ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет29/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79

61
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға мекеменің 
немесе жазаны орындайтын органның әкімшілігіне 
қатысты ауызша және жазбаша ұсыныстар, арыздар 
мен шағымдар беруге құқығы бар. 
Бас бостандығынан айыруға кесілген 
кәмелетке толмағандар тәрбие колонияларын-
да жазаны өтейді. Мұндай мекемелер Қазақстан 
Республикасының түзету мекемелерінің жалпы 
жүйесіне кіреді (ҚР ҚАК 69-бабының 1-тармағы).
ҚР Қылмыстық кодексінде екі режимді: жалпы 
және күшейтілген тәрбиелеу колонияларының бо-
луы көзделген (ҚР ҚК 48-бап, 2-тармақ). Бұл ретте 
қылмыстық заңда жалпы және күшейтілген тәртіптегі 
тәрбиелеу колонияларында жазаны өтейтін, сотталған 
кәмелетке толмағандар санаты айқындалған, ал 
қылмыстық-атқарушылық жөніндегі заңда қылмыстық 
заңның осы нормасы қайталанбайды. 
Жалпы және күшейтілген тәртіптегі тәрбиелеу 
колонияларындағы сияқты, жазаны өтеудің 
шарттарының төрт түрі көзделген:1) кәдімгі; 2) 
жеңілдетілген; 3) жеңілдікті және 4) қатаң (ҚР 
ҚАК 128-бабы, 1-тармақ). Отрядтың тәрбиешілер 
кеңесінің ұсынуы бойынша қалыпты жағдайдан 
жеңілдетілген жағдайларға ауыстырудан басқа, 
сотталғандарды жазаны өтеудің бір түрінен 
басқасына ауыстыруды колонияның оқу-тәрбие 
кеңесінің ұсынуы бойынша колония бастығы жүзеге 
асыратын болады (ҚР ҚАК 128-бабы, 9-тармақ). 
Сотталғандар жазаны өтеудің өзге жағдайларынан 
ауыстырылған сотталғандар тәрбиелеу колонияла-
рында кәдімгі жағдайларда жазаны өтейді. Заңнамада 
бұл жағдайда сотталғандарды ұстаудың алғашқы 
бейімделу кезеңінде және өзге де жағдайларға ау-
ыстыруда мейлінше қолайлы жағдайлар жасалатын 
шартты түрде аталған «нөлдік нұсқа» аталған. 
ҚР ҚАК 128-бабында сотталғандарды 
ұстаудың қалыпты жағдайдан жеңілдетілген 
жағдайларына ауыстыру мүмкіндігінің әртүрлі 
мерзімдері аталған:

  бас бостандығынан айыру түрінде жазаны алғаш 
өтейтін еркек жынысты адамдар, сондай-ақ жа-
заны қалыпты жағдайларда кемінде үш ай өтеген 
сотталған әйелдердің барлық санаттары үшін;

  қалыпты жағдайларда жазаны кем дегенде алты ай 
өтеген, бұрын бас бостандығынан айыру түрінде 
жазаны өтеген еркек жынысты адамдар үшін.
Бұл жағдайда тәрбиелеу колонияларында 
ұсталатын адамдарды жіктеудегі әлеуметтік-
құқықтық өлшем ескеріледі. 
ҚР ҚАК 129-бабында сотталғандар үшін мәні 
бойынша белгілене отырып, тәрбиелеу колонияла-
рында жазаны өтеудің шарттары айқындалған және 
тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан ай-
ыру жазасын өтеудің негізгі өмірлік маңызды шарт-
тары: тұратын жері; азық-түлік өнімдерін және 
бірінші қажетті заттар алуға жұмсалатын қаражат; 
жыл ішіндегі жүздесулер саны; сәлемдеме, сәлем-
сауқат және бандерольдер саны көзделген. 
ҚР ҚАК 129-бабына сәйкес: 

  қалыпты жағдайда жазасын өтейтін сотталғандар 
жатақханаларда немесе жабық үй-жайларда 
тұрады; оларға ай сайын жеті айлық есептік 
көрсеткішке дейінгі мөлшерде өздерінің жеке 
шоттарындағы қаражатты азық-түлік өнімдерін 
және бірінші қажетті заттар алуға жұмсауға; 
жыл ішінде сегіз қысқа мерзімді және төрт 
ұзақ жүздесулер алуға; тәрбиелеу колониясы 
әкімшілігінің рұқсатымен ұзақ жүздесулер ко-
лониядан тыс өткізілуі мүмкін; жыл ішінде он 
сәлемдеме немесе сәлем-сауқат және он банде-
роль алуға рұқсат етіледі. 

 жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтейтін 
сотталғандар жатақханаларда немесе жабық үй-
жайларда тұрады; оларға ай сайын он екі айлық 
есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде өздерінің 
жеке шоттарындағы қаражатты азық-түлік 
өнімдерін және бірінші қажетті заттар алуға 
жұмсауға; жыл ішінде он бес қысқа мерзімді және 
алты ұзақ жүздесу алуға; тәрбиелеу колониясы 
әкімшілігінің рұқсатымен ұзақ жүздесулер коло-
ниядан тыс өткізілуі мүмкін; жыл ішінде он төрт 
сәлемдеме немесе сәлем-сауқат және он төрт 
бандероль алуға рұқсат етіледі.

 жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтейтін 
сотталғандар, әдетте, колониядан тысқары жерде, 
күзетсіз, бірақ қадағалана отырып, жақсартылған 
үй-жайларда тұрады; оларға өздерінің жеке 
шоттарындағы қаражатты шектеусіз азық-түлік 
өнімдерін және бірінші қажетті заттар алуға 
жұмсауға; ақшаны пайдалануға; шектеусіз 
сәлемдеме, сәлем-сауқат және бандероль-
дер алуға; жыл ішінде колониядан тыс тұрып, 
шектеусіз қысқа мерзімді жүздесулер, сондай-ақ 
алты ұзақ жүздесу алуға; азаматтық үлгідегі киім 
мен аяқ киімді пайдалануға рұқсат етіледі. 

  қатаң жағдайларда жазасын өтейтін сотталғандар 
оқудан немесе жұмыстан бос уақытта кілтеліп 
жабылатын оқшау үй-жайларда тұрады; оларға 
ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде өздерінің жеке шоттарындағы 
қаражатты азық-түлік өнімдерін және бірінші 
қажетті заттар алуға жұмсауға; жыл ішінде алты 
қысқа мерзімді және екі ұзақ жүздесулер алуға; 
жыл ішінде алты сәлемдеме немесе сәлем-сауқат 
және алты бандероль алуға рұқсат етіледі.
Заңнамада педагогика және психология саласын-
да қол жеткен жетістіктерді ескере отырып, қатаң 
жағдайлардан, жеңілдетілген жағдайларға дейін 
сотталған адамды бостандықтағы өмірге даярлауда 
тәрбиелік процесс белгіленген. 


62
Мысалы, жеңілдетілген жағдайларда жазасын 
өтейтін сотталғандар кәдімгі жағдайлардағы сияқты 
жатақханаларда тұрады (ҚР ҚАК 129-бабы, 1-тармақ) 
ай сайын он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
өздерінің жеке шоттарындағы қаражатты азық-
түлік өнімдерін және бірінші қажетті заттар алуға 
жұмсауға құқығы бар; жыл ішінде он екі қысқа 
мерзімді және төрт ұзақ жүздесулер алады (соның 
ішінде, колониядан тыс жерде, тәрбиелеу колони-
ясы әкімшілігінің рұқсатымен); оларға жыл ішінде 
он екі сәлемдеме немесе сәлем-сауқат және он екі 
бандероль алуға рұқсат етіледі. 
Жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеу, қалыпты, 
жеңілдетілген және қатаң жағдайлардан едәуір өзгеше. 
Кәмелетке толмаған сотталғандар, әдетте, колония-
дан тысқары жерде, күзетсіз, бірақ қадағалана отырып, 
жақсартылған үй-жайларда тұрады; оларға өздерінің 
жеке шоттарындағы қаражатты шектеусіз азық-түлік 
өнімдерін және бірінші қажетті заттар алуға жұмсауға; 
ақшаны пайдалануға; жыл ішінде колониядан тыс 
тұрып, шектеусіз қысқа мерзімді жүздесу, сондай-ақ 
алты ұзақ жүздесу алуға; азаматтық үлгідегі киім мен 
аяқ киімді пайдалануға рұқсат етіледі. 
Сотталғандарға олардың өтініштері бойынша ұзақ 
жүздесулерді қысқа мерзімдісімен, ал тәрбиелеу 
колонияларында мекемеден тысқары тұрып, 
ұзақ жүздесулерді колониядан тысқары, қысқа 
мерзімді жүздесумен ауыстыруға рұқсат етледі. 
Ауыстыру тәртібін Қазақстан Республикасының 
Әділет министрлігі белгілейді. Бұл жалпы қағида 
Кодекстің 84-бабының 3-тармағында бекітілген. 
Жазаны қатаң жағдайларда өтеп жатқан сотталғандарға 
қатысты алсақ, олар оқудан немесе жұмыстан бос 
уақытта кілтеліп жабылатын, оқшау үй-жайларда 
тұрады. Оларға ай сайын, өзге сотталғандармен 
салыстырғанда, ақшаны едәуір аз жұмсауға, 
сәлемдемелер немесе сәлем-сауқатты, қысқа мерзімді 
жүздесулерді аз ғана мөлшерде алуға рұқсат етіледі. 
Бұрынғы қолданыстағы заңнамада мұндай 
реттеушілік көзделмеген, бұл тәжірибе өмірден 
алынып, заңнамада көрініс тапты. 
ҚР ҚАК 130-бабында тәрбиелеу колонияларын-
да бас бостандығынан айрылған сотталғандарға 
қолданылатын көтермелеу шаралары айқындалған. 
Осы бапта осы айтылған негіздерде 
(сотталғандардың адал еңбек етуі және оқуы, 
көркемөнерпаз ұйымдарына және тәрбиелік іс-
шараларға белсенді қатысуы) аталған шаралардың 
тәрбиеленушілерге қолданылуы көзделген, олар 
ересек сотталғандар үшін көзделмеген. Көптеген 
жылдар бойғы тәжірибе тәрбиелеу колониясынан 
тысқары жерлерге шығу құқығы берілуінің және 
колониядан тыс шыға отырып, мәдени-көріністі 
және спорттық іс-шараларға қатысу құқығы 
берілуінің іс жүзінде тиімділігін көрсетті және заң 
жүзінде тәрбиеленушілерге қолданылатын мұндай 
ынталандырулардың тізбесі кеңейтілді. 
Келешекте түзету мекемелерінде мұндай көтермелеу 
шараларының өзге де жүйесі, сондай-ақ, бас 
бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандардың 
жекелеген санаттарына қолдануға болатын өзге де 
ынталандыру шаралары әзірленетін болады. 
ҚР ҚАК 131-бабында тәрбиелеу колонияларындағы 
бас бостандығынан айрылғандарға көтермелеу ша-
раларын қолданудың ерекшеліктері айқындалған. 
Қылмыстық-атқарушылық кодекстің осы бабын-
да сотталған адамның тәрбиелеу колониясынан 
тысқары шығуының уақыт шеңбері және оған 
қадағалауды жүзеге асыратын адамға қатысты 
маңызды мәселелер атап көрсетілген. Атап 
айтқанда, сотталған кәмелетке толмаған адам үшін 
рұқсат етілген оның колониядан тыс болу уақыты 
сегіз сағатпен шектелген және түнгі уақытта 
мәдени-көріністі және спорттық іс-шараларға 
қатысуына тыйым салынған. 
Колонияда тәрбиеленушілер үшін рұқсат етілген 
азаматтық киім үлгілері туралы әртүрлі пікірлер ай-
тылуда. Іс жүзінде колония шегінде біркелкі үлгідегі 
сырт киімнің қажеттілігі айқын болды (режимдік 
талаптарды сақтау, жекелеген психологиялық-
педагогикалық проблемалардың болуы және басқа). 
ҚР ҚАК 132-бабында тәрбиелеу колонияларындағы 
бас бостандығынан айрылғандарға қолданылатын 
жаза қолдану шаралары айқындалған. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-
атқарушылық заңнамасында соның ішінде 
тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан ай-
Бас бостандығынан айрылған, кәмелетке 
толмағандарды қорғауға қатысты БҰҰ 
Қағидалары, 67-тармақ, (Гаван қағидалары) 
Қатыгез, мейірімсіз немесе адамның қадір-
қасиетін кемсітіп қарау болып табылатын 
барлық тәртіптік жазаларға, ұрып-соғуды, 
карцерге отырғызуды, қатаң немесе жалғыз 
қамауды кәмелетке толмаған баланың тән 
немесе психологиялық саулығына нұқсан 
келтіруі мүмкін кез келген жазалауды қоса 
алғанда, тыйым салынуға тиіс. Қандай да бол-
сын мақсаттарда тамақ беруді қысқартуға
отбасымен қатынас жасауды шектеуге неме-
се одан айыруға тыйым салынуға тиіс. Еңбек – 
кәмелетке толмаған бала үшін тәрбие тәсілі 
және оның қоғамға оралуы кезінде өзін-өзі 
құрметтей білу құралы ретінде қаралуға 
тиіс. Бір де бір кәмелетке толмаған бала 
бір тәртіптік жаза үшін біреуден артық 
жазалануға тиіс емес. Ұжымдық жазалау 
түріне тыйым салынуға тиіс. 
1-тарау. 
Балалардың құқықтарына қатысты ұлттық заңнама


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау