Технологиялар



жүктеу 0,87 Mb.
Pdf просмотр
бет24/39
Дата13.11.2018
өлшемі0,87 Mb.
#19231
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39

70 
 
Компьютерлік  оқыту  жүйесі  –  қашықтықтан  оқыту  білім  беру 
үрдісінде  кең  түрде  қолданылатын  оқу  белгілерінің  бағдарламалық 
құралдары және мынандай жағдайлар туғызады: 
- оқыту үрдісін саралау және даралау; 
-  білім  алушы  қателерінің  диагностикасымен  және  кері  байланысын 
тексеру; 
-  өзін-өзі  бақылау  және  оқу-танымдық  іс-әрекетіне  өзіндік 
түзетулерді қамтамасыз ету; 
-  компьютердегі  көп  еңбек  сіңіруді  керек  қылатын  есептеулер 
есебінен оқыту мерзімін қысқарту; 
- көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау; 
- құбылыстар мен үрдістерді үлгілеу және боямалау; 
-  эксперимент  пен  тәжірибелерді,  зертханалық  жұмыстарды 
виртуалды шындық жағдайында жүргізу; 
- қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту; 
-  ойын  жағдайларын  қолданып,  оқу  үрдісіне  қызығушылығын 
арттыру; 
- танымдық мәдениетін және т.б. жеткізе білу. 
Аудио-бейне оқу материалдары және т.б. 
Аудио-бейне  оқу  материалдары  магниттік  тасымалдауыштарда 
жазылады,  білім  алушыға  магнитофонның,  бейне  магнитофондар  немесе 
CD-ROM 
лазерлі 
жинақ-дисктердің 
көмегімен 
берілуі 
керек. 
Компьютерлік  желілер-  байланыс  каналдарымен  қосылған  әр  алуан  түрлі 
ақпараттар  мен  компьютерлер  жиынтығын  қамтитын  оқыту  құралдары. 
Қашықтықтан  оқытуда  кең  қолданылатын  интегралды  құрал  ғаламдық 
желі INTERNET болып табылады. 
Педагогикалық  әдебиеттерде  өте  көп  кездесетін  бұл  түсініктің 
анықтамаларын  кең  мағыналы  талдау,  оларды  түсіндірудің  екі  негізгі 
тәсілін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бірінші  тәсіл,  оқытудың  ақпараттық 
технологиясын  үйренушілердің  таным  деңгейінің заңдылықтарына сәйкес 
және  ақпараттық  өнімдерді  аз  шығынмен  құру,  жіберу,  сақтау  және 
бейнелеуді  сипаттайтын  мәліметтерді  өңдеудің  ең  жаңа  әдістері  және 
құрылғыларын  оқыту  жүйесіне  енгізу  жиынтығын  қолдану  арқылы 
ұйымдастырылған  дидактикалық  үдеріс  ретінде  қарастыруды  ұсынады. 
Екінші  тәсіл қолданыстағы ақпараттық құралдар негізгі орынға ие болатын 
оқытудың белгілі бір техникалық ортасын құруды қарастырады.  
Бірінші  жағдайда  технология  -  оқыту  үдерісі  ретінде  қаралса, 
екіншісінде  -  оқу  үдерісінде  ерекше  бағдарламалық-техникалық 
құралдарды қолдану жайлы сөз қозғалады. 
Соңғы  10  жыл  ішінде  таратылған,  білім  беруді  ақпараттандыру 
мәселелеріне  арналған  ғылыми,  ғылыми-танымдық  және  ғылыми  - 
әдістемелік  әдебиеттерді  талдау,  бүгінгі  күнде  шартты  түрде  техногенді 
деп атауға болатын екінші  тәсілдің тиімді  екенін айқындайды. 


71 
 
ХХ  ғасырдың  80  -  90  жылдарында  компьютерлік  техника  мен 
бағдарламалық  жасақтаманың  қарқынды  дамуы  оларды  білім  беру 
үдерісіне  белсенді  түрде  енгізу  қажеттілігіне  алып  келді.  Бірақ  оларды 
меңгеру, әсіресе оларды педагогикалық тәжірибеде қолдану сол кездегі оқу 
орындарының барлығына бірдей мүмкін болмады. 
Сәйкес  дайындық  пен  біліктілікке  ие  техникалық  ғылым  көшбасшы 
қызметін  атқарды.  Бағдарламалауға  келмейтін,  пән  саласы  нашар 
құрылымға  ие  болған  гуманитарлық  ғылымның  бағыттары  артта  қалды. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасында  қалыптасқан  жағдайды 
түбегейлі  өзгерте  алатын  психологиялық  -  педагогикалық  зерттеулер көп 
өткізілсе  де,  мұның  барлығы  білім  беруді  ақпараттандырудың 
дидактикалық-әдістемесін  және  теориялық  -  әдістемелік  негіздерін  жасап 
шығарудың информатика саласындағы ғылыми - техникалық дағдарыстан 
әлде қайда артта қалуына алып келіп  отыр. 
Гуманитарлық  бағытта білім беруде компьютерлік технологияларды 
қолдануға деген әртүрлі көзқарастар бар. Пікірлер шекті өлшемдерде, яғни 
компьютерлік  технологияларды  материалды  меңгеруде  қолдануды  толық 
терістеу  мен  компьютерлік  оқытудың  мүмкіндіктерін  толық  қолдану 
аралығында  өзгеріп  отыр.  Алғашқы  және басқа тәсілдерде өзінің оң және 
кері  әсерлеріне  ие  деген  пікір  туындауда.  Осы  екі  әдістің  нашар  және 
күшті  жақтары  бойынша  сөз  етуді  тоқтатып,  қазіргі  білім  берудің  басты 
мақсатына  назар  аудару  қажет.  Ал,  ол  білім  беруді  тәжірибеге 
мүмкіндігінше  көп жақындатудан құралады. 
Оқытудың  компьютерлік  технологиясына  өту,  оларды  жасап 
шығаруға сынақтан өткізу мен енгізілуіне жағдай жасау, олардың дәстүрлі 
әдістермен  сәйкес  келу  тәсілдерін  іздеу  өте  күрделі болып, олар көптеген 
психологиялық  -  педагогикалық,  оқу  -  әдістемелік  және  басқа  да 
мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың ішіндегі негізгі бағыттар: 
1.  Білім  беру  үдерісіне  компьютерлік  технологияларды  енгізу 
мәселесіне қатысты бірыңғай ғылыми - әдістемелік тәсілді енгізу жолдары. 
2. Тәжірибелікқ тұрғыда оқу үдерісінде компьютерлік технологияны 
қолдану әдіс - тәсілдерін ұсыну. 
3.  Білім  беру  мекемесін  материалдық  -  техникалық  базасын 
жабдықтау. 
4. Қажетті әдістемелік  құралдарды іздеу, өңдеу және жасап шығару. 
Қазіргі  оқыту  үдерісінде  компьютерлік  технологияны  қолдану  - 
заңды құбылыс. Бірақ оларды оқыту барысында қолданудың тиімділігі көп 
жағдайда  «оқытушы  -  оқушы»  деген  күрделі  қарым  -  қатынас  жүйесінен 
туындайтын  күрделі  байланыс  жиынтығындағы  олардың  алатын  орнына 
тәуелді 
компьютерлік 
технологиялар 
оқушылардың 
дағдыларын 
қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды. 
Бұрынғы  кезде  оқытушыларға  әр  бір  оқушыны  оқытудың  жеке 
тәсілін  табу қиын болатын. Ал қазір, компьютерлік желілер мен онлайндық 


72 
 
құралдарды қолданудың арқасында жаңа ақпаратты әрбір оқушының жеке 
сұранысына сай жеткізу мүмкіндігін алды. 
Жоғарыда  айтылғандардың  барлығынан  келесідей  қорытынды 
шығаруға  болады:  білім  беруде ақпараттық технологияларды қолданудың 
өзектілігі  келесі  себептермен анықталады, олар: 
-  білім  берудің  жекешелендірудегі  ақпараттың  технологиялардың 
көптеген мүмкіндіктері; 
-  ақпараттық  технологияларды  қолданғанда  және  білім  берудің 
сезімталдығын арттыру кезінде оқушылардың дағдысын жетілдіру; 
- байланыстардың кең өрісін қамтамасыз ету; 
- оқушылардың өз бетінше белсенді жұмыс атқаруына жағдай жасау; 
-  кез-келген  адаммен  оның  кеңістіктегі  орнына  және  уақыттың 
айырмашылығына қарамастан интернет арқылы қарым - қатынас жасау; 

оқу 
материалын 
сипаттаудағы, 
әсіресе 
динамикадағы 
құрылыстарды моделдеудегі көрнекіліктің жоғарылығы; 
-  ақпараттық  технологиялардың  дамып  келе  жатқан  барлық 
интерактивті мүмкіндіктері; 

оқушыға  ыңғайлы  кез  -  келген  уақытта  ақпараттық 
технологиялардың қажеттілігі. 
Қорыта  айтқанда,  білімді  ақпараттандыру  аясында  білім  беруде 
ақпараттық 
технологияларды 
қолдану  оқушылардың  ақпараттық 
мәдениетін  қалыптастырып,  қабылданған  білім  құрылымының  сапасын 
қалыптастырады. 
Модульдік оқыту технологиясы 
Модульдік  технология  дамыта  оқыту  идеясына  негізделген. 
Модульдік  оқытудағы  негізгі  мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей 
алу  мүмкіндігін  дамыту,  оқу  материалын  өңдеудің  жекелеген  тәсілдері 
арқылы жұмыс істеуге үйрету. 
Осыдан  келіп  оқытушының  жұмысында  және  оқу  үрдісінің 
құрылымында  өзгерістер  болды.  Атап  айтсақ,  білімді  толық  меңгерту 
әдістемесінде  оқытушының  жұмысы  мынадай  жүйеде  құрылады 
(М.М.Жанпейісова бойынша): 
Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру; 
Топта  берілген  блок  (мазмұны  бойынша  жақын)  тарау  бойынша 
жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру; 
Оқытушының  материалды  қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте 
және т.б.); 
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; 
Оқушылардың  әрбір  сабақта  іс-әрекетін  бағалау  үшін  сұхбаттық 
қарым  -  қатынас  негізінде  оқушының  танымдық  іс  -  әрекетін 
ұйымдастыру; 
Жалпы  тарауды,  тақырыпты  4-7  рет  қайталау  негізінде  оқу 
материалын меңгерту; 


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау