ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет64/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79

133
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
әдістемесі (мінсіз ата-ана туралы түсінікті 
зерттеу және шынайы ата-анамен салысты-
ру);

«Ата-ана рөлін қабылдау және орындау» 
әдістемесі (ата-ана рөлін қабылдау дәрежесі 
мен деңгейін және ата-аналық сәйкестілік 
мінезін зерттеу);

«Ата-ананың жақсы сезімдері» әдістемесі 
(ата-ананың жақсы сезімдерін, олардың 
компонентерінің даму деңгейін анықтау);

«Ата-ана махаббаты менн сүйіспеншілігі» 
сауалнамасы (ата-аналық сезімнің 
психологиялық құрамдас бөліктерін зерт-
теу);

«Ата-ананың жеңістері мен жеңілістері» са-
уалнамасы (ата-аналар мен олардың балала-
ры арасындағы қарым-қатынастың негізгі 
мәселелерін анықтау, алынған ақпарат 
негізінде отбасымен топтық және жеке 
жұмыс істеуді жоспарлау). 
Балалармен жұмыс істеуге арналған 
тестілер:

  Кеттелдің жеке тұлғалық тесті (жасөспірімдік);

 Кеттелдің интеллектуалдық тесті (вербалды 
емес);

 
«Жасөспірімдер ата-аналары туралы» 
(Шафердің «ADOR» модификациясы);

 
Жасөспірімнің тәртібі мен тұлғалық 
ерекшеліктерін, оның назар аудару қажет 
белгілері мен агрессивті қылықтарға бейімділігін 
анықтауға мүмкіндік беретін «Жасөспірім 
жастағы тұлғалық ауытқулар» тақырыбындағы 
психологиялық тестілер блогы.
Блок мазмұны:

А.Е. Личко бойынша патомінезді анықтауға 
арналған диагностикалық сауалнама (ПДС);

Басс-Даркидің сауалнамасы (А.К. Осницкий 
бейімдеген);

 
 К. Томастың тұлғаның жанжалды мінез-
құлыққа бейімділігін анықтау диагностикасы 
(Н.В. Гришина бейімдеген);

«Субъективті уақыт» тесті – классикалық 
психофизиологиялық сынама; 

  Д. Роттердің «Субъективті бақылау деңгейі» 
(Е.Ф. Бажин, С.А. Голынкина, А.М. Эткинд 
бейімідеген);

  Теммлл мен Дорктің алаңдаушылыққа қатысты 
тесті (сурет арқылы);

Филлипстің мектептегі алаудаушылық бойын-
ша тесті;

  Ойлаудың ұғымдық нысандарын дамыту диа-
гностикасы;

  Кеттелдің интеллектуалдық тесті;

Адамның суреті (Гудиаф-Харрис).
Бала санасының бейнесі ретінде және қос біл 
білетін балалармен жұмыс жасаған кезде қажет 
«Менің отбасым», «Отбасылық топтама», «Үй, 
ағаш, адам», «Автопортрет», Рене Жилдің 
тұлғааралық өзара іс-қимыл тесті, Розенцвейгтің 
тесті және т.б. жобалық әдістемелерін қолдану 
жұмыстың міндетті компоненті болып табылады. 
Одан әрі сот сұранысына сәйкес (жәбірленуші 
мен жауап берушінің жеке мінездемелері, ішкі 
отбасылық қарым-қатынас пен тәрбиелеу 
ерекшеліктерін талдау, баланың ақиқат пен 
тараптарға қатынасы, баланың даму деңгейі және 
т.б., егер Қазақстан Республикасының шекарасы-
нан әрі алып кететін болса, 20 параметрге дейін) 
алынған деректерге талдау жүргізіледі және 
баланың құқықтары мен мүддесін ескере отырып 
мінездеме жазылады. 
Әлеуметтік-психологиялық зерттеудің 
(сараптаманың) тәуелсіздігі мамандардың 
ұстанымына: баланың мүддесін оның ата-анасының 
мүдделеріне тәуелсіз қорғау, сондай-ақ үшінші та-
рап ретінде ұйым директорының сараптамалық 
ұстанымына негізделген.
Бір немесе бірнеше (күрделі істерді қарастырған 
кезде) психолог зерттеуді аяқтағаннан кейін 
ұсынымдары бар дайындалған қорытындыны от-
басымен жұмыс істеген кезде пайда болуы мүмкін 
субъективті көзқарасы жоқ ұйым директорының 
қарауына тапсырады, диагностика қортындыларын 
ғана басшылыққа ала отырып, қортындыға қол қояды. 
Отбасымен жұмыс істеген кезде отбасы тұратын 
мекен-жайға бара отырып, кем дегенде 5 кездесу 
өткізіледі. Кездесу саны шартты болып есептеледі, 
себебі жанжалды жағдайда қосымша кездесу-
лер, азаматтық некедегі ерлі-зайыптыларды және 
олардың балаларын қосымша тестілеу қажет 
болады. «БӘБ орталығы» ҚБ қажет жағдайда 
әріптестеріне таныстырылуы мүмкін психолог 
жұмысының хронометражын жасаған. 
Сотта бала мүддесін қорғау дегеніміз 
психологтың сотқа қатысуын, қорытындыны 
оқуды, прокурордың, қорғаушылардың, 
судьялардың сұрақтарына жауап беруді, сондай-ақ 
эмоционалдық ширығуды, жағымсыз салдарлар-
ды азайту үшін балаларға прихологиялық көмек 
көрсетуді білдіреді. 
Отбасымен жұмыс жасаған кезде психологтардың 
медиация, психологиялық түзету негіздері бой-
ынша білімді қолдана алатынын атап өткен жөн, 
өйткені тараптар бейбіт келісімге келсе, мұндай 
бірігіп атқарылған жұмыстар неғұрлым жемісті 
болып саналды. 


134
Егер отбасынан сұраныс түссе, дағдарыс кезінде 
ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын, 
өзара қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін 
3-6 ай арасында отбасына психологиялық қолдау 
көрсету жеке жүргізіледі.  
1.3. азаматтық істерді 
қарастырған кезінде 
жасы кіші балалармен, 
жасөспірімдермен 
қарым-қатынас жасау 
ерекшеліктері 
«БӘБ орталығы» психологтарының Аста-
на қаласы кәмелетке толмағандар істері 
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық со-
тымен азаматтық істер бойынша жұмыс істеу 
тәжірибесінде ҚР Неке (ерлі-зайыптылар) және 
отбасы кодексінде жазылғандай, баланың сотқа 
қатысуынан тұратын мынадай алгоритм құрылды. 
Бірінші жағдай
Егер психологиялық зерттеуден кейін ерлі-
зайыптылар бейбіт келісімге келе алатын бол-
са, сотта психологтың қорытындысы оқылады 
және баланы тыңдау қажеттілігі болмайды, себебі 
ата-аналардың өздері бұл үдерісті бала психика-
сын бұзуы мүмкін деп есептеп, балаларын басқа 
адамдардың психологиялық әсер етуінен (мыса-
лы, прокурор, қорғаушылар, қамқоршылардың 
сұрақтарынан), жанжалды жағдайдан және сот 
ғимаратында болудан қорғап қалуға тырысады. 
Мысалы:
Әкені баланың анасымен ымыраға және бейбіт 
келісімге келуге ынталандырған әке мен бала 
кездесуінің сипаттамасы.
БӘБ орталығындағы кездесу кезінде Әдель68 (3 
жаста) әкесінің қолына қуана-қуана барды, оның 
тізесінде еркін отырды, әкесін құшақтап, өзін 
сүюге рұқсат етті. Бұл кезде психологтың сұрауы 
бойынша, анасы бөлмеден шығып кетті, ал қыз 
бала әкесімен араласа берді. Баланың қылықтары 
қызының тәрбиесіне әкесінің қатысқанын әрі 
оның әкесіне бауыр басқанын растайды. 
Кездесу кезінде қыз бала әкесімен дамытуға 
арналған ойындар ойнады, әкесінің ұсыныстарын 
түсінді, көмектескісі келген ниетін қабылдады. 
Зерттеулер баланың танымдық қызығушылығының 
жақсы дамығанын да көрсетті. Кездесу кезінде бала 
өзін ыңғайлы сезінді, бірақ анасы оны әкесінен 
айырып отырды, әкесіне баланың киімін түзеуге 
және баланы тамақтандыруға рұқсат бермеді. 
Анасының баланың биологиялық әкесіне өте 
жағымсыз қарым-қатынасы байқалды.
Зерттеудің деректерін ескере отырып, өмір сүруге 
қолайлы жағдайларды, баланың психологиялық 
денсаулығы мен толыққанды дамуын сақтап 
қалу мақсатында Ә-нің биологиялық әкесі К. 
Мәуленмен кездесу ретін мынадай тәртіпте: ап-
тасына 2 рет, сәрсенбі (әке баласын балабақшадан 
алып, анасына әкеле алады) және жексенбі, кезекке 
сәйкес: 3-4 сағат балалар ойын-сауық кешенінде, 
қалалық балалар алаңында, туысқандармен арала-
су үшін бала өскен әке үйінде белгілеуге ұсыныс 
жасалды.Кейін араласу уақытын баланың ата-
аналарының өзара келісімдері арқылы ұзартуға бо-
лады.
Екінші жағдай
Егер ерлі-зайыптылар психологиялық зерт-
теу өткізілгеннен кейін ортақ келісімге (бейбіт 
келісімге) келе алмаса, сотта психолог бала жоқ 
кезде (ол туысқандарымен холда болуы мүмкін) 
қорытындыны оқиды және баланы тыңдау 
қажеттілігі пайда болады, себебі сот үшін баланың 
пікірін тыңдау маңызды. Бұл кезде ата-аналар 
баласының психологиялық тұрғыдан қандай күй 
кешіп тұрғанын соншалықты немесе мүлдем ойла-
майды, себебі оны басқа тарапқа қарай бейімделіп 
қойған деп санайды, оның пікірін естімейді де,тек 
өздерінің мүдделерін ғана қорғайды. 
Мысалы:
Баласының пікірін естігісі келмейтін және оны 
түсінгісі келмейтін әке мен 11 жастағы баланың 
кездесуінің сипаттамасы, баланы сотта тыңдады. 
БӘБ орталығындағы кездесу кезінде Роман деген 
бала өзін салмақты ұстады және маңызды әңімеге 
дайын болды. Ақыл-ойы қалыпты, акцентуациясы 
білінбейді.
Роман анасымен тұрғысы келетінін жеткізді, 
себебі анасы мейірімді әрі ол анасын жақсы 
көреді. Әкесімен тұруға үзілді-кесілді қарсы бол-
ды, бірақ демалыс кезінде және жазда кездесуден 
бас тартпады. Покровка ауылында тұрып жату-
ына байланысты сұрақтарға Роман ата-анала-
ры ажырасқаннан кейін олардың үйінде пеш пен 
жарық болмағандықтан, (ажырасқаннан кейін әкесі 
68 Құпиялылықты ескеріп, барлық келтірілген мысалдарда ой-
дан алынған есімдер, мекен-жайлар және басқа сәйкестендіру 
ақпараттары көрсетілді.
7-тарау.
Сот тәжірибесіне әлеуметтік-психологиялық сарапшыларды тарту


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау