«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 2,12 Mb.
бет7/13
Дата28.11.2017
өлшемі2,12 Mb.
#2290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Дәріс №14

Тақырып : Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу әдістері

Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі

Дәріс мазмұны: Баспасөз – релиздер

Бетшелер


Буклет

Проспектілер. Каталогтар



Баспасөз – релиздер

Кітапханалық өмірдегі қызықты оқиғалар туралы баспасөзде мәліметгер жариялау үшін БАҚ табыс етілетін баспасөз релиз түріндегі оқиға туралы шағын материалдар әзірленеді.

Материалда кітапхана көрмесінің конференция мерейтойын өткізудің алғышарты қысқа түрде баяндалады. Бұл ретте, оқиғаға қатысушы басты тұлғалар, кітапхана серіктестері демеушілер аттары көрсетіледі. Сондай - ақ мекен-жайы, телефоны керсетіледі. Баспасөз - релиз иллюстративті материалдармен безендіріледі: көрме сөресі, кітапхана қызметкерлері және т. б. Сонымен бірге шақыру билеті немесе жарнама қоса беріледі. Баспасөз үшін хабарлама дайындалғанда кең шетжиек қалдырылады, мәтіндер арасында қашықтық кеңейтіледі: бұл журналистерге мәтінмен жұмыс істеуге жеңілдік тудырады.

Бетшелер

Бетшелер - баспалық жарнама түрі, бүктетілмейтін екі бетті шағын басылым. Оларды оқырмандарды немесе ұйымдарға кітапхана шақыру, қызметін пайдалану үшін шақыру түрінде жіберіледі. Онда ресурс мекен — жай, кітапхана кестесі көрсетіледі.

Бұлар - көрмелерге, кештерге, кездесулерге шақырулар болуы мүмкін.

Бетше түрінде сондай - ақ, ақпараттық білім алуға көмек ретінде библиографиялық тізімдер, материалдар дайындалады.

Мысалы, «Каталогтар мен карототекаларды қалай пайдалануға болады», «Оқырмандар талабын қалай толтыруға болады».

Соңғы уақытта бетшелер біртұтас терілімнің бөлігі болып табылады.

Бұл жинаққа жарнама шақыру салынған конверт, каталог түрінде бөлек шығарылған басылымдар тізілімі қамтылады. Мұның барлығы бір сюжетті бірыңғай түсті, қаріпті және т.б. болып келеді. Кейде кітапхана ентаңбасы мен негізгі мәтінге қосымша басқа ақпаратта қамтылуы мүмкін. Бұл - кітапханаға қалай келу үлгісі, мазмұнды сурет болуы мүмкін.
Буклет

Буклет - «қатпарланған», «үш бұрыш», «үйшік» және т.б. түрінде қатталған, көп бояулы жақсы безендендірілген басылым.

Буклеттің бірнеше жанры бар. Оның ішінде көп таралатыны -кітапхана туралы буклет. Білікті жарнамашылар кітапхананың бейнесін жасайтын кептеген мәліметтерді қамтуға тырысады.

Оны құрудың тарихы, қызметтерге қатысты адам аттары, қорды пайдаланушылар жан - жақты көрсетіледі. Оқырмандардың кітапхананың даму кезеңдеріне жаңа бөлімшелер мен қызмет көрсетулерге, әртүрлі ұйымдар және халықаралық қарым - қатынасына қызығушылығын арттырады. Кітапханатану жарнамалық буклеті анықтамалық сипаттағы мәлімметтерді қамтиды: әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің жұмыс кестесін, мекен - жайы мен телефондарын, кітапханаға келетін оқырман санын көрсету.

Буклет кітапхананың «визиттік карточкасы» міндетін атқарады. Буклеттердегі иллюстративті материалдар логотиптің көркем безендірілуімен, суреттерімен ұсынылады. Кәсіби жарнамашылар буклеттің көркемдік бейнесін жасау үшін салма суреттерді қолдану тиімді немесе нақты көркемдік сюжетсіз шығаруға болады. Суреттерді таңдау барлық уақытта сәтті болмайды және кітапхананың тартымды бейнесі үшін «жұмыс істемейді». Кейде кітапхана қорынан араб тіліндегі Құранды ірі жоспарда суретке түсіру жеткілікті немесе бірегей қаріппен терілген мәтін анық оқылатын көгілдір - ақ түсті рең арқылы кітапхана бейнесін қалыптастыруға болады.

Буклет көп ретте полиграфиялық жобаны жоғары деңгейі мен еркін шығармашылық арқылы сәтті шығады.

Осы сапамен шыққан буклет кез - келген кітап сөресінде, қабырғада немесе журналдық столда бірден көзге түседі.

Проспектілер. Каталогтар

Проспектілер деген - беті көп брошюралы жақсы безендірілген басылым. Оларды ірі әмбебап және арнаулы кітапханалар шығарады.

Мазмұны мен безендірілуі бойынша оның буклеттен айырмашылығы шамалы.

Оның лексикасы көркемдік мәнерден гөрі қасаңдау.

Проспектілер кітапхана жұмысының жан - жақты көрсетудің айрықша мүмкіндігіне ие. Проспектілерде кітапхана құрылуына қатысы бар көрнекті мәдениет қайраткерлерінің портреттері, сирек кітаптар бөлімінен ескі жәдігерлер, жазушылар қолтаңбасы, кітапхана мекен - жайы беріледі.

Проспектінің мазмұнын ашарда оның ұзақ мерзімдік пайдалануға жасалатыны ескерілуі кажет. Проспект жазылуы жарнамаға жақын, ол жоғары сапалы қағазға басылады.

Жарнамалық каталогтарды өз қорында өнер шығармалары мен бірегей кітаптар жинақталған ірі кітапханалар шығарады.

Жарнамалық каталог шығарылады, оның мұқабасына кітапхана логотипі, баспа белгісі, көрме белгісі қойылады.


Дәріс№15

Тақырып: Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу әдістері

Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі

Дәріс мазмұны:

Қабырғалық материалдарды дайындау мен безендіруге қойылатын талаптар

Кітапхана ісіндегі қабырғалық тұсау кесу рәсімдері

Кітапхана ісіндегі қабырғалық тұсау кесу рәсімдері

Конференция материалдарын ауызша дәстүрлі баяндамаға альтернатива ретінде қабырғалық көрмеге қою «қабырғалық тұсау кесу рәсімі деп аталады». Қабырғалық тұсау кесу рәсімінің мақсаты - кәсіби тақырып пікірталас пайдасы үшін ресми бөлікті қысқарту болып табылады.

Қабырғалық экспозия авторлары қарым - қатынас құралы ретінде оларды барынша мол пайдалануға тырысады. Кітапханашылар біртұтас элементтерден тұратын қабырғалық көрмелер жасай алады. Бұл тұста, олар ақпараттық түпнұсқаларды халықаралық стандарттауға белгілі бір үлес қоса алады. Бұл, соңдай -ақ, қабырғалық материалдарды сақтау мен толықтыруда кітапханалар жұмысын жеңілдетеді.

Қабырғалық материалдарды дайындау мен безендіруге қойылатын талаптар

1. Қабырғалық экспозициялар ресми бағдарламада аталуы керек. Жоспарланған рефераттар тұжырымдама нақты бөлімдерге сәйкес басқа материалдармен қоса жарияланатын тиісті мәліметтердің тақырыбына сәйкес болуы керек.

2. Конференция бағдарламасын да қойылған көрме мен түсау кесу рәсімінің өткізілетін орны мен мерзімі көрсетілуі керек.

3. Қабырғалық көрме құрылымы айрықшалану керек. Бұл мақсатты авторлар мына нұсқамалардың негізін алулары керек.

3.1. Қабырғалық материалдарды орналастыру үшін бір көлемдегі кабырғалық тақтайлар жекелеген авторларға арналуы керек.

3.2. Қабырғалық көрме беті 1 х 1 м ; монтаждаудан соң ол 60 см, биіктігіне ілінуі керек.

3.3. 12 х 100 см көлемді қабырғалық тақтайдың жоғарғы жағын автор фамилиясы және атау нөмірін қою үшін еркін қалдыру керек (әріп биіктігі 25 мм.).

3.4. Қабырғалық экспозициялар виртуалды бейнелердің ақпараттық композициясын (фотографиялар, сызбалар, диаграммалар, графикалар және т.б.) және қара - ақ түсті контрастарды пайдаланған мәтін берілуі керек.

3.5. Виртуалды бейнелерді алдын - ала дайындау керек: олар 50 см қашықтықта көрініп тұруы керек.

3.6. Көп мәтінді материалдарды беруге болмайды.

3.7. Иллюстрация немесе жазбалар үшін қатты картонды қолдануға болмайды, оларды тақтайға бекіту қиын.

3.8. Қабырғалық тақтайларда сурет салуға болмайды. Түсініктеме беру үшін қара тақтайшаларды, тақтай - блокноттарды немесе мөлдір пластикалық беттерді пайдалануға болады. Қабырғалық көрмелер мына мазмұннан тұрады:

- қосымша мәліметтермен және қосымша мәліметтерсіз атау;

- автор немесе авторлар фамилиясы;

- конференция атауы өткізілетін орны мен мерзімі;

- қабырғалық тұсау кесу аясындағы нөмірлеу. Қабырғалық көрме материалдарының каталогтық жазбасын жасаудың неміс тілді елдерде қолданысын жазу ережесіне сәйкес үлгісі ұсынылады:

Атауы: Атауға қосымша

Автор (лар) Конфернеция атауы -

Өткізу уақыты, жылы. - Формат

Түсініктеме библиография

Автор тулатқан қосымша өтініштерге сілтемелер, түсініктемелер және қабырғалық түсау кесу аясындағы нөмірлеу.

Дәріс№16

Тақырып: Кітапханадағы жарнамалық қызметтің технологиясы

Дәріс мазмұны:

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі

Жаңа технологиялар - кітапханаларды басқару мен менеджмент технологиясы

Кітапханадағы жарнама жұмысының бірі - кітап көрмесі

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.

Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіру, оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңартып, таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі - кітапхана.

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі, облыстағы баспа шығармаларын сақтайтын, оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы.

Жалпы кітапхана - адамдардың басын қосу, білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты мәдени орын болғандықтан, ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау мен дамыту барша кітапхана қызметкерлерінің парызы мен міндеті. Ал бүгінгідей жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдықта кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет көрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеру қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет.

Заман талабына сай – кітапхана қорындағы әлемге танылған құндылықтардың жиынтығын, жазба мәдениетті, яғни ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің қол жазбалары мен туындыларын ұлттық мәдени мұраларды пайдалануға еркін ақпараттық кеңістікті құруға мейлінше бар жағдайларды жасау қажет.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы көпшілік кітапханалары өз істерінде мемлекеттік саясатты идеология, ақпараттық жетістіктерді және тұрғындарға кітапханалық қызметті дамыту мен сақтау жөніндегі бағдарламаларды үнемі іске асыруда. Сондай-ақ кітапхана қызметінің мақсаты өз аймағы көлемінде әмбебап құжаттардың толық жинағын мүмкіндігінше қалыптастыру, сақтау, оны пайдалануды ұйымдастыру болып отыр.

Кітапханадарда жүйелі түрде ғылыми – практикалық конференциялар, байқаулар, семинар - тренинг, жиналыс кеңестер, кештер, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжрибе трибуналары және көптеген іс-шаралардың белсенді түрлері мен әдістері қолданылады. Сондықтан ақпарат көздерінің қоғамда пайдалануын ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми - ақпараттық мекеменің бірі - кітапханалар болып табылуда.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда қызмет бабындағы кітапханалар торабы 10,5 мың, онда 16 мыңға жуық кітапханашы еңбек етуде, жиынтық кітапханалар қоры 300 млн. дана.

Қазіргі және болашақ кітапханалардың жаңа технологиялардың рөлі ерекше. Жаңа технологиялар - кітапханаларды басқару мен менеджмент технологиясы. Ал осы кітапхананың көпшілік жұмысында оқырмандармен топ - тобы мен бөліп қарап; ауызша, көрнекті, баспа, аудиовизуалды ақпараттармен кітапты жарнамалау жұмысының түрлі әдістері кеңінен орын алуда, яғни айтқанда жарнаманың рөлі ерекше. Жарнаманың көмегімен кітапхананы пайдаланушымен байланысты жақсы түрде орнатуға болады. Жарнама жұмысы соңғы жылдары пайдаланыла бастады.

Кітапханадағы жарнама жұмысының бірі - ол кітап көрмесі. Көрменің басты мақсаты: оқырман көңілін кітапқа аудару. Насихаттау саласында жарнамалау көбіне тұрақты жұмыс болып табылады. Жарнама бір жақтылығымен және көпжақтылығымен көрнектіленеді.

Жарнама ең алдымен пайдаланушыларға ұнауы қажет. Жарнамалық шешімдер мынадай бөліктерден тұрады:

а) ақпараттау; б) сендіру; в) ескерту;

Жарнамалық тәжірибеде мәтін теориясы басты роль атқарады. Мәтін - заман талабына сай ғылыми - техникалық прогресс, сонымен бірге әлеуметтік мәдени жағдайларға сай жауап бере алатындай түсінікті болуы шарт.

Техника мен ғылымның күн санап өркендеуіне байланысты шетелдік кітапханалардың көпшілік вестибюльдерінде шапшаңдықпен қызмет ету шеңбері жұмыс істейді. Онда тұтынушы иллюстарцияланған күнтізбені білу, сондай - ақ газеттермен танысу үшін телефонды кітаптар арқылы темір жол ақпаратын тез арада қолдана алады. Вестибюльде сонымен бірге оқырмандар үшін анықтамалық - компьютерлік жүйе де жұмыс істеп, түгелдей кітапхана қоры, оны пайдалану жөнінде ақпарат ала алады. Мұндай жақсы көрнекіленген кітапханалар санатына Франциядағы да ірілендірілген оқу залдары бар кітапханалар да жатады. Негізінен алдағы кітапханалық жарнама дегеніміз – кітапхана қызметі туралы, жалпы кітапхана туралы хабар беру. Кітапханалық жарнама пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жоғары деңгейде өркендетуді талап етеді. Кітапханалық жарнама - тұтынушыға қажетті құжаттың бағытын, түрін, қалай, қай уақытта, не үшін пайдаланатыны туралы ойлауға мүмкіндік туғызады. Мысалы: кітапхана қай жерде орналасқаны, оның жұмыс кестесі, кітапханадағы жүйелік, алфавиттік каталогтардың не үшін қажеттігі, белгілі тақырыпқа байланысты өткізілетін шараның қай жерде, не мақсатпен өткізілетіні, ол шараға қандай оқырман топтары қатысатыны, библиографиялық көрсеткіштер тізімі туралы мағлұматтар осының бәрі кітапханалық жарнама құрамына кіреді.


Дәріс№17

Тақырып: Кітапханадағы жарнамалық қызметтің технологиясы

Дәріс мазмұны: Негізгі жарнаманың көзі

Кітапханалық жарнаманы ұйымдастыруда төрт басты топ

Кітапхана ісіндегі ең басты жарнама

жарнаманың маркетинг кешенінде атқаратын зор ролі

Жарнама түрлері

Кітапханалық жарнаманың тұтынушыға рухани сезімін тудырумен бірге, оны кітапханаға таратуда ролі зор. Кітапханалық жарнаманың зерттеушілері тұтынушыға кітапхана қызметін жариялап, жарнамалаумен бірге сату арқылы да қол жеткізе алады. Жарнамалау жолдары көп, олар: байланыс бөлімшесі арқылы тікелей жарнамалау, теледидар және радио арқылы жарнамалау, көшедегі көрмелік транспаранттар, автомобиль бортындағы және қалалық транспорт кешеніндегі жарнамалар, арнаулы негізде жасақталған плакаттар т.б. Пайдаланушылардың әртүрлі категориясына орай кітапханадағы жарнамаларда бағалы, жүйелілігіне, ұлттық салт - дәстүрге, білімдік шама - шарқына орай ұйымдастырылады. Кітапхана жарнамасы - көрнекті, баспа, ауызша, радио, теледидар, компьютер экранын пайдалану арқылы жүргізуде мынадай түрлері жатады:

а) Кітапханалық плакаттар, хабарландыру (онда белгілі бір шараның қай уақытта, айы, күні туралы жазбаша түрі баяндалады).

б) Кітапхана жөніндегі анықтамалар, кітапхананы пайдалану бағыты көрсетілген проспектісі;

в) Қысқа метражды фильмдер, бейнефильмдер;

г) Библиографиялық құралдар, әдістемелік ұсыныстар жөніндегі хабарландырулар;

д) Тұтынушыға арналған кітапхананың баспа каталготары;

е) Кітапхананың түрлі - түсті көрнекіліктері;

ж) Кітапхана тарихы туралы көрмелер;

з) Белсенді оқырмандардың дипломдары, мақтау қағаздары, т.б.

Негізгі жарнаманың көзі ретінде кітапхананың кітап көрмелері, көшпелі кітапханалық көрмелер, көпшілік және топтық шаралар болып табылады. Бірақ осылардың бәрінің мақсаты бір - ол кітапханаға түскен жаңа әдебиеттердің де, басқалай құнды құжаттарды да, өмірде болып жатқан түрлі жаңалықтарды тұтынушыға көрсетіп қана қоймай, кітапхана ісінде олардың да араласуына септігін тигізеді. [2]

Кітапханалық жарнаманы ұйымдастыруда төрт басты топқа тоқталуымыз керек:



  1. Кітапханалық жарнамалық қызмет көрсетуде жинақты жүйелілікті пайдалану;

  2. Кітапхана жарнамасында барлық қызметке арқа сүйеу;

  3. Кітапхана құжаттарындағы әр бөлімді жеке түрде жарнамалауды үйрену;

  4. Дараланған кітапханалық қызмет көрсетуді (мысалыға: көрмелерге, әуесқойлар клубын жарнамалауда) пайдаланудағы кітапханалық жарнаманың әдістемесі.

Кітапхананы басқарудағы жарнамалық қызметтің күрделілігі көп түрге бөлінеді. Олардың құрамына кіретіндер:

а) Кітапханалық - ақпараттық және соған сәйкес қызметке сұраныстың дамуы;

б) Пайдаланушыларға қызмет етудің жаңа түрлері мен әдістерінің жалпылама түсінігі;

в) Кітапхана оқырмандарының маусымдық қатысуының төмендеу тиімділігі;

г) Нақты кітапханалық мекемелердің көмегін біліп отыру;

д) Бәсекелестік тиімділігі (басқа кітапханалар жағынан, ғылыми -техникалық ақпараттар мүшесінен т.б.)


Дәріс №18

Тақырып: Кітапханадағы жарнамалық қызметтің технологиясы

Дәріс мазмұны:

Жарнаманың іргелілік принципі

Жарнамалық кызметтің кезеңдері (тәртібі).

Жарнаманы тарату құралдарының негізгі түрлері

Өткізуді ынталандырудың түрлері

Жарнаманың іргелілік принципі. Ол ақпарат сатып алу барысындағы пайдаланушының ынтасын арттыруда дәйектіліке сүйенуді білдіреді. Мұны психологтер ашқан осы дәйектілік төмендегі элементтерден тұрады: «назар – мүдде – зауық - қимыл». Осы принципке сәйкестене жарнаманың стратегиясы анықталады, яғни пайдаланушыларды, әрқайсысына өзіндік шаралар сипаттас белгілі бір кезеңдерден өткізе отырып, сатып алуға дайындау. Айтылмыш принципке сүйене отырып, осы кезеңдерді былай бөлуге болады:


  • Ұсынылмақ қызметтен мағлұмат алу;

  • Осы қызметтің керектігін түсіну;

  • Осы қызмет жөнінде басқалардың айтуы бойынша айқындама ұстау;

  • Осы ақпаратты қолға түсіру жөнінде ниет қабылдау;

  • Сатып алу.

Осы кезеңдермен сәйкес жарнамалық іс – шаралары былайша құрамдастырылады (қараңыз қосымша 2).

Пайдаланушының дайындық кезеңдеріне байланысты қолданылатын

жарнамалық іс – шараларды кешен ретінде түсінген жөн. [22]

Жарнаманың іргелілік принципіне арқа сүйеумен қатар, оның (тиімділігінің) нәтижелілігінің талабы болып ұсынылған жарнаманың ынталандыру мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлар қатарынан мағлұмат танылады. Мұндай факторларға мыналар жатады:



  • Пайдаланушылар мен пайдаланбайтын қауымынан мағлұмат;

  • Қызметпен қанағаттандырылатын қажеттіктерден мағлұмат;

  • Бәсекелес қажеттіктерден мағлұмат;

  • Осы қызметті сатып алудың түрткі себебінің сипаты мен күші жөнінде ақпарат;

  • Сұранысқа әсер ететін әлеуметтік және жалпы экономикалық даму ағымынан мағлұмат.

Жарнама қызметінің негізінде маркетингтік кешен жатқандықтан, жоғарыда көрсетілген факторларды ескеру орнықты талап.

Жарнамалық кызметтің кезеңдері (тәртібі).

Жарнамалық қызметті мынадай кезеңдерге реттеп бөледі:

нәтижелі жарнамалық іс – шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректер жинау:

- Нарық, оның ерекшеліктері, сұраныс, пайдаланушылардың талаптары, әдептері жөнінде деректер алу;



  • Жарнама науқанының жоспарын жасау (жарнаманы жоспарлау);

  • Жаңа ақпаратты нарыққа шығару алдында ықтимал пайдаланушылармен кеңінен таныстыру жұмыстарын жүргізу, жарнамалық бөлімнің көмегімен оларды осы ақпаратты сатып алуға дайындау, ал жарнамалық бөлім басқа бөлімдерге жаңа ақпарат, оның артықшылығы мен жетіспейтін жағы жөнінде ақпарат жинау көмектеседі;

  • Тауарды нарыққа шығару және оны әрі қарай жылжыту, жарнаманың барлық жоспары жасалған, басқа бөлімдермен келісілген, тексерілген және өткізу каналдарына керекті реттеу - Өзгерістер енгізілген және т.б. идеялардың арнаулы хабарлар арқылы байқаудан өткен, жарнаманың ең тиімді құралдары таңдап алынған;

  • Сұраныстың ауытқуларына жарнаманың жауап – қимылы, сатып алушылардың жаңа тауар жөніндегі пікірлері басқа бөлімдерге шешім қабылдау үшін жедел жеткізіліп тұрады.

Жарнаманы тарату каналдарына мыналар кіреді:

1. Тура жарнама:

а) Почта арқылы, б) жеке тапсырылатын жарнамалық деректер; в) ақпараттық хаттар;

2. Баспасөздегі жарнамалар:

Газеттер, жалпы бағыттағы журналдардан, мамандарға арналған журналдар, фирмалық бюллетеньдер, анықтамаларда;

3. Баспалы жарнама:

Проспект, каталог, буклет, ашық конверттер;

4. Экранды жарнама:

Теледидар, интернет, кино.

5. Сыртқы жарнама:

Үлкен аумақты плакаттар, мультипликациялық плакаттар, қозғалмайтын немесе жүгіріп тұратын әріптері бар электрлендіріген панно, бос дербес тұратын тауары бар сурет;

6. Тасымал көліктеріндегі жарнама:

Тасмал көліктерінің сыртындағы жазулар, тасмал көліктерінің ішкі жағындағы жазба хабарландырулар, вокзалдардағы тауары бар сөрелер:

7. Сату орнындағы жарнамалар:

Дүкендердің сөрелері, сауда залындағы планшеттер, белгілер, ілмелер, қораптама

Жарнаманы тарату құралдарының негізгі түрлері


Жарнама құралдары

Артықшылықтары

Шектелуі

Газеттер

Орамдылық, аудиторияның көп болуы, қысқауақыттылығы; жоғар сенімділік.

Үндемелі өндіріс сапасының төмендігі; басқа жарнаманың қасында жазылуы.

Журналдар

Үндемелі өндіріс сапасының жоғарылығы; мәнінің ұзақтылығы, сенімділік, беделділігі.

Кешігуі, тиражда пайдасыз бөлімнің болуы;

Баспа жарнамасы

Үндемелі өндіріс сапасының жоғарылығы; байланыс ұзақтылығы.

Жоғары бәсекелестік, «макулатурлық» бейнесі.

Ішкі жарнама

Аудиторияның көптілігі, иілгіштігі, қамту кеңдігі, байланыстың қайталануы.

Байланыс қысқалығы, іріктеудің жоқтығы, шығармашылық шектелуі.

Радио

Аудитория көптілігі.

Көңіл аударудың төмен дәрежесі.

Теледидар

Кең қамтылуы, жоғары дәрежеде көңіл аудару, эмоционалдық әсер ету, аудитория көптілігі.

Жоғары бағалы, жарнаманың көптігі, іріктеудің төмендігі.

Директ - мейл

Аудиторияның іріктелуі, иілгіштігі, жеке тұлға мінезі.

Слыстырмалы жоғары құны

Компьютерлік жарнама

Мақсатты аудиторияның жоғары шоғырлануына, жеке мінезіне, әсер ету үшін әртүрлі құралдарды қолдану, нәтижені толық бақылау.

Аудиторияның шектеулігі

Өткізуді ынталандырудың түрлері

Сауда белсенділігінің субъектісіне байланысты шараның бірнеше түрі болады.

Қолма – қол сату өткізуді ынталандыру қызметінің түрі ретінде қабылданады. Демек, бұл үрдіс үстінде сатушы ықтимал алушыға көмектеседі және оны осы қызметті алуға немесе оның идеясын қолдануға үгіттейді. (қараңыз қосымша 4)

Өткізуді баспасөздің үн қосуы да ынталандырады. Баспасөздің үн қосуы, бұл – коммерциялық жағымды хабарлар немесе кітапхана туралы редакциялық материалдар. Бұл баспада басылуы мүмкін немесе радио мен теледидарда беріладі, бірақ ешкім бұл үшін ақы төлемейді. Өткізуді ынталандыру үшін қолданылатын жарнамалау, яғни ақпарат таратудың мақсаты – белгілі бір тапсырушы атынан оның қатысуынсыз, бірақ оның пұлына соның идеяларын, тауарларын немесе қызметін жылжыту және қабылдату.

Өткізуді ынталандырудың салыстырмалы жаңа түрі қауымдастықпен байланысу – «Паблик рилейшнз». Мұның іс – шараларының мақсаты қамқорлық, қайырымдылық, қоғамдық іс – шараларды іске асыру, кітапханаларда клубтар ұйымдастыру және т.б., сайып келгенде тұрғын халықтың кітапханаға деген оң көзқарасын тудыру. «Паблик рилейшнз» мүмкін мөлшерде парасаттылықты іске асыра отырып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы жаңа нарықты байланыстың бастамасы ретінде танылуы қажет.

Жарнаманың түрлері мен міндеттері мынадай үш түрге бөлінеді:

1.ақпаратты (тауарды нарыққа шығару кезеңі).

2.сендірме (өткізудің өсу кезеңінде)

3.ескертпе (тауардың дамыған кезеңі) жарнаманың әр түріне сәйкес өзіндік міндеттерге тән.(қараңыз қосымша 3)


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау