85
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
жөніндегі сотының тәжірибесі егер өтініш
беруші сот отырысына өзі келсе және өзінің
бала асырап алуға келісімін растаған болса,
жұбайының/зайыбының қолын аталған тәртіппен
куәландырудың талап етілмейтінін көрсетеді.
Бала асырап алғысы келетін өтініш берушінің
денсаулығы оның ата-ана құқықтары мен
міндеттерін тиісінше іске асыруға кедергі
болмайтындығы туралы мәселені шеше оты-
рып, бала асырап алуға үміткерлердің ата-ана
құқықтары мен міндеттерін тиісті түрде іске
асыруға кедергі келтіретін ауруларының бо-
луы мүмкін екенін анықтау мақсатында олар
нәтижесі бойынша белгіленген нысандағы (№
086 анықтама) медициналық қорытынды берілетін
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің
мемлекеттік мекемелерінде әртүрлі медицина сала-
лары мамандарының (инфекционист, невропато-
лог, онколог, психиатр, нарколог және басқалары)
медициналық тексеруінен өтеді.
Алматы қаласы Кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі сотының тәжірибесі бала асырап алу
туралы істі сот қарауына дайындаған кезде немесе
оны мәні бойынша қараған кезде сот қажет болған
жағдайларда бала асырап алушыларға үміткерлерді
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін
белгіленген тәртіппен
алынатын медициналық
қорытынды тапсыруға міндеттеуге құқылы екенін
көрсетеді. Сотқа ұсынылған отбасылық дәрігер
берген медициналық анықтамалар ғана жарамсыз
болып саналады.
Кодекстің 95-бабына байланысты, жасы онға
толған баланың өзін асырап алуға келісімі сотта
ата-аналардың міндетті қатысуымен белгіленетін
және жеке құжатта не қамқоршылық және
қорғаншылық органының бала асырап алудың
бала мүдделеріне сәйкестігі және негізділігі тура-
лы қорытындысында көрсетілетін асырап алудың
міндетті шарты болып табылады.
Кодекстің 85-бабының 1-тармағы бала асырап алу-
шыларды асырап алатын баламен жеке танысуға
және онымен кемінде екі апта бойына кездесуді
міндеттейтіндіктен, сот сотта істі қарау барысын-
да асырап алынатын баламен өтініш берушілердің
араласу жағдайын зерттеуге, олардың арасында
байланыс орнатылғанына көзін жеткізуге тиіс.
Заң (Кодекстің 84-бабының 1-тармағы) бала-
ны асырап алуға балалардың толыққанды тән
саулығын,
психикалық, рухани әрі адамгершілікті
дамуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктер ескеріле
отырып, бала мүддесі үшін ғана жол беріледі.
Соттарға арналған жалпы ереже мынаны білдіреді.
Асырап алатын кезде бірінші орынға бала мүдделері
қойылуы тиіс. Кодексте бала мүдделерінің түсінігі
берілмейді. Заңнамадағы аталған олқылық белгілі
бір дәрежеде 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №
17 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулысымен жойылды, бұл қаулының
13-тармағы асырап алған кездегі баланың мүддесі
деп, атап айтқанда, оның толыққанды тән
саулығын, психикалық, рухани әрі адамгершілікті
дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз
етуді түсіну деп ұғу қажеттігін ұсынады. Бұл ұғым
соттың әрбір нақты жағдайда бала құқықтарының
сақталуына ықпал ететін әр түрлі жайттарды бала
мүддесіне жатқызуына мүмкіндік береді. Сондай-
ақ бала мүдделері материалдық факторларды да
қамтитын көп аспектілі үғым екенін айта кету ке-
рек, соттың бұларды елемеуге құқысы жоқ.
Бала асырап алудың бала мүдделеріне
сәйкестігі
және әрбір нақты жағдайда бала асырап алуға
қолжетімділік туралы мәселені шешкен кезде
соттың асырап алушылардың адамгершілік және
өзге жеке қасиеттерін (жұмыстағы, тұрмыстағы
өтініш берушінің мінез-құлқын сипаттайтын жайт-
тар, қасақана қылмысы үшін соттылығының бо-
луы), оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ оны-
мен бірге тұратын отбасы мүшелерін, отбасында
қалыптасқан өзара қарым-қатынасты, осы тұлғалар
мен баланың арасында туындайтын қатынастарды
тексеруі және ескеруі керек. Аталған жайттар бөгде
тұлғалар, өгей әкесі, өгей шешесі және баланың
туыстары баланы асырап алған кезде тең шама-
да ескерілуі тиіс (2000 жылғы 22 желтоқсандағы
№17 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
нормативтік қаулысының 13-тармағы).
Сондай-ақ заңның балалар асырап алу үшін
олардың денсаулығына байланысты қандай да бір
шектеулерді көздемейтінін ескеру керек.
Сонымен
бірге егер асырап алынған бала қандай да бір ауру-
лармен ауыратын болса, сот асырап алушылардың
баланың ауру екенін білетінін, сондай-ақ олардың
осындай балаға тиісті күтім және тиісті емдеуді
қамтамасыз ете алатынын анықтауы қажет.
Соттың өтініш берушілердің жеке бастарының
Кодекстің бала асырап алушыларға қойылатын
талаптарына сәйкестігі, бала асырап алуға
негіздемелерінің болуы, асырап алудың міндетті
шарттарының сақталуы, асырап алудың баланың
мүдделеріне сәйкестігі туралы тұжырымдары
қолжетімді дәлелдемелерде, яғни, заң талаптарына
сай келетін дәлелдемелерде негізделуге тиіс.
Бала асырап алу туралы іс бойынша барлық
дәлелдемелер
зерттелген соң, істің мәні бойынша
қорытындыны прокурор береді.
86
мемлекеттік органдар мен ұйымдар арнайы беретін
кірістері, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы,
оның ішінде психологиялық жағдайы туралы,
сотталмағаны туралы, нашақорлық (уыттылық),
алкогольдік тәуелділігі болмағаны туралы,
әлеуетті ата-аналар ретінде жеке адамгершілік
қасиеттері туралы анықтамаларымен Қазақстан
Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы
Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын
қорғау саласындағы уәкілетті органдарына
жүгінеді.
Егер шыққан жеріндегі мемлекеттің орталық ор-
ганы баланың асырап алынатынына сенімді болса,
онда ол: баланың отбасын және кез келген ерек-
ше сұраныстарын қоса алғанда, баланың жеке ба-
сын, асырап алыну мүмкіндіктерін, биографиялық
деректерін, әлеуметтік ортасын, отбасының тари-
хын, медициналық картасын қамтитын баяндама
дайындайды, тиісті түрде баланың тәрбиесін және
оның
этникалық, діни және мәдени байланыста-
рын, ортасын ескереді, атап айтқанда, баяндамалар
негізінде балаға және болжанатын асырап алуды
іске асыратын ата-анасына қатысты қарастырылып
отырған баланы асырап алуға беру фактісі баланың
ең қажетті мүдделеріне сай келетінін анықтайды.
Ол қабылдаушы мемлекеттің орталық органы-
на бала туралы өз баяндамасын береді. Әлеуетті
ата-аналардың жазбаша келісімін, сондай-ақ екі
мемлекеттің де орталық органдарының бала асы-
рап алу орын алатыны туралы келісімдерін алған
соң, шыққан жерінің мемлекеті болжанатын
қабылдаушы ата-анасына баланы сеніп тапсыру
мүмкіндігі туралы шешім қабылдай алады.
Әлеуетті ата-аналар асырап алынатын баланың
құжаттарымен жеке танысуға және баланың
денсаулық
жағдайы туралы медициналық
қорытындымен танысу фактісін жазбаша түрде
растауға міндетті.
Баланы асырап алу мүмкіндігі туралы Қазақстан
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау
саласындағы уәкілетті органынан жауап алған кез-
3-бөлім.
шетелдік азаматтарының
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуы жөніндегі
азаматтық істер
3.1. Халықаралық асырап алу
тетіктері
Қарастырылатын тарауда бірінші кезекте
халықаралық бала асырап алудың тиісті күтімді
қамтамасыз ету немесе баланы тұратын елінде от-
басына орналастыру мүмкіндігі болмаған кездегі
жағдайларда ғана баланы орналастырудың бала-
ма нысаны ретінде қолданылуы мүмкін екенін
атап кету керек. Басқаша айтқанда, баланы
халықаралық асырап алу қалай болғанда да ата-
ана қамқорлығынан айрылған балаларға қатысты
мемлекеттің қолдана алатын шарасы болып табы-
лады.
Басқа елден бала
асырап алғысы келетін адам-
дар өзінің тұрғылықты жеріндегі тиісті орталық
органға өтініш береді, олар аталған адамдардың
қылмысқа қатысты өткенін, олардың әлеуметтік-
тұрмыстық және моральдық жағдайларын,
қаржылық ауқаттылығын, денсаулық жағдайын
тексереді, сондай-ақ әлеуетті бала асырап
алушылардың өзге адамдардан алған бала асы-
рап алу құқығына ұсынымхаттары болуы тиіс.
Жергілікті органдардың тиісті тексеруінен соң
бала асырап алуға рұқсат беріледі.
Егер қабылдаушы мемлекеттің орталық органы
өтініш берушілердің бала асырап алуға құқығы ба-
рына және осыған сәйкес келетініне сенімді болса,
ол олардың жеке бастары, құқықтары және бала
асырап алуды іске асыруға қабілеттілігі туралы
ақпаратты, биографиялық деректерді, медициналық
картаны және отбасы тарихын, әлеуметтік орта-
сын, асырап алу себептерін,
шетелдік бала асырап
алуды іске асыру қабілетін, сондай-ақ олардың
қамқорлық жасайтын балаларының сипаттамала-
рын қамтитын баяндама әзірлейді. Ол баяндаманы
шыққан жеріндегі мемлекеттің орталық органына
тапсырады.
Осыдан соң шетелдіктер бала асырап алғысы
келетіндері туралы жазбаша өтінішпен, сондай-
ақ бала асырап алу жөніндегі уәкілетті шетелдік
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен