ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет38/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79

79
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
2012 ж. жағдай бойынша 1999 жылдан бастап 
жалпы алғанда, Қазақстаннан 47 000-нан артық 
бала асырап алынды, олардың ішінде 38 000-нан 
астамының жергілікті асырап алушы ата-аналары 
бар және 8 800-ден астам баланы шетелдіктер асы-
рап алған
65
. Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда бала 
асырап алуға үміткерлер ретінде тіркелген адамдар 
санының артқаны байқалады.
66
 Жақын болашақта 
қазақстандық азаматтардың шетелдерден бала асы-
рап алуы өзекті мәселе болады деп болжанады. 
Осыған байланысты, осы кезеңнің өзінде аталған 
мәселе бойынша заңнамалық реттеуді және заң 
қолданылатын тәжірибені қарастыру қажет. 
2.1. істі соттың қарауына 
дайындау
Бала асырап алу балалардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыру мақсатында өткізілетін шара болып 
табылады. Аталған шара ата-ана қамқорлығынан 
айырылған балаларға немесе өз ата-аналарымен 
қалуға мүмкіндіктері жоқ балаларға өзге отбасын-
да тұрақты орналасуға мүмкіндік береді. Асырап 
алған ата-аналар бала жасөспірім жасқа жеткен 
кезде ата-аналар дайындығының жеткіліксіз бо-
луы, қолдаудың болмауы және бала мен ата-ана 
мінез-құлқының сәйкес келмеуі салдарынан бала 
асырап алудан бас тартатын жағдайлар көп бо-
лады. Асырауға берілетін балалардың барлығы 
бағалаудан, тиісті дайындық пен оқытудан өткен 
және шынайы үміттері бар лайықты және осы 
талаптарға сәйкес келетін асырап алушы ата-
аналарға тәрбиелеуге берілгені маңызды.  
Бала асырап алу туралы істер бойынша 
дәлелдемелерге жол берілу соттың ішкі сенімі бой-
ынша емес, заң нұсқаулары негізінде айқындалады. 
Осындай дәлелдемелерге жол берушілік 
материалдық және іс жүргізу құқық нормаларының 
талаптарына байланысты айқындалады. Атап 
айтқанда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 
нормативтік қаулысының 3-тармағы сотқа өтініш 
2-бөлім. 
Қазақстан Республикасы 
азаматтарының балаларды асырап 
алуы бойынша азаматтық істер
Бала құқықтары туралы БҰҰ 
конвенциясының 21-бабы
Бала асырап алу жүйесінің болуын мойын-
дайтын және/немеcе оған рұқсат беретін 
қатыcушы мемлeкeттер баланың eң 
қaжетті мүдделерінің бірінші кезекте 
eскеpіліп отыруын қамтамаcыз етеді және 
олар: 
a) бала асырап алудың қoлданылатын заңдар 
мен рәсімдеpге сәйкес және баланың ата-ана-
сы мен заңды қамқоpшыларына қатысты 
мәртебесіне, сондай-ақ, eгер қaжeт болcа, 
мүддeлі адамдар қaжет болуы мүмкін бола-
тындай кеңестер өткізу негізінде балa асы-
рап алуға өздeрінің саналы түрдегі келісімін 
беpуіне бaйланыcты барлық іске қатысты 
және сенімді ақпaраттар негізінде бала асы-
рап алу мүмкін болатынын анықтайтын 
құзыpeтті биліктің рұқсатымен ғана 
жүргізілуін қамтамасыз етеді; 
b) егep баланы туған елінде біpeyдің 
тәрбиеcіне беpу немесе оны тәрбиелеуді не-
месе aсырап алуды қамтамасыз ететін от-
басына орналастыру және лайықты күтімді 
қамтaмасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, 
онда бaланы басқa елгe аcырап алуға беруді 
балағa күтім жасаудың бaламaлы тәсілі 
рeтінде қабылдауға болады деп таниды; 
c) өз eліндегі асырап алуға қaтыcты 
қолданылатын кепілдіктер мен 
нормалардың бала баcқа елге aсырaп алуға 
берілген жaғдайдa да дәл солай қолданылуын 
қамтaмaсыз етeді;
d) баланы өзге бір eл acырап алғaн жағдайда 
баланы орналaстыру адамдардың жөнсіз 
қaржылық пайда табyына әкеліп соқпауын 
қамтaмасыз ету мақcатында барлық 
қажетті шaралaр қолданылады; 
e) қажетті жағдайларда, eкіжақты және 
көпжақты уағдаластықтар мeн келіcімдер 
жаcасу жолымен oсы баптың мақсaттарына 
жетуге жәрдемдeседі және осының негізінде 
баланы басқa eлге орналастыруды құзыретті 
билік нeмесe органдардың жүзеге асыруын 
қамтaмасыз етуге ұмтылыс жаcайды.
65 ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты, ақпан 2013ж.
66 Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, “Қазақстандағы ба-
лаларды асырап алу”, http://www.bala-kkk.kz/en/node/587, қаңтар 
2013 жыл.


80
берушілердің, қамқоршылық және қорғаншылық 
органдарының қандай жазбаша құжаттар 
ұсынуы керектігін айқындайды. Ешқандай өзге 
дәлелдемелер емес, дәл осы құжаттармен бала асы-
рап алу туралы іс бойынша заң жүзінде маңызды 
жайттар расталуы мүмкін. Сондықтан өтініш 
берушілер, бала асырап алу туралы өздерінің 
өтініштеріне негіз ретінде берілген, сондай-ақ 
қамқоршылық және қорғаншылық органдары 
ұсынған жазбаша құжаттарды зерттей отырып, сот 
оларды іс бойынша рұқсат етілетін дәлелдемелер 
ретінде қарауға болатынын анықтауы қажет. 
Ең алдымен, бала асырап алу туралы істі соттың 
қарауына дайындауды бастаған кезде асырап алы-
натын баланың мәртебесін анықтау қажет (бас 
тартылған, тастанды, ата-анасының қарауынсыз 
қалған, жетім).
Бала асырап алу туралы құжатқа қоса берілетін 
әрбір құжатты егжей-тегжейлі талқылаймыз.
1) Мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек.
ҚР АІК 151-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, 
талап арызға мемлекеттік баждың төленгенін рас-
тайтын құжат қоса беріледі. 
 ҚР Салық кодексі 535-бабының 1-т. 7)-тармақшасы 
негізінде сотқа берілетін мүліктік емес сипаттағы 
өтініштерден айлық есептік көрсеткіштің 50 пайы-
зы көлемінде мемлекеттік баж төленеді.
2) Бала асырап алу туралы өтініш, үш дана.
Өтінішке өтініш берушінің өзі қол қоюы және онда 
асырап алынатын баланың сауалнама деректерінің, 
туған күні, туған жері және т.с.с. өзгергені туралы 
талаптар нақты көрсетілуі тиіс.
3) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Бұл жағдайда баланың туылған күніне және 
куәліктің берілген күніне назар аудару қажет, 
куәлік қайта берілетін жағдайлар аз емес, осыған 
байланысты себебін анықтау қажет.
4) Баланың тууы туралы АХАТ анықтамасы.
Осы құжатта ата-аналар туралы мәліметтер 
көрсетілген. Мысалы, егер баланың әкесі туралы 
мәліметтер анасының сөзінен алынып жазылса, 
онда аталған факті анықтамада көрсетіледі.
5) Білім басқармасының балаға отбасын таңдау 
үшін жолдама берілгені туралы ілеспехаты.
Аталған құжат өтініш берушілердің бала асырап 
алу туралы мәселені шешу үшін уәкілетті органға 
заңнама талабына сәйкес өтініш бергенін растайды. 
6)  Туған ата-анасының баласынан бас тартуы.
Аталған құжатты «Неке (ерлі-зайыптылық) 
және отбасы туралы» Кодекстің 93-бабына 
сәйкес, тиісінше нотариус куәландыруы немесе 
медициналық ұйымның меңгерушісі бекітуі тиіс. 
Бұған қоса бас тарту туралы өтінішті түсінікті 
етіп оқуы тиіс. Онда мыналар міндетті түрде 
көрсетілуге тиіс: өтініш авторларының деректері, 
оның тұрғылықты орны, тегі, аты, әкесінің аты 
және бас тартылған баланың туған жері, жыны-
сы, бас тарту себебі. Егер балаға тегін, атын және 
әкесінің атын бермеген болса, онда баланың жы-
нысын және оның туылған күнін көрсету қажет.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 
Кодекстің 93-бабының 7-тармағына сәйкес баланы 
туғаннан кейін ата-анасының екеуінің де немесе 
некеде (ерлі-зайыптылық) тұрмайтын анасының 
медициналық ұйымда Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен баладан бас 
тарту туралы өтінішті ресімдемей бас тартқан 
жағдайда, сондай-ақ үшке толмаған тастанды 
(бас тартылған) баланы тауып алған жағдайда сот 
баланың мүддесі бойынша бала қалдырылып кет-
кен немесе табылған соң үш ай өткенде Қазақстан 
Республикасы азаматтарының бала асырап алу ту-
ралы ісін қарауға құқылы.
Демек, сот талап арызға қоса берілген осындай 
құжаттар болмаған кезде, егер бала тасталған неме-
се табылған соң үш ай өтіп кетпесе, талап арызды 
қозғалыссыз қалдыруға және кемшіліктерді жою 
үшін мерзім беруге құқылы.
Одан басқа, егер ата-ананың баладан бас тар-
ту туралы өтінішін медициналық ұйымның 
меңгерушісі куәландырған және заңнама талап-
тарына сәйкес келмейтін болса, сот жас босанған 
әйелдің перзентханаға келіп түскенін растайтын 
барлық бастапқы құжаттарды, оның сауалнамалық 
деректерін, бала туралы мәліметтерді талап етуі 
қажет. Сондай-ақ қажет кезде жас босанған 
әйелмен тікелей байланыста болған және оның 
бас тарту туралы өтінішін қабылдаған Комиссия 
мүшелерін шақыруы керек.
Сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы 
туралы» кодекстің 93-бабына сәйкес, ата-аналардың 
бала асырап алуға келісімі нотариалды түрде 
куәландырылған немесе ата-ана қамқорлығынсыз 
қалған бала өткізілген ұйымның басшысы не баланы 
асырап алу орны немесе ата-аналарының тұрғылықты 
жері бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық 
қызметін іске асыратын орган куәландырған өтініште 
көрсетілуге тиіс, сондай-ақ асырап алу өндірісі 
кезінде тікелей сотта көрсетілуі мүмкін.
Ата-аналар баланы асырап алу туралы сот шешімі 
шыққанша, өздері бала асырап алуға берген 
келісімді өзгертуге құқылы.
Осылайша, заң шығарушы бала асырап алу тура-
лы сот шешімі шыққанша биологиялық ата-ана-
сына өздерінің бала асырап алуға берген келісімін 
өзгерту мүмкіндігін (құқық) береді.
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау 
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау