99
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Қамқоршылық және қорғаншылық органының
өкілі сотта талапкердің ата-ана құқықтарын
қалпына келтірудің кәмелетке толмаған балалар
мүдделеріне жауап беретіні туралы пікірін білдірді.
Сот шешімімен А-ның 2002 жылы туған Н. мен
2004 жылы туған П. кәмелетке толмаған балала-
рына қатысты оның ата-ана құқықтарын қалпына
келтіру туралы талап арыздары қанағаттандырылды.
Екінші жағдайда С. Т-ға қарсы 2000 жылы туған
ұлы Р-ға қатысты ата-ана құқықтарын қалпына
келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 2003
жылғы сот шешімімен ол баласына қатысты ата-
ана
құқықтарынан айырылған болатын, балаға
қамқоршы болып әжесі Т тағайындалды. Қазіргі
уақытта С-ның баланы бағып-күту үшін қалыпты
тұрмыстық-тұрғын үй жағдайы, материалдық
мүмкіндігі бар, тұратын жері бойынша берілген
мінездемесі оң, өзінің мінез-құлқын, өмір сүру
салтын және өз балаларының тәрбиесіне қарым-
қатынасын түбегейлі өзгерткен.
Сот отырысында 2000 жылы туылған кәмелетке
толмаған бала Р-ға қатысты екі ата-анасын да соттың
ата-ана құқықтарынан айырғаны анықталды, соған
байланысты әкесі жағынан баланың әжесі талапкер
Т. қамқоршы болып тағайындалған.
Сотта Т. С-ның талап арызымен жартылай келісті,
оның әкесі жағынан кәмелетке
толмаған бала Р-ның
әжесі болып табылатынын түсіндірді, баланың әкесі
ата-ана құқықтарынан айырылған, бұл туралы оның
өзі өтінішпен қамқоршылық және қорғаншылық
органына жүгінген. 2010 жылдан бастап бала ана-
сы С-мен жүйелі түрде араласады, С. өзін бала-
мен араласуынан айырмауды өтінгендіктен, бұған
қарсы емес. Соңғы уақытта бала оның рұқсатынсыз
анасының үйіне кетіп қала беретін болған, ол балаға
ананың керек екенін түсінеді, бірақ баланы анасы-
на беру үшін
уақыт қажет деп санайды, ал баланың
өзі тұрғылықты жері бойынша мектеп-гимназияда
оқуы керек, сондықтан аталған мәселенің шешуін
мерзімінен бұрын тездету керек.
Сот талапкер С-ның баласы Р-ға қатысты 2003
жылы ата-ана құқықтарынан айырылғанын
анықтады. Баланың әкесі де 2006 жылы ата-ана
құқықтарынан айырылған. Осыған байланысты
кәмелетке толмаған бала әжесі талапкер Т.-ның
қамқорлығында.
Іс бойынша соттың зерттеген дәлелдемелері
арқылы талапкер С-ның өзінің мінез-құлқын, өмір
сүру салтын және өз балаларының тәрбиесіне
қарым-қатынасын өзгерткені расталады.
Сөйтіп, талапкер 2012 жылы жер телімі бар тұрғын
үй сатып алған. Тұрғын үй жағдайын зерттеу
актісінен талапкердің кәмелетке толмаған баласын
бағу үшін тиісті жағдайлар жасағанын ескеру керек.
Талапкер
спирттік ішімдіктер ішпейді, есірткі зат-
тарын қолданбайды, тұрғылықты жері бойынша
берілген мінездемесі жақсы.
Сот жауап алған баланың мұғалімі баланың ана-
сы С-ның 2012 жылы мамырда мектепке келіп,
баланың үлгерімін сұрағанын, баланың анасына
барғысы келетінін түсіндірді.
Мұғалімнің қатысуымен жауап алынған кәмелетке
толмаған бала Р анасының үйінде болатынын, ана-
сымен тұрақты тұрғысы
және әжесімен араласқысы
келетінін, анасымен бірге тұратын болса, басқа мек-
тепте оқитынын білетінін, оған келісетінін түсіндірді.
Баланың әжесінің түсіндіруі бойынша, ол 2010
жылдан бері баланың анасымен араласуына
қарсылық білдірмеген.
Қамқоршылық және қорғаншылық орга-
ны талапкердің ата-ана құқықтарын қалпына
келтірудің баланың мүдделеріне жауап беретіні ту-
ралы қорытынды ұсынды.
Іс бойынша мән-жайларды зерттей отырып, сот
талап арыз дәлелді болып табылады деген байламға
келді, соттың шешімімен С-ның ұлы Р-ға қатысты
ана-ана құқықтары қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта әр түрлі жағдайларға байланы-
сты мемлекеттік
балалар мекемелерінде, балалар
үйлерінде, мектеп-интернаттарда немесе жетім
балалар үйлерінде тұратын балалар санының ар-
тып келе жатқанын айта кету қажет. Осындай
мекемелерге орналастырылған балалардың көп
бөлігі өздерінің барлық сәбилік, балалық және
жасөспірімдік шақтарын осындей мекемелерде
өткізеді. Бұл балалардың жартысының отбасыла-
ры болса да, олар балалар мекемелерінде болған
уақыттарында өз отбасымен байланыстарын
жоғалтады. 18 жасқа толып, мекемеден кеткенде,
мұндай балалар
қоғамға сіңісіп кете алмай, отба-
сында берілуі мүмкін оқыту, еңбекке орналасты-
ру, қоғамдағы мінез-құлық мәселелеріне қатысты
қолдау таба алмай, қатерге мейлінше көп ұрынады.
Бұған қоса, осындай кәмелетке толмағандар
жұмыссыз қалуға, заңмен қақтығысып қалуға бейім,
олар көбіне түрлі нысандағы зорлық-зомбылыққа
және еңбегін қанауға ұшыраулары мүмкін.
Сондықтан ата-аналары балаға қатысты
міндеттерін тиісінше орындайтын, оның тән
саулығы, писхикалық,
адамгершілік және ру-
хани дамуы үшін қажетті жағдайлар жасалуын
қамтамасыз ететін кезде баланың мүдделері барын-
ша жақсы түрде қорғалуы мүмкін.
Поэтому наилучшим образом интересы ребенка
могут быть защищены при условии, когда родите-
ли надлежащим образом исполняют обязанности в
отношении ребенка, обеспечивают ему необходи-
мые условия жизни для физического, психическо-
го, нравственного и духовного развития.