ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет67/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79

139
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
әдеттенген істерімен айналысады. Көңіл-күйінің 
кездейсоқ толқуына ерік бермейді. Болмашы 
нәрселерге бола көңілін бұзбайды. Моральдық 
нормаларды қабылдау деңгейінің жоғары болу-
ымен ерекшеленеді, жауапкершілігі мол, өзін-өзі 
жақсы бақылай алады, берік моральдық принцип-
термен өмір сүреді, адал ниетті, саналы. 
«Ата-ананың нұсқаулары мен реакцияларын 
өлшеу» тесті:
 бала мен ата-ана арасындағы қарым-
қатынас барабар тұлғааралық қашықтықпен си-
патталады. Ата-ана бала үшін жеткілікті шамада 
абыройлы адам болып табылады және ол мұны 
түсінеді, бірақ баланы өзіне тәуелді қылуға тыры-
спайды. 
Ана баласының тұлға ретінде дамуына ықпал етеді, 
оған дербестігін көрсету үшін ерік береді. Баланың 
қателік жасау құқығын өзіне қалдыра отырып, егер 
балаға көмек немесе кеңес қажет болған жағдайда, 
ол көмек қолын соза алады. Ата-анасы баланың өз 
пікірін білдіру құқығын мойындайды және оның 
мүдделерін құрметтейді. Баланың белсенділігіне 
ата-анасы белгілеген аяда ғана қолдау көрсетіледі. 
Ата-ана баласының пікірін сыйлайды, бірақ 
оған ересек адамның көзқарасы тұрғысынан 
қарайды. Баламен эмоционалды қарым-қатынас 
жасау ыңғайлы. Ата-ана баланың бастамасын 
көтермелейді. 
Бала ата-анасы қолдаған және қатысқан жағдайда 
өзін белсенді түрде көрсете алу мүмкіндігіне 
ие. Оның үстіне балаға достық қарым-қатынас 
мәжбүрлеп таңылмайды, бала үшін ыңғайлы 
арақашықтық сақталады әрі ата-ана-бала қарым-
қатынасының шекаралары айқын білінеді. Ата-
ана-бала қарым-қатынасында эмоционалды 
арақашықтық оңтайлы болып табылады. Ата-
ана балаға жасына сәйкес назар аударады. Оған 
табиғи дамуына кедергі келтірмейтін деңгейде 
қамқорлық пен ықылас көрсетіледі. Ата-ана ба-
ланы дамытуға бағытталған әрекеттер жасауы 
мүмкін, бірақ ол баланың мүмкіндіктеріне сәйкес 
келеді. 
«Отбасының істеріне күйеуінің қатыстырылмауы» 
шәкіліне назар аудару қажет. Бұл шәкіл бой-
ынша жоғарғы көрсеткіш (18) ерлі-зайыптылар 
арасындағы шиелініспен, моральдық және 
эмоционалдық қолдаудың жетіспеушілігімен бай-
ланысты. 
«Ата-аналардың кірпияздығы, ашуланшақтығы» 
шәкіліне назар аударған жөн. Бұл шәкіл бой-
ынша төмен көрсеткіштердің болуы отбасында 
эмоционалдық бұзылулардың бар екенін растайды.
«Бала әлеміне шектен тыс араласу» шәкіліне назар 
аударған жөн. Бұл шәкіл бойынша көрсеткіштердің 
жоғары болуы (20) баланың жеке тұлғалық 
шекараларының бұзылғанын көрсетеді. Бұл оны 
ата-аналармен араласқан кезде қауіпсіздік сезімінен 
айырады. 


140
З. Настя – 8 жаста: Қыз бала ашық-жарқын, тіл 
табысқыш, оңай қарым-қатынас жасайды, эти-
кет ережелерін біледі. Әдістемелерді өткен кез-
де интеллектісінің, мектептегі алаңдаушылық 
нормасының деңгейі жоғары екенін және даму үшін 
қабілеттерінің жақсы екенін көрсетті  («Равенн ма-
трицасы», «Филипстің мектептегі алаңдаушылығы» 
тесті, «Бірінші сынып оқушыларының бейімделуі» 
жобалық тестілері) Жобалық тестілер інісіне, ана-
сына, апасы Машаға бауыр басуы орын алғанын 
көрсетеді. 
Настя әкесінің суретін өзінен алыс және қалған 
фигуралардың бәрінен кішкентай етіп салады, екі 
аттан (Настя және інісі Женя) және екі мысықтан 
(анасы мен Маша) тұратын кетіп бара жатқан 
топтың ізіне қарап тұрған кішкене ит ретінде 
бейнеледі. Әңгімелескен кезде Настя әкесінің 
жаңа әйелінің – Таня апасының туған күнінде 
болғанын, үлкендер сыра мен коньяк ішкенін, ал 
Лераның (Татьянаның қызы) оны ренжіткенін ат-
тты. Настя әкесі туралы әңгімелегенде, әкесінің 
оған айқайлап жіберуі мүмкін екенін айтты. Қыз 
әкесімен, тек Таня апасы мен оның қызы Лерасыз, 
паркте кездесуге дайын. 
З. Женя – 3 жыл 10 ай: ұл бала белсенді, 
жыбырлақ, ойындарға тез қызығады, бір ойын-
нан екінші ойынға тез ауысады. Интеллектісінің 
дамуы баланың жасына сәйкес келеді («Пира-
мида», «Түстер», «Үй және жабайы жануарлар», 
«Құрастыру» және т.б. ). Женя тақпақтар біледі, 
ән айтады, бірақ бала көп алаңдай беретіндіктен 
(92%) бір нәрсеге назар қоя алмайды, бала тыным-
сыз, ұшқалақ. Бұған отбасындағы эмоционалдық 
жағдайдың және бала-ата-ана қарым-қатынасының 
бұзылуы себеп болып саналады. Әңгімелескен кез-
де Женя әкесімен серуендейтінін және оны жақсы 
көретінін айтады. 
БӘБ орталығындағы кездесу кезіндемыналар 
анықталды: бірінші кездесу тек балалардың ата-
аналарымен өткізілді, себебі психолог ата-аналарға 
балалардың өмірлеріндегі қиын жағдайларға 
бейіміделуіне барынша көмектесетін кездесулер 
шарттарын қарастыруды және ата-аналардың 
балаларының бейіміделуіне көмектесуін 
ұсынды. Бір сағаттық әңгімелесуден кейін анасы 
балалардың әкесімен күні бойы кездесуіне келісті, 
бірақ әкесі «Егер бұл жерде балалар болса, мен 
олардан сұрайтын едім» деп, есікті тарс жауып 
шығып кетті. 
Екінші кездесу балалардың қатысумен 
ұйымдастырылды. Настя психологтың жанында 
отырып (анасынан шығып кету сұралды), әкесіне 
Лераның оның тізесіне отыратыны, оны әке деп 
атайтыны, үйде айтқанын істететіні, ноутбукті 
бермейтіні ренжітетінін айтты. «Неге ол сені әке 
деп айтайды? Сен менің әкемсің ғой! Неге ол 
айтқанын істетеді? Бұл менің үйім ғой!». «Мен 
сенімен бірге Таня апасыз қыдырамын», «Қонуға 
қалмаймын» деді (сөзбе- сөз жазылды). 
Бала шын көңіліндегі сөзді айтты: Настяның еріні 
дірілдеп. Жылап жіберді, бірақ психолог оны 
қолдап, жұбатты. 
В. В. қызының сезімін бірінші рет естігендей бол-
ды, бірақ кейін өзін-өзі қолына алып,«Оған үйретіп 
қойған», - деді де,кейін бірінші кездесудегідей 
есікті тарс жауып шығып кетті.
Түйін: Ерлі-зайыптылардың екеуінің де жеке 
мінездемелерінің деректері олардың үйлесімділігі 
төмен екенін растайды; балалардың биологиялық 
әкесінің алкогольды шамадан тыс қолданатындығы, 
күрт ашу шақырып, қолайсыз мінез-құлық таныта-
тыны анықталды. 
Осының салдарынан балалардың әкесінің үйінде 
түн уақытында болуына шектеу қою ұсынылады. 
Бұған қоса, кездесу кезінде балаларды бір-бірінен 
ажыратпау ұсынылады, өйткені оларды бір-бірінен 
бөлу кішкентай балаға теріс әсер етеді. Ғалымдар 
дәлелдегендей. үлкен балалармен өзара араласу, 
интеллектуалдық және әлеуметтік дамуды ынта-
ландырады, басқа мектеп жасына жетпеген бала-
лармен салыстырғанда кішкентай балалар өзінің 
қиялдары туралы жиі айтады, жиі сұрақ қойып, 
сұрақтарға жиі жауап береді, бірге ойнауға 
мейлінше бейім болады. Мектеп жасына жетпе-
ген кездің өзінде сиблингтер (ағалары мен апа-
лары) өздерінің кіші інілері мен сіңлілерін оқыту 
және оларға жөн сілтеу арқылы мұғалім рөлін 
тиімді орындай алады,оларды баққан кезде өзінің 
нұсқауларының түрін өзгерту арқылы кіші балаға 
көмектеседі, бұл кіші баланың алаңдаушылық 
деңгейін азайтуға көмектеседі (Әйеліне).
Осы зерттеуді ескере отырып, өмір сүруге 
қолайлы жағдайларды, балалардың психологиялық 
денсаулығын және толыққанды дамуын сақтап 
қалу мақсатында ұсынылады:
1.  Биологиялық әкесі З. Владислав В-мен. кездесу 
тәртібін мынадай ретпен белгілеу: аптасына бір 
рет 6-8 сағат шеңберінде әкесінің тұрғылықты 
мекен-жайы бойынша және балаларға арналған 
ойын-сауық орталықтарында (1 және 3 сенбі; 
2 және 4 жексенбі). Кездесу тәртібі екі жылға 
анықталған, үлкен қызы 10 жасқа, ұлы 6 жасқа 
толғанша. 
2. 
Баланың толыққанды дамуы, олардың 
эмоционалдық жағдайлары тұрақталуы үшін 
екі ата-ананың да абыройының маңыздылығын 
ескере отырып, сотқа балаларды ата-ананың 
біріне қарсы қоюдың кез келген әдістерін 
қолдану биологиялық ата-аналар мен 
7-тарау.
Сот тәжірибесіне әлеуметтік-психологиялық сарапшыларды тарту


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау