81
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Осы орайда, соттар ата-ананың келісімді
өзгертпегенін не оны өзгерткісі келетінін анықтау
бойынша барлық іс-әрекетті қолдануы қажет.
Ол үшін ата-ана құқығынан бас тартқаны ту-
ралы өтініштің түпнұсқалылығына және оны
биологиялық ата-анасының өзгертпегеніне сенімді
болу үшін нотариусқа барлық істер бойынша сұрау
жолдау қажет.
7) Балаға ат қою, тегін және әкесінің атын
белгілеу туралы акті.
Актіде баланың биологиялық ата-анасы тура-
лы барлық деректер көрсетілуі тиіс. Егер ана-
сы баласынан перзентханада бас тартқан болса,
заңгер актіні дұрыс жасауы қажет. Онда мыналар
көрсетілуі тиіс:
- анасы қашан жеткізілді?
- қандай мекенжайдан?
- жүктілік мерзімі;
- өзі туралы не айтты?
- қайда жұмыс істеген?
- баланың әкесі;
- туыстары;
- бала қашан туды?
- жүктіліктің нешінші айында?
- бала қандай жағдайда? диагноздары;
- тамақтандыру түрі;
- анасы балаға қызығушылық танытты ма?
- жас босанған әйелдің психикалық жай-күйі;
- баладан бас тарту себебі;
- оның құқықтарын түсіндіре отырып, бала-
дан бас тарту салдары.
Актіні міндетті түрде бірнеше адамнан тұратын
комиссия жасауға тиіс. Сондай-ақ балаға берілген
ТАЖ туу туралы куәлікке сәйкес болуға тиіс.
8) Медициналық ұйымның баланы балалар
үйіне жіберуі (баланы балалар үйінен асы-
рап алған жағдайда, әрі қарай басқа мекемеге
ауыстырған жағдайда).
Аталған құжат баланың бағытын белгілеу және
оның жіберілген күнінің дұрыстығы үшін қажет.
9) Баланың келіп түскені туралы мекеменің
ішкі актісі.
Осы актіде баланың шын мәнінде келіп түскені
көрсетілуі және Комиссия құрамының қолы
қойылуы тиіс. Жөнелткені туралы актінің күні келіп
түскені туралы актінің күнімен сәйкес келуге тиіс.
10) Баланың даму тарихынан және сауалнама-
сынан алынған үзінді көшірме.
Бұл құжаттарда бала туралы барлық мәліметтер
жан-жақты көрсетілуге тиіс: оның денсаулық
жағдайы; диагноздары; қандай ем қабылдайтыны;
емдеу қажет пе және т.с.с.
11) Баланың биологиялық анасына берілетін
мекенжай анықтамасы.
Анықтама биологиялық анасының өтініші тиісті
түрде ресімделмеген жағдайда, соттың өзінің
өтінішін растау үшін биологиялық анасын дереу
шақыру мүмкіндігі болуы үшін қажет. Кодекстің
93-бабының 2-тармағына сәйкес, баланы асы-
рап алу туралы сот шешімі шыққанша, ата-ана-
лар өздерінің бала асырап алуға берген келісімін
өзгертуге құқылы.
12) Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі.
Акт заңнама талаптарына қатаң сәйкес болуы
және қамқоршылық пен қорғаншылық бойынша
қызметтерді іске асыратын органның кем дегенде
бас маманы қолын қоюы тиіс. ТАЖ актісінің үлгісі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
30 наурыздағы № 1 қаулысының қосымшасында
бар (№ 1 Қосымшаны қараңыз).
13) Қамқоршылық және қорғаншылық
органдардың ұл бала асырап алуға (қыз бала
асырап алуға) рұқсат беруі.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
Кодекстің 93-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған
ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде не-
месе егер баланы медициналық ұйымда ол туылған
кезде кәмелетке толмаған ата-анасы тастап кеткен
және оның тағдырын үш айдан аса ешкім ойламаған
жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық бойынша
қызметті жүзеге асыратын органның келісімі қажет.
Осылайша, қамқоршылық және қорғаншылық
қызметін жүзеге асыратын органның келісімі
барлық жағдайлары көрсетіліп, жазбаша түрде
ресімделуі және оған бас маманның қолы қоюы
қажет деп саналады.
14) Балалардың есепте тұрғаны туралы анықтама
(бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған).
Аталған анықтаманы «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» Кодекстің 84-бабына сәйкес,
бала асырап алуға тек есепте тұрған балаларға
қатысты ғана рұқсат етілетіндіктен, қамқоршылық
және қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын ор-
ган ұсынуға тиіс.
Анықтамада бала есепке қай уақыттан бері және
қандай себептер бойынша қойылғаны көрсетілуі
тиіс.
15) Баланы асырап алған жеріне байланысты
қажетті өзге де құжаттар.
Ескертпе: Жоғарыда аталған құжаттардың
барлығында қойылған қолдары, күндері және
тиісті мөрлерінің болуына назар аудару қажет.