156
Сот істі қарастыру барысында Балалар үйінің әкімшілігі қазақстандық азаматтардың отбасыларына асы-
рап алатын баланы орналастыру үшін қажетті шараларды
қолданғаны анықталған, алайда олар нәтижесіз
болып шыққан. Осыған байланысты сот Балалар үйі әкімшілігінің осы бала асырап алу үрдісі бойынша
баланың мүдделерін қорғайтын халықаралық құқықтар мен Қазақстан заңдарының барлық нормалары
сақталғаны туралы қорытындығы келді.
____ жылғы _____ айы _____ күні берілген ауру тарихынан алынған үзіндіге сәйкес Иванова Анжеланың
диагнозы: перинаталды энцифалопатия, жоғары нейро-рефлекторлы қозғыштық синдромы, жүректегі
аздаған ауытқушылық, сол жақ асқазан қуысындағы қосымша хорда, 2-дәрежелі асқазан ішіндегі
қанқұйылу. Өтініш білдірушілер баланың диагнозымен
танысқан, оны ____ жылы _____ айы _____ күні
жазылған өтініш растайды.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 89-бабына сәйкес,
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген ше-
тел азаматтарын есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте Қазақстан
Республикасының шетелдегі мекемелері жүзеге асырады.
Канададағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ____ жылы _____ айы _____ күні берілген № ___
анықтамасында Канада азаматтары Грей Смит және Эмили Смит Қазақстан Республикасының азама-
ты болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдіруші ретінде Елшілікте №___болып ресми түрде
тіркелгені көрсетілген, Отбасына Қазақстан Респбуликасы Білім және ғылым министрлігінің баланы
таңдап алу үшін ____ жылы _____ айы _____ күні берілген № __ жолдамасы бар.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексі 93-бабының 6-тармағына
сәйкес, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру ұйымдарындағы,
медициналық және басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшін осы ұйымдар басшыларының жаз-
баша нысандағы келісімі қажет.
_____ қаласының № ____ балалар үйі әкімшілігі өтініш білдірушілерге 2010 жылы 16 мамырда дүниеге
келген Иванова Анжела Константиновнаны асырап алуға келісім береді, оны ____ жылы _____ айы _____
күні берілген анықтама растайды.
_____ қаласының №1 балалар үйінің өкілі сот отырысында кәмелетке толмаған Анжеланың бас тартылған
бала
болып табылатынын айтып, ол Денсаулық сақтау басқармасының ____ жылы ____ күні _____ай-
ында берілген жолдамасы бойынша ___ қаласының № ___ балалар үйіне бөлінгені туралы мәлімдеді.
Анжеланың балалар үйінде болған кезде анасынан немесе басқа туысқандарынан ешқандай өтініш
түспеген, бірнеше әрекет жасалғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан
отбасын таңдау нәтиже бермеген. Анжелаға мынадай диагноз қойылған: перинаталды энцифалопатия,
жоғары нейро-рефлекторлы қозғыштық синдромы, жүректегі аздаған ауытқушылық, сол жақ асқазан
қуысындағы қосымша хорда, 2-дәрежелі асқазан ішіндегі қанқұйылу. Бала ____ жылдың күні _____айынан
_______ бастап №_____бойынша Республикалық деректер банкінің орталықтандырылған есебінде тұр.
Иванова Анжела үшін отбасын таңдау үрдісі нәтижесінде канадалық ерлі-зайыпты азаматтар Грей Смит
пен Эмили Смит әлеуетті бала асырап алушылар ретінде анықталған. Төрт апта ішінде олар балаға күн
сайын келіп тұрды, нәтижесінде Анжела олармен қуана-қуана сөйлесетіні байқалды. Өтініш білдірушілер
баланың денсаулығы жайында толық мағлұмат алған. Балалар үйінің өкілі Иванова
Анжеланы асырап алу-
шы ерлі-зайыптылар Грей Смит пен Эмили Смит баланың мүдделерін қанағаттандырады деп есептейді,
сондықтан Балалар үйінің әкімшілігі өтініш білдірушілердің 2010 жылы 16 мамырда дүниеге келген Ива-
нова Анжела Константиновнаны асырап алуына келісімін береді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексі 84-бабының 7-тармағына
сәйкес, баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты комиссияның қорытындысы негізінде қорғаншылық
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган береді. Жоғарыда аталған
Кодекстің 93-бабының 3-тармағына сәйкес, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функция-
ларды жүзеге асыратын органдар сотқа бала асырап алудың баланың мүдделерiне сай келетiндігі туралы
қорытындыны ұсынады.
Комиссияның Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға келісім беру
мүмкіндігі туралы ____ жылы _____ күні _____ айы шешіміне сәйкес, 2010 туған жылы 16 мамырда дүниеге
келген кәмелетке толмаған Иванова Анжела Константиновнаны асырап алуға рұқсат етілмейтін себептер
комиссия отырысы барысында анықталмаған және комиссия баланы асырап алу оның мүддесіне сәйкес
келеді деп санайды.
ҚОСЫМША
157
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
_____ ауданы білім беру бөлімінің рұқсатына сәйкес, 2010 жылы 16 мамырда дүниеге келген кәмелетке
толмаған Иванова Анжела Константиновнаны асырап алушы Канада азаматтары Грей Смит және Эмили
Смит баланың мүдделеріне жауап береді.
____ қаласы ___ауданы бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын
органның өкілі сот отырысында өтініш білдірушілердің өтінішін қолдады және кәмелетке толмаған бала
әлеуметтік мәртебесі бойынша бас тартылған бала болып табылатынын, ол туралы анасының өтініші бар
екенін көрсетті. 1987 жылы туылған баланың анасы И. Ф. Кривко «Қалалық перинаталдық орталығы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өз қызына ата-ана болу құқығынан айыру туралы бас тартқан.
Балаға есім мен әкесінің есімін қалалық перинаталдық орталығы комиссиясы берген. Қыздың әкесі «Неке
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 192- бабы 4-тармағының
2-тармақшасына сәйкес жазылған. ______ қаласының ІІД мекенжай бюросының мәліметіне сәйкес И. Ф.
Кривко ______ қаласында тіркелмеген.
Республикалық орталықтандырылған есепке қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы
азаматтарының арасында Анжеланы асырап алу үшін отбасы таңдау жұмысы нәтижесіз болған.
Өтініш
білдірушілер бала тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар қарастырылған жеке меншігіндегі үйде тұрады.
Грей Смит – білімі бойынша заңгер, өзінің жеке адвокаттық тәжірибесін жүзеге асырады. Эмили Смит
нотариалдық кеңседе заңгер қызметін атқарады. Кәмелетке толмаған Анжеланың мүдделерін көздей оты-
рып, бала асырап алу мәселесін оң шешу туралы сотқа өтініш жасап, ___ ____ жылы _____ айы _____ күні
жазылған жазбаша қорытындыны сотқа ұсынды.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 85-бабының
3-тармағына сәйкес, бала асырап алуға үміткер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты
тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер Қазақстан Республикасының балалардың
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазба-
ша өтініш, сондай-ақ арнайы уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар және бала асырап алу жөніндегі
ұйымдар беретін, табыстары,
отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық хал-жайы
туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы, сотталмағандығы туралы,
ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтамалар береді. Қазақстан
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс ет-
кеннен кейін және асырап алушы баланы асырап алуға келіскен жағдайда асырап алушы баламен кемiнде
төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс.
Келіп-кетуді тіркеу журналына сәйкес, өтініш білдірушілер ____ жылдың _____ айы _____ күнінен бастап
асырап алатын баламен кездесу үшін төрт апта ішінде күн сайын № __ юалалар үйіне келіп тұрған.
Мемлекеттік лицензия негізінде әрекет ететін «____» агенттігі дайындалған әлеуметтік есеп ісінің мате-
риалында өтініш білдірушілердің жеті жылдан астам уақыт некеде тұратыны,
кәмелет жасына толмаған
бір ұлдарының бар екені, дегенмен медициналық сарапатама көрсеткішіне орай, балалы бола алмайтын-
дары, баланың білім алып, дұрыс тәрбиеленіп, қалыпты жетілуі үшін қолайлы тұрмыстық жағдайлары,
материалдық табыс көздері бар екені көрінеді.
Грей Смит – білімі бойынша заңгер, өзінің жеке адвокаттық тәжірибесін жүзеге асырады. Эмили
Смит «_____» нотариалдық кеңседе заңгер қызметін атқарады. Отбасының ай сайынғы табысы 17 000
АҚШ долларын құрайды. Ерлі-зайыптылардың автокөлігі, жеке үйі, жинақ ақшасы бар,
медициналық
сақтандырылған.
Ұсынылған медициналық анықтамаға сәйкес, өтініш білдірушілердің денсаулықтары жақсы және бала
асырап алуға құқықтары бар, яғни «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республи-
касы Кодексі 91-бабының 2-тармағында көзделген оларға баланы асырап алушы ретінде рұқсат бермеуге
негіздер жоқ екені көрінеді. Канаданың ____ жылы _____ айы _____ күні берілген сот тізілімінің үзіндісіне
сәйкес, өтініш білдірушілердің Канаданың бүкіл аумағы бойыншасоттылығы жоқ.
Сот белгілеген жағдайларда,баланың мүдделерін бірінші кезекте қамтамасыз ету, өтініш білдірушілердің
жеке басының қасиеттері,
олардың толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік
қасиеттерінің дамуы мен өзге де жағдайлармен баланы қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ескере отырып,
сот, өтініш берушілер тарапынан Иванова Анжеланы асырап алу үшін «Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі бойынша барлық талаптар сақталғандықтан, канадалық
азаматтар Грей Смит және Эмили Смиттің 2010 жылы 16 мамырда дүниеге келген Иванова Анжела Кон-
стантиновнаны асырап алу туралы өтініштерін қанағаттандыруға жатады деп есептейді.