Тақырыбы: Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері



жүктеу 54,15 Kb.
Дата08.03.2018
өлшемі54,15 Kb.
#11860

Тақырыбы: Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері. 
Ержанова Набира Аманжоловна

С.Мәуленов атындағы гимназияның

биология пәні мұғалімі
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жан-жақты тұрғыдан қарастырған жөн. Көп психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін мынадай негізгі функцияларды өлшеп, зерттеу қажет екенін айтады: ой, зейін, ерік, қабылдау, есте сақтау. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған шағында нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеуге болады. 
Дарындылық бала бойындағы алғырлық, зеректік. Менімше, адамды танып-білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбек етіп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін қадағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Және де деңгейлік тапсырмалар беру арқылы- оқушының қабілетінің шарықтау шегін, танымдық сұрақтар беру арқылы – оқушының жан-жақты ойлау қабілетін, теориялық тапсырмалар беру арқылы- тақырыпты меңгеру қабілетін, венн диаграммасы арқылы – салыстыру қабілетін, эссе жазу арқылы - оқушының іздену қабілетін, ал тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Сонымен бірге сабақта «дебат» әдісін қолдану оқушының өз ойын ашық айтуға, дәлелді сөйлей білуге, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге дағдыландырады. 
Биология сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын. Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмас үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер ендіріп, топтық, дебат, ХХІ ғасыр көшбасшысы түрінде сабақтар өткіземін. Және сабақта оқытудың интерактивті әдістері мен СТО бағдарламасының кейбір элементтерін көп қолданып жүрмін. Сонымен бірге биология сабақтарында оқушыларға мынадай талаптар қоямын: 
-үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу; 
-оқыған материалды биологиялық тілде айтып шығу; 
-тақырыпқа байланысты таблица жасау, тірек-сызбасын сызу, негізгі терминдерді жатқа айту; 
-тақырыпқа сай өз пікірін айта білу, 
-қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты толықтыра білу. 
Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп танып, ол оқушымен мынадай жеке жұмыстар жүргіземін. 
Жаңа технологиялар элементтерін қолдану арқылы оқушының зерттеу, іздену қабілетін шыңдауға үйрете бастадым.Оның мынадай тиімділігінен көруге болады: 
- оқушы пікірін ашық, іркілмей айтуға үйренеді; 
- өз ойын дәлелді түрде жеткізе біледі; 
- оқушының шығармашылық белсенділігі артады; 
- ізденеді; 
- өзіндік көзқарас қалыптасады; 
- сөйлеу мәдениеті қалыптасады; 
- материал жинақтап үйренеді; 
- зерттеу жұмысын жүргізеді. 
Нәтижесінде оқушы оқулық материалымен шектеліп қана қалмай, қосымша материалдармен өз білімін толықтырады, кез-келген биологиялық заңдылықтарға талдау жасай біледі, өзіндік пікір қалыптастыратын, шешендік өнерді игерген тұлғаға айналады.Сонымен бірге оқу, сөйлеу, жазу белсенділігі артады. Өз тәжірибемде осындай тәсілдерді пайдалана отырып шығармашылықпен жұмыс жасайтын балалардың мынадай ерекшеліктерін анықтадым: 
1.Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді. 
2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады. 
3.Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады. 
4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды. 
Осыны ескере отырып, әртүрлі жұмыстар жасату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдадым және тест әдістерін түрлендіре отырып, жылдан-жылға оқушыларымның есте сақтау қабілеттерінің артқандығын байқадым.

2013-2014 оқу жылынан бастап оқушыларым қалалық олимпиадаға қатыса бастады, осы жылы қалалық олимпиададан 8 сынып оқушысы Байменова Аруа 1-орынға ие болды, 2014-2015 оқу жылында қалалық олимпиададан 9- сынып оқушысы Байменова Аруа 3-орынға ие болса, 2016-2017 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағытындағы қалалық олимпиададан 7-сынып оқушысы Сарсембина Лейла 1-орынға ие болды.


2014-2015 оқу жылынан бастап оқушым ғылыми жұмыстармен айналысуға бел будым, ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы оянды. Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, олардың ойларын жетілдіре түсіп, қосымша тапсырмалар беру арқылы, оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында жұмыстар жүргізе бастадым.Оқушыларға жыл басында тапсырмаларды бөліп бердім, олар жыл бойы ізденіп, жұмыс жасады. Нәтижесінде 10-сынып оқушысы Байменова  А қалалық ғылыми жұмыста 2-орын алды.2016-2017 оқу жылында 11 сынып оқушысы Байменова А облыстық ғылыми жұмыс сайысында 3-орыналса, 7 сынып оқушысы Амірханқызы Ақжүніс қалалық «Зерде» ғылыми шығармашылық сайысында 2-орын алды.

Ғылыми жұмыспен айналысу барысында, оқушының қызығушылығын арттыру үшін және зерттеу жұмысын ілгерілету үшін кітапханаларға бірге бардым.Өсімдік көшеттерін отырғызуда және оларды үнемі бақылауда ұстауда көмек беріп отырдым.Жұмыспен айналысу барысында оқушыларға материал жинақтау әдістемесін, зерттеу нәтижелерін таблицаларға түсіру, олардың салыстырмалы мониторингісін шығара білуді кең көлемде таныстырдым. Бұған қоса әдебиеттерді пайдалану тәртібі, жасаған жұмысының негізгі түйінін, қорытындысы мен өз ұсынысын белгіленген уақыттың ішінде жатық тілде жеткізе білуге дағдыландырып отырдым.

Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығушылығын аттыра білуіміз керек. Ең бастысы, оқушының табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет.. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР : 

1. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау». Алматы.2005ж. 
2. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы. 1993ж. 
3. «Дарын» журналының жинақтамалары. 
4. А.И.Савенков «Одаренный ребенок в массовой школе» Москва.2001г. 
5. «Қазақстан мектебі» журналының жинақтамалары.2007-2009ж.ж. 
6. «Биология және салауаттылық негіздері» журналының жинақтамасы.2009ж
жүктеу 54,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау