Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығы
(2015.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 9 және 20-баптарына БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары;
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;
5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар;
6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптар;
7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау үшін Жобаларға қойылатын кретерийлер;
8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері;
9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлері бекітілсін.
2. «Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6354 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2014 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
7-қосымша
Ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау үшін Жобаларға қойылатын
критерийлері
1. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемі.
2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу мерзімі.
3. Концессия объектісін құру (реконструкциялау) мерзімі (айлар, жылдар).
4. Жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер.
5. Жаңа технологияларды тарту, оның ішінде энергия үнемдеуге және энергия тиімділігіне бағытталған.
6. Концессиялық жобаға салынатын меншікті ақшалай қаражатының көлемі.
7. Іске асырылған жобалар тәжірибесі.
8. Білікті мамандардың болуы.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
8-қосымша
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу
критерийлері
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері мыналар болып табылады:
1) концессия объектісінің техникалық күрделілігі*;
2) концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу;
3) концессиялық жобаны республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланады және/немесе осы концессиялық жобаларды іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылады;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен астам көрсеткішті құрайды.
Мазмұны:
* «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес объект құрылысының техникалық күрделілігі жауапкершіліктің бірінші деңгейі - жоғарыға жатқызылатын жағдайда
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
9-қосымша
Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу
критерийлері
1. Осы концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді.
2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін ақыны төлеуді қолдану мақсатында концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу жүзеге асырылады.
3. Критерийлер - концессиялық жобаның оның қоғамға бағытталғандығын көрсететін белгілері (қоғамдық инфрақұрылым объектілерін салу, пайдалану арқылы қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру).
4. Мыналар:
1) мына салалардың:
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау;
денсаулық сақтау;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту;
коммуналдық шаруашылық;
көлік салаларының бірінде концессиялық жобаларды іске асыру.
2) мына салалардың:
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау объектілерінің;
денсаулық сақтау объектілерінің;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту объектілерінің;
коммуналдық шаруашылық объектілерінің;
көлік саласы объектілерінің санын ұлғайтуға алып келетін концессиялық жобаларды іске асыру концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийі болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
10-қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 Бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6354 болып енгізілді).
2. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына қосымшаның 1-тармақшының (Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 7438 тіркелді).
3. «Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 55 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9271 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 14 сәуірде жарияланған).
4. «Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9836 тіркелді.
Достарыңызбен бөлісу: |