М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жеткеншек жасындағыларда кездесетін эмоцияналдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекцияналау
Орындаған: Қабылбек Ақбөпе
Тобы:ПСХ 20-1 тобы
Қабылдаған: Минасипова Айзат
Тараз 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………...........................................................................................................…3
1. ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
1.1. Жеткіншектердің тұлғалық даму ерекшеліктері..……………….....................………. 4
1.2. Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен..………………………........…7
1.3. Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық
тұрақсыздықтың себептері.....................................................................……………… 8
2. ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ
2.1. Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері.........................................................................................……………………… 12
2.2. Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты
мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау………......................................………………… 25
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................………………… 29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................………………… 30
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Кез келген жеке тұлғаның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, айналасындағы қоғамға, қоршаған ортаға, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты. Қазіргі таңда жетіліп келе жатқан жеткіншектердің жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде қолға алып диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету өзекті мәселердің бірі болып отыр. Эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екендігіне тоқталсақ: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» [1]. Эмоцияның теріс көріністерінің белең алуына байланысты қазіргі қоғамда өзгеге қиянат зорлық-зомбылық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында жаман қасиеттерінің сыртқа шығуы,, агрессивтілік әрекеттің күшеюіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Жеткіншектер ағзасында орын алатын түрлі психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты дағдарыстық даму кезеңі орын алады және сонымен қатар осы ахуалмен байланысты бала мінезінің кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы қиындықтардан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану көптеген жолдары анықталған. Жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігі орын алған жағдайда оларға нақты қолдау көрсету жолдары мен құралдарын анықтау жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |