ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет46/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79

95
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
3. Егер олар өздерінің ата-ана құқықтарын асы-
ра пайдаланса.
Ата-ана құқықтарын асыра пайдалану әр түрлі ны-
сандар арқылы көрінуі мүмкін, мысалы, баланың 
білім алуын қиындататын немесе мүмкін емес 
ететін; оны алкогольді ішімдіктер ішуге, есірткі 
пайдалануға, кәмелетке толған баланы қылмыс 
жасаған кезде пайдалануға, қылмыстық жолмен 
пайда табуға үйрету. Қалай болған жағдайда да 
ата-ана құқығын асыра пайдаланушы баланың 
дәрменсіз күйін, оның өз билігін жүргізетін 
ата-анасына тәуелділігін пайдаланады. Ата-ана 
құқықтарын асыра пайдаланудың сипаты, әдетте, 
бір реттік болмайды, ата-ананың, тұтастай алғанда, 
бүкіл қылықтары мен әрекеттерінен көрініс таба-
ды.
4. Егер ата-аналар балаға қатты қарайтын 
болса, оның ішінде оларды ұрып-соғып немесе 
психикалық зорлық-зомбылық көрсетсе, оның 
жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық 
жасаса.
Ұрып-соғу дегеніміз денесіне жарақат түсіру 
және психикалық зорлық-зомбылықт көрсетуді 
білдіреді. Бірінші жағдайда кез келген тәсілмен 
жасалатын ұрып-соғу, дене жарақатын салу тура-
лы сөз болады. Психикалық зорлық-зомбылық 
қорқыту, үрей сезімін туғызу, баланың бүкіл ерік-
жігерін басудан көрінеді. Баланың қалыптастып 
үлгермеген жеке тұлғасы үшін оның жыныстық 
қол сұғылмаушылығына қастандық жасау айрықша 
қауіп болып табылады.
5. Спирттік ішімдіктер немесе есірткі зат-
тарын, психотропты заттарды және (немесе) 
оларға ұқсас заттарды асыра пайдаланады. 
Созылмалы маскүнемдік немесе нашақорлық 
адамның ерік-жігерінің толық бұзылуымен бай-
ланысты ауыр аурулардың қатарына жатады. 
Алайда бұл аурулар бала үшін айрықша қауіпті. 
Ішімдікке тәуелді ата-аналардың отбасында бала-
лар көбіне ашығады, ең мұқтаж нәрселері болмай-
ды, оларға ешкім қарамайды, адамгершілік және 
тән саулығы жағынан құрдымға кететін қолайсыз 
отбасындағы ахуалын амалсыздан бойларына 
сіңіреді. Созылмалы ішкіштіктің қауіптілігі мы-
нада: бұл жағдай, әдетте, ата-ана құқықтарынан 
айыру үшін барлық өзге негіздердің туындауы-
на бастапқы себеп болатындығында. Сондықтан 
ата-ананың кінәсі болмауының құқықтық маңызы 
болмайды. Негізінен созылмалы сипатта болатын 
нашақорлыққа қатысты да дәл осылай айтуға бо-
лады. Спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланудың 
немесе нашақорлыққа тәуелділіктің болуы тиісті 
медициналық қорытындымен расталуы тиіс. Осы 
негіздер бойынша ата-ана құқықтарынан айыру 
үшін АК 27-бабында көзделген тәртіппен спирттік 
ішімдіктерді немесе алкогольді теріс пайдалана-
тын ата-ананы шектеулі қабілетті деп алдын ала 
танудың қажеттігі жоқ.
6. Егер ата-аналар өзінің баласының, жұбайының/
зайыбының немесе өзге отбасы мүшелерінің 
өмірі мен денсаулығына қарсы қасақана қылмыс 
жасаған болса.
Ата-аналардың өз баласының өмірі мен 
денсаулығына қарсы жасаған қасақана қылмысы 
(саналы, мақсатты бағытталған) барынша ауыр 
және қоғамдық қауіпті қылмыстар қатарына жа-
тады. Әңгіме өлтіруге қастандық жасау, өзіне-
өзі қол салуға дейін жеткізуге тырысу, ауыр 
дене жарақаттарын салу, ұрып-соғу, жәбірлеу, 
жыныстық тұрғыдан жетіліп үлгермеген өз баласы-
на жыныс ауруларын жұқтыру, зорлау, жыныстық 
қатынасқа түсу, өздерінің кәмелетке толмаған 
балаларына қатысты азғындық әрекеттерге бару, 
оларды қауіп-қатерде қалдыру және басқасы ту-
ралы болып отыр. Осы тәрізді қылмыстар жасаған 
адам ата-ана құқықтары мен міндеттеріне ие 
бола алмайды, кәмелетке толмаған балаларының 
құқықтарын қорғап, олардың мүдделерін білдіре 
алмайды. Алайда соттың үкімі болған жағдайда 
осы негіздер бойынша ата-ана құқықтарынан айы-
ру орындалуы мүмкін.
Баланың өмірі мен денсаулығына қарсы тікелей 
бағытталған қылмыстық іс-әрекеттер оған зиян 
келтіріп қана қоймайды. Ол ерлі-зайыптылардың 
бірінің, яғни баланың екінші ата-анасының 
өмірі мен денсаулығы қылмыс нысаны болатын 
жағдайларда да зардап шегуі мүмкін. Мұндай 
жағдайларда кәмелетке толмаған бала үшін қауіп 
оның жақын адамының өмірі мен денсаулығына 
қарсы қасақана қылмыстың барлығы емес, тек қана 
ауыр дене жарақаттары, кісі өлтіру мен зорлау ғана 
қауіпті болып табылады. НОтҚРК 75-бабының 
мәні бойынша ата-ана құқықтарынан айыру үшін 
қылмыстың баланың көзінше жасалуы міндетті 
емес. Бірақ осы жерде де кінәліге қатысты үкімнің 
болуы қажет.
НОтТҚРК 75-бабына байланысты, оларға бай-
ланысты емес себептер бойынша (мысалы, 
психикалық күйзеліс немесе өзге созылмалы ау-
рулар, созылмалы ішкіштіктен, нашақорлықтан 
немесе уытқұмарлықтан зардап шегетін адам-
дарды қоспағанда) ауыр жағдайлардың тоғысуы 
салдарынан өздерінің ата-аналық міндеттерін 
орындамаған адамдар ата-ана құқықтарынан айы-
рылмауы мүмкін. Аталған жағдайларда, сондай-ақ 
істі қараған кезде ата-аналарды (олардың біреуін) 
ата-ана құқығынан айыру үшін жеткілікті негіздер 
анықталмайтын болады, сот ата-ана құқықтарын 
шектеу тәртібімен баланы алып қою және оны ба-
ланы ата-анасында қалдыру бала үшін қауіпті бола-
тын жағдайда, қамқоршылық және қорғаншылық 


96
органдарына қорғаншылыққа тапсыру туралы 
шешім шығара алады (НОтҚРК 79-бабы).
НОтҚРК 77-бабының 2-тармағына сәйкес ата-
ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз бала-
сын бағып-қағудандан босатпайтындықтан, сот 
НОтҚРК 76-бабының 3-тармағына сәйкес ата-ана 
құқықтарынан айыру туралы істі қараған кезде 
осындай талап арыздың ұсынылғанына қарамастан, 
балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені де 
шешеді.
Ата-ананың біреуін ата-ана құқығынан айырған 
және баланы басқа ата-анаға тәбиелеуге тапсырған 
кезде қамқоршысына немесе қорғаншысына не 
патронаттық тәрбиелеушісіне НОтҚРК 139-141, 
142-баптарына сәйкес, осы тұлғалардың пайдасына 
алимент өндіріледі.
Соттар ата-ана құқықтарынан айыру соңғы шара 
болып табылатынын ескерулері керек. Ата-ананың 
кінәлі мінез-құлқы дәлелденген кезде ерекше 
жағдайларда сот оның мінез-құлық ерекшелігін, 
жеке басын және басқа да нақты жайттарын еске-
ре отырып, ата-ана құқықтарынан айыру туралы 
талап арызды қанағаттандырудан бас тартуға және 
талапкерге олардың ата-аналық міндеттерін орын-
дауларын қамқоршылық және қорғаншылық функ-
цияларды жүзеге асыратын органдарға жүктей оты-
рып, өзінің бала тәрбиесіне қатысты көзқарасын 
өзгерту қажеттігі туралы ескертуге құқылы. Ата-
ана құқығынан айыру туралы талап арыздан бас 
тарта отырып, сот жоғарыда аталған жағдайлар 
болған кезде НОтҚРК 79-бабына сәйкес, сондай-
ақ баланы ата-анасынан алып қою және оны, 
егер бұны баланың мүдделері талап ететін болса, 
қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын 
жүзеге асыратын органға тапсыру туралы мәселені 
шешуге құқылы.
Ата-ана құқығынан айыру туралы соттың 
шешімінде баланың кімге: басқа ата-анаға, егер 
ол белгіленген тәртіппен тағайындалған болса, 
қамқоршылық және қорғаншылық функцияла-
рын жүзеге асыратын органға немесе қорғаншыға 
(қамқоршыға) тәрбиленуге берілетіні көрсетілуге 
тиіс. Сондықтан баланы туыстарына немесе өзге 
тұлғаларға тәрбиелеуге тапсыруға осы тұлғалар 
оның қамқоршылары немесе қорғаншылары бо-
лып тағайындалған кезде ғана жол беріледі.
Баланы басқа ата-анаға тапсыру мүмкін бол-
майтын немесе ата-анасының екеуін де ата-ана 
құқықтарынан айырған, ал қорғаншы (қамқоршы) 
әлі тағайындалмаған кезде бала қамқоршылық 
және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыра-
тын органға тапсырылады (НОтҚРК 77-бабының 
5-тармағы). Бұл ретте осы мәселе аталған 
органдардың ерекше құзырына жататындықтан, 
соттар баланы нақты орналастыру тәртібін 
анықтауға құқылы емес (балалар мекемесіне, 
мектеп-интернатқа орналастыру, қорғаншы 
тағайындау және т.с.с.).
НОтҚРК 76-бабының 5-тармағына сәйкес ата-
ана құқығынан айыру туралы сот шешімінің 
көшірмесін ол заңды күшіне енген күннен бастап 
үш күннің ішінде сот баланың туғанын мемлекеттік 
тіркеу орны бойынша тіркеу органына және 
баланың тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық 
және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыра-
тын органға жолдауға тиіс.
Ата-ана құқықтарынан айырылған адамның 
балаларға тағайындалатын зейнетақы, 
жәрдемақылар, өзге төлемдерді, сондай-ақ балаға 
өндіріліп берілетін алименттерді алу құқығын да 
жоғалтатынын (НОтҚРК 77-бабының 1-тармағы) 
ескере отырып, сот ата-ана құқығынан айыру ту-
ралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін оның 
көшірмесін аталған төлемдерді жүргізетін органға 
немесе шешім шығарылған (бұйрық шығарған) 
жері бойынша сотқа немесе бала тәрбиеленуге 
берілген адамға немесе балалар мекемесінің есебіне 
төлемдерді аудару туралы мәселені талқылау үшін 
Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеттің 
аумақтық органына жолдауы қажет.
Ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз-
дар асырап алушылар мен баланы нақтылы 
тәрбиелейтін, бірақ тууы туралы жазбасында ата-
анасы ретінде көрсетілмеген адамдарға қатысты 
қолданыла алмайды, себебі олардың құқықтары 
мен міндеттері балалардың олардан туғанына 
қатысты емес.
Баланы асырап алушы міндеттерін орындаудан 
жалтарған, ата-ана құқығын теріс пайдаланған, 
асырап алған балаларды ұрып-соққан жағдайларда, 
ата-ана құқығынан айырмай, бірақ баланы асырап 
алуға бермеу туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бала 
асырап алуды сот баланың мүдделері үшін қажет 
болған басқа жағдайларда да жоя алады (НОтҚРК 
106-бабы).
Қорғаншы (қамқоршы) өзіне тиесілі міндеттерін 
тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде 
оларды дүниеқорлық мақсатта пайдаланған не 
қорғаншысын қараусыз және қажетті көмексіз 
қалдырған кезде аталған адамдар ата-ана 
құқықтарынан айырылмай, бірақ қамқоршының 
(қорғаншының) міндеттерін орындаудан шеттетілуі 
мүмкін. Қамқоршыны (қорғаншыны) оның 
міндеттерін орындаудан шеттету туралы мәселені 
сот емес, қамқоршылық және қорғаншылық 
жөніндегі қызметтерді іске асыратын органдар 
шешеді. Алайда, егер қамқоршылық (қорғаншылық) 
жөніндегі міндеттерден шеттетілген адам баланы 
беруден бас тартатын болса, оған оны тартып алу 
туралы талап арыз берілуі мүмкін.
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау 
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау