91
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Сотта барлық мамандардың қорытындылары бар,
әр түрлі талдау деректері, оның туған күнінен
бастап асырап алу сәтіне дейінгі баланың даму
деректері көрсетілген баланың денсаулығы тура-
лы толық ақпарат болуы тиіс, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында баланың ауруын емдеуге бола-
тынын-болмайтынын анықтау қажет.
Сот 10 жасқа толған баланы асырап алуға бе-
рер кезде баланың өзін асырап алуға келісімін
анықтауы тиіс (НОтҚРК 95-бабы). Асырап алы-
натын баланың атын, әкесінің атын және тегін
өзгерту, бала асырап алу құпияларын талап ететін
жағдайларды қоспағанда, оның келісімімен ғана
жүргізілуі мүмкін (НОтҚРК 97-бабы).
Сот бір отбасында тәрбиеленген ағалары мен
қарындастарын, балалардың мүддесіне
сай келетін
және балалар өзінің бірге туғанын білмейтін, бірге
тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды
қоспағанда, әр түрлі адамдардың асырап алуына
жол берілмейтінін ескеруге міндетті (НОтҚРК
90-бабының 2-тармағы).
Сот әлеуетті бала асырап алушыларды сипаттайтын
құжаттардың мазмұнын бүге-шігесіне дейін тексе-
руге және зерттеуге міндетті. Әлеуетті бала асы-
рап алушылардың адамгершілік жеке қасиеттерінің
шетелдік агенттіктер берген сипаттамаларға
сәйкестігін тексеруі керек.
Сот әлеуетті бала асырап алушылардың баламен
психологиялық байланыс орнатқанын, өтініш
берушілер аталған баланы асырап ала отырып нені
көздейтінін анықтауға тиіс.
НОтҚРК 98-бабына сәйкес бала асырап алушының
өтініші бойынша бала асырап алу құпияларын
қамтамасыз ету үшін, асырап алынатын баланың
туған күні, бірақ алты айдан артық емес, сондай-ақ
оның туған жері өзгертілуі мүмкін. Асырап алынған
баланың туған күнін өзгертуге үш жасқа толғанша
ғана жол беріледі.
Асырап алынған баланың туған
күнін өзгерту Қазақстан Республикасының аумағы
шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына
қарамастан асырап алушының талабы бойынша
ғана жол беріледі. Сондай-ақ «Азаматтық туралы»
Заңның 27-бабына сәйкес, шетелдіктер асырап ала-
тын Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылатын баланың азаматтығы ол кәмелетке жет-
кенше сақталатыны көзделген.
Сот шетелдік бала асырап алушыларға бала асы-
рап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген-
нен кейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сай-
ын, кейінгі жылдары бала он сегіз жасқа толғанша
кемінде жылына бір рет, бала асырап алушының
және баланың тұратын еліндегі Қазақстан
Республикасының шетелдік мекемелері арқылы
асырап алынған баланың денсаулық жағдайы тура-
лы және өмір сүру, оқу, тәрбиелену жағдайлары
туралы есептерді Қазақстан Республикасының бала
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға
ұсыну міндеттерін түсіндіруі тиіс. Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасының
шегінен тыс жерлер-
де тұрақты тұратын бала асырап алушылар және
шетелдік бала асырап алушылар жоғарыда аталған
есептерді ұсынбаған немесе уақытылы ұсынбаған
жағдайларда Қазақстан Республикасында бала асы-
рап алу кезінде олардың мүддесін білдірген бала асы-
рап алу жөніндегі агенттіктер қызметі мерзімінен
бұрын тоқтатылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының АІК 238-бабына
сәйкес, бала асырап алу туралы сот шешімін орын-
далуын дереу айналымға жіберуге жол берілмейді.
Аталған норманың мазмұнына байланысты, егер
ерекше жайттардың салдарынан шешімін орын-
дауды кешіктіру өндіріп алушы үшін айтарлықтай
шығынға әкелуі мүмкін немесе шешімнің орындал-
мауы мүмкін болмайтын болса, сот сот шешімінің
дереу орындалуына назар аударатынын ескеру ке-
рек. Яғни, аталған норма материалдық сипаттағы
талап арыздарға жатады.
Сот бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне
енген күннен бастап үш күннің ішінде азаматтық хал
актілерін тіркеу органына және шешім шығарылған
жер бойынша
қамқоршылық және қорғаншылық
органына жолдауға міндетті.
Бала асырап алу мәселелерінің өте шетін мәселе
екенін және адамдар барынша назар аударатын
мәселе екенін есте ұстау қажет. Сондықтан, әсіресе,
балалардың жаңа отбасыларға ауысуларының
барлық рәсімдері заңнама талаптарына барынша
сәйкес болуы, ең бастысы, балалардың құқықтары
мен мүдделері ескеріліп жасалғаны маңызды.
«Қазақстан Республикасының азаматы болып та-
былатын балаларды шетел азаматтарының асы-
рап алуы туралы істер бойынша сот шешімінің
үлгісі» атты № 2 Қосымшаға және «Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылатын
балаларды шетел азаматтарының асырап алуы тура-
лы іс бойынша сот отырысы хаттамасының үлгісі»
атты Қосымша № 3 назар аударыңыз.
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын
имплементтеу жөніндегі нұсқау ЮНИСЕФ,
2007 ж.
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына
қатысушы кейбір мемлекеттер бала асырап
алу құпиясы бала асырап алуды ойдағыдай
қамтамасыз ету үшін қажет деп мәлімдейді.
Дегенмен бала асырап алуда ашық саясатты
қолданатын өзге елдердің тәжірибесі оның
балаға теріс әсер етпейтінін көрсетті.
92
4.1. ата-ана құқығынан
айыру туралы істі сотта
қарауға дайындау
Судья өтінішті қабылдап, азаматтық іс қозғаған соң,
оның уақытылы әрі дұрыс шешілуін қамтамасыз
ету мақсатында істі соттың қарауына дайындайды.
Азаматтық істерді соттың қарауына дайындау
бірінші сатыдағы сотта өндіріс сатысының қажетті
бөлігі болып табылады және тараптардың сот
отырысына ұсынатын дәлелдемелерін, нақты
құқықтары мен міндеттемелерін толық, жан-жақты
және әділ зерттеу, заңды және дәлелденген сот
актісін шығару үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Судьялар сот өндірісіне
өтініштер қабылдаған
кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық іс
жүргізу кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша –
АІК) 150 және 151-баптарының талаптарының,
яғни өтініштердің, қойылатын талаптардың
негізделігі туралы дәлелдемелердің нысанын және
мазмұнын бұлжытпай сақтауға міндетті.
АІК-нің 167-бабына сәйкес, азаматтық істі сот-
та қарауға дайындау өтініш қабылданған күннен
бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірілмей
жүргізілуге тиіс. Ерекше маңызды кейбір істер
бойынша мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бой-
ынша бір айға ұзартылуы мүмкін.
АІК-нің 168-бабына сәйкес судья істі соттың
қарауына дайындау туралы ұйғарым шығаруға
және жүргізілуге тиіс әрекеттерді көрсетуге
міндетті.
АІК-нің 14-бабын басшылыққа ала отырып, сот
жүргізу тілі сотқа талап арыз (өтініш) берілген
тілге байланысты белгіленеді.
АІК-нің 170-бабының тәртібімен судья істі
сотттың қарауына дайындау бойынша мынадай
әрекеттер жасауы тиіс:
•
талапкерге олар мәлімдеген талаптардың мәні
бойынша сұрақ қою,
қажет жағдайда қосымша
дәлелдемелер тапсыруын ұсыну;
•
жауапкерді шақыртып, оған талап арыздың
көшірмесін беру, АІК-нің 169-1-бабының та-
лаптарын түсіндіру, ол бойынша жауапкер
оның талап арызға қатысты наразылықтарын
растайтын құжаттарды қоса бере отырып, та-
лап арызға жазылған пікірді, сондай-ақ пікір
көшірмесі мен оған қоса берілетін құжаттардың
талапкерге және іске қатысушы өзге тұлғаларға
жіберілуін растайтын құжаттарды ұсыну;
•
талапкер мен жауапкерге АІК-нің 47-бабын-
да көзделген, оның ішінде «Медиация туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының талапатары-
на сәйкес, медиаторға жүгіну арқылы дауды рет-
теу туралы келісім немесе бейбіт келісім жасау
арқылы туындаған дауды шешу мүмкіндіктері
туралы құқықтар мен міндеттерді түсіндіру;
•
қолданыстағы отбасы-неке
заңнамасын қолдану
ерекшеліктерін назарға ала отырып, талапкердің
талабына байланысты талап арыз мәнін
нақтылау;
•
іс бойынша қажетті құжаттарды талап ету бой-
ынша шаралар қолдану, яғни баланың туылу
акті жазбасы, оның денсаулық жағдайы тура-
лы анықтамалар, тараптардың материалдық-
тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, алимент-
тер бойынша борышкерлік туралы құжаттарды
растайтын алименттік міндеттемелер және т.с.с.
болған кезде;
•
прокурорға және қамқоршылық және
қорғаншылық органына талап арыздың
көшірмесін тапсыруды қамтамасыз ету;
•
іс бойынша педагог және психологты тарту
мәселелерін
қарастыру;
•
істі басты соттың қарауына тағайындаған
жағдайда азаматтық істің қаралу уақыты және
орны туралы тараптар мен қатысушыларды
тиісті түрде хабардар ету.
4.2. ата-ана құқықтарынан
айыру
Өздерінің ата-аналық міндеттерін тиісінше орын-
дамайтын азаматтарды ата-ана құқықтарынан айы-
ру кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
нысандарының бірі болып табылады.
Ата-ана құқықтарынан айыру ата-ана сияқты, бала
үшін де маңызды құқықтық салдарларға әкелетін
ерекше шараны білдіреді. Бұл ата-ана құқығынан
айыруға ата-аналардың (олардың біреуінің)
тәртібін жақсы жағына қарай өзгерту мүмкін бол-
4-бөлім.
ата-ана құқығынан айыру және
қалпына келтіру туралы істерді
қарау
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен