ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет52/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79

107
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
өкілді сот процесіне жіберу туралы, егер кәмелетке 
толмаған бала мен оның заңды өкілінің мүдделер 
қайшылығы болып, соңғысының қатысуы 
кәмелетке толмаған айыпталушының мүдделеріне 
зиян келтірер болса, оны ауыстыру туралы шешім 
қабылдауы тиіс. Сот тұлғаның кәмелеттік жасқа 
толған сәтінен бастап заңды өкіл қызметінің 
тоқтатылатындығын назарға алғаны жөн.
Егер кәмелетке толмаған алдын ала тыңдалым 
сәтінде кәмелеттік жасқа толса, алдын ала тыңдалым 
қаулысында кәмелетке толмаған баланың заңды 
тұлғасының өкілеттігін тоқтату және ҚІК 480-б. 
3-б. сәйкес іс жүргізуді жалпы тәртіпте жүргізу ту-
ралы көрсетіледі.
Егер кәмелетке толмаған бала соттың істі қарауы 
кезінде кәмелеттік жасқа жетсе, кәмелеттік жасқа 
толмаған баланың заңды өкілінің қызметін тоқтату 
туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Алдын ала тыңдалым барысында сот сонымен 
қатар ҚІК 488-б. 1-б. талабына сәйкес 16 жасқа 
жетпеген кәмелетке толмағандар ісі бойынша сот 
ісіне педагог пен психологтың міндетті қатысуы 
туралы шешім қабылдауы тиіс.
Педагог пен психолог сот ісіне процестің 
кәмелетке толмаған қатысушылары мен сот 
арасында байланыс орнату, сондай-ақ аталған 
тұлғалардың тарапынан психологиялық әсер ету 
мүмкіндігін болдырмау үшін жіберіледі.
ҚР ҚІК 303-б. талаптарына сәйкес сот алдын ала 
тыңдалымда істі қосымша тергеуге жіберу туралы 
тараптардың өтініштерін қарастырады.
Қосымша тергеу
ҚР ҚІК 303-б. 1-б. көрсетілген істі қосымша 
тергеуге жіберу туралы негіздер ақырғы және 
кеңейтілген талқылауға тиісті емес болып табыла-
ды, аталған негіздер бойынша іс қосымша тергеуге 
тек тараптардың өтініші бойынша жіберіле алады.
Сот істің алдын ала тыңдалымы нәтижесі бойын-
ша, негізгі сот ісін тағайындамай-ақ, тараптардың 
өтініші бойынша да, өз бастамасы бойынша да істі 
бұрыс қосу немесе ажырату жағдайында немесе 
негізгі сот ісін тағайындауға кедергі келтіретін, 
қылмыстық-іс жүргізу заңын елеулі бұзушылық 
байқалғанда істі қосымша тергеуге жіберуге 
құқылы.
Қылмыстық істі бөлу
Іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке бірнеше 
ересек адам мен кәмелетке толмағандар тартылған 
жағдайда немесе іс көп кезеңдік болып, ал 
кәмелеттік жасқа толмаған барлық кезең бойынша 
айыпталмаса, сот, егер бұл тергеу жан-жақтылығы, 
толықтығы мен істің шешілуіне ықпал етпе-
се, кәмелетке толмаған балаға қатысты істі жеке 
қарауға бөлу мүмкіндігі туралы мәселені шешеді 
(ҚР ҚІК 49-б.).
Осы әрекеттер кәмелетке толмаған балаға қатысты 
істі жеделдету, оған ересек сыбайластардың тигізер 
ықпалының алдын алу, заң назар аударуды талап 
ететін іс оқиғаларын терең анықтау үшін жағдай 
жасау мақсатын көздейді.
Егер кәмелетке толмаған балаға қатысты іс мате-
риалдары жеке қарауға бөлінбесе, сот оны ере-
сек айыпталушылардан оқшаулау туралы шешім 
қабылдауға міндетті.
Іс жүргізу қағидаттарын және 
рәсімдерін бұзу
Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы 
істер бойынша алдын ала тергеуде қылмыстық-іс 
жүргізу заңын айтарлықтай бұзу сот жүргізу тілін 
бұзу; қорғаныс құқығын бұзу, нақты айтқанда, 
кәмелетке толмаған балаға айып тағылған кез-
де қорғаушының болмауы; міндетті сараптама 
тағайындау туралы заң талабын бұзу; істе жеке 
басты, соның ішінде кәмелетке толмаған баланың 
жасын куәландыратын құжаттың болмауы; сот 
түзете алмайтын кәмелеттік жасқа толмаған сау-
алнамасын толтырған кезде жіберілген қателер; 
айыпталушы қылмыстық жауапкершілікке тарты-
лып, сотқа жіберілген ҚК бабының бөлімі мен 
тармағының болмауы; істе сотқа шақырылуы тиіс 
тұлғалардың мекенжайының, іс материалдары 
тізімдесінің болмауы және т.б. болып табылады.
Негізгі сот ісін тағайындағанға дейін басқа 
бұзушылықтар анықталған жағдайда сот 
тараптардың өтініші бойынша немесе өз баста-
масымен істі қайта тергеуге тек істің алдын ала 
тыңдалым кезеңінде жіберуге құқылы.
Жасөспірімді мерзімін ұзартпай қамауда ұстау, 
кәмелеттік жасқа толмағанға қамауға алынғаннан 
кейін 10 күннен кешіктіріп айып тағу, кәмелетке 
толмаған баланың қатысуымен өтетін жеке тер-
геу әрекеттерінің қорғаушысы немесе заңды 
өкілінсіз жүргізу және т.б. тәрізді іс жүргізу заңын 
басқа бұзушылық жағдайлары анықталған кезде іс 
қосымша тергеуге жіберіле алмайды. 
Мұндай бұзушылықтарға сот жеке 
қаулы шығаруы тиіс.
Кәмелетке толмаған баланың қорғау құқығын 
бұзушылық белгіленген кезде, ҚР ҚІК 9, 116, 128-
бб. талаптарына сәйкес заңмен көзделген негіз 
болған жағдайда сот істің тиісінше материалда-
рын дәлел күшін иеленбейтіндігі туралы шешім 
қабылдауы тиіс.


108
Алдын ала тыңдалымды сот тараптардың 
қатысуымен жабық сот отырысында жеке өзі 
жүргізеді, айыпталушының, оның қорғаушысы мен 
мемлекеттік айып тағушының қатысуы міндетті.
Істің алдын ала тыңдалымы барысында хаттама 
жүргізіледі. Істің алдын ала тыңдалымы нәтижелері 
туралы қаулы шығарылады.
1.3.  негізгі сот талқылауы
Кәмелетке толмаған баланың қылмысы тура-
лы іс бойынша негізгі сот талқылауы дайындық 
бөлімінің де бірнеше ерекшелігі бар.
Баланың, ата-анасының, 
қорғаушының және басқалардың 
қатысуы
Кәмелетке толмаған баланы айыптау бойын-
ша істі қарастырған уақытта сот отырыс залында 
жасөспірімдер – айыпталушының достары және та-
ныстары қатысуы мүмкін. Сондықтан ең алдымен 
олардың арасында 16 жасқа толмаған тұлғалардың 
бар екенін анықтап, оларды залдан шығару қажет, 
себебі 16 жасқа толмаған бұл тұлғалар сот процесіне 
қатыса алмайды. Мұның өзінде халықаралық 
стандарттарға сәйкес кәмелетке толмағандардың 
құпиялылық құқығы тергеу мен соттың барлық 
кезеңдерінде сақталуы тиіс.
Егер сотқа келуді тексеру кезінде (ҚР ҚІК 332-
б.) еркіндікте жүрген кәмелеттік жасқа толмаған 
айыпталушы белгісіз бір себептермен қатыспауы 
анықталса, барлық жағдайда тыю шарасын өзгертіп, 
қамауға алмау керек.
Заң сотқа келмеген айыпталушыны мәжбүрлеп 
әкелу құқығын ұсынады (ҚР ҚІК 315-б.). 
Жасөспірімге қатысты осы шара көп ретте 
жеткілікті болып табылады. Аталған ұсыным 
міндетті сипатта емес. Әрине, сотта жасөспірімнің 
сотқа қасақана келмеуі және кәмелетке толмаған 
бала қамқорлығына берілген тұлғаның кәмелетке 
толмаған баланы сотқа әкелу бойынша өз 
міндеттемесін орындамағаны туралы мәліметтер 
болған жағдайда, сот кәмелетке толмаған балаға 
қатысты таңдалған тыю шарасын өзгертуге құқылы. 
Бұл жағдайда сот кәмелетке толмаған баланы 
еркіндікте қалдырмау туралы шешімін дәлелдеуге 
міндетті. Қамауға алу кәмелетке толмаған балаға 
қатысты тек ерекше жағдайларда алынуы, ал шағын 
және орта ауырлықтағы қылмыстар туралы істер 
бойынша тіптен қолданылмайтындығын естен 
шығармаған абзал.
Сот ісіне кәмелетке толмаған баланың ісі бой-
ынша қорғаушының қатысуы міндетті (ҚР ҚІК 
486-б.). ҚР ҚІК 73-б. 2-б. сәйкес сот бас тар-
ту себептеріне қарамастан, кәмелетке толмаған 
баланың қорғаушыдан бас тартуын қабылдамауы 
тиіс.
Сот отырысына кәмелетке толмаған 
айыпталушының ата-анасы немесе өзге заңды 
өкілдері шақыртылуы тиіс. Олар сот тергеуінде 
дәлелдерді зерттеуге қатысуға, түсінік беру-
ге, дәлелдер ұсынуға, өтініштер мен наразылық 
білдіруге, сот әрекеті мен шешіміне шағымдануға, 
істі апелляциялық тәртіпте қарастыратын сот оты-
рысына қатысуға және шағымдарға түсінік беру-
ге құқылы. Аталған құқықтар сот талқылауының 
дайындық бөлімінде түсіндірілуі тиіс. Заңды 
өкілдер сот залында барлық сот талқылауы кезінде 
қатысады. Олардың келісімімен куәгер ретінде 
сотта жауап алынуы мүмкін.
Сот отырысына ата-ананың екеуі де кел-
ген жағдайда, сот олардың пікірін ескеріп әрі 
айыпталушының заңды мүдделерін қорғауды 
қамтамасыз ету міндетіне сүйеніп, заңмен 
көзделген заңды өкіл құқығын ата-ананың біреуіне 
беруі мүмкін, бұл сот отырысы хаттамасында 
көрсетіледі.
ҚР ҚІК 487-б. 5-б. сәйкес егер іс-әрекеті кәмелетке 
толмаған баланың мүддесіне зиян келтіреді не-
месе істі объективті қарауға кедергі келтіруге 
бағытталған деп есептеуге негіз болса, сот заңды 
өкілді іске қатысудан шеттетуі мүмкін екендігін 
есте ұстаған жөн. Бұл туралы сот дәлелденген 
қаулы шығарып, онда осындай шешім үшін 
нақты негіздер мазмұндалады. Мұндай жағдайда 
іске басқа заңды өкіл қатыстырыла алады, ал ол 
болмаған жағдайда қамқоршы және қорғаншы 
органы өкілінің қатысуы міндетті (ҚР ҚІК 487-б. 
1-б.).
Осы заң нормасын қолдану жасөспірім отбасында 
қалыптасқан қарым-қатынас ерекшелігіне байла-
нысты туындауы мүмкін (мысалы, ол ата-анасы-
нан қорқатын немесе олардың қатысуында дұрыс 
түсінік бермейтін жағдайда). Мұндай жағдайларды 
үнемі назарға алу керек, себебі оларды елемеу сот 
ісін негізсіз қиындатуға әкеледі.
Заңды өкілдерді сот талқылауына қатысудан шет-
тету соттың өз бастамасымен де, прокурор немесе 
қорғаушының өтінішімен де жүргізіледі.
Сот тергеуі
Сот тергеуі айыптаушының айыпталушыға айып 
тағу мәнін баяндаудан, ал жеке айып істері бой-
ынша – шағым берген тұлғаның немесе оның 
өкілінің, ал олар қатыспаған жағдайда – сот отыры-
сы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.
Сот отырысында кәмелетке толмаған баланың 
ісі бойынша дәлелдерді зерттеудің бірқатар 
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау