың қатысуы 
талап етіле ме; істе кәмелетке толмағанның жеке 
басы жөнінде мәліметтер жеткілікті ме; кәмелетке 
толмаған сотталушыға қатысты қамауға алу ша-
расы негізді және заңды ма және басқа да қажетті 
сұрақтарды ерекше тексеруі керек. 
Сот істің алдын ала тыңдалымының уақыты мен 
орнын тараптарға (сотталушы, жәбірленуші, 
кәмелетке толмаған сотталушы, жәбірленушінің 
заңды өкілдері, қорғаушылар, мемлекеттік айып-
таушы, қажет болған жағдайда педагог, психолог) 
хабарлайды. 
Кәмелетке толмаған сотталушы, жәбірленушілер 
сотқа ата-аналары немесе заңды өкілдері 
арқылы, олар болмаған жағдайда – қорғаншы 
және қамқоршы орган арқылы, арнайы балалар 
мекемесінде немесе қамауда отырған кәмелетке 
толмағандар өзі қарасты әкімшілік орны арқылы 
шақыртылады. 
1-бөлім. 
судьяның даярлық іс-қимылдары, 
алдын ала тыңдау, басты сот 
талқылауы, үкімге қаулы шығару 
және жаза тағайындау


102
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.
1.2.  істің алдын ала 
тыңдалымы
Алдын ала тыңдалымда сот ҚР ҚҚК-ның 2-бабы 
6-т. 2-т. көрсетілген барлық мәселелерді анықтайды, 
сонымен қатар тараптардың наразылықтарын 
шешеді, ҚР ҚҚК-ның 363-б. сәйкес процесті 
қысқартылған түрде өткізу мүмкіндігі жөніндегі 
мәселені шешеді. 
Бұл кезеңде сот кәмелетке толмағанның нақты 
мерзімін (туған күні, айы және жылы), жасын 
куәландыратын құжаттың болуын нақтылайды. 
Бұл ретте тұлға кәмелет жасқа дәл туған күні емес, 
келесі тәуліктен бастап толған болып саналатынын 
есте сақтаған жөн. Кәмелетке толмағанның жасын 
куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда не-
месе бұл құжаттардың дұрыстығына күмән туған 
жағдайда сот ҚР ҚҚК-ның 241-б. 2-т. сәйкес са-
раптама тағайындауы тиіс. Мұндай жағдайда сарап-
шылар атаған жылдың соңғы күні туған күні болып 
саналады. Сарапшылар жастың ең төменгі және ең 
жоғары деңгейін анықтау кезінде (мысалы, 14-тен 
15-ке дейін) сараптама ұсынған ең төменгі жасты 
басты назарда ұстағандары жөн. 
БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі Комитетінің 
№ 10 жалпы тәртібінің Ескертпесіне сәйкес
67
 
туған жылы дәлелденбеген бала отбасылық қарым-
қатынастар, жұмыс, білім және еңбекке орналасу 
мәселелері бойынша кездесетін әділетсіздіктер 
мен теріс пиғылды тұлғалар алдында, әсіресе, 
кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі құқық қорғау 
жүйесі аясында әлсіз боп келеді. Әрбір балаға өз 
жасын дәлелдеу қажет болған жағдайларда тегін 
түрде туу туралы куәлік берілуі тиіс. Егер жасына 
дәлел болмаса, бала өз жасын анықтауға мүмкіндік 
беретін сенімді медициналық немесе әлеуметтік 
зерттеуге құқылы, ал даулы жағдайларда неме-
се нақты дәлелдер болмаған кездерде бала күдік 
тудырған мәселені өз пайдасына шешуге құқығы 
бар. 
Сот ҚР ҚК-мен қарастырылған негіздемеде істі 
тоқтатуға болатын жағдайлардың бар-жоғы, атап 
айтқанда, сотталушы заңға сәйкес белгілі бір жасқа 
толғанда қылмыстық жауапкершіліктен босаты-
латын жасқа жетті ме; тұлға ҚР ҚК ережелеріне 
сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатыла-
тындар қатарына жатады ма, мысалы, ҚР ҚК-ның 
252, 259-баптарының қосымшаларында көрсетілген 
(қаруларды, әскери құралдарды, жарылғыш заттар-
ды және психотропты құрылғыларды және т.б өз 
еркімен тапсыру), мәжбүрлеу арқылы тәрбиелеу 
шараларын қолдану (ҚР ҚК-ның 81-82-б.); 
жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚК-
нің 67-б.), рақымшылық жасау актісі және басқа да 
құжаттар негізінде ерекше мұқият анықталуы тиіс. 
Істі тоқтату/медиация 
ҚР ҚК-ның 67-б. 1, 2 және 3-т. сәйкес, егер онша 
ауыр емес қылмыс жасаған, орташа ауырлықтағы 
қылмысқа алғаш рет барған, сондай-ақ өлімге 
әкеп соқпаған немесе денсаулыққа ауыр зар-
дабын тигізбеген ауыр қылмысты алғаш рет 
жасаған кәмелеттік жасқа толмаған сотталушы 
жәбірленушімен татуласып, оған келтірілген зиян-
ды өтеген болса, сот қылмыстық жауапкершіліктен 
босатуы мүмкін. Осыған орай, сот кәмелеттік 
жасқа толмағанды ҚР ҚК-ның 82-б. қарастырылған 
тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын 
қолдану арқылы қылмыстық жауапкершілікке 
тартпай-ақ, түзеудің мүмкіндігі бар-жоғын мұқият 
анықтауы тиіс. Егер мұндай мүмкіндік болса, сот 
істің алдын ала тыңдалымында іс жүргізуді тоқтату 
арқылы кәмелет жасқа толмағанды қылмыстық 
жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік 
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындай ала-
ды. 
Сот ҚР ҚК-ның 67-б. қолдану мүмкіндігі туралы 
мәселені анықтауға ерекше назар аударуы керек 
(сотталушының жәбірленушімен татуласуына бай-
ланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату). 
Сот іске қатысушы тараптарға татуласудың мына-
дай артықшылықтарын түсіндіруі тиіс: 

жәбірленуші сот ісін жүргізу барысында 
айтарлықтай қиындықтар туғызатын залалды 
тез қайтаруға мүмкіндік алады;
–   кәмелетке толмаған құқық бұзушы дәстүрлі сот-
тан құтылуға мүмкіндік алады, сондай-ақ өзінің 
заңға қайшы әрекетінің соңының неге соғарын 
түсініп, оны реттей алады. Сот татуласудың 
тәрбиелік мәнін баса көрсетуі керек;
–   екі тарап та іске әсер етіп, заңға қайшы әрекет 
кесірінен орын алған дауды шешуге мүмкіндік 
алады. Бұл эмоционалдық ұғынуға, тәжірибенің 
және әр тарап әрекеттерінің өзара түсіністігіне 
мүмкіндік береді;
–   құқық қорғау жүйесі тиімді экономикалық және 
ұйымдастырушылық нәтижеге қол жеткізеді, 
себебі татуласу істі тоқтатуға негіз болып, уақыт 
пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді;
–   қоғам сот төрелігі жүйесінің сотта іс жүргізуге 
байланысты сот шығындарын төмендетеді.
ҚҰ ҚҚК-ның 67-б. 1, 2-б. медиацияны қолдану 
көрсетілген. Алдын ала тыңдалым барысында ме-
диация рәсімінің мынадай нұсқасы ұсынылады: 
егер алдын ала тыңдалым кезінде тараптар 
медиацияға келіссе, онда сот басты сот қаралымын 
тағайындауды шегеру мүмкіндігін беруі тиіс. 
67 БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитет, № 10 Жалпы ескерту-
лер (2007): Кәмелетке толмағандарға қатысты әділсот аясындағы 
балалардың құқықтары, 39-тармақ.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау