73
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
психологиялық қызметтер енгізуді көздейтін заң
жобасы жатыр.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
соттардың енгізілуімен байланысты
мамандандырылған мектептерге жіберілетін
балалардың сот төрелігіне қол жеткізулері
кеңейгенін атап өту қажет. Бұрын «қиын»
жасөспірімдер жергілікті атқарушы органдар
жанындағы кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі комиссияның шешімі бойынша осындай
мекемелерге жіберілетін. Қазір мұндай шешімді
сот қана қабылдайды. Нәтижесінде біз арнайы мек-
тептерге жіберілетін балалар санының азайғанын
байқаймыз
64
.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары
болған балалардың құқығын қорғау да кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі соттар қарауында
болады. Қазіргі уақытта Парламент жұмысында
сотқа өмірдің қиын жағдайларына тап болған
кәмелетке толмаған балалар мен отбасының
өзге де мүшелеріне уақытша қорғаншылықты
анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
ата-аналардың баламен араласуына уақытша тый-
ым салу немесе шектеу белгілеу құқығын беруді
ұсынатын заң жобасы жатыр.
Халықаралық сарапшылар ювеналды әділетті дамы-
ту, оның ішінде кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі сотты құру процесі Қазақстанның БҰҰ
Бала құқықтары туралы комитетінің ұсынымдарын
орындаудағы ілгерілеушілігі болып табылатынын
атап көрсетеді. Кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған сотты құру зертте-
уге, бағалауға және таратылуға тиіс оң тәжірибе
болып танылды.
Сонымен бірге ювеналды әділеттің Қазақстанда
одан әрі қалыптасуы мынадай нақты іс-шараларды
көздейді:
•
заңнамалық: осы саладағы қолданыстағы
қазақстандық заңнаманы одан әрі халықаралық
стандарттарға сәйкестендіру; Қазақстандағы
қазіргі жағдай талаптарына жауап беретін за-
манауи қазақстандық құқықтың кешенді саласы
ретінде тиімді ювеналдық құқықты әзірлемей
тұрып, ювеналдық саясатты қалыптастыру және
жүзеге асыру мүмкін емес.
•
ұйымдастырушылық – ювеналды әділет
органдарының нақты құрылуы және жұмыс
істеуі: кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған соттар,
ювеналдық прокурорлар, полиция, адвокату-
ра; ювеналды әділет жұмысын үйлестіретін
уәкілетті органды айқындау; ювеналды әділет
жүйесінде әлеуметік қызметтер көрсету жүйесін
құру; кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
комиссиялардың рөлі мен функцияларын қайта
қарастыру керек.
•
ағартушылық – мамандандырылған оқыту,
кәмелетке толмағандар құқықтарының
мәселелері бойынша әртүрлі жарияланымдар,
оқу құралдары, әдістемелік әзірлемелер, жари-
яланымдар басып шығару;
•
бағдарламалық – ювеналды әділет жүйелерін
жетілдірудегі және ювеналдық технологи-
яларды дамытудағы мемлекет саясатының
негізгі бағыттарын көздейтін бағдарламалық
құжаттардың қабылдануы.
64 ҚР БҒМ деректері, 2013 ж.