Омыртқа бағанасы



жүктеу 488,9 Kb.
Дата05.01.2022
өлшемі488,9 Kb.
#36560
Реферат


Омыртқа бағанасы.

Омыртқа бағанасы (columna vertebralis) өзінің дамуы бойынша жұлынды айнала орналасып, оған сүйектік орын түзеді (10 сурет). Омыртқа бағанасы дененің тірегі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғап, дене мен бассүйектің қимыл қозғалысьша қатысады. Омыртқа бағанасы 32-34 омыртқалардан тұрады. Олар 7 мойын (vertebrae cervicales), 12 кеуде (vertebrae thoracicae), 5 бел (vertebrae lumbales), бір сегізкөз сүйегіне (os sacrum) біріккен 5 сегізкөз омыртқасы (vertebrae sacrales) және құйымшақ түзетін 3-5 құйымшақ (vertebrae coccygeae) омыртқаларынан тұрады. Егер омыртқаның алдынан қарасақ (сурет 10, А), оның ені әр бөлімдерінде бірдей болмайды. Мойын және кеуде омыртқаларының шекараларында, сонымен бірге сегізкөз аймағында омыртқалар ортаңғы кеуде және мойын бөліміне қарағанда жалпақтау болып келеді. Омыртқалар салмағы жоғарыдан төмен қарай көбейеді. Бұл жоғары жатқан бөлімдердің қысымының өсуімен түсіндіріледі. Адамның омыртқа бағанасының өз жолында бірнеше иілімдері болады. Алға қарай дөңес бағытталған қисық лордоз (lordosis), ал алға ойылған қисық кифоз (kyphosis) деп аталады. Мойын және бел лордоздарын (lordosis cervicalis, lordosis lumbalis), кеуде және сегізкөз кифоздарын (kyphosis thoracalis, kyphosis sacralis) ажыратады. Кифоздар мен лордоздардың осылай алмасып орналасуы тек адам омыртқа бағанасына тән түзіліс және тік жүруіне байланысты. Кифоздар мен лордоздар омыртқааралық дискілермен бірігіп омыртқа бағанасына серпімділік қасиетін береді. Омыртқаның ортасынан кесіндісінде омыртқа өзегі (canalis vertebralis), омыртқааралық тесіктер (for.intervertebralia) және шығыңқы омыртқа (vertebra prominens) көрінеді. Нәрестенің омыртқа бағанасында (10, В сурет) кеуде қуысы жақсы көрінеді, лордозы нәрестеде басын өзі ұстауды және отыруды үйренген соң ғана пайда болады. Бел лордозы жүру қабілетімен бірге қалыптасып, 6-7 жаста толық қалыптасады. Нәрестенің омыртқа бағанасы денесі мен доғалардың сүйекгі нүктелерінің бірігіп өскен омыртқаларынан тұрады. Бірақ, бұл нүктелер әлі бірікпеген және әр омыртқа өзінше сипатталады. Омыртқалар денесі сопақша пішінді. Жас үлкейе келе олар тікбұрыш пішінді болады, оларда сүйекті шығыңқылар пайда болады. Омыртқалар арасындағы кеңістік омыртқааралық дискілермен толтырылған.







Кеуде омыртқасы

  • Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae. Жалпы саны 12 (Тһ1-Тһ12). Мойын омыртқаларына қарағанда үлкендеу, бел омыртқаларына қарағанда кішілеу келген. Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының денелері бел омыртқаға жақындаған сайын клемділеу болып келген.



Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері:

  • Денесінің бүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, fovea costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1-кеуде омыртқаның бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12- кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан. Негізгі қызметі: 1,11,12-жұп қабырғалардың буын басы мен беттесіп, қабырға омыртқа буынын, articulatio costovertebral, құрау. Қалған кеуде омыртқалардың 1-9 бүйір беттерінде жартылай жоғарғы және төменгі қабырғалық шұңқыршалар, fovea costalis superios etinferior, орналасса, 10 (ThJ кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінде, тек қана жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқырша, 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен өзара беттесіп, 10-жұп қабырғаның қабырға омыртқасының буынын құрайды.

  • Омыртқа доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік, мойын омыртқаларының тесігіне қарағанда кішілеу келген. Көлденең өсінділер, processus transversus, мойын омыртқалар мен бел омыртқаларының көлденең өсіндісіне қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда және артқа қарай бағытталған. Кеуделік омыртқалардың көлденең өсіндісінің ұштарында қабырғалардың төмпешігінің буын бетімен беттесіп, буын құрайтын, көдденең өсіндісінің қабырғалық шұңқыршалары, fovea costalis transversus, орналасқан. Сонымен қатар, 11, 12-қабырғалардың гөмпешігінің нашар дамуына байланысты, 11, 12-кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісінің қабырғалық, шұңқыршалары болмайды. Бұл омыртқалардың көлденең өсіндісінің нашар дамуымен қатар, қосымша еміздік тәрізді өсінділер, processus mastoideus, айқын байқалады.

  • Кеуде омыртқалардың қылқанды немесе арқа өсіндісі, processus spinosus, ұзындау болып артқа және төмен қарай бағыт алып, бір-бірін черепица тәрізді жауып орналасса, төменгі кеуде омыртқалардың арқа өсінділері бел омыртқаның арқа өсінділері сияқты жалпақтау және қысқалау келген.

  • Буын өсінділері, processus articularis, 12-кеуде омыртқаның төменгі буын өсінділерінен басқалары фронталді жазықтықтың бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндісінің буын беттері фронталді жазықтық бойында артқа қарап орналасса, төменті буын беттерінің буын өсіндісінің буын беттері алға қарап орналасқан.

  • + 12-кеуде омыртқаныңтөменгі буын өсіндісі, бел омыртқаның төменгі буын өсінділері сияқты сагитал жазықтықтың бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндісінің буын беттері, фронталді жазықтықтың бойында артқа қарай бағытталып орналасса, төменгі буын өсіндісінің буын беттері сагитал жазықтық бойында сыртқа қарай бағытталған.

жүктеу 488,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау