ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет70/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79

145
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
көрсетті, яғни Ілияс өзін алға қойған мақсаттарына 
жете алатын қабілеті бар деп есептейді. 
Ол шамадан аспайтын деңгейде өзімшіл, әлеуметтік 
байланыстарға қызығушылық танытады. Мінезінің 
акцентуация түріне (гипертиімді және аффектілі) 
байланысты Ілияс елгезек, көпшіл, шектен тыс 
тәуелсіз бола алады, бұл оның араласатын орта-
сына байланысты белсенді немесе енжар түрде 
қатысатын жанжалдарының көзі болуы мүмкін. 
Ол қуанышты оқиғаларға тез шаттануы, ал қайғылы 
оқиғаларға тез мұңаюы мүмкін. 
Ол тез тұтануы, ашуға бой алдыруы, сонымен 
қатар туысқандарына, достарына бауырмалдық, 
рақымдылық қасиеті, сезімдерінің шынайы, аль-
труизм жағдайда болуы мүмкін. 
Интровертирлік мінез-құлықтың көп байқалуы 
жасы үлкендер тарапынан жігері жасып 
қалуға, сенімсіздіктің себебі болып табылатын 
тұйықталуға, сыртқы байсалдылыққа, түсіндіріп 
болмайтын қылықтарға, жалғыздыққа байланысты 
болады. Ілияс сенімді қарым-қатынас жасағанды 
жақсы көреді, бірақ жасы үлкендердің оның жігерін 
басатын тегеурініне қарсы тұра алмайды.
 Ілияс өзінен жасы үлкендерге тез көнуі мүмкін, 
шұғыл жағдайларда бір сәттік көңіл-күйдің, тым 
қатты ашуланудыңжетегінде кетуі мүмкін. Бұл К. 
Ілиястың анасы –А. К. Сайранға жүргізілген зерт-
теулер арқылы расталатын отбасындағы тәрбиеге 
байланысты. Әдістеме қорытындысы анасының 
абыройы тым жоғарыекенін, ол басымдық 
көрсететінін, әкесінің тәрбиеге «қатыспайтынын», 
оның отбасының шаруасына араласпайтынын, бала 
жігерінің басып тасталатынын, оның қарсылығын 
жеңетіндігін көрсетті.
Бұндай қарым-қатынас әкесіз бала тәрбилеп 
жатқан анаға тән, себебі олар баладан «айырылып 
қалудан» қауіптенеді және олар ата-ана мен бала-
лар арасында тең қарым-қатынас құрады, баланың 
дамуын тездетуге тырысады, олардың дұрыс агрес-
сиясын, жігерін басып тастайды, сол арқылы бала-
ларын көптеген жағдайда өздеріне сенімсіз әрі же-
текке ергіш қылады.. Әдістердің қорытындылары 
жоғарыда айтылғандарды растайды.Сондай-ақ 
ондай қарым-қатынас отбасы менталитетіне сай 
Ілиястың ағаларына қалтқысыз бағынуының 
ықпалымен де нығайтылады.Отбасылық қарым-
қатынасты талдауда жобалық әдістердің деректері 
отбасы мүшелері арасында жоғарғы эмоционал-
ды байланыс бар екенін, бірі- біріне мейірімді 
қарайтынын, бірін-бірі қорғайтынын, бір-біріне 
сенетінін, бірақ тәрбиелеудің ерекшеліктері 
бұзылғанын көрсетті. 
Сөйтіп, зерттеу кәмелетке толмаған бала (К. 
Ілияс) баланың әл-ауқатына қауіпті қиын жағдайда 
(жәбірленушіден алқаны үзіп алған жасөспірімдер 
тобында болды) жоғарыда көрсетілген себептердің 
кесірінен жігерсіздік танытуы және өзінің 
көзқарасын қорғай алмауы мүмкін екенін көрсетті.
Ұсынылады: 
1.  Айыпталушының еркін дамыту, жауапкершілік 
сезімін арттыру және қалыпты өмірдегі өз 
әрекеттерінің себептеріне назар аударуы бой-
ынша түзету жұмыстары. 
2. 
БӘБ (Балаларды әлеуметтік бейімдеу) 
орталығы жасөспірімнің отбасында өсу 
ерекшеліктеріне байланысты ең төмен жазалау 
шарасын қолдануды өтінеді және жасөспірімге 
әлеуметтену мүмкіндігін беру қажет деп санай-
ды. 
30.10.2008 ж.
Психолог 
  Н.А.Красникова 
Әлеуметтік педагог   
Ж.М.Мұқажанова 
2-мысал 
Астана қаласы кәмелетке толмағандар 
істері жөніндегі соттың сұранысы бойынша 
кәмелетке толмаған Ш.Әнелді әлеуметтік-
психологиялық зерттеу қорытындысы 
(қылмыстың құрбаны болған балалар)
Баланың аты-жөні: Ш. Әнел 
Жасы: 7 жаста
Сұранысқа сәйкес психологоиялық зерттеу 
деректері:  14.11.2009 жылы Астана қаласының 
Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында Ш. 
Әнелге психологиялық зақым алған-алмағанын 
анықтау үшін экспериментальды-психологиялық 
зерттеу жүргізілді және бала мен ата-ана қарым-
қатынасына диагностика жасалды. 
Зерттеу жүргізген кезде баланың өзіндік көңіл-
күйінің шамасы бойынша орташа мән алынды, яғни 
сыналатын жүктеме адекватты, бірақ белсенділік 
бойынша жоғарғы балл баланың жай-күйінің 
ширығып тұрғанын көрсетеді, бұл жағдайда бала 
барынша тиімділікке бағытталған және жаңаны 
қабылдауға дайын. 
Зерттеу мынадай көрсеткіштер бойынша зақымнан 
кейінгі күйзеліске шалдығу белгілерінің жоқтығын 
растайды: 

