ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет33/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79

69
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
3.1 кәмелетке 
толмағандардың істері 
жөніндегі тәжірибелік 
мамандандырылған 
соттар жұмысының негізгі 
қорытындылары 
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот-
тар қызметінің негізгі бағыты сот төрелігін іске 
асыру болып табылады. Кәмелетке толмағандар 
үшін сот төрелігін іске асырудың ерекшелігі оның 
тәрбиелік мәнінде болып отыр. 
Әдетте, кәмелетке толмаған баланың өміріндегі 
соттың тәрбиелік рөлі туралы айтқан кезде 
олардың жасайтын құқық бұзушылықтарымен 
жүргізілетін күрес ойға келеді, ал балаларға 
қатысты соттың тәрбиелеу функциялары осымен 
шектелмейді. Соттың баланың, жасөспірімнің 
тағдыры шешілетін дауларды жиі қарауына тура 
келеді. Әңгіме отбасы әлденеге байланысты не-
месе еш себепсіз өзінің тәрбиелік функцияларын 
орындай алмайтын немесе орындамайтын кезде 
туындайтын барлық тұрғыдан қиын, қайшылықты, 
шиеленіскен өмірлік оқиғалар туралы болып отыр. 
Осы кезде басты себебі тәрбиемен тығыз байланы-
сты болатын балалар туралы даулар туындайды.
Басқаша айтқанда, соттың кәмелетке толмаған 
жастың қалыптасқан тұрмысының түбегейлі 
өзгеруі салдарынан туындайтын дауларды шешуіне 
тура келеді, жасөспірім бұзылған бұрынғы 
тұрмысын қалпына келтіру үшін әрекеттенеді, бұл, 
әдетте, терең жан жарасына әкеліп соғады. Міне, 
сондықтан дауды шешудің неғұрлым жеңіл, ойға 
қонымды жолын таңдау үшін заңды жақсы білу аз, 
сондай-ақ педагогикалық сипаттағы мәселелерді, 
балалар психологиясы негіздерін жақсы білген 
жөн. Оның үстіне осы тәрізді білімдерді ата-
аналардың құқықтары және сезімдеріне қатысты 
барынша үйлестіре білу керек. Сондықтан балалар 
туралы даулардың қашанда барынша қиын болып 
саналғаны және саналатыны кездейсоқ емес.
Сот азаматтық істерді қараған кезде тәрбие 
мәселелері, отбасының материалдық жай-күйінің 
нашар болуы, кәмелетке толмағандардың тұрақсыз 
психологиялық жай-күйі де анықталады. Аста-
на қаласының кәмелетке толмағандардың істері 
жөніндегі соты өткізген талдау көрсеткеніндей, 
қауқарсыз балалар санаты сот төрелігінің қарауына 
көп түседі.Бүгінгі күні Қазақстанда тұрмысы 
төмен отбасылар ешкімнің көмегін күтпей, тек 
өздеріне ғана сенуге мәжбүр және тұрғындардың 
ең қауқарсыз санатының бірі болып табылады. 
Осыған байланысты отбасыны және баланы қолдау 
қызметтерін дамыту қажет, себебі қазіргі кезде 
осындай отбасыларға көмек көрсету үшін соттар 
балаларды әлеуметтік бейімдеу орталықтары мен 
қамқоршылық және қорғаншылық органдарына 
ғана жібере алады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған сот қызметінің негізгі бағыты 
сот төрелігін оның ерекшеліктеріне қарай іске 
асыру болып табылатындығына қарамастан, Аста-
на қаласының кәмелетке толмағандардың істері 
жөніндегі мамандандырылған соты бірқатар се-
бептерге байланысты өзге қызмет түрлерін де іске 
асырды. 
Заң шығару қызметіне қатысу
Астанадағы соттың өзіндік ерекшеліктеріне, 
практикалық қызметінің болуына және Аста-
нада орналасуына байланысты сот заң жобала-
рын талқылауға белсенді тартылады. «Қазақстан 
Республикасындағы сынақтан өткізу қызметі тура-
лы» заң жобасына ұсыныстар енгізілді. Кәмелетке 
толмағандардың істері жөніндегі соттың ұсынған 
балама ықпал ету шараларын қолдану бойынша 
айтарлықтай ұсыныстар енгізілген «Балалардың 
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері 
бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң 
жобасы Мәжіліс және Сенат жұмысында тұрақты 
қаралады. Осымен қатар «Медиация туралы» заң жо-
басын Парламентте талқылауға қатысу ұйғарылды. 
3-бөлім. 
Қазақстанның кәмелетке 
толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған соттарының 
тәжірибесі, проблемалары мен 
қызметінің нәтижелері 


70
Ювеналды әділет саласындағы өзара 
іс-қимыл
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот өз 
жұмысын жергілікті деңгейде балалармен жұмыс 
жасайтын өзге ведомстволармен, оның ішінде 
мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен: 
әкімдіктермен, полициямен, қорғаушылармен, 
прокурорлармен, білім беру және денсаулық 
сақтау жүйелерімен, қоғамдық ұйымдармен, пси-
хологтармен үйлестіреді.
Алайда Конвенцияда көзделген ювеналдық 
полицияның, прокуратураның, сынақтан өткізу 
қызметінің, қорғау органдарының, уәкілетті 
жергілікті органның, арнайы әлеуметтік 
қызметтердің мамандандырылған органдарының 
болмауы немесе сөз жүзінде ғана болуы ювеналдық 
жүйенің алдына кәмелетке толмағандарды қайта 
тәрбиелеу бойынша қойылған міндеттерді 
толық көлемде іске асыруына мүмкіндік 
бермейді. Осыған байланысты сот мемлекеттік 
органдарға ұсынымдар, әртүрлі ақпараттар жол-
дау, Қазақстандағы ювеналды әділет жүйелерін 
дамытуға көмек көрсету және түсіндіру жұмысына 
халықаралық ұйымдарды тарту арқылы барлық 
құрылымдарды осы қызметті жандандыруға 
бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізеді. 
Бас бостандығынан айыру бойынша 
балама шаралар әзірлеу саласындағы 
ынтымақтастық
Республиканың ювеналды әділет жүйесінде 
кәмелетке толмағандарға қатысты әлеуметтік 
алдын алу шараларының инфрақұрылымын, 
сауықтыру кеңістігін дамыту және жазаның орын-
далу деңгейінің төмен байқалады. Соттың шынайы 
тәрбиелеу санкцияларын қолдану мүмкіндіктерін 
шектеу, көбінесе, осы сияқты шараларды орын-
дауды тапсыруға болатын оңалту-тәрбиелеу 
мекемелерінің жоқтығымен түсіндіріледі. 
Оңалтумен қамтуға қылмыстық іс жасаған балалар 
ғана емес, сонымен қатар ювеналдық өріс аясына 
кірген кәмелетке толмағандар да жатады. Бұлар 
– әкімшілік айыпты әрекеттер жасаған, есепте 
тұрған, ата-аналары тиісінше тәрбиелемегені үшін 
әкімшілік жауапкершілікке тартылған балалар. 
2010 жылы соттың бастамашылығымен Қазақстанда 
ЮНИСЕФ Өкілдігінің қолдауы арқасында мүдделі 
органдардың қатысуымен шартты түрде бас 
бостандығынан айыру шаралары қолданылған не-
месе тәрбиелеп ықпал ету шаралары тағайындалған 
балалар үшін «Кәмелетке толмағандарға қатысты 
сот төрелігінің баламалары» атты тәжірибелік жоба 
өткізілді. Жобаның негізгі міндеті консультация 
беру қызметін ұсыну, өмірдегі қиын жағдайларда 
балаға және оның отбасына әлеуметтік қолдау 
көрсету, оңалту жағдайында оқыту, балалардың 
қылмыстық әрекетке қайта үйір болуына жол бер-
меу болды. Жоба аясында қоғамдық бірлестік ба-
засында қылмыстық-атқару жүйесі органдарының 
қолдауына ие болған және одан әрі дамуға серпін 
алған «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қорғау 
орталығы ашылды.
Тәжірибелік жоба жұмысының нәтижелері 
бойынша ювеналды әділет аясына түскен бала-
ларды қолдауға тиісті органдар құрылымы ту-
ралы ұсыныстар, балаларды қайта тәрбиелеу 
жөніндегі шаралар, осы жұмысты өткізген 
кезде болжанатын шығындар, кәмелетке 
толмағандарға қажет болатын қызмет көрсету 
түрлері енгізілді. Жоба жұмысы аясында юве-
налды әділет саласына әлеуметтік қызметкерлер 
мен психологтардың қатысуы туралы, осындай 
қызметкерлер қызмет ете алатын құрылымдар, 
оларды қылмыстық іс жүргізуге кірістіру және 
басқа ұйымдастырушылық іс-әрекеттер туралы 
нақты ұсыныстар енгізілді.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттардың қызметі
3-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау