Карамель бұраманы (созылманы) кесіп пішін береді. Оны əр түрлі машиналар орындайды. Оның ішінде шынжырлы кескіші бар, қалыптап штамптайтын машиналар көп тараған. Шынжырлы машинада, калибрлеп созғыш машинадан шыққан карамель бұраманы екі қатар орнатылған қалақшалармен қысып кеседі. Олар карамельдерді аяғына дейін кеспей, аздап бірімен-бірін іліндіріп шығарады.
Бұл машиналармен қатар, карамельді əшекейленген əр түрлі қалыптарға салып, қысып шығаратын машиналар да бар.
Осы жеке карамельдер əр түрлі сурет басылған түрде 20,30,38 мм ұзындықта шығарыла береді. Көбінесе шар, сопақ, домалақ, ұзыншақ түрде шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |