ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
|
|
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
БҰЙРЫҚ
|
|
ПРИКАЗ
|
201__ жылғы __________ № ____________________
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
«Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім мамандықтары
бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі
әдістемелік ұсынымды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 727
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 727 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыным осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова):
1) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары мен республикалық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының назарына жеткізуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф. Н. Жақыповаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы Б. Асылова
Қазақстан Республикасы
|
Білім және ғылым министрінің
|
2019 жылғы « »
|
№ бұйрығына қосымша
|
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыным
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыным (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын (бұдан әрі – үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары) әзірлеушілерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді.
2. Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссияның 2016 жылғы 16 наурыздағы хаттамасымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберлеріне, Салалық біліктілік шеңберлеріне; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (МЖ-ҚР 03-09), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №65 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге арналған оқыту мерзімдері мен білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтар тізбесіне, салалар бағыттары бойынша жұмыс пен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтарына сәйкес, сондай-ақ кәсіптік стандарттарды пайдалана отырып (олар болған жағдайда) әзірленеді.
3. Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары оқытудың модульдік технологиясы негізінде базалық және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Қолданбалы бакалавриат бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары оқытудың модульдік-кредиттік технологиясы негізінде әзірленеді.
4. Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде нақты қызмет түрі шеңберінде бағдарламаларды игеруді көздейтін мәндес біліктілік бойынша білім беру деңгейлерін интеграциялау ескеріледі:
1) білікті жұмысшы кадрлар (разряд, санат);
2) орта буын маманы;
3) қолданбалы бакалавр.
5. Осы Әдістемелік ұсынымда мынадай анықтамалар қолданылады:
академиялық кезең – ТжКБ ұйымдары семестр, триместр, тоқсан сияқты үш нысанның бірінде өз бетінше белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқыту кезеңі;
академиялық сағат – кесте бойынша оқыту сабақтарының барлық түрінде оқытушы мен білім алушының арасындағы байланыс жұмыс уақыты;
базалық құзыреттілік – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқару, өзін-өзі ынталандыру мен ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толық тарауы немесе оқыту кезеңі;
бағалау критерийлері – құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес оқытудың нәтижелерін бағалау жөнінде шешім қабылдауға арналған көрсеткіштер;
біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға білім, даярлық деңгейі;
білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың ТжКБ-нің білім беру бағдарламасын қаншалықты меңгергендігін қорытындылап көрсететін және бітіруші курста орындайтын өзіндік шығармашылық жұмыстары;
дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
еңбек функциясы - жалпыланған еңбек функциясы шеңберіндегі еңбек іс-қимылдарының жүйесі;
жеке оқу жоспары – білім берудің тіркелген кезеңінде, білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін және білім беру жолдарын таңдауға, оның ішінде білім беру бағдарламаларының игеру шегінде жеделдетілген оқуға академиялық құқықтарын іске асыруға ықпал ететін, білім алушының оқу жоспары;
кәсіби құзыреттілік – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
кәсіптік модуль – білім алушылардың құзыреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеттілігін игеруге бағытталған ТжКБ білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы.
кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
кәсіптік қызмет түрі (КҚТ) - жақын сипаты, нәтижелері мен еңбек жағдайлары бар жинақталған еңбек функцияларының жиынтығы;
кәсіптік қызмет саласы (КҚС) - ортақ интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттердің жинағын болжайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
кредит – білім алушының (оқытушының) оқу жұмыс көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
кредиттік оқыту технологиясы – академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді оқып зерделеудің реттілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
модуль – ТжКБ білім беру бағдарламасының тәуелсіз, жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
модульдік оқыту – ТжКБ модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
модульдік білім беру бағдарламасы – белгілі бір біліктілікті беру үшін қажетті құзыреттерді игеруге бағытталған модульдердің жиынтығы мен бірізділігі;
міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім алушы оқу бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын кредиттердің ең аз көлеміне сәйкес келетін оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің тізімі;
оқу мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі;
оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
таңдау бойынша компонент – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ұсынатын пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде білім алушылардың өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
транскрипт – білімді бағалаудың әріптік және сандық жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген оқудың тиісті кезеңінде игерілген пәндердің және (немесе) модульдердің тізбесі бар құжат;
үлгілік оқу жоспары – модульдер және (немесе) циклдер (оқу пәндерінің тізбесі), кәсіптік практикалар, білім алушылардың оқу қызметінің өзге де түрлері, бақылау нысандары, мамандықтар мен біліктілікке байланысты оқу мерзімдері бойынша оқу уақытының көлемін (еңбек сыйымдылығын) регламенттейтін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың оқу жоспарының моделі негізінде әзірленген құжат;
үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша меңгерілуге тиіс білім, дағды, іскерлік және құзыреттілік мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу модульдерінің/пәндерінің жиынтығы;
эдвайзер – тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде кредиттік оқыту технологиясы бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогы – таңдау бойынша компонент пәндерінің және (немесе) модульдерінің қысқаша сипаттамасы қамтылған тізбесі.
2-тарау. Мамандық бойынша мәндес біліктілік топтарын анықтауға қойылатын талаптар
6. Үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары экономикалық қызмет түрлері және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлері бойынша мәндес біліктілік тобына әзірленеді.
Өзара интеграцияланған мәндес біліктілік топтарын анықтау Салалық біліктілік шеңберіне сәйкес жүзеге асырылады.
Салалық біліктілік шеңбері болмаған жағдайда кәсіби қызмет түрлері бөлінісінде қызметке функционалдық талдау жүргізіледі.
Қызметтің функционалдық талдауының нәтижесі кәсіби қызмет түріне қатысты кәсіптердің/лауазымдардың өзара байланысын білдіретін карта болып табылады.
Функционалдық картаны құрастыру:
1) кәсіптік қызмет салаларын анықтауды;
2) кәсіптік қызмет түрлерін анықтауды;
3) жұмысшы кәсіптерді/лауазымдарды анықтауды қамтиды.
Мамандықтың функционалдық картасының жобасы
_______________________________________________________________
(мамандықтың коды және атауы )
Сала
|
КҚС 1
|
КҚС 2
|
КҚС 3
|
КҚС ....
|
КҚТ 1
|
КҚТ 2
|
КҚТ 3
|
КҚТ 4
|
КҚТ 5
|
КҚТ 6
|
КҚТ ....
|
|
|
Әкімшілік-басқару персоналы
|
|
Өндірістік қызметкерлер
|
|
|
|
|
|
|
|
Біліктілігі жоғары жұмысшылар (6-8 разрядтар)
|
|
|
|
|
|
|
|
Біліктілігі жоғарылатылған жұмысшылар (3-5 разрядтар)
|
|
|
|
|
|
|
|
Біліктілігі төмен жұмысшылар (1-2 разрядтар)
|
|
|
|
|
|
|
|
Функционалдық карта мамандардың қандай жұмыс біліктілігі мен лауазымдары тауарлар мен қызметтер өндірісінің технологиялық процесіне қатысатынын көрсетеді.
7. Мамандық бойынша мәндес біліктілік топтарының тізбесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес кесте түрінде ресімделеді, онда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлері мен кәсіптік қызмет түрлері бөлінісінде әртүрлі біліктіліктің бір-бірімен арақатынасы көрсетіледі.
1-кесте. Мәндес біліктілік топтарының тізбесі
Біліктілік деңгейі
|
Бейін «»
|
Мамандық «»
|
Біліктілік тобы 1
|
Біліктілік тобы 2
|
Біліктілік тобы...
|
5 деңгей
|
Қолданбалы бакалавр
|
…
|
…
|
4 деңгей
|
Орта буын маманы
|
…
|
…
|
3 деңгей
|
Білікті жұмысшы кадрлар
|
…
|
…
|
2 деңгей
|
…
|
…
|
1 деңгей
|
-
|
|
|
3-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейін анықтау
8. Білім алушылардың даярлық деңгейі кәсіптік стандарттарға және/немесе жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес базалық және кәсіби құзыреттілікті анықтауды көздейді.
9. Әрбір базалық және кәсіби құзыреттілік негізінде білім беру бағдарламасының тәуелсіз, жеткілікті және толық бөлімі ретінде базалық және кәсіптік модуль анықталады.
Базалық құзыреттер – бір бағыттағы даярлық шеңберінде мамандар үшін ортақ болып табылатын құзыреттер тобы, олар өзінің сипаты мен қолданылуы бойынша универсалды (әмбебап) және мамандықтың бейініне байланысты кәсіби модульдерге кіріктірілуі мүмкін.
Әрбір базалық құзыреттілік білім беру бағдарламасының тәуелсіз, жеткілікті және толық бөлімі ретінде базалық модульді қалыптастырады.
Базалық модульдер қабілеттіліктің бастапқы деңгейінің қалыптасуына және нақты кәсіптік қызметке дайын болуына мүмкіндік бере отырып, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін негіз болады (2-кесте).
2-кесте. Базалық құзыреттер мен базалық модульдер тізбесі
Базалық құзыреттер
|
Базалық модульдер
|
БҚ1
|
БМ1
|
БҚ2
|
БМ2
|
….
|
….
|
10. Кәсіби құзыреттілік еңбек процесінің контексіне сәйкес қалыптасады және маман орындайтын функциялармен анықталады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру барысында кәсіптік стандарттар және/немесе таңдалған біліктілік бойынша басқа да нормативтік құжаттар пайдаланылады.
Кәсіби құзыреттіліктер саны таңдалған біліктілікке байланысты. Кәсіби құзыреттіліктер жиынтығы біліктіліктің мәнін білдіруі тиіс. Кәсіби құзыреттіліктер тізбесі біліктілік шеңберінде негізгі еңбек функцияларына сәйкес құрылымдалады.
3-кесте. Мамандық бойынша кәсіби құзыреттіліктер мен модульдер тізімі
Кәсіби құзыреттіліктер
|
Кәсіптік модульдер
|
Біліктілік «…»
|
КҚ1
|
КМ1
|
КҚ2
|
КМ2
|
….
|
….
|
Біліктілік «…»
|
КҚ3
|
КМ3
|
КҚ4
|
КМ4
|
Достарыңызбен бөлісу: |