физиологиялық (іш ауруы, жүрек айну, құсу, 
несеп шығарудың, ұйқының бұзылуы, тартылу-
лар)

когнитивтік, жады диагностикасы: Жады 
өте жақсы дамыған, көлемді ақпараттың 
есте сақтау туралы тапсырма берген кез-
де қиындықтар туындамайды; ойлау қабілеті 
жақсы дамыған, маңызды белгілерді, объектілер 
мен жағдайларды ерекшелеу қиындық 


146
туғызбайды; қабылдаудың даму деңгейі өте 
жоғары. Пішіннің маңызды элементтерін оңай 
ерекшелейді, объект бүтіндігі бұзылғанын тез 
байқайды; еркін назар аудару жоғарғы деңгейде. 
Назарды көп шоғырландыруды және оны ұзақ 
уақыт ұстап тұруды талап ететін тапсырмалар 
балаға қиындықтар туғызбады және өте жоғары 
жетістікпен орындалады. 

мінез-құлықтық (ойындардағы оқиғалардан 
жеңілу, қауіпсіздікті ойлау және нақтылау, 
тұрақсыз ашушаң мінез-құлық, мінез-құлықтың 
өзгеруі, күйзеліс немесе шектен тыс бауыр 
басушылық).
Эмоционалды саланы (байланыстан қашқақтау, 
өз әрекеттеріне бүтіндей тартылу, өзінің 
жауапкершілігіне алаңдауы, еске түсіруден қорқу, 
жалғыздық, ата-аналардың көңілінен шықпай 
қалудан қорқу) және алаңдаушылық деңгейін зерт-
теген кезде қыз баланың жалғыздық күйге түсу ре-
акциясы орындалды, бұл жағдайда Әнел кенеттен: 
«Бізге басқа қаладан аға келді, ол менің төсегіме 
жатты, мені және жыныс мүшелерімді тістей ба-
стады», – деді (сөзбе сөз жазылған).
Сөйтіп, зерттеу баланың жадысында зақымнан 
кейінгі күйзеліске шалдығудың кейбір эмоциялық 
симптомдары ұзақ сақталатынын көрсетті, бұл 
балаға қатысты әрекеттердің болу фактісін және 
оның салдарын анықтауға мүмкіндік береді.. 
Зерттеу балада қорқыныштың салдары барын рас-
тайды: ересек адамының түсініксіз әрекеттеріне 
таңдануы байқалады, «Үй, ағаш, адам», «Жоқ жа-
нуар» жобалық әдістемелермен (айқын білінетін 
демонстративтілік, қауіпсіз болуға мұқтаждық, 
психологиялық жылудың, қамқоршыл бақылаудың 
жетіспеушілігі, алаңдаушылық, әлсіздік) растала-
тын алаңдаушылық.
Туындаған жағдайға қатысты бала мен ата-ана 
қарым-қатынасының диагностикасы жасалды, бұл 
бала мен ата-ана қарым-қатынасының нашарлауы-
на байланысты баланың жағдайы қолайсыз бола-
тынын көрсетті. 
Д. деген қыздың биологиялық анасы Б. Гүлнармен 
«Ата-ана психодиагностикасы» тестін өткізген 
кезде мынадай ауытқулар байқалды: 

балаға қатысты санкциялардың мейлінше аз бо-
луы;

отбасылық құндылықтарды, өз тұлғасын 
қалыптастырудағы ата-ананың құрамдас 
бөлігін,, ата-ананың ұстанымын, сезімін, ата-
ананың қарым-қатынасы мен ата-ананың 
жауапкершлігін, тәрбиелеу стилін сезіну 
деңгейінің мейлінше төмен болуы;

ананың тұлғалық дамуында ата-ана болудың 
мәнін жете бағаламау.
Баланың биологиялық анасымен болған әңгімелесу, 
бала туысының тарапынан жыныстық әрекеттерге 
ұшыраған кезде анасының түнде үйде болмағанын, 
сондай-ақ, оның баласына немқұрайлы көзқарасын 
растайды. Баланың мүддесін қорғауды өтініп 
баланың тәтесі, анасының туған апасы келді. 
3-мысал 
Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері 
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 
сотының сұранысы бойынша кәмелетке 
толмаған Ш.Сабинаны әлеуметтік-
психологиялық зерттеу қорытындысы
2011 жылы 20 тамызда Астана қаласының «Ба-
лаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» ҚБ 
Ш.Сабинаға мынадай жайттарды анықтау 
мақсатында психологиялық зерттеу жүргізді: 
1.  Мінез бен іс-әрекеттің тұлғалық ерекшеліктерін 
анықтау;
2. Алаңдаушылықтың болуы және оның басын-
да болған жағдайлардан кейінгі оның хал-
жағдайын анықтау (қыз бала оны өгей әкесі 
жарты жыл бойы зорлағанын айтқан болатын);
3. Болған жағдайларды психологиялық тұрғыдан 
қабылдауын зерттеуБала жанына жарақат 
түсірген оқиғалардан кейінгі баланың тұлғалық 
ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері: 
Қыз бала ұстамды, аффект жағдайлар мен қызу, 
буырқанған эмоцияларға бейім емес, адамдар-
мен қарым-қатынасы суық және ресми. Беймаза, 
тіпті таныстарына да сақтықпен қарайды. Оқуда 
қиыншылықтары бар, материалдарды талдап, 
қорытындылап жеткізе алмайды, абстрактілі тап-
сырмаларды шеше алмайды. 
Қыз бала ашуланшақ, шыдамсыз. Оған көбінесе 
энергия жетіспейді, сондықтан ол өзін әлсіз және 
өмірдегі қиыншылықтарды жеңуге қауқарсыз 
сезінеді. Қайғыға бейім, көңілі тез түсіп кетеді, 
классикалық алаңдаушылық неврозы байқалады. 
Оның жағдайы психикалық зақымның нәтижесі 
болып табылады.
Субъективті бақылау деңгейін зерттеу (СБД) 
кезінде анықталды: 
Қыз баланы оның кез келген маңызды жағдайларға 
субъективті бақылау деңгейінің төмен болуы си-
паттайды. Мұндай адамдар өзінің іс-әрекеті мен 
өмірдегі өзі үшін маңызды оқиғалардың арасындағы 
байланысты көрмейді, өздері осы байланысқа 
бақылау жасай алмаймын деп есептейді және 
көптеген оқиғалар мен әрекеттер кездейсоқтық 
немесе басқа адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі 
деп ойлайды. 
7-тарау.
Сот тәжірибесіне әлеуметтік-психологиялық сарапшыларды тарту


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау