87
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
де шетелдік мекеме Қазақстан Республикасына
келу және неке-отбасы заңнамасына сәйкес бала-
ны асырап алуды ресімдеуге өтініш берушілерге
виза береді.
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері
құжаттарды қабылдаған кезде Қазақстан
Республикасының уәкілетті органына жолдау
үшін Консулдық қызмет департаментіне бала асы-
рап алу жөніндегі материалдарды 2 дана етіп жол-
дайды. Аталған құжаттар мемлекеттік немесе орыс
тілдеріндегі аудармалары куәландырылып тапсы-
рылады және апостильдендіріліп, заңдастырылып
тапсырылады.
Бір данасы шетелдік мекемеде сақталады.
Құжаттарды қабылдаған кезде шетелдік мекеме
өтініш берушілердің «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» Қазақстан Республи-
касы Кодексінің 84, 85, 90, 91, 92-баптарын-
да көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді.
Аталған шарттарға сәйкес болмаған жағдайда,
құжаттар қабылданбайды
және бас тарту себептері
түсіндіріледі.
Елге келген соң ҚР Білім және ғылым министрлігі
халықаралық бала асырап саласындағы уәкілетті
орган ретінде шетелдіктерге баланың нақты
орналасқан жері бойынша білім беру саласындағы
органдарға баруына және бала асырап алу тура-
лы мәселені шешуге жолдама береді. Облыстық
басқарма қамқоршылық және қорғаншылық орга-
нына тікелей жолдама береді.
Шетелдіктер асырап алынатын бала анықталған
соң, қамқоршылық және қорғаншылық ор-
ганына өтініш жазады және қамқоршылық
және қорғаншылық органы аталған баланың
орталықтандырылған есепте тұру фактісін растау
үшін білім беру саласындағы орталық атқарушы
органға сұрау жібереді.
Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын
қорғау саласындағы
уәкілетті органға құжаттарды
тапсырған соң және баланы асырап алуға бала
асырап алушының келісімін берген кезде бала
асырап алушы тиісті тәрбеиелеу мекемесінің
режимін сақтай отырып, баланың тұратын
жерінде кемінде төрт апта баламен тікелей бай-
ланыста болуға тиіс (баланың өзімен жеке,
оның дағдыларымен, талғамымен, мінез-құлық
ерекшеліктерімен, тәрбиесімен, оның этникалық,
діни және мәдени байланыстарымен және ортасы-
мен танысу). Қарым-қатынас қамқоршылық және
қорғаншылық органының және қажет болған кез-
де аудармашының қатысуымен өтеді.
Төрт апталық байланыс аяқталған бойда
қамқоршылық және қорғаншылық органы бала асы-
рап алуға Қазақстан
Республикасының азаматтары
болып табылатын балаларды беру туралы рұқсаттың
берілу мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы
негізінде бала асырап алудың негізділігі және оның
бала асырап алуға үміткер шетелдіктің осы баламен
жеке араласу фактісі туралы мәліметтер көрсетілген
асырап алынатын баланың мүдделеріне сәйкестігі
туралы қорытынды береді.
88
Осы процедуралардан соң әлеуетті бала асырап
алушылар өтініш жазып, сотқа жүгіну құқығына ие
болады.
Бала асырап алуды қалайтын шетелдіктердің бала
асырап алу процесіне өзінің жеке міндетті қатысуы
олардың өздерімен бірге бір өкілін де қатыстыру,
сондай-ақ қажетті жағдайларда аудармашының
қызметтерін пайдалану құқықтарын шектемейді,
өкілдің құқықтары мен міндеттері азаматтық және
азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген.
Сот өтінішті қанағаттандырған соң,
сот шешімі
заңды күшіне енгенен кейін бала асырап алу
АХАЖ органдарында тіркеледі.
Соттар халықаралық бала асырап алу істерін қараған
кезде халықаралық бала асырап алу сатыларының
жоғарыда аталған барлық талаптарының сақталуын
тексеруі тиіс.
3.2. шетелдік азаматтардың
бала асырап алуы туралы
істерді қарау ерекшеліктері
Азаматтық іс жүргізу заңнамасымен көзделген ере-
желер бойынша бала асырап алу туралы істер ерек-
ше өндіріс тәртібімен баланың тұрғылықты жері
(тұратын) бойынша кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотта қаралады. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық
бірлік аумағында кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сот құрылмаса, оған тиесілі сот ісін баланың
тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық)
сот қарайды (ҚР АІК 317-1 бабы).
Әлеуетті бала асырап алушының баламен 4
апталық
тікелей қарым-қатынас жасауы аяқталған соң, сотқа
өтініш беріледі (НОтҚРК 85-бабының 3-тармағы).
Балалардың шетелдіктермен қарым-қатынас жаса-
уы қамқоршылық және қорғаншылық органының
қатысуымен өтуге тиіс. Соттар істі қарау барысын-
да қамқоршылық және қорғаншылық органының
өкілінен мекеме қызметкерлерінің қайсысының
өтініш берушілермен бірге балалар үйіне барғанын,
болашақ ата-аналардың баламен қалай сөйлескенін
сұрап білуі тиіс.
Шетелдіктің бала асырап алу туралы берген өтініші
жоғарыда аталған мерзім аяқталмай тұрып, өтініш
берушіге қайта қайтарылуға тиіс.
Сот бала асырап алу туралы істерді жабық сот оты-
рысында қарайды (ҚР АІК 317 – 4 бабы).
Сот баламен қарым-қатынасының растығын
куәландыратын (көші-қон карточкалары және
т.с.с.) құжаттар арқылы шетелдіктердің Қазақстан
Республикасына келген күнін тексеруге тиіс.
Егер шетелдік агенттік берген апостилденген
құжаттың оны сотқа тапсырған кезде күшінде
болу
мерзімі шектеулі болса, онда мұндай құжатты
рұқсат етілетін дәлелдеме ретінде танымау туралы
мәселені шешу қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе
шетелдік тұлғаларға қатысты шет мемлекеттердің
заңдары бойынша Қазақстан Республика-
сы шегінен тыс жасалған шет мемлекеттердің
құзырлы органдары белгіленген нысан бой-
ынша берген, жасаған немесе куәландырған
құжаттарды Қазақстан Республикасының
соттары, егер Қазақстан Республикасының
заңдарында немесе халықаарлық шарттарын-
да өзгеше көзделмесе, консулдық заңдастыру
болған жағдайда қабылдайды. Соттар консулдық
заңдарстыру деп заң күшін беру түсінілетенін на-
зарда ұстауы керек,
яғни консул өзінің консулдық
аймағының шегінде жасалған және жергілікті
биліктер бекіткен кез келген актіде немесе құжатта
қойылған қолдарының растығын мөрмен және
өз қолымен куәландыруы тиіс. Шетелде жасалған
құжат консулды тағайындаған елде ұсынылуы тиіс
және осы мемлекеттің заңнамасы бойынша талап
етілетін кезде консулдық заңдастыру жасалады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы үшін 2001
жылы 30 қаңтарда күшіне енген шетелдік ресми
құжаттардың заңдастырылуын талап етуді жоятын
Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасындағы
қатынастарда құжаттарды заңдастыру талап
етілмейтінін ескеру керек (Гаага қ., 05 қазан 1961
жыл). Аталған Конвенцияның 3, 5-баптарының
талаптарына сәйкес, Конвенцияға қатысушы мем-
лекеттерде ресми құжаттарды дипломатиялық не-
месе консулдық заңдастырудың орнына құжаттағы
лауазымды тұлғалардың қойылған қолдарының,
мөрлері немесе мөртабандарының түпнұсқалығын
растау үшін осы құжат жасалған мемлекеттің
құзыретті органы құжатқа апостиль қояды.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылатын балаларды бала асырап алғысы келетін
шетелдік азаматтардың
өтініштерін соттар бала асы-
рап алу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарға
және нысанына, мазмұнына қойылатын ҚР АІК
150-151, 317-1, 317-2-баптарының талаптарын
сақтай отырып қабылдайды, ал өтініштің өзінде
өтініш берілетін соттың атауы, асырап алушының
толық тегі, аты, әкесінің аты және тұратын жері,
асырап алынатын баланың тегі, аты, әкесінің аты
және туған күні, оның тұрғылықты жері (тұратын),
асырап алынатын баланың ата-анасы, оның аға-
апаларының бар екені, баланы асырап алу туралы
асырап алушылардың өтінішін негіздейтін жайттар
және осы жайттарды
растайтын дәлелдемелер ту-
ралы мәліметтер, асырап алынатын баланың тегін,
атын, әкесінің атын, туған күнін және т.с.с. өзгерту
туралы өтініштер көрсетілуге тиіс. Бала асырап алу
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен