103
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
ҚР-ның «Медиация туралы» Заңының 24-б. сәйкес,
тараптардың Медиация туралы келісімге қол қоюы
іс бойынша сот жүргізуді тоқтатпайтындығын
есте сақтаған жөн. Қылмыстық сот ісін жүргізу
барысындағы медиация қылмыстық-процестік
заңмен бекітілген сотқа дейінгі және сотта іс қарау
мерзімінде жүзеге асырылуы керек.
Қылмыстық процесс аясында өткізілген медиа-
ция кезінде тараптар тез арада сотқа дауды реттеу
жөнінде келісімге қол қойылған жағдайда – аталған
келісімді, басқа жағдайларда ҚР-ның «Медиация
туралы» Заңының 26-б. бекітілген негіздемені
көрсеткен медиацияның тоқтатылуы туралы ха-
барламаны жолдауы тиіс. Татуласу (медиация)
нәтижесі бойынша барлық құжаттарды алғаннан
кейін жәбірленушімен татуласуға байланысты
сот ісін тоқтату немесе басты сот қаралымын
тағайындау туралы қарастырылуы қажет. Медиа-
ция өткізу барысында кәмелетке толмаған тарапқа
педагог немесе психологтың қатысуы ұсынылады.
Сот ҚР ҚК-ның 67-б. сәйкес, егер қылмыс жасаған
адам мен жәбірленуші арасында татуласу орын алса,
онша ауыр емес қылмыс, өлімге әкеліп соқтырумен
немесе денсаулыққа аса ауыр зардап келтірумен
байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмыс
жасаған тұлға; қылмыс жасаған адам жәбірленуші
тарапқа зардабын өтеген болса, қылмыстық
жауапкершіліктен босатылатындығын ескергені
жөн. Егер кісіні өлімге әкеліп соқтырумен немесе
денсаулығына ауыр зардап келтірумен байланысты
емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелеттік
жасқа толмаған адам жәбірленушімен татуласқан
болса, жәбірленушіге келтірген зиянның ор-
нын толтырған болса, сот арқылы қылмыстық
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бұл ретте
оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары
қолданылады. Көрсетілген негіздемелердің тым
болмаса біреуі болмаған жағдайда ҚР ҚК-ның 67-
б. 1, 2, 3-б. қолданылмайды.
Қазақстанда ювеналды әділеттің әрі қарай дамуы
кәмелеттік жасқа толмаған баланың келтірілген
зиянды өтеген кезде мейлінше осал балалардың,
соның ішінде келтірілген материалдық шығынды
өтеуге қабілетсіз аз қамтылған отбасының
балаларының жайын ойлап, зардапты жоюдың
тиімді тетіктерін қарастыруы керек екенін атап
өткен жөн. Сонымен қатар жауапкер бала бо-
лып табылатын дауды қаржылық жағынан шешу
қаншалықты дұрыс болатынын ойланған жөн,
өйткені дауды шешудің бұл жолы айыпты және
кәмелетке толмаған баланың әрекетінің зардапта-
рын толық сезінуге мүмкіндік бермейді.
Медиация процесінсіз татуласу құжаттарына ай-
ыпкер мен жәбірленушінің сот ісін тоқтатуды
сұраған татуласу туралы арыздары, жәбірленушіге
келтірілген зардапты қылмысты жүзеге асырған
тұлғаның өтегені туралы құжаттар жатады.
Медиация шарасын қолдану жағдайында сотқа