65
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Е
гер тарихи деректерге жүгінсек, алғашқы
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған соттар XIX ғасырдың
70-жылдарында АҚШ-та, Чикагода пайда болған.
Кейіннен ювеналдық әділет идеясы Ұлыбританияда
дами түсіп, мұнда 1908 жылы балалар мен жастар
туралы бірқатар заңдар қабылданды. Францияда
алғашқы жасөспірімдер соты 1914 жылы құрылған.
Ресейде оның бұрынғы нормативтік актілерінде
кәмелетке толмаған құқық бұзушының айрықша
мәртебесі бекітілген. XVIII ортасына қарай
ювеналдық әділет жүйесін құру белгілері
байқалған. Мысалы, Сенаттың 1744 жылғы
Жарлығында 14 жасқа
дейінгі балаларға ересек-
терге қатысты жаза түрлерін қолдануға болмай-
тыны айқындалған. Екатерина II патшайым өз
Жарлығымен 18 жасқа дейінгі балалардың істері
қаралатын «ар-ұждан сотын» құрды. 1864 жылы, сот
реформалары кезеңінде, бұрын жалпы түрмелерде
ұсталған, құқық бұзған балалар үшін жекелеген
түзеу мекемелерін құруға шешім қабылданды. 1866
жылы 10-нан 16 жасқа дейінгі балалар үшін тәрбие-
түзеу мекемелері құрылды: қалаларда – баспаналар,
селолық жерлерде – колониялар құрылды. Оларды
қоғамдық ұйымдар немесе жеке адамдар құрды.
Уақыт өте кәмелетке толмағандардың айрықша
мәртебесіне қатысты жағдай өзгерді. Ресейде
1910 құрылып, 1918 жылға дейін жұмс істеген
жасөспірімдер соттарының құрылуы маңызды
оқиға болып табылды.
Жас кеңес мемлекетінің
қалыптасуы кезеңінде жас өспірімдер әділеті
жүйесін құру идеясы одан әрі дами алмады.
Қазіргі уақытта дамыған шетелдерде ұлттық
ювеналдық әділет жүйесі дамып жетілдірілуде.
Әлемде ювеналдық әділет жүйесінің: англо-
американдық, континенталдық, скандинавтық
және басқа да бірнеше үлгілері қалыптасқан. Же-
келеген мемлекеттерде жасөспірімдер мекемелері
жүйесі тек сот органдарымен шектелсе, басқа мем-
лекеттерде балаларға қамқорлық идеясы аяқталған
«ювеналдық әділет жүйесі» түрінде кеңейе түсті,
оған соттармен бірге, кәмелетке толмағандар және
оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерімен айна-
лысатын әртүрлі мекемелер кірген. Финляндияда
және Скандинавия
елдерінде жасөспірімдер соты
жоқ, бірақ кәмелетке толмағандар істері бойынша
іс жүргізуді балалар мен жасөспірімдер әл-ауқаты
істері жөніндегі комитет жүзеге асырады. Австри-
яда, Испанияда, Португалияда, Жапонияда, Поль-
шада және басқа да елдерде аралас қылмыстық
және азаматтық заңдық қаралумен кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі соттар жұмыс істейді.
Бұл ретте, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар
істері жөніндегі мамандандырылған соттар жұмыс
істейтін барлық
елдерде олардың құқық бұзған
кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық
жазалау емес, тәрбиелік ықпал ету шараларын
қодануға бағдарланғанын атап өту қажет. Соны-
мен қатар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
соттардың жалпы заңдылық бойынша істерді
қарайтын соттардың қызметінен басты өзгешелігі –
бұл, кәмелетке толмағандарға қатысты алғанда, сот
қызметінің жекенің әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі
және қоғамға жат қылықтары салдарынан, кәмелетке
толмаған баланың бұзылған немесе үзілген
қоғамдық байланыстары мен қатынастарын қалпына
келтіруге, құқық бұзудың салдарын жоюға және
құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал етуге бағытталған
әлеуметтік бағдарлануы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алған кезде ТМД және
Шығыс Еуропаның басқа да елдері сияқты тиімді
ювеналдық әділет жүйесі болмады. Бірақ 2001 оны
әзірлеуде бастамашылық жасау жөнінде белсенді
жұмыс басталды.
Алматы қаласының
Әуезов ауданында және Ал-
маты облысының Қарасай ауданында екі сот
қызметінің негізінде халықаралық ұйымдардың
жәрдемімен 2002-2006 жылдары Қазақстанның
мемлекеттік органдары жүргізген, «Қазақстандағы
ювеналдық әділет» пилотты жобасы кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
соттарды және кәмелетке толмағандарды құқықтық
қорғау жүйесін құруға ұласты.
Жобаны іске асыру барысында халықаралық нор-
малар, әлемдік тәжірибе, ұлттық заңнаманың
және сот төрелігінің ұйымдық негіздерінің қазіргі
халықаралық стандарттарға сәйкестігі зерделенді.
1-бөлім.
кәмелетке толмағандар
істері жөніндегі соттарды
құрудың тарихи кезеңдері мен
алғышарттары
66
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттардың қызметі
3-тарау.
Жобаның нәтижелері бойынша қолданыстағы
заңнаманы жетілдіру, озық әдістемелерді енгізу,
ювеналдық әділет органдарын құру жөнінде
ұсыныстар енгізілді.
2007 жылғы 30 наурызда Қазақстан
Республикасының Президенті жанындағы
Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысында
Қазақстанда ювеналдық әділет жүйесін құру тура-
лы мәселе қаралды және кәмелетке толмағандар
үшін әділет жүйесін құрудағы негізгі көзқарастар
қолдау тапты. Мемлекеттік органдарға ювеналдық
әділет бойынша арнайы қызметтер үлгілерін
әзірлеуді аяқтау ұсынылды.
«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық соттар құру ту-
ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 23 тамыздағы № 385 Жарлығының
қабылдануы кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі соттар құру үшін негіз болып табылды,
осыған сәйкес Астана және Алматы қалаларында
Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес кәмелетке толмағандарға
қатысты қылмыстық істерді, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істерді және олардың мүдделері
қорғалатын азаматтық істерді қарауға уәкілетті,
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008
жылғы 19 тамыздағы № 646 Жарлығымен Қазақстан
Республикасында 2009-2011 жылдарға арналған
ювеналдық әділетті дамыту тұжырымдамасы
мақұлданды, осыдан кейін 2008 жылғы 18
қарашада
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен
аталған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-
шаралар жоспары бекітілді. Осылайша, Қазақстан
Республикасында ювеналдық әділет жүйесінің
кезеңді қалыптасуы басталды. Жүйенің тиімді
жұмыс істеуі үшін Әділет, Ішкі істер, Білім және
ғылым министрліктерінде, прокуратурада, ав-
докатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс
жөнінде мамандандырылған бөлімшелер, сондай-
ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған соттар құру міндеттелді.
2012 жылғы 4 ақпанда «Кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
соттар құру
және Қазақстан Республика-
сы Президентінің кейбір Жарлықтарына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Респу-
бликасы Президентінің № 266 Жарлығына
сәйкес Қазақстанның барлық жерлеріндегі
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған соттарды институционалдау
жүргізілді.