93
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
майтын кезде жол берілетінін білдіреді. Сондай-ақ
ата-ана құқықтарынан айырудың сот тәртібімен
ғана жүргізілетінін ескеру қажет. Соттан басқа
ешқандай мемлекеттік орган ата-ана құқықтарынан
айыру туралы шешім шығаруға құқылы емес.
Ата-ана құқығынан айыру әр балаға жеке қатысты
болады. Жалпы, ата-аналары құқықтары мен
мүдделерін өрескел бұзған баланы анықтап алмай
тұрып, ата-ана құқығынан айыруға болмайды.
Сондай-ақ әлі дүниеге келмеген балаға қатысты
құқықтан айыруға болмайды.
Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналардың
(олардың біреуінің) саналы түрдегі мінез-
құлқының нәтижесі болуы ықтимал. Егер олар
өздеріне байланысты емес (қатты психологиялық
ауру, асқынған жарыместік, мүгедектік және т.с.с.)
себептер бойынша өз әрекеттерін басқара алмай-
тын жағдайда болса,
онда жалпы ереже бойынша
оларды ата-ана құқықтарынан айыруға болмайды.
Осылайша, ата-аналардың кінәлі болуы ата-ана
құқықтарынан айырудың міндетті шарттарына
жатады. Кінәсі болмаған жағдайда «Неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Ре-
спубликасы Кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша
– НОтҚРК) 79-бабы 1, 2- тармақшаларына сәйкес
ата-ана құқықтарын шектеу не НОтҚРК 118-бабы-
на сәйкес ата-ана қамқорлығынан айырылған бала
ретінде оны орналастыру шарасы қолданылады.
Ата-аналарды айыруы мүмкін ата-ана құқықтары
деп «Балаларды тәрбиелеуге байланысты да-
уларды шешкен кезде заңнаманы соттардың
қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі №
4 нормативтік қаулысында (22.12.2008 жылғы №
12 ҚР ЖС нормативтік қаулысымен енгізілген
өзгерістермен) көрсетілгенге сәйкес, денсаулық
туралы қамқорлық, тәрбиелеу,
балалардың орта
білім алуына, олардың мүдделерін танытуға және
қорғауға, баланы асырап алуға келісім беруден бас
тартуын не келісуін, балалардың 14 жастан бастап
18 жасқа дейін мәмілелер жасауға келісім беруін
балалардың өзге адамдардан талап етуі, Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексі 22-бабының
2-тармағында аталған мәмілелерді қоспағанда,
жасөспірімдердің өз табысын, шәкіртақысын,
өздері жасаған зияткерлік меншік және т.с.с.
кірістерін өздерінің пайдалануынан айыру не-
месе шектеу туралы қолдаухатқа қатысты бала-
лар кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі оларға
ұсынылатын құқықтар деп түсіну керек.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешім
шығару ата-аналардың (олардың біреуінің)
жоғарыда аталғандарды ғана емес, сонымен қатар
отбасылық сияқты, өзге құқықтық қатынастардан
туындайтын баламен туыстық
фактісіне негізделген
өзге құқықтарды да (НОтҚРК 145-бабында
көзделген қамтуды алуға, балалары бар азаматтар
үшін белгіленетін жеңілдіктер мен мемлекеттік
жәрдемақыларға, заң бойынша мұрагерлікке және
т.с.с.) жоғалтуын білдіреді.
НОтҚРК 75-бабына сәйкес ата-ана құқықтарынан
айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің
(оларды алмастыратын тұлғалардың), кәмелетке
толмаған балалардың құқықтарын қорғау бой-
ынша міндеттемелер жүктелген органдардың не-
месе ұйымдардың (кәмелетке толмағандардың
істері бойынша комиссиялар, қамқоршылық және
қорғаншылық жөніндегі функцияларды іске асы-
ратын органдар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балалар мен жетім балаларға арналған мекемелер,
атап
айтқанда, балалар үйлері, мектеп-интернат-
тар, мүгедектер үйлері, дене кемістіктері бар және
балаларға арналған интернаттар және басқалары)
өтініштері бойынша, сондай-ақ прокурордың та-
лап арызы бойынша қаралады.
Ата-аналардың біреуін ата-ана құқығынан айы-
ру туралы істі соттың қарауына дайындаған кезде
судья кәмелетке толмаған баланың құқықтарын
қорғау әрі оның одан әрі тиісінше тәрбиелену
жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ бала-
мен бірге тұрмайтын ата-ана құқықтарын қорғау
мақсатында осы ата-анаға әрбір жағдайда қаралатын
сот ісінің уақыты мен орны туралы хабарлауға,
оның өзіне баланы тәрбиелеуге беру туралы та-
лапты мәлімдеуге құқылы екенін түсіндіруге тиіс.
Істің жайттарын жан-жақты анықтау және
балаларға деген ата-аналарының
қарым-қатынасын
сипаттау мақсатында ата-ана құқықтарынан
айыру туралы талап арыздар сот отырысына
талапкерлердің қатысуымен қаралуы тиіс.
Ата-аналар кінәлі мінез-құлық танытқан жағжайда
ғана НОтҚРК 75-бабында көзделген негіздер бой-
ынша ата-ана құқықтарынан айырылуы мүмкін:
1. Егер олар ата-аналық міндеттерін орындаудан
жалтаратын болса, оның ішінде алименттерді
төлеуден қасақана жалтарған кезде.
Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалта-
ру жүйелік, яғни ол қалай көрініс тапса да, ата-
аналық парызын бірнеше мәрте орындамау,
(тамақтандырмайды, қажетті киім-кешекпен,
медициналық көмекпен қамтамасыз етпейді, бір
сөзбен айтқанда, баланың маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін ештеңе істемейді) бала-
ны оқытуға, адамгершілік тұрғыдан және оның
тән саулығын
дамытуға қамқорлықтың болма-
уын, қоғамдық пайдалы еңбекке дайындамауын
білдіреді. Бәрінен бұрын суықтан, аштықтан, ау-
рудан зардап шегетін балаларға немқұрайлы қарау
оларды тәрбиелену жағдайына селқос қараумен
немесе өзінің баланың жеке басын бұзатын зиян-
ды мінез-құлқымен астасады (баланың көзінше мас
94
спубликасы Заңының 89-бабына сәйкес, дене
және психикалық даму кемістіктері бар кәмелетке
толмағандар ата-аналарының немесе оларды алма-
стыратын тұлғалардың өтініштері бойынша барлық
деңгейдегі бюджеттер, қайырымдылық және басқа
қорлар қаражаты есебінен, сондай-ақ ата-аналар
(оларды алмастыратын тұлғалардың) қаржысы
есебінен әлеуметтік қорғау мекемелерінде бағылуы
мүмкін. Сондықтан олардың балаларды үйге алу-
дан бас тартуын заңсыз деп қарауға болмайды.
Осындай бағалауға
некеде тұрмайтын жалғызбасты
әйелдің бас тартуы жатады, себебі оның бала-
ны толық мемлекеттің қамқорлығындағы бала-
лар мекемесіне орналастыруға беру құқығының
сөзсіз құқықтық негіздері бар. Алайда бұл ереже
жалғызбасты ананың баланы тәрбиелеуге ғана ор-
наластыратына қатысты. Сондықтан ол мысалы,
оның емдік курстан өткен баласын ауруханадан
алудан бас тартуға құқылы емес. Перзентханаға
(бөлімшеге) келетін болсақ, онда жалғызбасты
ана бұл ретте өзінің оны басқа отбасына неме-
се толық мемлекеттің қамқорлығындағы балалар
мекемесіне тапсырғысы келетінін айтпай, осын-
да жаңа туылған нәрестесін тастап кетеді (оның
үстіне, әрекеті маңызды объективті себептермен
байланысты болмаған кезде),
оның мінез-құлқын
ата-ана құқықтарынан айыру үшін негіз болаты-
нын көрсететін заңсыз әрекет ретінде бағалау ке-
рек.
болу, оны өзінің адамгершілікке жат әрекеттерінің
тікелей куәгеріне айналдыру және т.с.с.).
НОтҚРК 75-бабы алимент төлеуден қасақана
жалтаруды ата-аналық міндеттерін орындаудан
жалтарудың бір түрі ретінде бөліп қарайды. Өз ба-
лаларына алимент төлеуден, материалдық қолдау
көрсетуден тұрақты жалтару ұмтылысына көз
жеткізу жеткілікті. Бірақ егер ата-ана объективті
себептер бойынша алимент төлей алмайтын бол-
са, осы белгі бойынша оны ата-ана құқығынан
айыруға негіз жоқ.
2. Егер олар өз балаларын перзентхана-
дан (бөлімшеден), ата-ана қамқорлығынсыз
қалған балаларға, жетім балаларға арналған
ұйымдардан және өзге ұйымдардан дәлелсіз се-
бептермен алудан бас тартатын болса.
Бұл ретте мұндай бас тартудың сот дәлелді деп та-
нитын себептер бойынша туындамайтыны назарға
алынады (қатты ауру, мүгедектік, қандай да бір
тұрғын үйінің болмауы және т.с.с.). Ата-аналардың
(олардың біреуінің) тұрмыстық жағдайының ауыр
болу фактісінің өзі әрбір нақты жағдайда сыни
тұрғыдан бағалануға тиіс. Одан басқа әр кезде ата-
аналардың (олардың біреуінің) заңмен белгіленген
қандай да бір жеңілдіктері бар екенін ескеру керек.
Сонымен, «Халықтың денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Ре-
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен