ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет66/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79

137
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
БӘБ орталығында диагностика кезіндегі кезде-
суде Ләйлә өзін-өзі жасына және өз мінезіне 
сәйкес дұрыс ұстады. Анасымен кездескен кез-
де бала ашушаңдық танытты, долданып жыла-
ды, реніштерін айтты, жағдайларды (анасының 
ұрғанын, шашынан сүйрегенін, қорқытқан 
кездерін) санамалап шықты, шығып кетуге тыры-
сты, алыста отырды және анасына «қызым» деп 
айтуға рұқсат бермеді. Жасөспірім қыз зерттеу 
бойында, кейін сотта да өзінің ұстанымын, ата-
ананың біреуімен ғана тұрғысы келетін тілегін 
анық айтты. 
1.5. азаматтық сот 
өндірісінде әлеуметтік-
психологиялық зерттеулерді 
қолданудың тәжірибелік 
мысалдары
Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер мен 
олардың негізінде жасалған ұсыныстар азаматтық 
істер бойынша сот шешімдерін шығарған кез-
де пәрменді көмек беруі мүмкін. Төменде 
зерттеулердің қорытынды материалдары 
келтірілген. 
№ 1 мысал
Астана қаласы кәмелетке толмағандардың 
істері жөніндегі соттың сұранысы бойынша 
балалармен қарым-қатынас жасау тәртібін 
анықтау бойынша З. Владислав В., Н. На-
талья Г., З. Анастасия және З. Евгенийдің 
әлеуметтік-психологиялық зерттеулер 
қорытындысы
Биологиялық әкесінің Т.А.Ә. : З. Владислав В.
Жасы: 40 жаста
Білімі:орта-техникалық; көлік құрылысы технику-
мы
Жұмыс орны: ЖШС, жабдықтаушы
Үйінің мекен-жайы: Шоқаев тұйық көшесі 1-үй, 
1- пәтер
Биологиялық анасының Т.А.Ә.: Н. Наталья Г.
Жасы: 42-де
Білімі: орта-техникалық; машина жасау техникумы
Жұмыс орны: ЖШС, есепші
Үйінің мекен-жайы: Әуезов көш., 12-үй, 99-пәтер
Баланың Т.А.Ә: З. Настя 
Жасы : 8 жаста
Оқу орны: … орта мектебі
Үйінің мекен-жайы: анасының тұрғылықты мекен-
жайы бойынша 
Баланың Т.А.Ә:З. Женя
Жасы: 4 жаста
Оқу орны: балабақшада
Үйінің мекен-жайы: анасының тұрғылықты мекен-
жайы бойынша 
Психологиялық тексеру мен З. Владиславпен В. 
өткізілген «Отбасылық сұхбаттың» деректеріне 
сәйкес мыналар анықталды: В.В. 2003 жылдан 
бастап Н.Г.-мен азаматтық некеде, 2007 жыл-
дан бастап заңды некеде тұрды. Оның айтуынша, 
отбасындағы ажырасу иерархияның бұзылуынан 
болды: әйелі әр уақытта тізгінді қолдан шығармауға 
тырысты, достарының отбасыларына, күйеуінің 
жұмысына араласуға тырысты және «барлығының 
шындыққа көзін ашқысы келді». В.В. әйелінің 
тұрақты кеңестері мен оның ата-анасынан шар-
шады. В.В. ажырасу себебі ішімдік ішу болғанын 
терістейді, балаларын аптаның екі тәулігінде өзінің 
үйінде көргісі келеді. Оның сөзіне қарағанда, 
қазіргі таңда ол өзінің азаматтық некедегі әйелі 
А. Татьянамен және оның қызы Лерамен (8 жа-
ста) өз үйінде тұрады. Екі қызы (Настя мен Лера) 
арасындағы қарым-қатынасты жақсы деп санай-
ды, жаңа әйелінің балаларға қарым-қатынасын да 
жақсы деп есептейді. 
Зерттеулер деректеріне сәйкес: Тест тапсырушы 
жарқын, қағілез, өткір эмоциялық реакциялар-
мен ерекшелінеді. Экспрессивтілік, эмоционалды 
айқындылық тән. Адамдармен жұмыс істегенді 
жақсы көреді. Араласуға икемді. Адамдарға 
кішіпейіл және зейінді. Ұжымда оңай тіл табады. 
Белсенді топтарды оңай құрады. Тест тапсырушы 
жаңаны тез қабылдайды және үйренеді. Жоғарғы 
абстарктілі – логикалық қабілетке ие. Жағдайға 
талдау жасай алады, ой елегінен өткізіп, қортынды 
жасай алады. 
Тест тапсырушы фактілерге батыл қарайды, өзінің 
кемшіліктерін өзінен жасырмайды. Егер оның 
принициптеріне қайшы келмесе, өз міндеттерін 
орындауға тырысады. 
Тест тапсырушы қоғамда қабылданған негізгі мінез-
құлық нормаларына сәйкес болуға тырысады. 
Ол айтарлықтай жауапты, бірақ бақылау 
жеткіліксіз болса оларды орындамауы мүмкін, 
өзінің міндеттемелерін елемеуі мүмкін.
Тест тапсырушы әлеуметтік және эмоционалды 
мәнде және физикалық қауіпті жағдайларда батыл. 
Қауіп-қатерді онша елемейді. Байланысқа еркін 
түседі. Шаршағанды жақсы көтереді. Адамдармен 
жұмыс жасаған кезде айтарлықтай эмоционалдық 
жүктемелерді көтеруге қабілетті. Маңызды ой-


138
Алаңдаушылық пен ширығу сәттері елеусіз ғана, 
ол отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастарға 
нұқсан келтірмейді.
«Отбасындағы өзара қарым-қатынасты тал-
дау» тесті: 
патологиялық тәрбиелеу стильдері 
анықталмады, бұзушылықтарға диагностика 
жүргізілді: гиперпротекция, айтқанды кері жасау, 
талаптар мен тыйымдардың жеткіліксіз болуы, 
санкциялардың мейлінше аз болуы. 
Психологиялық тексеру деректері және Н.Наталья 
Г-мен. жүргізілген «Отбасылық сұхбат» арқылы 
мыналар анықталды: Наталья Г. 2002 жылдан ба-
стап В.В.-мен бірге тұрды, әзірге заңды түрде 
ажырасқан жоқ. Одан басқа, өзінің білуінше, ол 
В.В.-ның үшінші әйелі, Г. оның әйелі көп деп ой-
лайды. 
В.В.-мен бірге тұрған кезде Г. оның алкогольді 
шамадан тыс пайдаланғанына, қит етсе жанжал 
шығарғанына және опасыздық жасағанына шыда-
ды, екі бала туғаннан соң бәрі жақсы болады деп 
үміттенді. Уақыт өте келе жағдай ушыға бастады, 
жолдасы оның бірінші некесінен қалған баласы 
Машаны жек көретінін көрсете бастады және оның 
ата-анасымен ұрыса бастады. Ұлы Женя дүниеге 
келгеннен кейін отбасындағы жағдай одан сайын 
ушықты. Бірде В.В. Г.Натальяны кішкентай баласы-
мен бірге қуып жіберді, оны әкесі алып кетті. 2009 
жылдан бастап Наталья Г. ата-анасының қолында 
тұра бастады. Оның сөзіне сүйенсек, оның анасы 
қызын уайымдаудың кесірінен инфаркт алды. 2009 
жылы азаматтық сот болды, онда В.В.-ға айыппұл 
тағайындалды. Н.Г екі балаға В.В.-дан 20 000 
теңге алимент алады, В.В.-ның жаңа әйелі болма-
са, табысуымыз мүмкін еді деп санайды. Наталья 
Г. балалардың әкелерімен араласуы қажет екенін 
түсінеді, бірақ балалардың әкесінің үйіне түнеуге 
қалуына қарсы, себебі балалар кішкентай және ба-
лаларын басқа әйелге тапсыра алмайды. Және ол 
әкесінің балаларды циркке алып кетіп, оларды А. 
Татьянамен және оның қызымен қалдырып, өзінің 
жұмысқа кетіп қалғанына ашулы. Ол әкесінің бала-
ларымен кездескен кезде өзі араласуы тиіс, өзінің 
кезекті бір әйелімен қалдырып кетпеуі керек деп 
есептейді. Оның сөзіне қарағанда, қызы Настя 
әкесінен келгеннен кейін ол үйде ішімдік ішілетінін 
және өзі өскен үйде басқа қыздың (А. Татьянаның 
қызы Лера) билік жүргізгені ұнамайтынын айтады 
дейді. 
Зерттеу деректері бойынша мыналар анықталды: 
тест тапсырушы жарқын эмоционалдық реакция-
сы арқылы ерекшеленеді. Экспрессивтілік, эмоци-
оналды айқындылық тән. Ымыраға келуге бейім. 
Әлеуметтік мойындауды бағалайды. Бірігіп қызмет 
етуге дайын. Жүрегі жұмсақ. 
Өзіне сенімді. Үнемі өзінің жоспарлары мен 
лары мен сезімдерін жасырады және алдауға 
оңай көнбейді. Басқалармен бірігіп қызмет ету-
ге дайын, бірақ түгел үдерісті өзі бақылай алатын 
жұмыстарды қалайды. 
Тест тапсырушы практикалық тұрғыдағы, 
күнделікті істерге көп бас қатырмайды. Оған жүйке 
жүйесіне күштің қатты түсуі, күйзеліс себеп болуы 
мүмкін. Бай қиялмен ерекшеленеді. Ойлап тапқыш 
және қиялшыл. Өзімшіл, өркеуде және өзіндік 
ерекшелігі бар. Дәстүрлер мен шарттылықты 
ұнатпайды. Оның өзіндік дүниетанымы ерекше 
және мінез-құлқы қайталанбайды. 
«Негізгіге нәрсеге» назар аударады және нақты 
адамдар мен шындық туралы ұмытады. Іштегі 
бағытталған мүдделер кейде экспрессивті 
жарылыстарға сүйенетін жалған жағдайларға 
әкеледі. Бірақ зайырлы қоғамда жақсы бейімделуге 
қабілетті. Қашан үндемеу керектігін және қашан 
өзін ең жақсы жағдайда көрсету керектігін біледі. 
Тест тапсырушының көңіл-күйінде 
беймазалық- депрессивті көңіл-күй түрі басым. 
Бұл адамдар әр уақытта бір нәрсеге алаңдаулы, 
жабырқаңқы, жағымсыз жағдайларды алдын ала 
сезеді. Айналадағылардың реакциясын бірден 
сезеді, эмоцияларға тез беріледі. Көтермелегенге, 
қолдауға мұқтаж.
Бұл қайталанып отыратын сәтсіздіктерге, уайымға 
және оларды ішкі жанжал ретінде қабылдауға 
қатысты реакция болу мүмкін. 
Тест тапсырушы өзін-өзі жоғары бағалайды. 
Жігерлі. Әлеуметтік талаптарды жақсы түсінеді 
және оларды ұқыпты орындауға тырысады. Өзінің 
мінез-құлқы, қоғамдағы беделі арқылы қалдыратын 
әсерлері туралы ойланады.
Бала-ата-ана қарым-қатынасына диа-
гностика жүргізген кезде, («Ата-ананың 
алаңдаушылығы») тесті бойынша мыналар 
белгілі болды:
 ата-ана рөлін орындауға қатысты 
алаңдаушылық деңгейі қалыпты болып табылады, 
бұл ата-ананың бала тәрбиесіне жеткілікті түрде 
қатысатынына айғақ бола алады. 
«Отбасы жағдайының экспресс-диагно-
стикасы» (жаңа отбасында) тесті бойын-
ша мыналар белгілі болды: 
тест тапсырушы 
балаларының жетістіктерін жіті бақылайды, олар-
дан жетістіктерге жетуді, айтқанды тыңдауды және 
тәртіпті талап етеді. 
Өкінішке қарай, баланы (Настя) түсіну жетіспейді, 
тест тапсырушы оны басқа балалармен бекер са-
лыстырады, оның белсенділігі менен дербестігін 
шектейді. Бала қандай солай қабылдаған, оған көп 
жағдайда сенген, тұлға ретінде сыйлаған дұрыс. 
Отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара эмоцио-
налды әсер етуін жақсы деп бағалауға болады. 
7-тарау.
Сот тәжірибесіне әлеуметтік-психологиялық сарапшыларды тарту


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау