Сабақтың тақырыбы:
|
Сәбит Мұқанов «Жылқы»
|
СМАРТ мақсат:
|
20 минут ішінде сынып оқушыларының 100%-ы «Ойлан-жұптас-бөліс»» әдісі арқылы әңгіменің мазмұнымен танысады және «Мені түсін» ойыны арқылы әңгіменің мазмұнын түсінеді, 80%- ы әңгіменің мазмұнына құрылған тапсырмаларды орындау арқылы ойларын жүйелей, дәлелдей отырып жинақтай алады, 60%-ы алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра алады.
|
Сабақтың мақсаты:
|
1. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен танысу
2. Әңгіменің мазмұнын ашу және түсіну
3. Әңгіменің мазмұны бойынша өз ойларын жүйелеу, дәлелдей отырып жинақтау, алған мәліметтерін өмірмен байланыстыру
|
Күтілетін нәтиже:
|
1. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен танысады
2. Әңгіменің мазмұнын ашады және түсінеді
3. Әңгіменің мазмұны бойынша өз ойларын жүйелей, дәлелдей отырып жинақтай алады, алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра алады.
|
Сабақтың түрі:
|
Сындарлы оқытуға негізделген сабақ
|
Сабақтың типі:
|
Аралас сабақ
|
Сабақтың формасы:
|
Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
|
1. «Поравоз» әдісі 5. «Шындық және жалған» ойыны 9. «Сәйкестендіру» тесті
2. «Жайлау» композициясын құрастыру 6. «Мақал-мәтел»
3. «Топтастыру» әдісі 7. «Кері ойлау» стратегиясы
4. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі 8. «Жарнама» ойыны
|
Бағалау әдістері:
|
«Бағдаршам түстері» 2. «Басбармақ» әдісі 3.Бағалау парағы 4.Мадақтау
|
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
|
Дербес компьютер, интербелсенді тақта, топ атаулары, плакаттар, ақпараттық парақшалар, жұмыс парақтары, жылқының суреті, кестелер және рефлексия парақшалары
|
Пәнаралық байланыс:
|
1. Дүниетану 3. Орыс тілі.
2. Шет тілі 4. Бейнелеу өнері
|
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:
|
«Әдебиеттік оқу» оқулығы, 4-сынып. Алматы: Атамұра, 2015. 264 бет. Автор: С. Рахметова
«Әдебиеттік оқу пәнінің оқыту әдістемесі»
|
Сабақтың кезеңі
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті:
|
Оқушының іс-әрекеті:
|
Мақсаты:
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1мин
|
Психологиялық дайындық:
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
3. Көңіл-күйін сұрау.
|
Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа даярлығын көрсетеді.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық ахуал туғызу.
|
Үй тапсырмасын сұрау.
|
5мин
|
1.«Поровоз» әдісі арқылы өлеңді жатқа сұрау
2. «Жайлау» композициясын құрастыру сұрақ-жауап
1. Әбділда Тәжібаев кім?
2. Қайталу дегеніміз не?
3. Лирика дегеніміз не?
4. Мінездеу дегеніміз не?
5. Ә.Тәжібаевтың өлең жинақтарын ата?
|
Өлеңді жатқа айтады
Сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады.
|
Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау.
Есте сақтау қабілеттерін тексеру
Өткен тақырып пен жаңа сабақ арасында көпірше орнату, жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту.
|
БІЛУ
|
2 мин
1 мин
|
- Жылқы жануары туралы не білеміз?
- Ол қандай жануар?
- Бұрын өткен батырлар жырында жылқы жануары қалай суреттелген? (Жетелейтін сұрақтар қойылады)
Топтарға біріктіру.
І топ – Сымбатты да жүрдек асыл тұқымды жылқы «Арғымақ»
ІІ топ – Ең жүйрік ат, қашса құтылып, қуса жететін асқан жүйрік жылқы «Тұлпар»
ІІІ топ – Бәйге бермейтін жүйрік жылқы «Сәйгүлік»
IV топ- Жылқының баласы «Құлын»
|
Жылқы туралы білетін мәліметтері бойынша топтастыру жасайды.
Оқушылар қима қағаздар арқылы 4 топқа бірігеді
|
Оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау.
|
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
|
10 мин
|
Оқулықпен жұмыс
Сабақтың мақсаты айқындалады.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі – топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға әдістің шарты түсіндіріледі.
1. Табиғат көрінісін тауып оқу
2. Жылқының аналық мейірімі айтылған тұсты оқу
3. Мақан жылқышының сөзін тауып оқу
|
Оқулықтағы мәтінмен танысады
Оқушылар алдын ала ілініп тұрған сабақтың мақсатымен танысады.
Жұптық жұмыс бойынша өздеріне берілген әңгіме бөліктерін оқиды, іштей ойын жүйелейді, жұптарымен бөліседі, топта талқылайды.
Ойынның шарты: Оқушылар өздерінің оқыған мәтін бөліктерін 10 тірек сөз немесе сөз тіркестері бойынша айтып жеткізелді.
|
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсінуге жағдай жасау
Жаңа сөздермен танысу және үш тілділікті дамыту.
әңгіменің мазмұнын талдай білуге үйрету
|
ТҮСІНУ
|
5мин
|
Тапсырмалар:
Әңгіменің бірінші бөлімі бойынша - «Шындық және жалған» ойыны - жеке жұмыс
Жұптық тексеру
Екінші бөлімі бойынша – «Кесте толтыру» – жұптық жұмыс
Үшінші бөлімі бойынша - «Мақал-мәтел» – топтық жұмыс
|
Оқушылар берілген кестедегі сөйлемдердің шындық немесе жалғандығн анықтайды.
Жұптарымен жұмыс парқшаларын алмастырып кестені дұрыс жауап бойынша тексереді.
Жылқының пайдасын мәтін бойынша дәлелдейді.
|
Тапсырма орындату арқылы мәтінді тереңірек білуге жетелеу
|
ТАЛДАУ
|
3 мин
|
Дәптермен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс. (Алдын-ала қабырғаларға ілініп қойылады)
Жылқы – лошадь - horse
Бақташы – пастух - shepherd
Қос – оңай құрылып, жиналатын баспана – палатка - tent
Оттау – кушать - eat
Асыл – драгоценный – precious
«Жылқы жасы»
Жылқының жасы бойынша атауларын жазғызу
|
Дәптерлеріне сөздік жұмысты жазады
1 жаста-құлын, 2 жаста-тай, 3 жаста-құнан,
4 жаста-дөнен, 5 жаста-бесті (ат)
|
Үш тілде сөздік жұмысын меңгерту
Жылқы атауларын жаттату
|
|
2 мин
|
«Авторды тану» (Сәбит Мұқанов жайында)
С. Мұқанов ( 1900 - 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. 14-15 жасынан бастап өлең жазып бастаған.Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан. «Өмір мектебі», «Ботагөз » романы, «Сұлушаш» поэмасы,«Ақ аю», «Балуан шолақ» повесі шығармаларымен толығырақ танысасыңдар. Өмір мектебі шығармасынан «Жылқы» әңгімесінен үзінді беріп отыр екен. Жылқының ерекше қасиеттерімен,жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз, және жылқы шаруашылығы жөнінде түсінік аламыз.
|
Автор туралы мәлімет айтады.
|
Автор туралы біліммен қаруландыру
|
Сергіту сәті
|
3 мин
|
Жылқы туралы 10 қызықты мәлімет видео көрсету
|
Видеоны тамашалайды
|
Қосымша мәліметтер алады
|
ЖИНАҚТАУ
|
5 мин
|
Топтық жұмыс:
І топ: «Кері ойлау» стратегиясы
ІІ топ: «Жарнама» ойыны
ІІІ топ: ««Егер мен жылқы шаруашылығын дамытатын кәсіпкер болсам» ,не істер едім? Қалай дамытар едім.?
IV топ: «Сәйкестендіру» тесті
|
І топ: «Егер жылқылар жер бетінде болмаса,...» деген сауал аясында ой толғаныстарын постерге топтастыру түрінде жазады
ІІ топ: Жылқы жануарын жарнамалайды. Сату немесе өткізу мақсатында
ІІІ топ: «Егер мен жылқы шаруашылығын дамытатын кәсіпкер болсам» ,не істер едім? Қалай дамытар едім.? Постермен жұмыс
IV топ: «Сәйкестендіру»
Алпамыс Тарлан
Ертарғын Байшұбар
Қамбар Тайбұрыл
Қобыланды Қарақасқа
Қабанбай Қубас
|
Жаңа тақырыпты бекіту Оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Оқушылардың жүргізген жұмыстарын саралау
|
Рефлексия
|
2 мин
|
Смайликтер арқылы көңіл күйлерін жеткізу.
«Үш сөзбен» алған әсерлерін айту
|
|
Сабақтан алған әсерін үш сөзбен білдіру
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
1.«Жылқы» әңгімесін мазмұндау.
2. Жылқы жануарына қарап ауа райын бағалау
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне толтырады.
|
|
БАҒАЛАУ
|
2 мин
|
Бағалау парақшасына топ басшысы бағалайды.
Бағалау ұпайы
25-30 ұпай-«5»
20-25 ұпай-«4»
15-20 ұпай-«3»
|
Оқушылар парақшалардағы сұрақтарға жауап беріп, мұғалімге тапсырады.
|
алған білімдерін саралау
|