77
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Мамандардың жоғарыда аталған қорытындылары
арқылы А деген баланың сот отырысында әкесі
С-мен бірге тұрғысы келетін қалауы оның шы-
найы еркін білдіруі болып табылатыны растала-
ды.
Судья істің жағдайына байланысты азаматық
іс жүргізу заңнамаларында көзделген өзге де
дайындық әрекеттерін жүргізеді.
Сот аталған санаттағы істі қарағанда талапкер мен
жауапкердің жұмыс орындарын, олардың жұмыс
кестелерін, айлық кірістері мен шығыстарын
анықтауы қажет. Бұл ретте Қазақстан 1994 жылы
8 маусымда ратификациялаған «Бала құқықтары
туралы» конвенцияның 3-бабында
мемлекеттік
немесе әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерімен
айналысатын жеке мекемелердің қайсысының
қолданатынына қарамастан, балаларға қатысты
барлық әрекеттерде, соттар басты назарды баланың
мүдделерін барынша жақсы қамтамасыз етуге ауда-
ратынына байланысты болуы керек.
Бала құқықтары туралы конвенцияның
9-бабына сәйкес, қатысушы мемлекеттеp
ата-анаcының біреуінен немесе eкеуінен де
айырылған баланың құқығын құрметтейді,
баланың ең бір қажетті мүдделеpіне қайшы
келетін жағдайларды қоспaғандa, баланың
атa-анасының екеуімен де жекe қаpым-
қатынаста болып, тікелей байланыс жасау-
ын тұрақты негіздe қолдайды.
Сондықтан сот бала мүдделерінің ең жақсы
қамтамасыз етілуін қамтамасыз ететін осындай
шешім шығаруға тиіс. Бұл үшін сот баланың ата-
анасының әрқайсысына, ағалары мен апаларына
бауыр басу деңгейін, оның жасын, ата-анасының
адамгершілік және басқа да жеке қасиеттерін,
әрбір ата-ана мен баланың арасында болатын
қатынастарды, оның дамуына және тәрбиесіне
жағдай жасау мүмкіндігін (қызмет түрі, ата-
аналардың
жұмыс тәртібі, олардың материалдық
және отбасылық жағдайы және т.с.с.), сондай-ақ
ата-анасының әрқайсысының тұратын жеріндегі
жағдайын сипаттайтын басқа жайттарды да
анықтауға тиіс. Ата-ананың бірінің материалдық-
тұрмыстық жағдайдағы басымдығы осы ата-ананың
талаптарын қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз бо-
лып табылмайтынын ескеру керек («Неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі
73-бабының 2-бөлімі, ҚР Жоғарғы Сотының № 4
нормативтік қаулысының 5-т.).
Баланың туғаннан бастап ата-анасының
қайсысымен тұрғанын, ата-аналардың қайсысының
бала тәрбиесі үшін көбірек көңіл бөлгенін,
кімнің бала тәрбиесіне дәлелді себеппен қатыса
алмағанын, ата-анасының қайсысымен және
қандай себептер бойынша баланың бірге тұруды
қалайтынын анықтау қажет.
Дәлелдемелердің
бірі болып табылатын
қамқоршылық және қорғаншылық қызметтерін
жүзеге асыратын орган өкілінің және маманның
қорытындысымен келіспеген жағдайда, сот өзінің
келіспеу уәждерін көрсетуі тиіс.
Баламен араласу тәртібін белгілеу туралы
қосымша талап ұсынатын жағдайда, талапкердің
қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі
қызметтерді іске асыратын органға («Неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі
(бұдан әрі – Кодекс) 73-бабының 3-т. сәйкес, осы
тәрізді өтінішпен жүгінгенін тексеру қажет. № 4
нормативтік қаулының 7-т. сәйкес (31.05.2012 ж.
№ 2 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістер
және толықтырулармен) соттар аталған істер сана-
ты үшін заңнамамен белгіленген даудың алдын ала
шешілу тәртібін талапкердің сақтауын және осы
тәртіпті қолдану мүмкіндігін
жоғалтпағанын еске-
руге тиіс. Аталған тәртіпті сақтамаған жағдайда
ҚР АІК 154-бабы 1-бөлімінің 1-тармағына сәйкес,
талап арыз қайтарылуға тиіс.
Баламен араласу тәртібін белгілеу туралы
талаптардың кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі соттардың қарауына жатпайтынын ай-
тып кету керек.
Баламен араласу тәртібін белгілеу туралы қарсы
талапты сот өндірісіне қабылдаған жағдайда,
сот әрбір нақты істің жағдайын ескере отырып,
осындай араласу тәртібін баладан бөлек тұратын
ата-ананың онымен араласу құқығына, сондай-
ақ осы ата-аналармен араласу кезіндегі кәмелетке
толмаған баланың құқықтары мен мүдделерін
қорғау қажеттігіне байланысты айқындайды (ара-
ласу уақыты, орны, ұзақтығы және т.с.с.) және оны
шешімнің бұрыштама бөлігінде баяндайды. Ата-
ананың баламен араласу тәртібін анықтаған кез-
де
оның жасы, денсаулық жағдайы, ата-анасының
әрқайсысын жақсы көруі, баланың жеке және
психикалық жағдайларына, оның адамгершілік да-
муына әсер етуге жарамды өзге жайттар назарға
алынады (№ 4 нормативтік қаулының 7-т.).
Мысалы, Н-нің (ана) 6 жасқа толған баланың
тұратын жерін анықтау және баланың әкесімен
араласу тәртібін белгілеу туралы Ш-ға (әке)
қарсы ісі бойынша сот психологтың кеңестерін
ескеріп, баланың анасы Н-мен бірге тұратын
жері анықталған соң, аталған шешіммен мына-
дай кесте белгіледі:
апта сайын, мектептегі сабақ
аяқталғаннан кейін, жұмадан бастап жексенбі күнгі
сағат 17.00-ге дейін. Каникул күндері әкесінде
де, анасында да бірдей болады. Аталған кесте
бәрінен бұрын бала үшін ыңғайлы. А деген бала
өзі дүйсенбіден жұмаға дейін баратын жалпы білім
78
беретін мектептің бірінші сыныбына баруға дай-
ындалуда. Сондықтан оқу уақытындағы жағдайды
өзгерту бала үшін қолайсыздықтар тудыратынын
және бастауыш сыныптарда бала тиісті бағдарлама
бойынша материалды игеріп кетуі үшін үй тап-
сырмаларын орындау, қарқынды айналысу қажет
екендігі ескерілді. Одан басқа, жауапкер Ш-ның
сотқа түсіндіргеніндей,
оның жұмыс кестесі
дүйсенбіден жұмаға дейін созылады. Сенбі және
жексенбі күндері – демалыс. Бала өзінің негізгі
тұратын жері бойынша оқу аптасына дайындалуға
тиіс болғандықтан, жексенбі күні сағат 17.00-
ге дейін А деген баланың жауапкер Ш-мен
араласуының талапкер ұсынған нұсқасы негізделді
(тараптар мен олардың өкілдері істі соттың ұзақ
қарауынан кейін аталған шешімге қатысты сотта
шағымданған жоқ).
Осындай шешімдер шығарған кезде, сот Кодекстің
73-бабының 4-бөліміне сәйкес, шешімнің
дәлелденген бөлімінде ата-ана құқықтарын іске
асыру тәртібі туралы сот шешімі орындалмаған
кезде кінәлі ата-анаға Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жауапкершілік жүктелетіні
түсіндірілуі тиіс. Баладан бөлек тұратын ата-
ананың талабы бойынша сот шешімі қасақана
орындалмайтын кезде
сот баланың пікірін еске-
ре отырып, және баланың мүдделеріне байланы-
сты баланы әкесіне/анасына беру туралы шешім
шығара алады.
Соттар әрбір сот процесінде талапкерге және жа-
уапкерге татуласу мүмкіндігі, оның ішінде «Ме-
диация туралы» Қазақстан Республикасының
Заңнамасында көзделген медиация тәртібі тура-
лы түсіндіруі тиіс. Медиация процедураларын
түсіндіруі қажет. Тараптардың сот кеңсесінен ме-
диаторлар ұйымдарының мекенжайлары мен теле-
фон нөмірлерін алу мүмкіндігі болуы тиіс.
ҚР АІК 247-бабының 4-1 т. сәйкес, егер тараптар
медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім
жасаса және оны сот бекіткен болса, іс бойынша
өндіріс сот ұйғарымымен тоқтатылуға тиіс.
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен