Дәріс №27
Тақырыбы: Кітапхананың маркетингтік ортасы
Дәрістің мазмұны: Жүйенің мақсатын белгілеу
Жүйенің күрделілігі
Ақпараттық - кітапханалық жүйені ұйымдастыру
Ақпараттық-кітапханалық жүйенің мақсаты
Бір-бірімен тығыз байланыста және өзара қатынаста тіршілік ететін элементтерден (кітапханалық бөлімдерден) тұратын тұтас бірлік кітапханалық –ақпараттық жүйе деп танылады.
Кітапханалық – ақпараттық жүйеде материальдық және ақпараттық басқарудың үрдістер (процестер) жүйе тіршілігі мен кітапханалық-ақпараттық басқарудың негізі. Сонымен, кітапханалық-ақпараттық жүйесі басқару жүйесінсіз тіршілік ете алмайды, ал басқару жүйесі бірімен-бірі байланысты екі бөлімнен тұрады: басқарушы ішкі жүйе немесе басқару обьектісі, яғни кітапхананың өзі. Кітапханалық – ақпараттық жүйелері мақсатты, динамикалы, сатылы жүйелер тобына жатады.
Жүйенің мақсатын белгілеу (тағайындау) кейбір проблемаларды тұжырымдауға және оларды шешетін амалдар мен жоспарларды белгілеуге мүмкіндік туғызады. Жүйеге қойылатын маңызды талаптардың бірі оны сол мақсатқа сәйкес етіп ұйымдастыру болады.
Жүйенің күрделілігі деп – ондағы элементтер мен қатынастардың көп жақтылығын, осы көп жақтылықты бағалаудың күрделілігін түсіну қажет. Күрделі жүйелердің негізгі ерешеліктері элементтер санының, элементтер арасындағы байланыстардың көпшілігінен, элементтердің өзінің күрделілігінен көрінеді.
Кітапханалық жүйелердің экономикалық факторлары бүгінгі таңда түбегейлі өзгеруде, ал бұл ұйымдастыру және басқару тұрғысынан сәйкес өзгерістерді талап етеді. Айтылған өзгерістер кітапханалық жүйелердің шаруашылық дербестік алуында. Мұнсыз принципті түрде нарыққа көшу мүмкін емес.
Көп жылдар бойы біздің кітапхана ісінде социализмнің негізгі заңы уағыздаған қоғамдық мақсаты мен тікелей пайдаланушылар мақсаттарының арасында елеулі айырмашылық жоқ деген жалған түсінік арнайы қиыстырушы элементтердің керек еместігіне сендіріп келді. Сұранысты, талаптарды тұжырымдайтын жоспардың өзі қиыстырушы элемент болады-мыс және оны себепті жоспарды орындау кітапхананың мақсаты делінген еді.
Іс жүзінде кітапхананың тыныс-тіршілігі жиі-жиі өзіндік мақсатқа ауытқып отырады. Сол жоспарлар қажеттіліктердің күрделі және қайшылықты жиынтығын ешуақытта тұжырымды қамти алмағандығына және осы жоспар орындалған уақытта да қажеттіліктер толығымен қанағаттандырылмағандығына бүгін кімнің болса да көзі жетті.
Ақпаратқа қажеттілік болғанда ғана кітапханада ұйымдастырылады. Ақпараттық - кітапханалық қызметті екі түрлі мақсатта өндірістік жүйе деп қарауға болады. Нақтылы бір сұранысты, қажеттілікті қанағаттандыру және мүмкіндігінше өзінің потенционалдарын артықша пайдалану ең жоғары нәтиже алғанмен тең болады. Яғни кітапхананың мақсаты – ең тәуір нәтиже алу. Оның тірегі кітапхананың әр түрлі ресурстары, бұлардың жиынтығы оның өндірістік қуатын айқындайды. Әрине сұранысты қанағаттандыру нәтижесі қолдағы потенциалдық сипаттамаларына және оны пайдалану үрдісін орындауға тәуелді. Осы тұста нарық-жүйенің потенциалына сырттан талап қоюшы және оның тыныс-тіршілігінің нәтижесін оң көзқараспен қабылдаушы орта болып табылады.
Жүйенің ұйымдастырымдылығы оның қалыптасқан потенциалы арқасында белгілі уақыт мерзіміндегі даму барысында тікелей тіршілік параметрлерімен және потенцалдық ең жоғары тиімділік көрсеткіштерімен анықталады. Әрине, мұндай ең маңызды параметр деп тыныс-тіршіліктің нәтижесін білу қажет, ал нәтиже ретінде, бір жағынан кітапхана шығарған тұтыну құнын, екінші жағынан өнімді өткізуден түскен кірісті немесе пайданы түсінген жөн.
Ақпараттық - кітапханалық жүйені ұйымдастыру тыныс-тіршіліктің механизміне айналып және нақтылы экономикалық мазмұнмен таныса отырып, кітапхана қызметіне тура әсер етеді. Бұл жүйенің әлеуметтік жүйе екенін де баса айтқан жөн. Өйткені оның ең маңызды элементі-адамдар: кітапханашылар, оқырмандар. Олардан жүйеге деген қатынасы, жүйенің оларға қатысы-нәтижелі істің өте мәнді факторы. Яғни өзінше дамудың, өзін-өзі басқарудың, өзін қамтамасыз етудің бостандығы дегеніміз-дербестік.
Ақпараттық-кітапханалық қызмет қуатын құрушы кітапхананың ресурстары-адам (еңбек), сондай-ақ негізгі және айналымды қорды ресурстардан тұрады. Кітапхананың қуатын пайдалану оның қорларының айналасын қаржыландару ресурсынсыз іске аспақ емес. Кітапхананың және басқарушылық ісінің маңызды элементі – ақпараттық ресурстар. Оларға термологиялық ресурстардыда қоса айтуға болады. Нарықтық қатынастан бөлінгісіз шаруашылық дербестік істі әжептәуір жақсартады. Бір жағынан еңбекке ақы төлеудің тиімді әдістері және әділеттілік мүмкіндіктерді кітапханашылардың еңбек құралдары мен өніміне көзқарасын өзгертеді. Басқа жағынан, еңбек нарығының болуы кітапханашылардың өзінің кітапханасындағы және қоғамдағы орны үшін жауапкершілікке итермелейді. Ал кітапхана өз жағынан келгенде, кітапханашылардың тиімді еңбек етуі үшін барлық мүмкіндікті жасауға мәжбүр.Өйткені кітапханашылар нарыққа сай ақпараттық қызмет көрсетіп және бұл әрбір кітапханашының, тұтас кітапхананың жақсы хал-ахуалының жалғыз көзі.
Нарыққа көшу кітапхана ресурстарымен байланысты болып отыр. Бұл жағдайларда сенімді жол-кітапхана зәру болып отырған ресурстарды басқа кітапханалардан пайдалану үшін тура қатынасқа көшу, сонымен қатар қолдағы жаңа технологияны пайдалану және тағы басқаларын іске асыру. Кітапхананың басқа басты аспектісі өзіндік қаржылану болады. Бұл іс жүзінде орын алу үшін кітапхананың кірісінің нақты бөлігі өзінде қалумен бірге, осы қалған кірісті ол өз бетінше пайдалануға толық мүмкіндігі (құқы) болуы керек. Бірақ қалай болғанда да кітапхана осы қалған кірісін тек қана еңбек ақыға жұмсауы теріс болар еді. Оның бір бөлігін кітапхана қызметін дамыту жолына және осы арқылы нарықты қоғамға қажет әдебиеттермен, ақпараттарды толтыру бағытында арнауы ауадай қажет.
Ақпараттық-кітапханалық жүйенің мақсаты жемісті нәтижеге жету. Бұл жерде оның нәтижелілігі және қажеттілігі, біріншіден кітапханашының ақпарат дайындауда, екіншіден пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан бағалануы керек. Қажетті нәтижеге жеткізетін кітапханалық қимыл әрқилы түрлерден тұрады: кітапхананы дайындау, кітапханалық үрдіс және дайындаған ақпаратты өткізу. Аталған түрлерді жіктей келе, былайша бөлуге болады: кітапхананы дайындауда-ғылыми зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ);
-құжаттық, ақпараттық өнімдер және қызметтер; ресурспен қамтамассыздандыру (кадрлық, материалдық, ресурстық); қаржыландыру, пайдаланушыларға сервистік қызмет көрсету, жарнама жасау және т.б. Кітапханалық жүйенің тыныс-тіршілігін басқару қызметін жалпы функциялар-жоспарлау (мақсат белгілеуді қоса), ұйымдастыру, бақылау, есептеу және талдау.
Экономикалық басқару нақтылы кітапханалық жүйені сыртқы ортамен байланысты пайымдайды және кітапханалық үрдістің уақыттық, кеңістік ағымын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық басқару көрсетілген принципке бағытталуы жөн.
Дәріс №28
Төртінші бөлім. Кітапханада маркетинг ті ұйымдастыру
Тақырыбы: Ішкі маркетинг кітапхана ұжымын басқару инструменті ретінде
Дәрістің мазмұны: Ішкі маркетинг
Ішкі маркетинг
Маркетингтік концепцияны іске асыру стандартты емес «жаңа» идеяларды таратумен байланысты, соған сәйкес кітапхана мекемесінде құрылым қайта құрылуы іске асырылып, кітапханалық-ақпараттық ассортименті және басқа да қызметтер бекітіліп, оқырмандармен жұмыс істеудің ең оңтайлы каналдары, кітапхана қызметкерлерінің мінез-құлық моделі, ұжым қызметкерлерін басқару әдісі іске асырылады. Маркетингтік идея қызығушыларды тауып, кітапхана персоналына түсінікті болуы тиіс. Іс жүзіңде тек соған ғана мақсат бағыты күмән тудырмайтын жаңалықтарды ендіруге тура келеді, сондықтан кітапхананы тиімді басқару үшін, өз маркетинг концепциясын іске асыруды қамтамасыз ететін маркетинг қажет болады, оның жекелеген компоненттері, яғни маркетингтегі маркетинг немесе тавтологияға ұрынбау үшін ішкі маркетинг.
Ішкі маркетинг (жалпы маркетингтің өзі) кітапханалық-ақпараттық мекемесі жұмысын құрудың философиясы әрі маркетинг құралы бола алады. Ол басшылықтың төмендегі сатыдағы орындаушыларға жоспарланған шаралардың мазмұнын, бағытын және мүмкіндік құралдарын дер кезінде жеткізуді қанағаттандыра алады. Нақты жұмысшылардың жеке қызығушылықтарын (мотивация) ескере отырып басқару, технологиялық басқа да жаңалықтарды ендіруді қамтамасыз етеді.
Ішкі маркетинг кітапхана қызметкерлерінің кәсіби бағдарлануына, құндылық шкаласының қалыптасуына, мінез-құлқына, мақсатты бағытына әсер ету үшін басшыларға мүмкіндік береді.
Кітапхана өз алдында тұрған міндеттерді тиімді атқаруы үшін маркетинг заңдылықтарын ұстана отырып, кітапхана қызметкерлері сапасына әр түрлі қарым-қатынас формасы, яғни ішкі маркетинг арқылы кіруі қажет. Өңдірістік байланыстар мен этиканы орнықтыру саласының жалпы танылған лидерлері - жапон басқарушылары өз жұмыс уақыттарының 30% дейін өз формаларының қызметкерлерімен жеке адамдар арасындағы қатынастарды, персонал коммуникациясын қалай жетілдіру әрі сонымен жұмыс өнімділігін арттыруға шығындайды. Жұмысшыларды өз ісіне берілуге тәрбиелеу фирманың өркендеуіне қамқор болу ұдайы басты назарда болады.
Кәсіби және бейресми кітапхананы басқару процесінде аралауы айрықша рөл атқарады, себебі осының арқасында кітапахана қызметкерлері бірін-бірі жақсы түсініп, бірге тізе қосып жұмыс істейтін болады: олар белгіленген мақсатқа топтасып барады бұл кітапхана басшылығы қойған міндеттерді орындауды жеделдетеді.
Өзгеріс уақыты келгенін түсінген кітапхана қызметкерлері өздерінің жаңа міндеттерін мағыналы атқарады. Оның үстіне басшылықтың ақпараттық жолдауын білдіретін, ақпараттық каналдарды (бөгеттер) басқару құрылымын ыдыратуға апаратын бірқатар себептердің бар екендігін білу қажет. Ол туралы белгілі поляк социологы С.Ковалевский толық жазған, оның ерекшелейтіні:
- перспектива қателігі (қазіргі болып жатқан нәрсені, таңертең немесе кеше кешке болған нәрседен аз біліп, көңіл бөлмейміз);
- сәулелену эффектісі (көкейтесті оқиғалар ағымдағы шешім қабылдауға күшті қысым жасайды);
- қызулық диспропорциясы (ашу, қорқыныш, қуаныш шынайы оқиғаның көлемі мен маңызын өзгертеді);
- мұқият берілу және қабылдау міндеттлігі (мерзімдік және басқа да құбылыс сипаты, жиі қайталанатын секілді және т.б.);
- нағыз іс жүзінде болып жатқан, айтылып жатқан нәрселер емес, ұнатқан нәрсесін көру және тыңдау;
- салыстыру үшін базаны жаңылыс тандау (қала, аймақ ТМД, Еуропа, Әлем кітапханалары);
- тапсырма мәнін жеке мазмұндамау (қалғанын қызметкер өзі ойластырады);
- өз қызметін биіктетуге ұмтылу (келушілер санын әдейі көбейтіп жазды);
-«танымдылық консонансы» (ұнамайтын нәрсені санамыздан шығарып тастауға тырысамыз).
Кітапханада ақпараттандырудың нақты тіке жүйесін құру әр қызметкерге өз жұмысында дұрыс бағдарлануға, кітапхана қызметінің жалпы контекстінде оның рөлін түсіну, фактілер мен олардың басшылық үшін маңызын дұрыс түсінуге көмектеседі. Ол әр тапсырмаларды іске асыруда мамандар мотивациясын көтеріп, басшының берген жарлығының кемістіктерін толтырады.
Бұл бағыттағы қызметтердің арқасында барлық иерархиялық деңгейдегі қабылданатын басқару шешімдерінің сапасы артады, әрі сонымен қатар қызметкердің өзіне басқару әсері күшейеді. Осылардың барлығы кітапхана персоналына алға қойған мақсаттары кітапханаға, әрі тұтастай қоғамға қажет деген сеніммен ұйымдастыру және инновациялық қызметпен жемісті айналысуына мүмкіндік береді.
Егер кітапханалық-ақпараттық мекемесіндегі тиімді коммуникация механизмін суреттер болсақ, оны жақсы қойылған биге ұқсатуға болады. Би терминдерінен ұқсас ішкі маркетинг, ұйымдастыру мәдениеті, микро-мәдениет, корпоративті мәдениет, фирма философиясы секілді ұқсастар болады. Көптеген синонимдерден біз біріншісіне тоқталамыз.
Ұйымдастыру мәдениеті немесе кітапхананың ұйымдастыру мәдениеті, көпқабатты құбылыс, себебі, онда кәсіби сенімдер мен нормалар, ұжым қызметкерлерінің этикалық құндылықтары.
Әрі шығармашылық және сенімділік көңіл-күйді қолдауға көзделген шаралар біріккен. Әр кітапхананың ұйымдастыру мәдениеті, кітапхана қызметкерлері қиындықсыз игеріп әрі жылдам орындау үшін, ал басшылық бұл процесті бақылау мүмкіндігіне ие болу үшін бірқатар нақты әрі кең қалыптасқан бағдарлары болуы керек.
Кітапхананың ұйымдастыру мәдениетінің бағыты мен мазмұны әр түрлі жағдайлардағы қызметкерлер көңіл-күй үлгісіне байланысты. Кітапхана құндылықтарында сандық емес сапалық басым болу керек; стратегиялық және әлеуметтік тек сонан соң ғана утилитарлы-прагматикалық. Бұндай бірізділікті кітапханалық-ақпарат мекемесінің бастамалы шаруашылық қызметі көлеміңде әлеуметтік бағдарланған маркетинг әдістерін көбірек қолдана отырып ұстану қажет.
Дәріс №29
Тақырыбы: Ішкі маркетинг кітапхана ұжымын басқару инструменті ретінде
Дәрістің мазмұны: Ішкі маркетинг
Сапалы маркетинг
Кітапхананың ұйымдастыру мәдениеті біржақты тұрақты, оған ағымдағы оқиғалар елеулі ықпал ете қоймайды, себебі онда негізгі жалпы адамзаттық идеалдар көрінеді: жақындасу адамдар арасында ізгілік қатынастардың басым болуы, жеке тұлғаны құрметтеу, т.б.
Осылардан байқалғандай ішқі маркетингтің жұмыс тобы кітапхана бойынша ақпараттың еркін айналуына ықпал етеді. Ол жекелеген құрылымдарда жинақталмайды, әрі басқару пирамидасының жоғары қабаттарында «шөгіп» қалмайды. Олардың қызмет нәтижесінде кітапхананы жазығынан басқару бойынша басқару жүйесі жақсарады себебі қызметкерлер арасындағы жұмыс және бейресми байланыстар кеңейтіледі. Нақ сол маркетингтік топтарда шаруашылықтың рынокгық формалары, кітапханалық-ақпарат жұмыстарының маркетингтік принциптерін қоса ендіру мен белсенді зерттеуі жүргізіледі.
Баса айтатын нәрсе, кітапхана қызметіне маркетинггік концепцияны ендірудің бастапқы кезеңінде жекелеген қызметкерлер тарапынан сенімсіздік тууы, маркетинг әдістеріне белсенді кедергі жасалуы да мүмкін, бұл кітапхана басшылығы мен бастамашы мамандар тобының барлық күш-жігерін жоққа шығаруы мүмкін. Сендіру мен көзін жеткізу әрқашан оңайлыққа түспейді.
Кітапхана жағдайында ішкі маркетингтің оңтайлы жиынтық құралдарын ерекшелейміз:
а) әр түрлі деңгейдегі басшылардың жеке бас үлгісі;
ө) алдағы жұмыстардың стратегиясы мен тактикасы бірлесіп (коллегиалды) талқылау;
б) қызметкерлерді әріптестерінің озық төжірибесімен тікелей таныстыру;
в) менеджерлердің (басты атқарушылармең) жеке әнгімесі;
г) еңбек ұжымына қоғамдық пікір лидерлері арқылы тікелей ықпал ету.
Сонымен ішкі маркетинг кез келген кітапханаға қажет, ол маркетингтік концепцияның өмірде іске асырылуынын алғы-шарты болып табылады. Рыноктық бәсекелес тұрғысында ішкі маркетинг нақты кітапхана ұжымының болашақ сәттілік негізі болып табылады.
Ал енді сандық маркетингке келер болсақ, бұл қордың санды болуы әрі кітапханада «жақын саланы» құруын негіздеу, қойылған мақсаттар мен оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуі кітапхана мекемесі имиджін көтереді.
Егер түсініктерге жүгінер болсақ, саңдық маркетинг - бұл актуальды сұраныстарға байланысты ресурстарды ішкі бөлуге негізделген, экстенсивті мақсаттарды ұстанған басқару концепциясы.
Сапалы маркетинг - өз кезегінде сапа деңгейінің алдыңғы кезендерінен жоғары тұтынушылар сұранымдарын қанағаттандыратын интенсивті (белсеңді) даму мақсаттарына бағдарланған басқару концепциясы.
Маркетинг - бұл кітапхананы пайдаланушы адамның басты назарда болатындығын білдіреді. Азаматтар кітапхана тек олардың талаптарын қанағатгаңдыратын жағдайда ғана қызметіне жүгіне алады. Кітапхана маркетингі келушілер тұрғысынан өз жұмысын қайта ойластыруды қажет етеді. Маркетинг кітапхананы қажет жағдайда ішкі технологиялық процестер мен ұйымдастыру құрылымын ұдайы өзгертуге итермелейді. Кітапхана маркетингі бұл кітапхананы басқарудың жалпы концепциясы.
Дәріс №30
Тақырыбы: Кітапхананы басқару құрылымындағы маретингтік қызмет
Дәрістің мазмұны: Маркетинг үрдістерін және оны ұйымдастыруды іске асыр
Маркетингті басқаруды функционалды ұйымдастыру
Сызықтық құрылым.
Функционалдық құрылым.
Сызықтық-штабтық басқару.
Әдетте маркетингтік ақпараттар жинағы басқару шешеімдерін дайындау және қабылдау міндеттеріне жатпайды. Көбінесе сұраныс пен ұсыныстың өзгерулерінің болжамы керек.
Мұндай болжам (жобалама) „ой шабуылы” („мозговой атаки”) әдісі, морфологиялық талдау, ойындар теориясы және статистикалық шешімдер әдістерін қолдану арқылы алынады.
Бұған дейін айтылғандай, маркетинг кітапхананы нарыққа бағыттап басқарудың философиясы болып танылады. Ал практикалық маркетингінің кешені, маркетингтік іс-қимыл-бұл кітапхана немесе ғылыми зерттеу жұмыстары сияқты басқарудың объектісі. Осыған байланысты маркетингті басқару жүйесі және оның құрылымы мен қызметтері; жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Бұл мәселе әлі толығымен анықталмаған, сондықтан оның ең анық элементтеріне тоқтала кетейік
Маркетинг үрдістерін және оны ұйымдастыруды іске асыратын керекті саладағы мамандар бөлімдер мен қызметтерге маркетингті басқару жүйесін құрастырудың негізінде алынған принциптерге және кітапхананың ерекшеліктеріне байланысты бөлінеді.
Маркетингті басқаруды функционалды ұйымдастыру мағынасы мынадай: Маркетингтің жеке элементтерін іске асыратын бөлімдері (қызметтеді) мамандар басқарады, ал барлық жұмысты толығынан басқару және бөлімдердің жұмыстарын үйлестіру кітапхананың маркетинг-директорына (вице президент дәрежесі) тапсырылады. Маркетингті басқарудың функционалдық сызық жобасы келтірілген.
Кітапхана бөлімдері мен кітапханашылардың құрылымдық бөлімдерінің жұмыс барысында өте берік өзара байланыс орнығады. Олар ақпараттық, басқарушылық, технологиялық, еңбек және қаржылық сипатта болады. Жалпылай олар ұйымдастырылған тұтас бірлескен қоғам технологиялық және адамдық бірыңғай жүйеге бағытталады.
„Ұйымдастыру басқару құрылымы тәртіпке келтірілген өзара байланысты элементтердің (бөлімдердің, қызметкерлердің) бір-бірінен шыдамды қатынаста, яғни кітапханалардың жүйеленіп, әрі қарай дамуын қамтамасыз етеді”.
Басқару құрылымында ақпарат қозғалысы және басқару шешімдерін қабылдау, қатысушылардың арасында басқару функциялары мен тапсырмалары бөліну, содан кейін құқығымен жауапкершілігін орындау процестері жүреді. Осыдан басқару құрылымы бөліну және басқару қызметінің кооперациясының формасы ретінде қаралады.
Басқару құрылымы басқару жүйесінің өзінше тірегі ретінде оны ұйымдастыру міндеттері зерттеушілер мен басқарушылардың әр уақытта назарында болды.
Ұйымдастыру теориясының белгілі орыс оқымысты ғалымы Б.З. Мильнер құрылымның негізгі сапалы мынадай факторларын атап көрсетеді:
адамдар мен олардың жұмысының арасындағы қалыптасатын өзара нақты байланыс. (бұл ұйымдастыру құрылымы мен міндеті қызметтер схемасында көрсетеді).
Адам мінезіне әсер ететін басқару саясаты
әр түрлі (төмен, орташа, жоғары) басқару деңгейіндегі қызметкерлердің өкілеті мен функциялары.
Басқарудың ұйымдастыру құрылмы төмендегідей қасиеттерін сипаттайды:
а) басқару қызметтерінің нақты технологиясын, бөлім үрдістері мен еңбек кооперациясын бейнелейді;
б) басқару функцияларын тығыз байланысты;
в) әр түрлі бағыттағы еңбек бөліністерінің жүзеге асыралады.
Бұл процесте бөліну және даму қасиеттері орнықты болса, ол сапалы болады. Басқару құрылымдарының мазмұны жан-жақты болса, ол оның қалыптасу міндерінің көп бағытта анықталады.
Ұйымдастыру құрылымы кітапхананың міндеттері мен мақсаттарын көрсетеді. Басқару құрылымы әлеуметтік мәдени ортаға сәйкес келуі керек. Сондықтан кітапхананың кейбір мысалы, облыстық, жоғары оқу орындарының, орталықтандырылған кітапханалық жүйелерінің типтік құрылымдарын жасау кітапхана қызметтерінің әр түрлі шарттарының маңызы зор.
Кітапхананы басқару құрылымы XX ғасырдың басында басқару міндеттеріне байланысты құрылды. Осыдан кейін бөлімдер мен секторлардың, қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін қатал түрде бақылауына басты назар аударылады.
Көптеген жылдар бойы кітапханалар басқарудың формалды құрылымын құрады.
Бюрократшыл ұйымдастыру құрылымы. Бюрократшыл ұйымдастыру құрылымы концепциясын ғасырдың басында неміс социологы Макс Вебер құрастырған.
Ол рационалды бюрократтық моделін ойлап шығарған. Ол модель былай сипатталады:
Әр маман өз мамандығы бойынша анық бөлінген мамандығымен жұмыс істейді.
Төменгі деңгейдегілер жоғары деңгейдегі қызметкерлерге бағынып, бақылауында болуы немесе дамыған басқару төрешілдігі.
Бір бағыттың қамтамасыз етілуі, міндетті түрде орындалуы, яғни ереже стандарттардың сақталуы.
Мамандарды жұмысқа қабылдау кезіндегі қарым-қатынасты мамандыққа сәйкес қатаң талап ету.
Тұрақты сыртқы жағдайда қалыпқа келтірілген бюрократиялық құрылымның оперативтік қызметтік абыройы басқарудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етеді. Бірақта бюрократилық құрылымдар жаңалық енгізуде және қызметкерлердің дәлелдерінің жеткіліксіздігіне сынға ұшырайды.
Қазіргі заманғы кітапхананы басқару үшін, тұрақтылықты сақтау және инновациялық үрдістерді қолдану қажеттілігінің бюрократиялық құрылымның дағдарысқа ұшырау мәселесінің ерекше маңызы бар. Сондықтан басқарудың иерархиялық құрылымның өзіндік шектеулері болады.
Ұйымдастыру көп жағдайда ұйымның мақсатына жауап бере алатын, оның ішкі және сыртқы ортасына ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады.
Басқарудың ғылым ретінде қалыптасуында орын алған процестік, жүйелік, жағдайлық көзқарастар құрылым құрған кезде қолданылады. Және де бір бюрократтық деп аталатын көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бөлінуінің жетілдіруімен, бұйрық беру тізбектілігімен, жүріс-тұрыс ережелерінің болуымен сипатталады. Сол жүйені М.Вебер „тиімді бюрократия” деп атаған.
Нарықтық қатынастарға көшу барысындағы кітапхананы басқаруда белсенді шаруашылық қызметінің дамуы кітапхана коллективін басқарушыларға жаңа талаптар қояды. Кітапханалар едәуір заңды және қаржылық дербестілік алып, жаңа ақпараттық технологияларды практикаға белсенді енгізеді. Кітапханалар өздеріне жаңа қаржылық, технологиялық және ақпараттық нарықты қолдана бастады.
Кітапханалық практикаға менеджмент, маркетинг, стратегиялық жоспарлау, инновациялық қызмет және т.б. теориялық ойлау мен қабылдауды қажет ететін методикалық шешімдерді енгізді.
„Кітапхана ісі туралы” заң кітапхана басқарушылардың құқығы мен міндеттерін кеңейтіп берді. Бұл күнде кітапхана басқарушысы өз бетінше қажетті мақсаттар мен міндеттерді және өз кітапханасының жұмыстарының бағытын анықтай білуі керек. Қазіргі жағдайда кітапхана менеджментінің дамуына директор қызметтерінің, шаруашылық басқарудың экономикалық әдістерінің ролі өте үлкен әсер етеді. Жаңа жағдайда кітапхана коллективін басқарудағы ақпараттарының ролі өсіп, сонымен қатар кітапханалық басқару құжаттары да ақпараттың негізі болады.
Басқару құрылымының негіздері жетекші, басқару ақпараттарының басқа да топтары бола алады. Олардың арасындағы байланыс көлденең, тігінен, линиялық, функционалды болып бөлінеді.
Қазіргі басқару жүйесінің құрылымы мейлінше алуан түрлі, бірақ кез келген жүйенің негізіне сызықтық және функционалдық қағидалар алынған. Осының негізінде әртүрлі икемделген құрылымдар пайда болады.
Сызықтық құрылым. Басқарудың сызықтық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір бөлімше жоғары органдағы басқарманың біреуіне ғана бағынып, тек содан ғана тиісті нұсқаулар алады. Соның нәтижесінде ол өзіне бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларын дербес атқаратын болады.
Функционалдық құрылым. Басқарудың функционалдық құрылымы ілгері қарай жасалған зор қадам болды. Ол өндіріс аукымының ұлғаюының, оның техникалық негізінің күрделілене түсуінің болмай қоймайтын нәтижесі еді. Функционалдық құрылым бойынша басқару саласында негізгі өндірістік бөлімдермен қатар, функционалдық қызмет көрсететін жоспарлау, жабдықтау, қаржы, еңбекақы, кадрлар т.б. бөлімдер құрылып жұмыс жасайды.
Сызықтық-штабтық басқару. Басқару құрылымының бұл түрі сызықтық және функционалдық басқару ұйымдарында пайда болған қиындықтардың әсерінен туындайды. Аталған құрылымды А.Файоль кеңінен насихаттады. Кейде бұл жүйе шоғырланған басшылық жүйесі деп аталады.
Бұл құрылымның басты артықшылығы – шешімдер әзірлеген кезде дара басшылық білікті мамандар қызметімен ұштастырылады. Кемшілігі: проблемалар көп болған жағдайда штаб ұлғая бастайды, сызықтық басшыға түсетін салмақ орасан зор артып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |